Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………….........3

1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12

2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32

Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48

Вложенные файлы: 1 файл

КЖ-сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің дидактикалық ойындар.doc

— 1.58 Мб (Скачать файл)

Екінші бақылау нәтижелері бойынша:

 дербестілік:

Жоғары деңгей - 47 % /11 оқушы/.

Орташа деңгей - 47 % /5 оқушы/.

Төменгі деңгей - 6 % /3 оқушы/.

нақтылық:

Жоғары деңгей - 37 % /7 оқушы/.

Орташа деңгей - 47 % /9 оқушы/.

Төменгі деңгей - 16 % /3 оқушы/.

жылдамдық:

Жоғары деңгей - 32 % /6 оқушы/.

Орташа деңгей - 37 % /7 оқушы/.

Төменгі деңгей - 31 % /6 оқушы/.

Жалпы алғанда дүниетану пәні бойынша іскерлік пен дағды қалыптасуының екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, дербестіліктің жоғары деңгейі 5 оқушыға, 26 % артты, орташа деңгей өзгеріссіз, төменгі деңгейі 5 оқушыға, 26 % кеміді.

Нақтылықтың жоғары деңгейі 4 оқушыға, 21 % артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5 % артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15% кеміді.

Жылдамдыктың  жоғары деңгейі 3 оқушыға, 15 % артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5% артты, төменгі деңгейі 2 оқушыға, 10% кеміді.

Ана тілі пәні бойынша бірінші бақылау нәтижелері:

дербестілік:

Жоғары деңгей -  % /7 оқушы/.

Орташа деңгей -  % /8 оқушы/.

Төменгі деңгей - 42 % /4 оқушы/.

 нақтылық:

Жоғары деңгей - 10 % /3 оқушы/.

Орташа деңгей - 53 % /7 оқушы/.

Төменгі деңгей -32%/9 оқушы/.

жылдамдық:

Жоғары деңгей - 16 % /8 оқушы/.

Орташа деңгей - 42 % /5 оқушы/.

Төменгі деңгей - 42 % /6 оқушы/.

Екінші бақылау нәтижелері бойынша:

 дербестілік:

Жоғары деңгей - 47 % / 9 оқушы/.

Орташа деңгей - 47 % /9 оқушы/.

Төменгі деңгей - 6 % /1 оқушы/.

нақтылық:

Жоғары деңгей - 37 % /8 оқушы/.

Орташа деңгей - 47 % /8 оқушы/.

Төменгі деңгей - 16 % /4 оқушы/.

жылдамдық:

Жоғары деңгей - 32 % /9 оқушы/.

Орташа деңгей - 37 % /7 оқушы/.

Төменгі деңгей - 31 % /3оқушы/.

Жалпы алған ана тілінен оқушылардың іскерлік пен дағдының қалыптасуының екі бақылаудың нәтижелеріне сүйенсек, дербестіліктің жоғары деңгейі 2 оқушыға, 10 % артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5 % артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15 % кеміді.

Нақтылықтың жоғары деңгейі 5 оқушыға, 26 % артты, орташа деңгей 1 оқушыға, 5 % артты, төменгі деңгейі 5 оқушыға, 26% кеміді.

Жылдамдыктың  жоғары деңгейі 1 оқушыға, 5 % артты, орташа деңгей 2 оқушыға, 10% артты, төменгі деңгейі 3 оқушыға, 15% кеміді.

Бірінші бақылау алғаннан кейін 2-сынып оқушыларының оқу үлгерімі бойынша төмендегідей нәтижелер алынды:

Қазақ тілі.

Орташа балл-3,8

Сапасы - 58 %

Үлгерімі - 100 %

Математика.

Орташа балл-3.7

Сапасы - 53 %

Үлгерімі - 100 %

Дүниетану.

Орташа балл - 3,7

Сапасы - 53 %

Үлгерімі - 100 %

Ана тілі.

Орташа балл-3.7

Сапасы - 53 %

Үлгерімі - 100 %

Екінші бақылау алғаннан кейін 2-сынып оқушыларының оқу үлгерімі бойынша төмендегідей нәтижелер алынды:

Қазақ тілі.

Орташа балл - 4,4

Сапасы - 84 %

Үлгерімі - 100 %

Математика.

Орташа балл - 4,4

Сапасы - 84 %

Үлгерімі - 100 %

Дүниетану.

Орташа балл - 4,2

Сапасы - 79 %

Үлгерімі - 100 %

Ана тілі.

Орташа балл - 4,2

Сапасы - 79 %

Үлгерімі - 100 %

 

 

Қорытынды

Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудуде ойын технологиясын тиімді пайдалану білімді берік, әрі терең меңгерту, сапалы тәрбие беруге және оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Теориялық мәселелерді талдау, бастауыш мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, № 65 жалпы білім беретін орта мектебінде жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге төмендегідей нәтиже берді.

  1. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігін қалыптастыру
  2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін оқып-үйрену, ойындардың психологиялық-педагогикалық мәнін түсіну оларды оқыту құралы немесе оқыту әдісі түрінде тиіміді пайдалануға көмектеседі.
  3. Ойындардың өзіне тән ерекшелігі бар, 1-жағынан ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке түлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік  қалыптасады. 2-ші  жағынан ойын сабакта белгілі бір дидактикалық міндетті – жаңа материалды оқып-ұйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны калыптастыру,білімді іс-жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
  4. Ойындардың жүйесін жасауда біз оқу материал мазмұнының мүмкіндіктерін, білім көлемі мен сипатын, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алдық.

Осы қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. 2-сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде /біз/ қазаө тілі, ана тілі, математика, дүниетанудан біз ұсынған ойындардың жіктемесін пайдаланған жөн.
  2. Ойындарды бастауыш мектептегі сабақтарда карапайымнан күрделіге, нақтыдан абстрактілеуге және керісінше принципіне сәйкес қолдану керек.
  3. Беріліп отырған ойындарды өткен материалды еске түсіру және бекіту барысында тиімді, жүйелі қолдану кажет.
  4. Ойындарды   көрнекілікпен   астарлап   қолдану,   көрнектіліктерді эстстикалық талаптарға сай жасап, ойынның дидактикалық мақсатына сай дұрыс қолдану.
  5. Ұлттық ойындарды әрбір пәндегі материалдардың дидактикалық мақсатына сай қолданған дүрыс.
  6. Математика сабақтарында ауызша есептеуде дидактикалық ойындардың қолдану /косымша/ «Сақина тастау», «Аукцион», «Бәйге», «Өрмекшін»  т.б. жүйесіне қолданған жөн.
  7. Қазақ тілі пәнінен ("әріп тандау", Қай буынды жоғалтым, "Санамақ" т.б.) дидактикалық ойындар жүйесін пайдаланған абзал.
  8. Дүниетануда мынадай дидактикалық ойындар жүйесін ("Жұмбақ жасыру","Зоопарк","Табиғат галереясы" "Суретке қарап әңгіме кұрау") пайдаланған жөн.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Аренова А.Х. Активизация познавательной деятельности младших школьников.-Автореф. дисс...канд.пед.наук.-Алматы, 1996.-25 с.
  2. Арутюнян Ж.В. Взаймосвязь учебной и игровой деятельности в обучении математики младших. Автореф. Дисс....к.п.н.-М, 1988.-15с
  3. Ахметов С. Бастауыш кластарда білім бөрудің тиімділігін арттыру жолдары.- Алматы: Рауан, 1994. -84 б.
  4. Бөргөн Д. Игра как средство обучения и развития: справочник по теории и практики: Портамут - штат Нью - Гемшир., Хинеманн паблишерс, 1988 (перевод с англ.)
  5. Выготский А.С. Игра и её роль в психическом развитии ребёнка. “Вопросы психологии” 1966 г. 85 стр.
  6. Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения. М.,  1986.-104б
  7. Елубаев С., Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер.- «Бастауыш мектөп» кітапшасы.- №9-10.-1995.
  8. Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б.
  9. Качество знаний учащихся и пути его совершенствования // Под ред. Скаткина М.Н., Краевского В.В.-М:Педагогика, 1978.-208 с.
  10. Кларин М.В. Игра в учебном процессе //Советская педагогика.-1985.-№ 6.
  11. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы. Мектеп 1973.-146б
  12. Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям учеников. - М: Просвещение,1985.
  13. Кішібеков Д. Философия. Алматы: Қазақстан, 1994.- 210 б.
  14. Қазақстан   Республикасы   бастауыш   білімнің   мемлекеттік стандарты - Алматы: РБК, 1998.- 245 б.
  15. Қаржабаев А. Ойын – тиімді тәсіл. //БМ. 1992 ж. №5,6
  16. Қосанов Б.М., Өміртаев Р.Қ.  Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар.-Алматы: Атамұра,1998.-48 б.
  17. Қоянғазина Б. Сабақта ойын ұйымдастырудың маңызы.//БМ 1989ж.№ 5
  18. Лернер И.Я.  Процесс обучения и его закономерности.  М:-Знание, 1980.-196с.
  19. Лернер И.Я.  Процесс обучения и его закономерности.  М:-Знание, 1980.-196с.
  20. Мамбетова Ф. Ойын сабақ. //БМ. 1994 ж. № 9 14 б.
  21. Матюшкина А.Н. Развитие творческой активности школьников. Москва Педагогика. 1991г. 224 б.
  22. Минский Е.М. От игры к занятиям. Москва 1982 г. 34 б.
  23. Михайленко И.Я. Как играть с ребенком. Педагогика родителям. Москва 1990 г. 87 б.
  24. Оразбеков. Қ  Ойынның психологиялық сипаты. //БМ. 1990 ж. №9 42-бет.
  25. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы. // ред. басқ. А.В. Петровский.-Апматы: Мектеп,1987.-187 б.
  26. Педагогикалық ізденіс. Алматы. Рауан. 1976 ж. 95 б.
  27. Педагогический словарь.-М.: Изд.Акд.пед.наук.,1960.-2т.-139с.
  28. Пидкасистый П.П., Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развитии. - М., 1996.
  29. Пидкасистый П.И. Самосоятельная деятельность школьников в обучении. М: Педагогика, 1980
  30. Пидкасистый П.И.и др.Технология игр в обучении и развитии.-М.,1996.
  31. Репкина Г.В., Заика Е.В. Оценка уровня сформированности учебной деятельности.-Томск: «Пеленг», 1993.-61 с.
  32. Сағындықов  Е. Ұлттық  ойындарды  оқу-тәрбие ісінде пайдалану.-Алматы, Рауан.-1993.-76 б.
  33. Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар.Алматы:Рауан,1993-51б.
  34. Сарбасова Қ.А. Бастауыш  сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.-Қарағанды:ҚарМУ баспасы, 2002.-82 б.
  35. Сарбасова Қ.А. Математика мұғалімдерін даярлау.-Астана: Нұржол, 2003.- 88 б.
  36. Сарбасова Қ.А. Математикадан дәстүрлі емес сабақтар: әдістемлік құрал.- Қарағанды: Санат. 2005. -87б
  37. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. Москва. 1986 г. 159 б.
  38. Стрезикозин В.П. Бастауыш кластарды оқытудың актуальды проблемалары.- Алматы: Мектеп, 1977.-224 б.
  39. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школыников.- М:-Просвещение,1988.-175 с.
  40. Талызина Н.Ф. Формирование позновательной деятельности младших школьников Москва. 1982 г. 34 б.
  41. Тәжімбетова Ә. Тақырыпқа сай ойындар.// БМ. 1990 ж. №1 24 б.
  42. Тәңірбергенова Н. Дидактикалық ойындар. //БМ. 1992 ж. № 3
  43. Толыбаев.Қ. Кел ойнайық-Алматы: Өнер,1990-62б.
  44. Төтенбаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы. Қайнар. 1994 ж. 81 б.
  45. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. Москва 1968 г. 429 б.
  46. Ұзақбаева.С.А, АйтпаеваА.Қ. Воспитательные возможности казахских народных детских игр. Алматы.1996-35б.
  47. Фридман Л.М., Пушкина Г.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученического коллектива. -М: Просвещение, 1988.-192С.
  48. Хмель Н.Д.  Педагогический процесс в общеобразовательный школе. - Алматы: Мектеп 1984.-134 с.
  49. Хмель Н.Д.  Педагогический процесс в общеобразовательный школе. - Алматы: Мектеп 1984.-134 с.
  50. Хорламов Т. Педагогика. Уч. пособие. 1990 г. 216 б.
  51. Щукина Г.И. Проблемы  познавательного  интереса в педагогике.- М: Педагогика, 1971.-352 с.
  52. Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся.- М: Педагогика, 1988.-208 с.
  53. Эддинал Э, Персивал Ф. Игры, имитация и социальная значимость наук // Импакт: наука и общество. - 1984. -№2.
  54. Эльконин Д.П. Психология игры. Москва. Наука 1978 г. 115 б.
  55. Эльконин Д.П. Технология обучения младших школьников. 293 б. Москва 1974г.
  56. Яновская Н.Г. Творческая игра в воспитании младшего школьника. Москва 1971 г. 115б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

Қазақ тілі пәнінен білімді меңгеру деңгейі бойынша

өзгеріс  қарқынның графикасы

 

 

 

Математика пәнінен білімді меңгеру деңгейі бойынша

өзгеріс  қарқынның графикасы

 

 

 

 

Дүниетану пәнінен білімді меңгеру деңгейі бойынша

өзгеріс  қарқынның графикасы

 

 

 

 

Ана тілі пәнінен білімді меңгеру деңгейі бойынша

өзгеріс  қарқынның графикасы

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

Бұл ойынды қорытынды сабақтарда, материалды оқушылар өздері дербес оқып-үйренгенде қолдануға болады. Мұнда сынып  топтарға бөлінеді – А, Б, В, Г, Д үстелдері. Әр топ өз тапсырмаларын – оқу матераилының қандай да бір бөлігін оқып-үйренуді – алады да, 10-15 минут дайындалады. Дайындалып болған соң оқушылар келесі тәртіппен орын алмасады: бір үстелдің басына А-1, Б-1, В-1, Г-1, Д-1 жетоны барлары, келесі үстел басына – А-2, Б-2, В-2, Г-2, Д-2 жетоны барлары, т.с.с. Мұғалім үстелдердің сілтемесін өзгертіп, А, Б, В, Г, Д әріптерінің орнына 1, 2, 3, 4, 5 сандары жазылған сілтемелер қояды.

Ойынның І туры жарияланады (10 минут)

Жаңа топқа әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді (әріптердің кезегі бойынша). Олардың әңгімесін тыңдаушылары сызба, жоспар, тезис түрінде жазып алады. Бұл уақытта 5 нөмірлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) ойыншылар тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалдың сызба конспектісін жазады. Тақтаның орнына кодопленканы, ватманды, т.б. пайдалануға болады.

ІІ тур (уақытын мұғалім белгілейді).

Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады, ал мұғалім тағы да үстел сілтемелерін ауыстырады (1, 2, 3, 4, 5-тің орнына А, Б, В, Г, Д -ны қояды). 5 нөмерлі (А-5, Б-5, В-5, Г-5, Д-5) ойыншылар тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба-конспектілерін қорғайды. Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгерілгендігін, сұрақтың мәні қаншалықты жинақты, нақты, сауатты баяндалғанын бақылап отырады. Мұндай жұмысты тек бір тақырып құрамына енетін тараулар біршама дербес болғанда ғана жүргізуге болады.

ІІІ тур. Қорытынды шығару.

 

 

Қосымша 3

 «Брейн-ринг» оқыту  үйрету ойыны

(жарыс-ойын)

Құрал-жабдығы:

  1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар (1-қосымша).
  2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген жаймалар (2-қосымша).
  3. Сандар жазылған жаймалар (3-қосымша).
  4. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), көк («5» бағасы) түсті жарты фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар (4-қосымша).
  5. Үстелдердің сілтемесі (5-қосымша).
  6. Ортақ бағалау парағы (6-қосымша).
  7. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасына мұндай карточкалар түрлі-түсті – көк, жасыл, қызыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.
  8. Жауап үлгілері жазылған карточкалар.

Ойынның жүру барысы

Сынып 7 (5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында – бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан (А суретін қараңыз). Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы уақыт беріледі.

Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға, «2» саны түсті делік, яғни, 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайда олар әртүрлі болуы да мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі.

Екінші нсұқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма карточкасы (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге - қызыл

түсті карточка, екіншісіне – көк, сосын – сары, жасыл түсті карточкалар қойылады.

Топ қызыл үстелдегі тапсырманы оырндаған соң, көк үстелге, одан – жасыл және сары үстелдерге көшеді.

Дайындалуға міндетті түрде уақыт беріледі (5-7 минут).

Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты – 10-12 минут (әр ойыншыға 1,5-2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

 

Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрену ойындары

Рөлдік ойын

Дөңгелек үстел, эксперттік комиссияның отырысы, форум және т.б. формада жүргізіледі.

Құрал-жабдығы:

  1. Рөлдердің, командалардың, топтардың сілтеме-көрсеткіштері .
  2. Бағалау парағы.
  3. Белгі жалауша (Жарыс ойынды қараңыз).
  4. «Тайм-аут» кестешесі.

Ойынның жүру барысы

1-нұсқасы

Сынып 4-6 адамнан топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысына: Реалистер, Оптимистер, Пессимистер, Сарапшылар, Сыншылар, Байқаушылар рөлдері беріледі. Әр топқа Жүргізуші және Кеңесші тағайындалады. Мұғалім келелі мәселе қоя отырып, оны әр топ өз рөлі тұрғысынан қарауды ұсынады.


 

Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі