Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 21:43, курсовая работа
Зерттеу мақсаты – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау
Зерттеу міндеттері:
“таным”, “танымдық іс-әрекет” ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктерін айқындау;
алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірибесін талдау және жинақтау;
Кіріспе ……………………………………………………………………….........3
1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері …………………................................................................................................6
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудің құралы ретіндегі мәні және қызметі..........…............6
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері................................................................................................12
2. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша тәжірибелік–эксперименттік жұмыс мазмұны..…………………….....................................21
2.1. Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының мазмұны………….……………………………............................21
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау ........................……………………………32
Қорытынды .……………………………………………………………..............43
Әдебиеттер тізімі ……….………………………………………………….......45
Қосымшалар ……….……………………………………………………….......48
Шырпыны қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға,бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигура алуға тиісті есептерді шешу – бұл ойынның шарты. Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға .математикаға қызығушылығын арттыруға болады.
Есептер:
№1 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.
Жауабы:
2-есеп Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар
Жауабы:
3 есеп Берілген теңдік дұрыс емес. Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек
VII
------------- = I I
ХІ
Жауабы :
ХII
------------- = I I
VІ
Ертедегі гректер геометриямен айналысқанда, тек жердің ауданын, теңіз бен кеме ара қашықтығын өлшеумен шектелмей, геометриялық ойындармен айналысқан. Солардың бірі-стомахион ойыны. Бұл ойында квадратты 14 бөлікке бөліп, сол бөліктерден түрлі фигуралар құрастырылған. Бұл ойынмен ұлы ғалым Архимед жұмыстанған. Ол бұл ойын туралы шығарма жазған. Осы ойынмен сол кездерде қытайлықтар да ойнаған. Олар квадратты 14 емес, 7 бөлікке бөлген. Олар бұл ойынды «чи-чао-тю» (7 бөліктен 100 фигура) деп атаған. Бұл ойынды олар тағы да «танграмм» деп атаған.
Квадратты осы сызбадағыдай қылып бөліктерге бөлу керек.
Осы бөлшектерден түрлі фигуралар жасау - ойынның шарты. Әрине, бұл фигураны жасау оңай емес. Ол үшін ойлану қажет. Кезінде француз императоры Наполеонды соғыстағы жеңілістермен кейін «Құдыреті Елена» аралына құғын-сүргінге жіберілді. Ол жерде Наполеон осы танграм ойынымен айналысады. Квадрат бөліктеріне сол кезде полимино деп атаған.
а) Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны жазып
1000
30
1000
40
1000
20
1000
10
Барлық сандарды қағаз бен жауып, жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра, оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек, сонда оқушы жауабын айтады. Оқушы дұрыс есептей алдыма?
(көбінесе оқушылар 5000 деп айтады, ал шындығында жауабы 4100)
б) Қағаз бетшесінен карындашты үзбей, біржолдан екі рет жүрмей, төмендегі фигураны салу керек.
в) Ойлаған санды табу: Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз.
Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп, алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып,бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан кейін алынған жауабын сұраңыз.
Сіз алынған саннан 35 ті азайтып, оқушының ойлаған санын айта аласыз. Бұл қалай?
Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан.Онда :
(2а+в) х5 +10 +в = 10а+в +35
г) Жасын және туылған күнің табу.
Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды, алынған қосындыны 2 ге көбейтіп, ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге 4 ді косып, оны 10 ға көбейтуді сұраңыз. Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбейтіп, алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағазда жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды, келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді. Бұл қалай?
Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t - туылған күнін, n - жасыңды белгілесек, онда:
(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444
- Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді (натурал сан)
Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым, асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)
Бүтін сан, бөлшек сандар
Құрамына кіреді
Бұл R белгіні көрсетсеңіз
Қай сан екенін біледі (рационал сандар)
Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны бізде /теңсіздік/
Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус, диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі (шеңбер)
Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін – бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
Қарама-қарсы қабырғалары
Параллель боп қосылған
Оқыңызшы аталуында
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограмм)
Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канекі
Қалай ғана аталды (бұрыш)
Шелекке ұқсайтын дене
Біліңдерші сіз қане? /Цилиндр/
6. Математикалық ребустар
1. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Анықтаңызшы осы жазбаны
а) АВ х А = CCC
б) МННН- ККК = М
2.
,
Т 100 У (түзу)
3.
3
к
С 2 З (сегіз)
7. Қызықты есептер
Есеп №1 Бір адам бір бидон квасты 14 күнде ішеді,ал әйелімен бірігіп 10күнде ішеді. Әйелі бір бидон квасты неше күнде ішеді
Есеп №2
Төмендегі сандар көбейтіндісі қандай цифрменен аяқталады.
7 х 17 х 27 х 37 х 47 х 57 х 67 х 77 х 87 х 97 х 107 х 117?
Есеп №3
Екі бас, екі қол, алты аяқ, жүргенде бірақ 4 аяқ Бұл не?
Есеп №4
Сыныпта 35 оқушы. Оның 20 оқушысы математикалық кружокқа қатысады, 11 оқушысы биологиялық кружокқа қатысады, ал 10 оқушы ешқандай кружокқа қатыспайды. Сонда биологиялық кружоктағы неше оқушы математикалық кружокта?
Есеп №5
Қарт шал базарға жұмыртқа сатуға барды. Көршісі шалдан: - Неше жұмыртға әкелдің деп сұрады? Сонда шал төмендегідей жауап берді .
Себетте бірнеше жұмыртқа бар. Егер екі - екіден қойсам, біреуі артық қалады, егер де үш-үштен қойсам, тағы да біреуі артық қалады, ал егер төрт-төрттен қойсам онда да біреуі артық қалады, бес-бестен қойсам, біреуі артық қалады, алты-алтыдан қойсам да біреуі артық қалады. Егер жеті-жетіден қойсам онда ешқандай жұмыртқа артық болмайды. Сонда менің себетімде неше жұмыртқа бар.
Есеп №6
Атасының жасы неше жыл болса, немересінің жасы сонша ай болады. Атасы мен немересінің жастарын қосқанда, 91-ге тең. Атасы мен немересі неше жаста?
Есеп №6
Бұл отбасында 12 бала. Анасы балдарына 70 алма әкелді. Анасы әкелген алмалардың жартысын қыздарына бөліп бергенде, әрқайсысы бірдей алма алды, қалған алмалардаң жартысын ұлдарына бөліп берді, онда да ұлдарына тепе-тең алмадан тиді. Бірақ әрбір ер бала әрбір қыздан екі алма артық алды. Сонда бұл отбасында неше ұл, неше қыз бар.
Сонымен, математиканы оқыту процесінде жұмыстың әртүрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылды.
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лото», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз».
Ал математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп таңбалы сандардың құрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын да бала сыныпта разрядтарды жақсы еске сақтайды.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдалынатын ойын-сергітулер логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Біздің ұлттық педагогикамызға етене жақын. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен сырғауыл», “Қырсық жолаушы” туралы есептер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктер де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шыпта», «Тауық нешеу саналған!» т.б. ойын-есептерді бере отытып, балаларға «Қиял қырасырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең-есөптер, викториналар, т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда сабақты түрлендіріп өткізудің мәні ерекше. Зерттеу барысында біз танымдық бағыттағы сабақтарды жүргізе отырып, ірі жетістіктерге жеттік. Мысалы, математикадан «Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу» тақырыбына өткізілген сабақты «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің сюжетіне құрдық. Бұл сабақта оқушылар ертегі мазмұнымен таныса отырып, әртүрлі тапсырмалар орыңдайды. Мұндай сабақтың баланың танымдық қызығушылығын артырумен қатар, тәрбиелік мәні зор.
Танымдық бағыттағы сабақтың әртүрлері оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттырады, ой-өрісін кеңейтеді, танымдық процестөрін дамытуға септігін тигізеді, сонымен бірге олардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін жұмыстың әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуі шарт. Жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі өтіп, түрлөндіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Бүгінгі күнде мектептің алдында тұрған міндеттер оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіре отырып, білім, білік және дағдыны қалыптастыруды көздейді. Біз осы міндеттерге сәйкес оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының ойын технологиялары негізінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің педагогикалық шарттарын анықтап, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы олардың нәтижелілігін айқындауды жөн көрдік.
2.2 Дидактикалық ойын технологиялары негізінде бастауыш сынып оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендіру бойынша мұғалім жұмысының тиімділігін айқындау
Біздің зерттеу жұмысымыздың максаты оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде ойын технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау. Осы мақсатқа сәйкес жалпы білім беретін орта мектебінде жұмыс істеу барысында 2-сыныпта эксперименттік жұмыс жүгізілді. Оның мақсаты 2-сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігін көрсету. Жұмыс тиімділігі төмендегідей өлшемдер бойынша анықталады:
Білімді мсңгеру деңгейі біз төмендегідей көрсеткіштер бойынша анықтадық /А.А.Кузнецов әдістемесі бойынша/:
Саналылық - оку материалдарын жаңғырту қабілеті.
Беріктік - ұзақ уақытқа дейін оқу материалын есте сақтау қабілеті.
Шоғырланушылық - оқушының меңгерген білімін келешекте әртүрлі оқу жағдайына қолдану нәтижесін.
Осы белгілерді айқындау нәтижесі бойынша төмендегідей деңгейлер көрсетілді: жоғары, орташа, төмен.
Саналылықтың жоғары деңгей:
Информация о работе Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін белсендірудегі дидактикалық ойындардың рөлі