Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2015 в 07:08, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
• Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
• Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
• Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау
Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.
Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Улпан.doc

— 1.10 Мб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Қазақстан - дербес мемлекет. Еліміздің болашағы – бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуы мұғалімдерге байланысты. Сондықтан педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр.

Қазіргі білім беру жүйесін қоғамның даму мақсатына сай дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлауға дүниетанымдық мәдениеті жетілдірілген, адамгершілігі мол және білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға бағыттау керек.

Педагог кадрларды даярлаудың сапасы мен тиімділігін көтеру, тұтас алғанда, халыққа білім беру ісін қайта құруды, оның ішінде жоғары мектептің жұмыс түрін, тәсілін, мазмұнын, мамандардың қызметке қызығуын, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тәрбиелеу мен білім алуға ынтасын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын  жинақты  мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.

  Шағын кешенді мектеп  дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Шағын кешенді мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.

Қазіргі кезде қоғам талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір оқушыда сапалы да терең білім мен іскерліктің болуы, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуі, ойлауға қабілетті болуы талап етіледі. Бұл талапты орындауда мұғалім бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білуі керек екені сөзсіз.

Ауыл мектебі, соның ішінде шағын кешенді мектеп бірнеше пәндердің оқыту әдістемесін меңгерген мұғалімді қажет етеді.

Шағын кешенді мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік  береді, яғни мұғалім бір сыныпқа жаңа материалды түсіндіріп жатқан кезде  басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар мектеп оқушылары кезектесіп, кейде оқытушы рөліне алмасу арқылы өзара байланысты нығайтады, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына тапсырма беріп, оны талдап түсіндіру барысында өз білімін бекітеді.

Шағын жинақталған мектептерде оқушылардың оқу – таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыру туралы сөз қозғағанда бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғымды қарастыру керек.

Біріншісі оқушылардың танымдық қабілеттерін өз бетімен дамытуын дағдыландыру, көзқарастарын қалыптастыру.

Екіншісі өз бетімен алған білімдерін ғылым және практика жүзінде қолдана білуге үйрету.

Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Ауылдық жерлердегі шағын кешенді мектептерінің білім беру сапасын көтеру -  ең өткір мәселелердің бірі.  Ол үшін ауылдағы мектептердегі мұғалімдерді кезең-кезеңмен арнайы курстардан өткізуді қолға алу керек.  Бұл ең тиімді жол. Ауылдағы шағын жинақтау мектептердегі білім беруді жаңғырту үшін (модернизациялау), мұғалімдердің сапасын арттыру өзекті тақырып.

 Шағын кешенді мектепте  физикалық тапсырмаларды өздігінен орындау оқушылардан белсенді ой қызметін, әр түрлі танымдық мәселерді өздігінен шешуді бұрынғы меңгерілген білімді қолдануды талап етеді. Сабақта жұмыстың әр түрін орындау нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі және ізденімпаздығы арта түседі, әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту қажеттілігі, шағын кешенді мектеп оқушыларына мемлекеттік талапқа сай білім беру өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: шағын жинақталған мектептерде оқушылардың білім, білік, дағдысын жетілдіруде ең тиімді әдісті таңдап алуға мүмкіндік туады. Осындай  жұмыстар шағын жинақты мектептің оқу үдерісіндегі сабақты тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды. Білім алушылардың ақпараттық, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға, ойлау, шығармашылық, өзіндік шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға, білімге деген қызығушылығын тәрбиелейді.

Практикалық маңыздылығы: әр түрлі әдістерді зерттеп, тиімдісін анықтап шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде қолдануға ұсыну.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы: Қазіргі кезде шағын кешенді мектептерде мамандардың тапшылығына байланысты бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруі қазір өзекті мәселеге айналған. Барлық жастағы оқушыларға сабақтарда кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету арқылы қоғам талабына сай болашақ маман дайындау үшін ұсыныстар дайындалу үстінде.

Диплом жұмысының мақсаты: Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктерін, түрлерін анықтау, маңызын айқындап беру.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • Зерттеу жұмысы барысында білім, білік, дағдыларды қалыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін таңдау;
  • Шағын кешенді мектептерде сабақ үрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың пайдалану мүмкіншілігін кеңейту;
  • Өзіндік жұмыстардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау

Осы көрсетілген міндеттерді орындау барысында   дипломдық жұмыстың маңыздылығы шығады.

Зерттеу объектісі – шағын жинақталған мектептерде физиканы оқытуды жаңа ақпараттық технологиялар арқылы ұйымдастыру.

Теориялық және әдіснамалық негіздері: физиканы оқыту әдістемесі, физика бағытындағы ғылыми – әдістемелік журналдар.

Практикалық базасы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Қараторғай орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

    1. Шағын жинақталған мектептердің қазіргі жағдайы

 

 

Қазақстан Республикасының білім саласында ұлттық үлгідегі білім беруді дамытуға қолайлы жағдайлар жасалып, барлық деңгейдегі сапалы білімге кеңінен қол жеткізу қамтылған.

Қазақстан Республикасы аумағындағы басты ерекшелік – тұрғындары көп емес (әсіресе, ауылды жерлерде) аз топтасқан оқушылары бар жинақталған көп мөлшерлі мектептердің пайда болуы анықталып отыр.

Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы Республика бойынша бірлескен мектептер саны: 1-4 сыныптар-4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар-2012 (15201), 10-11 сыныптар -17. Қазақстанда жалпы білім беру орындары 7667 оның ішінде 4145-ШЖМ, яғни жалпы есептен 56,5%-ды құрайды. Ауылдық жерлерде 5768 жалпы 4145-ШЖМ, яғни 54%-ды құрайды. Қалалық жерлерде -1913 оның 149-ШЖМ.

Бұларға тән мұғалім жүктемесінде бірнеше пәннің берілуі, сыныптардың біріктірілуі және толықтыру жағынан өте төмен көрсеткіш орын алып отыр. Соңғы 15 жылдың ішінде ШЖМ-нің өсу қарқыны жоғары. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, әр Қазақстандық 6-шы оқушы ШЖМ жағдайында білім алуда.

Бірнеше облыс пен аудандардың ресурстық орталықтар құруда тиімді тәжірибелері бар, яғни жақын орналасқан ШЖМ-ді біріктіру, мектеп кешендерін құру («мектеп-балабақша», «мектеп-мектепке дейінгі шағын орталық», «мектеп-орталық»), мектеп-әлеуметтік-мәдени орталықтар, оның ішінде ауылдық кітапханалар, дәрігерлік пункттер, по чталар, клубтар. Мектепте, оқу ұжымының негізінде әр түрлі жастағы оқитын құраммен сыныптан тыс оқу түрлері қойылған.

Сондай-ақ, түлектердің алдағы өмір тағдырын шешіп саралайтын ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі, ШЖМ оқушылардың жалпы білім беру даярлығының әлсіз екендігін көрсетеді.

Мамандардың пайымдауынша, ШЖМ-нің жұмыстарындағы негізгі кемшіліктері деп мына мәселелер айтылуда:

- аз топтастырылған сыныптарда дәстүрлі оқыту әдістерін меңгерту;

- педагогикалық процесс қорытындысын бағалау жүйесінде тиімсіз жері қатты бақылауға әкеліп, оқушылардың қобалжу деңгейін арттыра түседі;

- ақпараттық байланыс технологиясын жеткіліксіз дәрежеде қолдану;

- оқушылар контигентінің аз болуына байланысты, сапалы проофильді оқытуды ұйымдастыру мүмкін емес.

ШЖМ қызметін ұйымдастыру тәжірибесі мен теориясы кадрлармен қамтамасыз ету сұрақтарындағы басты мәселелерін былайша белгілейді:

- Жоғарғы оқу орындарында, арнайы оқу орындарында мұғалімдерді даярлауда мамандық шеңберінің (бірпәндік) тарлығы, пән мұғалімдерін толық оқу жүктемесіне келісу мүмкіндігінің қамтамасыздығы және пәндерді арнайы пән иелерінің жүргізбеуі;

- ШЖМ-де оқытушының білім беру процесін ұйымдастыру ерекшелігіне дайындығы, алдын ала келіскен арнайы білім беру бағдарлама дайынығы және педагогтардың біліктілігін арттыру дайындықтарының жетіспеушілігі;

- ШЖМ-дің уәждеме деңгей, айтулы жалақы жүйесінің сәйкес келмеуі, ынталандыру және әлеуметтік қолдаудың төмендігі[1].

Сонымен қатар бүгін де, ШЖМ-дегі мұғалімдер нормативтік-құқық және әдістемелік бағдарлама жетекшілеріне келіспеушіліктерін білдіруде. Оның ішінде негізгілері: ШЖМ қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі; ШЖМ-ге арналған типтік оқу жоспарының болмауы; ШЖМ-дегі жеке компоненттердің оқу жоспары, оқу-білім бағдарламаларының болмауы; ШЖМ жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты мұғалімдерге арналған оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтарының кемшілігі.

Материалдық-техникалық жағына көңіл аударсақ, бұл мәселеде толық қамтамасыз етуді талап етеді:

ШЖМ-дің тең жартысы ыңғайланған ғимараттарда орналасқан;

90 мектеп апатты жағдайда;

Арнайы оқу лабораторияларын және шеберханалар, қазіргі заманауи жиһаздар, техникалық, спорттық құралдар оқу залдары бар электронды (оқулықтар) кітапханалар мүлде жоқ; 948 мектепте асхана, 822 мектепте спорт залдары жоқ;

Телекоммуникацияның инфрақұрылымы ескірген ШЖМ-нің 11,5%-і ғаламторға қосылған, ШЖМ-тің 28%-і интерактивті құралдармен жабдықталған. Негізгі және орта 1984. ШЖМ-тің физика кабинеті жоқ, ал 2554-де химия, 2552-де биология, 85-де информатика кабинеттері жоқ.

Жоғарыда айтылғандардан кейін, Қазақстандағы ШЖМ-ді жетілдіру және дамытудағы шешуші бағыттарды нақты көрсетуге болады:

  • ШЖМ-дің нормативтік құқықтық базасын жаңарту;
  • ШЖМ-дің педагогикалық процесін жаңарту;
  • ШЖМ үшін даярлау жүйесін және педагогикалық кадрларды қайта даярлауды жетілдіру;
  • ШЖМ-дегі педагогтың әлеуметтік статусын өзгерту;

Осы орайда ШЖМ-дегі білім сапасын көтеру болжамы мына сұрақтардың жедел түрде қарастырылуын талап етеді:

  • ШЖМ-дегі білім сапасын көтерудегі болжау;
  • Ғылыми пәнаралық білімділік және бірлесу, жинақталған қағидаларға негізделген, мамандандырылған бағдарламаларды және оқу-әдістемелік жинақтарды дайындау;
  • Әртүрлі жастағы оқыту үлгісін балама түрде мақұлдау және енгізу, дәлелдеу;
  • ШЖМ-ге қор орталықтарын, оның ішінде локальды желіге, сондай-ақ, шығармашылықтарын қамтамасыз ету қорларын енгізу.
  • Оқушыларды тасымалдау үшін жағдайын жасау және интернат жағдайын қамтамасыз ету[2,11б.].

Педагогтың әлеуметтік мәртебесі жөніндегі сұрақ принципті болып қалады. Оқытушылардың жаңа көзқарастарсыз оқуға жаңа сапа енгізу әшейін мүмкін емес, сондықтан барлық білім беру жүйесінде педагог-басты тұлға. Сол себепті, алдымен ұстаздарға қолайлы жағдай және лайықты еңбекақымен қамтамасыз етіп отыруы тиіс.

Мемлекеттік қолдау және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру бағытында келесі шаралар қажет екендігі айқын байқалады:

  • Мұғалім мамандығының беделін көтеру, оның ішінде ер-азаматтардың мәртебесін көтеру жөнінде әзірлемелерін дайындау;
  • Педагогты мемлекеттік қызметкерге теңестіру мақсатында «Педагог статусы туралы» заң жобасын дайындау ;
  • Мұғалімдердің еңбекақысының өсуін маңызды есепке ала отырып, еңбек жалақы жүйесін жетілдіру;
  • Мұғалімдердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту;
  • Мұғалімдерде медициналық сақтандыру жеңілдіктерін ұсыну;
  • Педагогтардың кәсіби қауымдастығын құру және оларды оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, кадрларды дайындауда сапасын бағалауға тарту;
  • Педагогикалық кадрларды дайындау сапасында әуелі интегралды білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды ШЖМ көп пәнді педагогикалық әрекетті есепке ала отырып қарастыру. Жоғары оқу орындарда мұғалімдерді бірнеше мамандық бойынша дайындау тәжірибесмін жаңғырту қажет, әсіресе шағын жинақты мектептерге тиімді[3].

Информация о работе Шағын жинақты мектептерде оқушыларға білім мен тәрбие беру кезінде өзіндік жұмыстың ерекшеліктері