Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: "Символика"

Назар аударыңдар! Сендердің  әрқайсыларың бүгінгі кездесу уақытына өзіңнің жеке символикаңды иеленуің керек. Қазір әрқайсымызға үш символикалық атрибут ойлап табу немесе жасау  керек: біріншіден, жалған есім: екіншіден, жеке ерекшелік белгі: және үшіншіден, девиз және ерекшелік белгі параққа салынуы керек. Ол қарапайым және символикалық болуы мүмкін. Девиз, қысқа және бейнелі болу керек. Сонымен, жалған есім, девиз және ерекше белгі. Мысалы: жалған есім "Дядя Вася", ерекше белгі - күрек, девиз - "терең қазамын". Егер тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісуге болады. Енді суреттеріңмен алмасуға болады және оларды талқылап жиналғандардың әрқайсына жеке мінездеме беруге тырысайық. Сонымен қатар сендерге топтың әр қатысушы-сының символикалық атрибуттары қаншалықты сәтті таңдалғанын бағалау керек. Бес ұпайлық жүйе бойынша әр қатысушыға оның таңдаған жалған есіміне, ерекше есіміне және девизінің жиынынша баға беріндер. Ендеше өз парақтарынды шеңбер бойынша жанымызда отырған адамдарға береміз, әрқайсысы оларға кезектеп баға қояды. Өтінемін. Тамаша. Ал, енді барлық ұпайларды санап арамызға кімнің осындай символикалық формада өзін жақсы көрсете білгенін айтамыз".

Тақырыбы: "Біз  нені жақсы көреміз?"

"Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрелік. Ал, енді кім бастайды! Сол жақтан оңға қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал, енді қазір қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адам қатарында кім болды?".

Тақырыбы: "Шеңбер бойынша фраза "

"Қандай да бір  қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр." Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан  бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".

Тақырыбы: "Жалпы  назар аудару"

"Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".

Тақырыбы: "Эмоция түстері"

"Жүргізуші таңдаймыз.  Жүргізуші белгі бойынша көзін  жабады, ал қалған қатысушылар  тыныш қана өзара бір түсті  ойластырады, бастапқыда ең негізгі  түстерді ойластырған жөн (қызыл, жасыл, көк, сары). Жүргізуші көзін ашқанда, барлық қатысушылар өз қылықтарымен, әсіресе эмоцияларымен білдіруі керек. Түстің атын атамау керек. Егер ол адам таппаса, басқа жүргізуші тандалынады".

Тақырыбы: "Айна "

"Қазір біз сендерге бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынамыз. Тапсырманың шартына назар аударыңдар. Барлығы төртеу:

1. Түймені тігеміз;

2. Жолға жиналамыз;

3. Пирог пісіреміз;

4. Циркте ойнаймыз.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай, оның әрқайсы-сын жұптап орындайды, жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Ол үшін алдымен жұп-жұпқа бөлінейік. Сонымен әр жұп кезекпен өз таңдауы бойынша тапсырмаларды орындайды. Олардың бірі - орындаушы, ал екіншісі -оның айнадағы бейнесі, орындаушының барлық қимылдарына еліктейді. Топтың басқа қатысушылары - көрермендер, олар жұптың, ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Содан кейін жұптағылар рөлдерімен ауысады.

Жұптар кезекпен ауысады, осылайша топ алдына барлық қатысушылар шығады. Топ айна рөлінде ойнаушыны бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық қатысушылардың бағалары қосылады да әркім өзінің айна роліндегі жұмысының сәттілігін біле алады. Рахмет! Қорытынды жасайық. Әр қатысушы өзі үшін өзінің рөліндегі алған топтың берген бағаларының қосындысын есептейді.

Екінші бағыттағы психологиялық коррекциялық жұмыстар.

Мәдениаралық  өзара әрекет тренингке жаттығулары

Мақсаты: Топта қолайлы жағдайды қалыптастыру, ойын мінез-құлқы қабілетін, әлеуметтік өзара әрекет дағдысын дамыту, бөтен мәдени топтың жаңа қоршаған ортасымен, негізгі нормаларымен, құндылықтарымен, сенімдерімен адамды тез таныстыру. Топ мүшелерінің талап ететін тұлғаралық қатынастағы мәдениетаралық айырмашылықтарымен оқытылатындарды таныстыру. Топта сенімді және ашық атмосфера құру. Қарым-қатынастағы кеңістіктің маңызын жете түйсінуге көмек беру. Серіктестердің қатынас барысындағы кеңістікте орналасуының әсерін орнату.

Жаттығу: "Амандасу"

Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол  қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.

Жаттығу: "Тұсаукесер " ("Презентация ")

Топтағы қатысушылар  шеңбер құрып, психолог (жетекшіден) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа Сіз қандай адам тұрғысынан сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз", - дейді. Психолотың сөзінен кейін оның өзі топтың алдында айта бастайды. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады. Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог төмендегідей сұрақтарды қояды:

- "Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?";

- "Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?";

- "Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?";

- "Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таңқалдырды?

- Мүмкін, Сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?"

Жаттығу: "Мұз жарғыш".

Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады. Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу. Талқылау.Қойылатын сұрақтар:

- Неге ұнамсыз сезім пайда болды?

- Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба?

Жаттығу: "Көпір".

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық -тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам - екі ұлттың өкілі, бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек". Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі. Талқылау:

- Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

- Қатысушылар бір-біріне көмектесті ме?

Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербальді немесе вербальді емес) маңызды?

Қай ұлттың вербальді емес қарым-катынасы саған жақын да, түсінікті көрінді?

Жаттығу: "Танысыңыз, шетелдік!"

Топ бір қатарға тізіліп  отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ағылшын, француз, италъяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.

Талқылау:

- Неге сүйеніп анықтадық?

- Ұлттық таптауырындар қажет пе?

Осы сұрақ бойынша  топ екіге бөлінеді. Бір топ  таптауырындардың қажетін дәлелдейтін  болса, ал екінші топ - оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікір-талас  жүргізіледі.

Жаттығу: "Елсіз арал "

Психолог ойынның шартымен таныстырады: "Мүхит бойындағы  бірнеше күнгі болған окиғадан кейін  адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі  ол да жарамсыз болып қалды".

Ойынның шарты: "Сіздер елсіз аралда қалдыңыз. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздар. Енді үш топқа бөлініңіздер".

Жетекші әр топқа барып, оларға жеребе арқылы қай ұлттың өкілдері (қазақ, орыс, ұйғыр) болғанын анықтап алғаннан кейін, топтар бір-бірінің қай ұлттың өкілдері екенін білмейтіндігін, әрі бір-біріне айтуға болмайтынын түсіндіреді.

Жиырма жылдың аралында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай зандарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылық, салт-дәстүр, түрткі, мейрам ерекшеліктерімен көпшілік алдында таныстырып, ойнатып көрсету керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, желім және тағы басқалармен қамтамасыз етіледі.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут беріледі. Топ қай ұлт өкілдері туралы екенін айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекті құралдарды да дайындайды. Тыңдаушылар анықтауға тырысады. Талқылау толық жүрмейді. Тек мынадай сұраққа жауап беріледі:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтау мүмкіндігі болды?

Жаттығу: "Көзқиық"

Қатысушыларға адам саны бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңбердегілер сырттағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-аузын қисайтпай, тыжыраймай қарау керек.

Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлық қатысушыларға сағат тілі бойынша қозғалып, келесі серіктеске барады. Сөйтіп, осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, әр қайсысы  өз орнына отырады. Ескерту. Жаттығу, қанша дегенмен, көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға болады: а) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

ә) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;

б) барлығы бірге "А-а-а" немесе "Ия" деп айқайлау.

Талқылау.

Қатысушыларға төмендегілерді еске түсіруді ұсынады:

а) жаттығудың басында және аяғындағы өзінің күйі қандай болғаны жайлы;

ә) не айтқысы, не жасағысы келгені туралы;

б) адам бір-біріне қараған кезеңде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;

в) серіктес не туралы ойлағаны жайлы айту керек.

Талқылау кезінде талап  пен ақыл айтуға мүмкіндіх бермеу қажет. Шеңбер бойында рефлексия  жүргізіледі.

Жаттығу: "Мүсін  өнерінің аукционы ".

Жұптық жұмыс, Бір топ мүшесіне "мүсіншінің" рөлін атқару тапсырылады, ал екіншісі - материалдың қызметін атқарады. "Мүсінші" тек қолды қолданып, мүсінді үндемей "жапсырады". Мүсінші ұлтгық ерекшелікке (ұлттық киімдерге, дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа) байланысты тақырыпты ескеру керек. Мүсін өнерін көпшшіктің алдында көрсету үшін жұмыстың соңғы, шешуші, нүсқасын есінде сақтау керек. Содан кейін, әріптестер рөлдерімен алмасады. Мүсінді көрсету кезеңінде топ мүшелері қай ұлттың мүсіні немесе қай ұлттың өкілдері екенін табады. Содан кейін ғана мүсіннің шынайы "атын" автор жариялайды. Талдау:

- "Материал" - "икемді" ме?

- Мүсіншінің қолының ұстау, тию қасиеті қандай?

- Мүсінді қабылдаудағы субъективтілікке назар аудару: дененің сол ле басқа жағдайында қандай сезім туды?

- Сіздің денеңіз әрқашан Сізді тындай ма?

- Дене өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болды ма?

Басқа қандай өз ұлтыңыздың ерекшеліктерін мүсінде байқадыңыз?

Жаттығу: "Суретші".

Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет. Талқылау:

- Денеге қолдың тигені ұнады ма?

- Жағымсыз қандай сезім болды?

- Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме)?

-Қарым-қатынаста қалай  кедергі жасайды?

Жаттыгу: "Сыйлық".

Топтағы қатысушылардың әрқайсысы бір-біріне сыйлық силайды. Сыйлықты сыйлау былай басталады: "Менің  Сізге сыйлығым - ..." Неге сыйлаймын? Не үшін? - деген сұрақтарға жауап беріледі.

Тренинг рефлексиямен аяқталады.

Тақырыбы: "Достық жылы күлуден басталады" Мақсаты: Жылы қарым-қатынас түзу.

Информация о работе Карым-катынас