Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

Барысы: Дөңгелене отырғандар бір-бірінің қолдарынан ұстасып, көршісінің жүзіне үндемей қарап, мейірімді де әсем күлкісін сыйлайды, кезекпенен осылай жалғасып кете береді.

Тақырыбы: "Жел  соғады".

Мақсаты: Ойынға қатынасушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен қарым-қатынасын нығайту.

Барысы: Жел соғады соған ..... деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: "Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса", барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. "Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе", ".а", "....... кімде көп достар болса", "..... кім іскер болса" т.с.с.

Тақырыбы: "Қолғаптар"

Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету. Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар. Қолғаптың саны, қатысушылардың анына тең болуы қажет. Әр пар қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың парын) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды.

Ескерту: Серігімен келісе алмай отырған балаларға ортақ  тіл табысуға көмектесу.

Тақырыбы: "Үйрек  үйрек, қаз".

Мақсаты: Бір-бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ішінде айналып жүріп, қолымен көрсетіп "үйрек, үйрек, үйрек, ......... қаз" дейді. Қаз жүргізушіге қарай, қарама-қарсы жүгіреді. Бұл екеуінің орындайтын тапсырмасы тезірек босаған орынға барып түру. Ойынның қиындығы - олар ортада кездескенде бір-бірінің қолын алып, реферанс (қимылмен ілтипат) жасау керек, бір-біріне күліп қарап: "Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш" деп сәлемдеседі де, бос орынға қайтадан жүгіреді. Осылай ойын жалғаса береді. Ескерту: Жүргізуші барлық балалар "Қаз" рөлінде ойнап шығуын қадағалап тұрады. Сәлемдесу және реферанс нақты көтеріңкі дауыс ырғағымен орындалу қажет.

Тақырыбы: "Сиам егіздері"

Мақсаты: Өзін, өзгемен бөлісіп, біртұтас етіп сезіну. Ойын барысы: Балалар пар-парымен иықтарын түйістіріп, құшақтасып тұрады, бір қолын белінен, бір-аяқтарын бір аяқтың алдына қояды. Енді бұлар бірге өскен егіздер: екі басты, 3 аяқты, екі қолды, денесі бір. Бұларға бөлме ішінде олай-бұлай жүруді, отыруды, бұрылуды, жатуды, сурет салуды т.с.с. ұсынамыз.

Кеңес: Үшінші аяқ әрдайым  бірге болуы қажет, оны жіппен байлап қоюға да болады.

Тақырыбы: "Ұлдар мен қыздар".

Мақсаты: Балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.

Барысы: Жүргізуші балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кідірістен соң, кезек-кезек сенімділік сезіммен қарап, өздерінің бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны дұрыс.

Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен  де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда психолог балаға үнемі өзін-өзі сынату аркылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек  бере алады.

Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру -бұл өмір сүру мәдениеті.

Тақырыбы: "Күншуақ"

Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.

Барысы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп түр. Күн шуағының жылуын сезініңдер.

Тақырыбы: "Айна".

Мақсаты: Өзгенің қимылын  бұлжытпай қайталауға үйрету -бейсананы дамыту.

Барысы: Жүргізуші: Балалар, қабырғасы айналардан жасалған дүкенге кірдік деп ойлаңдар. Сыртқы шеңбердегі балалар осы қабырғалардағы айналар, ал ішкі шеңбердегі балалар әр түрлі, балықтар, жыландар, т.с.с. Өтіп бара жатқан аңдар айнаға қарап секіріп, бетін, көздерін қисайтып әр түрлі қимылдар жасап өтеді, ал айна аңдардың әр қимылын бұлжытпай қайталып отыруы қажет.

Жүргізуші алақанын соққанда ішкі - сыртқы шеңбердегі балалар орындарын ауыстырып, жоғарыдағыдай ойынды жалғастыра береді.

Жүргізуші балалардың әрқайсысы  екі рольде (айна және аңдар) ойнап  шығуын қадағалап отырады.

Тақырыбы: "Психологиялық  мүсіндеу".

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол моторикасын дамыту.

Барысы: Бұл жерде жүргізушінің тапқырлығына байланысты. Жүргізуші балалардан өздері жасаған денелерден, үлкен бір дене құрауын өтінеді. Мысалы: "Теңіз жұлдызы" (кілемнің үстіне жатып) - дененің бәрі бірге қалай қозғалатынын көрсету. "Мысық" - бір бала - басын, екіншісі -денесін, үшіншісі - аяғын, күлағын осылай әркім өзінің жасаған денесін -бәрі бірге мысықтың бүкіл дене мүшесін түгел құрайды. Балалар тек денені мүсіндеп қана қоймай, оған жан бітіреді. Денені құрап, бүтін қалпын бұзбай, бәрі бірге жеңіл жүреді.

Тақырыбы: "Қуаныш".

Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету. Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бірін-бірі көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.

Тақырыбы: "Саяжайда қыдырамыз".

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, өзіне сенімділігін, шыдамдылығын арттыру.

Барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді, бірінші жақ "саз балшық", екінші жақ "мүсіншілер". Саз балшық жүмсақ, илеуге ыңғайлы, ал мүсіншілер өздері ұнатқан мүсінді жасауға кіріседі. (аңдар, гүлдер, балықтар, құстар, ойыншықтар т.с.с). Жасалған дайын мүсіндер катып, қимылдамай тұрады, ал мүсіншілер оларға ат қояды. Соңында барлық мүсіншілер саяжайдың ішінде тұрған мүсіндерді аралап, қарап бір-бірінің жасаған мүсіндерін мақтап, аттарын дұрыс табуға кіріседі. Қатысушылар рольдерімен ауысады.

Ескерту: Мүсіндер тұрған қимылдарын өзгертпейді және сөйлесе алмайды. Жүргізуші барлық жасалған мүсіндерді мақтап, мадақтайды.

Тақырыбы: "Айдаһар"

Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасты нығайту.

Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың "басы", ал соңындағылары "құйрығы". Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. "Бас" "құйрықты" ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.

Тақырыбы: "Қайырымды  жануар".

Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).

"Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады - бір қадам алға, соғады - бір қадам артқа т.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз".

Тақырыбы: "Мылқау сыйлық".

Мақсаты: Балаларды мимика, ым арқылы түсінуге үйрету. Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене түрып, көршісіне ыммен, мимика, пантомимо арқылы бір қалаған сыйлығын тарту ету. Ал сыйлықты қабылдаған көршісі басын изеп "Рахметін" байқатады.

Тақырыбы: "Молекула".

Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.

Тақырыбы: "Көңіл-күйім  неге ұқсайды?".

Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету. Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?" Келесі - "өте жақсы" деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? - деп сұрайды.

Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ.

Тақырыбы: Көңіл  күйіміздің суретін саламыз. Қажетті  заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы: Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер -бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады.

Тақырыбы: "Тілектер".

Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу.

Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сөз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: "Рахмет, маған өте ұнады!" деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді. Ескерту: Кейбір балалар тілек айта алмай қиналғанын байқасаңыз, оның көршісінің күтіп, ренжігенін күтпей, өзіңіз көмектесіп айта салыңыз. Тұйық балалардың көпшілігі айта алмай қиналып көп тұрып қалған жағдайда, көпшіліктің назары өзіне ауғанын байқап, одан сайын тұйықталып еш нәрсе айтпауы мүмкін, сондықтан да күттірмей өзіңіз айта салғаныңыз жөн, ол бала осылай біртіндеп араласады.

Тақырыбы: "Оқиғаны  ойлап табамыз". Мақсаты: Қиялын, тілін дамыту.

Барысы: Жүргізуші: "Ерте, ерте, ертеде ...." деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете, қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді.

Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға  көмектесіп, демеп отырады.

Тақырыбы: "Жел  бергіш және үрленетін қуыршақ". Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: біреуі - еденде желі шығып жатқан (аяғы тізесінен бүгіліп, басы, қолы төмен қарап салбырап) үрілетін қуыршақ. Ал екіншісі - алдыға қарай еңкейіп жел бергішпен қуыршаққа жел үрлейді, тынысын шығарып "с-с-с" деп дыбыстайды. Қуыршаққа жайлап жел үрленеді, бойы созылып түрегеліп, жел толып қатаяды. Енді үрленіп болды. Сосын үрленіп тұрған қуыршақтың ішін қатты басып, желін шығарады. "с-с-с" деп желі біртіндеп шығады. Желі шығып, қуыршақ қайтадан бастапқы күйіне түседі. Балалар рольдерін ауыстырады.

Тақырыбы: "Көзімізді түйістіріп"

Мақсаты: Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен көңілдімін, кәне ойнайық", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.

Тақырыбы: "Амандасу - сәлемдесу".

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. « Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)

Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)

Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады)

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).

 

Тақырыбы: "Актерлер".

Мақсаты: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Қимыл, мимика, жест арқылы байланыс. Барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы - актерлер, жүргізуші- көрермен. Жүргізуші балаларға кімді бейнелеу керектігін ұсынады.

- Күзгі бұлт.

- Ренжіген адам.

- Қатыгез сиқыршы тәрізді қатуланыңдар.

- Күнге қараған мысық.

- Күн.

- Айлакер түлкі.

- Қуанышты бала.

Информация о работе Карым-катынас