Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

Конфликтіні түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж.Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында конфликтіні шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет дейді. Сұрақтар, бір шетінен, конфликттіні пайда болуымен, ал екінші жағынан конфликттерді алдын-алумен, шешумен және оны басқару мен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте конфликттінің түсіндірмесінін айқындалуынан және әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтарының сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай конфликтінің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын комуникация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. лардың конфликттік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, конфликтіні шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рольдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, т.б. қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі).

Леви мысал ретінде  төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен.

Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы)

1. Конфликттер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы конфликттер күнделігін толтырады. Олар конфликтіге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім конфликтіге түсті? Конфликт не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: конфликтің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша конфликттерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте конфликттермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан конфликтіге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?

2. Конфликтіні шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рольдері қарастырылады.

3. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады.

Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.

3.2 Оқшауланған  баламен жеке даралық жұмыс жүргізу

ерекшеліктері

Эмоцианолды қозғыштығы тым жоғары адамдарға, басқаларға қарағанда әрекеттің түрлі эмоциогендік бұзылысының байқалуы тән, басқаша айтқанда, ол тек ұяң болып қана қоймай, түрлі жағдайларда қорқынышқа, тұрақсыз көңіл күйге тез берілгіш болады. Осындай адамдарға негізінен емделіп, өзінің эмоционалды-еріктік сферасын түрлі қырынан, әсіресе, эмоционалды моторлық сферасын жаттықтыру қажет.

Ұяңдықпен күресу үшін адамдармен түрлі қиын өзара қарым-қатынаста болатындай жағдайларда жаттығу керек.

Балалық шақтан бастап ұжымға тез бейімделіп, ұжымда жұмыс істегенді ұнататын адамдарда ұяңдық мүлдем болмайды немесе әлсіз байқалады.

Кейбір ата-аналар балалары олқылықтарға жаман әрекеттерге  бармауы, ортасынан жаман әдеттерді  үйренбеуі үшін оларды ұжымнан тыс ұстайды. Кейін балалары ұялшақ және көпшіл емес болып өскенде түсінбей де қалады. Сондықтан да ата-ананың ең басты мақсаты баласын ұжым ішінде өмір сүріп және жұмыс істетіп үйрету, өз құрбыларына дұрыс қарым-қатынас жасап басқа адамдар да оған дұрыс қарайтынына көзін жеткізу керек.

Кейде ересек адам өзін ұжымда ұстай алмай, тәрбиесіздігінен, білмей қалуынан дұрыс емес қадам жасайды. Содан соң жағдайды тым ауыр қабылдап, өз қателіктерін өзіне кешіре алмай қалады. Осыдан кейін оның ұяңдығы одан бетер жоғарлап кетеді. Сондықтан да ұжымда мінез-құлықтың негізгі ережелерін біршама жақсы білу де ұяңдықпен күресудің бір жолы бола алады.

Ерекше назар аудартатын, ол - өтпелі, яғни жыныстық жетілу кезіндегі  пайда болатын ұяңдықпен күресу. Осы мәселе әлі де болса дұрыс орынға қойылып, дұрыс жыныстық тәрбие беруге жөнді көңіл бөлінбей келеді. Осылайша ұяңдықтың туу себептерін қарастыра отырып, оның күресу жолдарын да табуға болады.

Ал ол жолдар барлық уақытта  да индивидуалды сипатқа ие болады. Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті. Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп аталатын бұл құбылыс мектеп өмірінде қарым-қатынасында проблемалары бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде өте маңызды бола бастады.

Мамандар оқушылардың делдалдық іс-әрекеттерге дағдылану туралы оқытылуының көрсеткіштері оңды болуына және делдалдылықты мектеп өміріне тәжірибе ретінде еңгізуіне өзара жарысады. Д. және Р.Джонсондар пікірінше оқушыларға конфликтіні конструктивті басқаруын үйрету қажеттілігінің маңызды аргументтері болып үш түрлі жағдайды көрсетеді. Бұл алдымен мектептердің жағымды да тыныштықта білім беруге қызығушылығы. Екіншіден, конфликттің потенциалын қолдана отырып, зейінді қолдау, оқуға деген мотивацияны күшейту, интеллектуалды қызығушылықтарын тудыру, жұмыстың сапасын жоғарылату және проблеманы шешу барысында шығармашылық жолдарды дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Үшіншісі -болашақ үрпақты өз өмірінде, отбасында, жұмысында, қоғамда, ұлттық және халықаралық жағдайларда туындайтын конфликттерді конструктивті басқара білуіне дайындау.

Конфликттіні оқушылар конструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, конфликттіні шешу процедуралары  қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі. Авторлардың пікірлері бойынша  конфликттерді шешу жолдарына мектептегі оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқуы қажет (Johnson D. and R., 1994).

Мектептегі  делдалдар дегеніміз оқушылар немесе олардың топтарының арасында туындаған конфликтінің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған оқушылар. Олардың мақсаты - дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу немесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, конфликтіні шешуге мүмкіндік беру.

Д.Шапиро мектептік делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді:

1. Конфликтерді шешудің альтернативті жолдары туындайды. Оқушылар арасындағы конфликтіні болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты оқушылар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектептің администрациясынан көмек сұрау, төбелесу, немесе даулы ситуациядан аяқ тарту.

2. Конфликт оң процеске айналады. Делдалдылық бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, конфликтінің бірі-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады.

3. Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады. Конфликтіге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектептегі ортақ атмосфера және оқушылар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады.

4. Дисциплина жақсарады. Мектеп өміріне делдалдылықты енгізу дисциплинаны жақсартаты, оқушылардың сабақтан шеттетілуі азаяды.

5. Оқушылар конфликтіні тек шешу жолдарын ғана үйренбейді. Делдалдылыққа иелену процесінде оқушылар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді. (Шапиро, 1997)

Сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің мұндай жұмысты оқушылармен жүргізгенде алынған пайданы көрсеткені жөн.

Айтылғандардың барлығын эмпирикалық көрсеткіштермен аргументтеуге  болады. Медиаторлыққа оқытатын бағдарламаның  эффектілігін анықтау үшін, әртүрлі  оқу орындарына жүргізілген зерттеулер бойынша, конфликттерде өзара жасты оқушылар медиаторлар болуы арқылы алынған нәтижелердің 85-95 %-інде конфликтілер оң шешілді. Медиаторлық бағдарламаны оқыту арқылы мектептерде оқушылардың конфликт сұрақтары бойынша мектеп мұғаліміне немесе әкімшілігіне сұрануының саны азайды және оқушылардың мектептен тыс жерлерде конфликтіні шешу үшін медиациялық және әңгімелесу әрекеттерін қолдануды үйрене білді. Джонсондар мысал ретінде мұғалімнің айтқанын келтіреді: «Бағдарламаны енгізбей тұрғанда, оқушылар конфликтіні жеңіске жету және ұтылатын күрес ретінде көрді, жағымсыз ситуациядан қашып кету үшін барлық жауапкершілікті мұғалім мойнына ілетін» (Johnson D. and R., 1994). Шапироның көрсеткіштері бойынша АҚШ-та жүргізілген зерттеулерге байланысты мектептік делдалдық әрекет, мектептегі оқушылардың сабақ жіберу санын, бұзықшылық жағдайларының және оқушының сабақтан шеттетілуінің санын азайтты (Шапиро, 1997).

Джонсондардың пікірінше  делдалдылықққа үйрету үшін үш жағдай қажет: кооперативті оқыту, медиация және оқу дискуссиялары.

1. Кооперативті оқыту, конфликттер конструктивті түрде шешіле алатындай контекст тудырады. Егер мектеп біреудің арқасында өзінің ұтуы үшін қарсыластық ориентациясын қойса, онда оқушыларға конфликттілерді конструктивті шешуге үйрету немесе оқыту маңызы аз. Кооперативті оқыту өзіне көздеген мақсатына жетуіне бағытталған күштерді (нәтижелілігі, оқу материалының тұрақтылығы, ішкі мотивацияны, мақсатқа жету мотивациясын қосқанда), ең жақсы психологиялық қасиеттерді (психологиялық денсаулығын, өзін-өзі бағалауын және әлеуметтік алатын орнын қосқанда) құрайды. Кооперативті оқытудың осы эффектілерінің барлығы бір-біріне әсер етеді. Кооперативті контексттің құрылуы конфликттерді конструктивті басқаруына арналған оқыту процедураларын жүргізуге мүмкіндік береді.

2. Оқу дискуссияларының жағымды жақтарын: кооперативтілік пен конфликтті де қамтиды. Авторлар оқу дискуссияларының әртүрлілігін (полемика) және қарапайым индивидуалды оқытудың, дебаттардың әртүрлілігін бөліп көрсетеді және келісім жолдарын іздейді.

3. Медиациялар бағдарламасы авторлардың пікірінше, келісімге келуді оқушыларға үйретудің және конфликт арасында делдал болуына үйрететін ең жақсы тәсіл болып саналады.

 

3.3 Қарым-қатынаста  қиындықтары бар балалар үшін  тренингтер, ойындар мен жаттығулар

Өз балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден қорқып, сенімсіздік пен ұялшақтық байқатуын көру ата-аналар үшін қандай қиын. Бала әрдайым басқа балалармен төбелесіп, өкпелетіп, таласып ойнауға кедергі жасайды деген сияқты шағымдарды балалар мен үлкендерден есту де оңай емес.

Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің  белгісі. Келешектегі сезімдік-тұлғалық мәселелердің маңызды себептері.

Мектеп психологының қызмет көрсету сферасы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, әкімшіліктер, яғни кез-келген адамдар арасындағы қарым-қатынас қиыншылықтарын шешу болып табылады. Себебі сыныптағы қарым-қатынас сипаты баланың білім алуы мен тәрбиеленуіне едәуір әсер етеді. Егер мұғалім оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.

Олай болса, біз бұл тарауда балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларға сипаттама беруге, сондай-ақ оны тиімді қолданудың жолдарын көрсетуге тырысамыз.

Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға  қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүртізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -мұғалім іс-әректін жандандыра түседі.

Енді мектеп жасына дейінгі  мекемелер мен мектепте сабақ  тақырыптарына орайластырып ұйымдастыратын балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуға, топтан оқшауланған баланы топқа әлеуметтендіруге арналған, сондай-ақ қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар тренингтерді, ойындарды және жаттығуларды ұсынайық. Әрине бұл психологтың ұжымнан оқшауланған балаға коррекциялық қызмет көрсетуге зор үлесін қосады деп сенеміз.

Бірінші бағыттағы  психологиялық коррекция - тренингтік жаттығулар -қарым-қатынасты дамытуға жаттығулар.

Мақсаты: Бұл жаттығулар қарым-қатынас тренингтің тұтастай бағдарламасын құрайтын топтағы қарым-қатынасты дамытуга арналған жаттығуларды қолдану.

Жүргізуші: "Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Сендерге өзіңе  және өз мінезіңе ең маңызды, ең мәндісі  не болып табылатындығы жайлы  ойлауды ұсынамыз. Енді оған қысқаша айту формасын тауып көр, мысалы, өлең түрінде де болады: (Мұз және жалын), (Бірде хайуандай ұлимын, бірде сәбидей жылаймын), (Тыныш, мұңды, үнсіз... және т.б). Ойландың ба? Жақсы. Қазір шеңбер бойымен кезекпен жүргізушінің оң жағында отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. Егер ол бір сөйлеммен айтылса да жақсы, немесе өлең немесе метафора қолдануға болады. Сен қазір, аяқ астынан ойлап тап... Өтінеміз. Рақымет. Біз бір-бірімізге бір қадам жасадық. Кімнің таныстыруы көбірек әсер қалдырды, талқылауымызға болады. Рефлексияға арналған сұрақтар:

1. Алғаш бейтаныс кезенде қандай күйде болдың?

2. Танысу барысында не сездің?

3. Танысу аяқталғанда қандай күйде болды?

Тақырыбы: "Метафора"

Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны қандай ассоциациялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге көркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Өтінемін. Қазір қатысушыларға тапсырма: "Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суреттен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейзаж құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысалы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шөл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармапшлық ойларымен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы өзін сыртынан көргісі келетін адамдар бар ма? Қане алган әсерлерімізбен алмасайық.

Информация о работе Карым-катынас