Карым-катынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 07:57, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар - біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1 БАЛАЛАР ҰЖЫМЫНДАҒЫ ОҚШАУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ............................. 7
1.1 Психология ғылымындағы изоляциялану, оқшаулану, топтан тыс қалған ұғымдарына талдау..................................................................................................7
1.2 Қарым - қатынастың адам психикасының дамуына әсері...........................12
1.3 Қарым-қатынас жасаудың бірқатар қиыншылық сипаттары.....................16
1.4 Қарым - қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама...............................................................................................................19
1 Бөлімнің қорытындысы....................................................................................22
2 ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................................................................24
2.1 Ұжымнан баланың оқшаулану себептерін теориялық зерттеу....................................................................................................................24
2.2 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін эксперименттік зерттеу...................................................................................................................30
2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты оқшаулану себептері.................................................................................................................30
2.4 Психологиялық дағдарыс кезеңінде топтан тыс қалу себептері.................................................................................................................40
2 Бөлімнің қорытындысы.....................................................................................45
3 СЫНЫПТАН ОҚШАУЛАНҒАН БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ...........................................................................................47
3.1 Ұжымнан изоляцияланудың алдын-алу жолдары........................................47
3.2 Оқшауланған баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.3 Қарым-қатынасында қиындықтары бар балалар үшін ойындар
мен жаттығулар....................................................................................................52
3 Бөлімнің қорытындысы...................................................................................68
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................74
ҚОСЫМША ......................................................................................................76

Вложенные файлы: 1 файл

карым-катынас.doc

— 691.50 Кб (Скачать файл)

«Жоқтық белгісі» жағдайы да, «мәлімет жоқ» жағдайы да кез-келген шкалада өзіне тиесілі балдармен бағаланады.

Сыртқы және ішкі фактордың әсерін талдау үшін дисперсионды анализдің  жалпы сызықтық моделі ретінде П.Фрик пен Т.Ахенбахтың сауалнама парақтары  алынды.

1-ші сауалнама парағының авторы  делинквентті мінез-құлықтың кейбір түрлерін анықтап, оларды социопатиялық бұзылыстар ретінде қарастыруды негіздеді. П.Фриктің бақылау парақтарындағы пунктердің мысалы:

- соңын ойламай әрекет жасайды;

- өтірікті оңай айтады;

- оның эмоциялары шынайы емес сияқты;

- оны жөндегенде немесе жазалағанда өкпелейді, ренжиді.

- басқалардың сезімі туралы қам жейді.

Сауалнама баланың өзіне  емес, психологқа бағытталады. Бірақ  үлкен адам жеткіншекті бақылай  отырып, оны бақылаушы басқа да адамдардан ақпарат жинап, берілген пунктер бойынша зерттеушінің өзімен сөйлесіп, парақты толтырады.

Екінші сауалнама да баланың мінез-құлқын сипаттайды. Ол да бірнеше шкалалардан тұрады. Т.Ахенбахтың әдістемесіндегі шкалалардың атауы төмендегідей: тұйықтық, соматикалық проблемалар, әлеуметтену проблемасы (әлеуметтік дезадаптация, қобалжушылық, СДВГ делинквенттілік және агрессия).

Бұл жерде назар аударатынымыз, автордың ішкі (интернализация) және сыртқы (экстернализация) психологиялық проблемалардың симптомдарының балдарын суммаланатын көрсеткішін енгізуі болып табылады.

Зерттеуде қолданылған  әдістемелер жеткіншектің даму проблемасы мен оның мінез-құлық ауытқушылығының қауіптілігінің психологиялық сипатын ашып көрсетті.

Сонымен, берілген аномнезге  қатысты, жеткіншекпен алдын-ала жүргізілген әңгімеден, сондай-ақ оны бақылаушы үлкендердің (мұғалім, психолог, тәрбиелеуші) бақылауы нәтижесінде жеткіншек дамуының сыртқы жағдай факторы ретінде көрсетілген сапалық дәрістер анықталды. Сапалық өзгерістер ретінде жеткіншектің жанұядағы, өмір жағдайымен байланысты жақын әлеуметтік ортасы шықты. Бұл жағдай балада психологиялық проблемалар мен мінез-құлықтық бұзылыстардың пайда болуына алып келеді. Оларға: жанұядағы адамдардың құрамы (толық немесе толық емес), балаға қатаңдық қарым-қатынас, зорлық, алкоголизация, ата-ананың біреуінің немесе екеуінің де жоқтығы және ата-аналық құқықтан айырылу жатады.

Нәтижесі:

1. П.Фрик пен Т.Ахенбахтың «бақылау парақтарында» фиксацияланған көрсеткіштерге ішкі фактор жағдайының әсері.

1. №2 кестеде дисперсиялық анализдің нәтижелері көрсетілген. Бұл жерде универиативті (ANDVA) және көпөлшемді (MANDVA) өзара бірін-бірі нақтылайды.

2. №3 кестеде өзгермелі ішкі жағдай әсері туралы көрсеткіш ұсынылады. Олар жартылай стандартталған К - 8АБ8 интервью арқылы анықталды.

Ішкі жағдай факторы, жеткіншектің психикалық жайсыздығының критерийін көрсетеді.

Бірінші орында бізді  қызықтырған оппозициялық және делинквентті мінез-құлық шкалалары болды (ХVжәне XVI). Қобалжушылық, СДВГ, делинквентті мінез-құлық өзгермеліліктері.

К - SADS әдістемесінің де, Т.Ахенбахтың әдістемесінің де көрсеткіші бола алады. Оларды ретімен қарастырайық.

Қобалжушылық  бұзылыстары (К - SADS) бойынша бұл шектен тыс қобалжушылық, социофабия, агорафбия және спецификалық қорқыныш) коморбидтік бұзылыстарға жатады. Делинквенттілікті сипаттаушы өзгермелі факторлар ретінде:

1. саулофобия және спецификалық қорқыныш (IV және VII).

2. оппозициялы мінез-құлық синдромдары (XV) және мінез-құлықтық бұзылыстар (XVI).

3. Оппозициялық мінез-құлық факторы және бұзылыстар агрессия көрсеткішін айқындайды, (VII) факторы да әсер етеді.

4. «Тұйықтық» өзгермелілігі қарым-қатынастағы қиындық, жеткіншектің ұяңдығы, жабдықтағы қарым-қатынастан қашу. Социофабия, спецификалық емес қорқыныш пен шектен тыс қауіптенушілік сияқты психотикалық жағдай факторларының (VІ-VІІІ) сондай-ақ энкопрез факторы (XI) мен оппозициялық мінез-құлық синдромы (XV) әсерінен туындайды.

Сыртқы жағдай факторларының  әсері.

Олар жеткіншекпен алдын-ала сөйлесу  кезінде алынған сапалық өзгерістер болды.

Сыртқы жағдайдың сапалық өзгерушіліктерінің сандық анализі көмегімен орындалатын  мінездемелерін көрсетеміз.

«Жанұя құралы» 0 - мағлұмат жоқ; 1 - толық; 2 - толық емес; 3 -жанұядағы  үлкендердің біреуі - өгей әке немесе өгей шеше; 4 - асыранды ата-аналар; 5 - жеткіншек өмір сүреді.

«Жанұядағы қарым-қатынас»: 1- жақсы; 2- жаман (өгей әкесімен немесе өгей шешесімен); 3- қараусыз қалушылық; жанұяның барлық мүшелерімен нашар қарым-қатынас; 5- әкесімен жаман қарым-қатынас; 6 - барлығымен қанағаттанарлық ; 7- дұрыс емес; 8-анасымен нашар.

4 - кестеде көрсетілгендей жанұядағы  жайсыздық жағдайы факторы делинквентті  мінез-құлық көрсеткішіне барынша  әсер етеді.

Жанұядағы алкоголизация жеткіншектің алкогольге құмар болуына әсер етпейді. Бұндай жағдайдағы жеткіншектің тек 11% -да ғана құмарлық байқалады. Ал мұндай жағда йда көбіне маңызды фактор болып «қатал қарым-қатынас» табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жайсыздық өзгерушіліктер жағдайы да СДВГ сияқты ішкі жағдай дамуының көрсеткішіне әсерін тигізеді.

Ата-ананың біреуінің өмірден кетуі жеткіншекте әлеуметтенудің бұзылысы мен психикалық қауіптенушілік деңгейінің күрт өсуіне алып келеді.

Алынған мәліметтер эмпирикалық негізделген  эффекттерге сәйкес, психикалық дезонтогенезде ішкі және сыртқы жағдайлардың арасындағы байланысты белгілейтін түсіндірмелі гипотезаларды шығару қажеттілігін дәлелдейді.

Мәліметтер көрсеткендей, әлеуметтік дезодаптация, қатал қарым-қатынас  пен жанұядағы бұзылған қатынас және де ата-ананың өмірден кету факторларының әсерінен заңды түрде күшейеді.

Мысал ретінде сыртқы жағдай өзгермеліліктерінің  көрсеткішін ашып көрсетеміз.

№5 кестеде 2 түрлі топтағы жеткіншектердің  жанұя ортасындағы жағдайдың өзгешеліктерін көре аламыз.

1 топтағы балалардың үштен екісі  (2/3) бұзылмаған жанұя жағдайында өмір сүреді, ал қауіптік топтағы балалардың үштен бірінен де кіші бұзылмаған жағдайда өмір сүретіні көрсетілген.

Сондай-ақ №6 кестедегі мәліметке  назар аударсақ 1 - ші топтағы балалардың 96%-ы қатал қарым-қатынас көрмеген бірақ 2-ші топтағы жеткіншектердің  әрбір бесіншісі жанұядан тыс қатал қарым-қатынастың құрбаны болды.

№4 кестеде көрсетілгендей, «қатал қарым-қатынас» К -SADS шкаласы бойынша кейбір шкалалардың психологиялық деңгейін анықтап, жеткіншектің әлеуметтену проблемасы мен онда делинквентті мінез-құлықтың дамуы- мен байланысты психологиялық жайсыздық көрсеткішіне әсерін тигізеді.

Нәтижені талқылау.

Біздің нәтижелеріміз балалардың психологиялық қасиетінің мінез-құлықтық проблемаларды талдаудағы эмпирикалық гипотезаларды дәлелдейді.

П.Фрик көрсеткендей, құлықтық проблема көрсеткіші өссе, онда баланың қобалжушылық, деңгейі де өседі.

Сондай-ақ, спецификалық емес қорқыныштар, социофабия және шектен тыс қобалжушылық, шкалалары ішкі фактор ретінде делинквентті мінез-құлық көрсеткішіне әсер етеді. Шектен тыс қобалжушылық көрсеткішінің төмендеуі деликвентті мінез-құлық индексінің көбеюімен байланысты және делинквентті мінез-құлық көрсеткіші екі әдістемеде де тікелей әлеуметтік жағдай дамуының немесе жеткіншектің психикалық статусының эффектерін көрсетеді.

«Әлеуметтенудің қиындығы» көрсеткіші мінез-құлық бұзылыстары бар жеткіншекте табылған әлеуметтік таным ерекшеліктерімен байланысты. Яғни, бұзылыстарды клиницистар дефицитарлық бұзылыстар деп атап, оны жеткіншектің әлеуметтік қатынас кезіндегі ақпаратты кезектеп интерпретациялай алмауымен, шешім қабылдауда қиындықтармен және агрессивті реакцияға икемделумен сипаттайды. Кейбір авторлар, бұндай дефицитарлықты - жеткіншектің өмірді қауіп төндіруші орта деп қабылдауға итермелейтін жанұядағы жайсыздық жағдайымен байланыстырады.

Осындай позицияны жеткіншек  жанұядан, басқа тұлғааралық қатынас  әрекеттерінде көрсетеді. Жансыз, эмоциясы жоқ балалар басқаша механизмге бейім; инструменталды агрессияға; яғни тұлғааралық немесе басқа да әлеуметтік ситуацияны түсінушілік жетіспеушілігінің жоқтығы мен сипатталады, агрессия оның өз материалдық немесе табылады. Сондай-ақ көңіл аударатын жәйттің бірі жеткіншектің әлеуметтік дезадапция көрсеткішіне ішкі жағдай факторларының әсері дамыған да болады .

«Ойлау проблемасы»  да - әлеуметтену проблемасына әсер етуші фактор болады. Мұндағы интеллектінің төмендігі диспозициялық фактор ретінде, анти әлеуметтік мінез-құлықтың туындауына әкеліп соғады.

Әлеуметтік экологияның бұзылысы, қатал қарым-қатынас факторлары психологиялық жайсыздық көрсеткіштеріне әсер ететін диспресстер болып табылады.

Нәтиже:

1. Жеткіншектің мінез-құлқындағы бұзылыстар әр түрлі генезбен анықталады. Олар психотикалық факторлармен, сондай-ақ, психикалық девиоцияны анықтайтын сыртқы даму жағдайымен байланысты.

2. Сыртқы жайсыздық (әлеуметтік) фактордың ішінде жеткіншектің ішкі психологиялық жайсыздық көрсеткішке көп әсерін тигізген қатал қарым-қатығыс болып табылады.

3. Жанұядағы жайсыздық факторы - баланың әлеуметтенуіне және делинквентті мінездің туындауына әсерін тигізеді.

 

2.3 Баланың темперамент ерекшеліктеріне байланысты

оқшаулану себептері

Теориялық көзқарастарының  әр түрлілігіне қарамастан, бұл ғылымдарды бір мақсат біріктіреді: балалардағы әлеуметтік изоляцияның ерте формаларын зерттеу, олардың пайда болу механизмдерін анықтау, сонымен қатар балалардың болашақта адамдармен қарым-қатынас жасау барысында туындайтын қиыншылықтарды болжай білу. Осы айтылған проблемаларды талдау алдында ең басты авторлардың теориялық көзқарастарымен танысайық.

Зертеудің теориялық  негіздері.

1. Мінез-құлықтың әлеуметтік эмоционалдық реттеуші моделі ( К.Рубин ұсынған ). Бұл теорияның негізін баланың сыртқы ортамен қарым-қатынас кезінде туындайтын қиыншылық проблемалары құрайды. Бұл модельге сәйкес баланың әлеуметтік эмоционалдық дамуы интериндивидуалды, интроиндивидуалды және макрожүйелік күштердің өзара әрекетімен түсіндіріледі.

Интериндивидуалды күштер бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың сенімділігімен және сенімсізділігімен  сипатталады. Ал интроиндивидуалды  күштер негізінде тума физиологиялық процестері бойынша баланың темперамент ерекшелігімен сипатталады. Интериндивидуалдық күштердің сенімділік жағдайында ата-аналар баласының сезімін, ойын, қажеттілігін елеусіз қалдырмай, оның өзіне деген сенімділікпен қарауын қолдайды.

Осының нәтижесінде балада өмірге деген сенімділік арта түсіп, әлеуметтік ортаны ең алдымен үлкен адамдармен, кейін келе өз қатарымен танып білуі күшейеді. Ал сенімсіздік қарым-қатынаста ата-аналар баласының жан-күйін түсінбей, тіпті оны жақсы көруден де қалады. Балада өмірге деген сенімсіздік пайда болып, бұл сенімсіздік оның дамуына негативті әсерін тигізеді, яғни балада өзіне деген баға, танымдылық белсенділік төмендеп, қоршаған ортадан өзін оқшаулай бастайды.

Ата-ананың балаға өз құрбыларымен қарым-қатынас процесінде жүргізетін шектен тыс бақылауы, қамқорлығы (гипеопека) - балаларда үлкендерге деген тәуелділікті, жаңа жағдайлар мен проблемалар алдында қорқыныш сезімін туғызады.

Макрожүйелік күштер - бұл жанұяның экономикалық жағдайы , ата-ананың білім деңгейі және қарым-қатынастың сипаты (эмоционалды тұрақтылық деңгейі, ұрыстар және дағдарыстар, т.б.). Бұл күштер ата-ананың балаға деген адекватты емес қатынасының пайда болуына алып келеді.

Егер әрбір сала тиімді күйде жүзеге асатын болса, онда баланың дұрыс дамуына қолайлы жағдай туады. Біреуінің бұзылуы гармониялық әрекетті деформациялайды. Осылайша жанұядағы дау - жанжалдар ата - ананың балаға деген қарым -қатынасын негативті бағытқа қарай өзгертуі мүмкін. Балада қорқыныш сезімін, шектен тыс қозғыштықты, тынышсыздықты, тағы басқа қиыншылықтарды қамқорлық және ілтипаттылық қарым - қатынаспен жеңуге болады.

Мотивациялық теория (Дж. Эйсендорф ұсынған).

Бұл теория бойынша әлеуметтік дамудағы балалардың түрлі ауытқуларыныың пайда болуы жақындау немесе алыстау  мотивтерінің механизмдері арқылы жүзеге асуы қарастырылады. Бұл мотивтердің өзара байланысының бұзылысы қарым - қатынаста қиыншылықтардың пайда болуына алып келеді. Дж. Эйсендорф мұндай бұзылыстардың 3 түрін көрсетеді. Бірінші бұзылыс жақындау мотивациясының төмендігімен сипатталады. Егер бұл мотивация жоғары жаста шектен тыс айқын көрінетін болса, онда ол балалардың әлеуметтік қарым - қатынас сферасында ауытқушылықтардың барын көрсетеді.

Екінші түрі жақындау және алшақтау мотивациялары арасындағы дау - жанжалмен байланысты. Бұл жағдай белгілі бір себептерге байланысты баланың басқа адамдармен, әсіресе, жаңа жағдайларда араласа алмайтындығымен сипатталады. Дау -жанжал белгілі бір ымыраға (комплеске) алып келеді. Мысалы: басқаларды алыстан бақылау, құрбылар тобына жақындау жерде жекеше ойнап отыруы. Мұндай конфликтке басынан өткізіп жатқан балалар сақтығымен, ұялшақтығымен, тұйықтығымен ерекшеленеді.

Мотивтер арасындағы дау - жанжалдардың пайда болуы баланың  биологиялық табиғатына да, тәрбие жағдайына да қатысты. Мотивтер арасындағы қарым - қатынастың ауытқуының үшінші түрі әлеуметтік жақындау мотивінің жоғарлауымен және алшақтау мотивінің төмендеуімен сипатталады. Мұндай мотивациалық профилі бар балалар әлеуметтенгіш болады, бірақ олар қарым - қатынаста өзіне шек қоя алмайды. Осындай балалар агрессивті мінез - құлыққа ие. Құрбылармен қарым-қатынас - баланың әлеуметтік және жекелік даму факторы ретінде.

Информация о работе Карым-катынас