Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
4) тарихи-саяси–құқықтық
норманы қабылдаудың нақты-
5) телеологиялық
(мақсатты)–нормативтік актіні
6) арнайы-заңды–заңнамада
қолданылатын заң
3. Субъектілер
бойынша түсіндіру түрлері.
- ресми; мұндай
түсіндіруді өкілетті субъектіл
- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мәні болмайды және биліктік күші жоқ.
Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) және казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабылдаған органмен беріледі) және легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.
4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нәтижелері заң нормаларының шын мәніндегі мазмұны мен мәтінінің арақатынасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақатынастықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):
1) дәлме-дәл түсіндіру–құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы мен оның мәтіндік көрінісі сәйкес келген жағдайда мүмкін;
2) шектелген
түсіндіру–құқық нормасының
3) кеңейтілген түсіндіру–құқық нормасының шын мәніндегі мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қолданылады.
5. Құқықты түсіндіру
актілері. Құқықты түсіндіру актісі–бұл
заң нормаларының мағынасын
Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:
- заң нормаларының
мағынасын түсіндіруге
- нормативтік
емес, нақтылаушы ережелерден
- дербес сипатқа
ие емес және өзі түсінідіріп
отырған нормалармен бірге
- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.
Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:
1) ресми түсіндірудің
түрлеріне қарай олар
2) түсіндіруді
жүзеге асырып отырған
3) құқықтық реттеу
пәніне қарай–қылмыстық,
4) сипатына қарай–материалдық және іс жүргізушілік түсіндіру актілері;
5) нысанына қарай–жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар және т.б.
27 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі және белгілері.
2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері.
1. Құқықтық мінез-құлықтың
түсінігі және белгілері.
Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:
- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект);
- әлеуметтік
пайдалы, қоғамдық мақсаттар
- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды.
2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
1) әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау).
2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды.
Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс–бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.
Әлеуметтік
белсенді жүріс-тұрыс мынадай
Конформисттік жүріс-тұрыс–бұл құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды.
Әдетті жүріс-тұрыс–бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.
Маргиналды жүріс-тұрыс–бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық.
28 тақырып.
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ
1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері.
2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы.
3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары.
4. Заңды жауапкершіліктің түрлері.
5. Әрекеттің
құқыққа қайшылығын және заңды
жауапкершілікті жоятын
1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері. Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
әрекет немесе әрекетсіздік;
кінә;
құқыққа қайшылығы;
зиянды нәтиже;
әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;
заңды жауапкершілік.
Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар–бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.
Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.
Теріс қылықтардың түрлері:
1. Азаматтық–бұл
мүліктік және жеке мүліктік
емес қатынастар саласында
2. Әкімшілік–бұл
заңмен орнықтырылған қоғамдық
тәртіпке, мемлекет органдарының
атқарушылық-өкімдік қызметі
3. Тәртіптік–бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін–Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін–арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.
Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.
2. Құқықбұзушылықтың
заңды құрамы–бұл
1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
2. Құқықбұзушылықтың
объектісі–бұл осы
3. Құқықбұзушылықтың
субъективтік жағы–бұл
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.
4. Құқықбұзушылықтың
объективтік жағы–бұл осы
3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары. Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет
құқықтық нормалард
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті
мемлекеттік органдар
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік
және ұйымдастырушылық
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған
құқықбұзушылық үшін ғана
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
Заңды жауапкершіліктің қағидалары:
1) заңдылық–жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;
2) әділеттілік–жазаның
кінәға сәйкестігін, теріс
3) негізділік–істің
жағдайларын объективтік түрде
зерттеуді және нақты жазалау
шарасын заңға сәйкес
4) ізгілік (гуманизм)–адамның
қадір-қасиетін қорлайтын
5) жауапкершіліктің
міндетті түрде болатындығы–
6) мақсаттылық–құқықбұзушыға
қатысты таңдалған жазаның
4. Заңды жауапкершіліктің
түрлері. Заңды
1. Қылмыстық–тек
қылмыстар үшін қолданылады;
2. Әкімшілік–әкімшілік
теріс қылықтарды жасағаны
3. Азаматтық–мүліктік
сипаттағы шарттық
Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы