Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.

Содержание

КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

Вложенные файлы: 1 файл

Теория госуд и права_каз.яз. (1).doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

2) тіккелей мемлекеттік  емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;

3) іс жүзінде  қалыптасып қойған қатынастарды  жүріс-тұрысты заңды міндетті  реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады;

4)құқықты жүзеге  асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты  пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге  асырылуы мүмкін емес;

5) мемлекет құқықты  және құқықтық қатынастарды қорғауды  қамтамасыз етеді;

6) мемлекет құқықтың  әлеуметтік кеңістікке таралуына  жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:

1) құқық мемлекеттің  халықпен, жекелеген тұлғамен өзара  қарым-қатынастарына әсер етеді;  мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде әсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер етеді;

2) құқық мемлекеттің  қызметін заңдастырады, мемлекеттің  қорғау және мәжбүрлеу шараларының  рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;

3) құқық арқылы  мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың  шектері анықталады;

4) құқық ұлттардың  ерекше мүдделерін қамтамасыз  етеді, осы арқылы мемлекеттік  биліктің ұлттармен қарым-қатынасына  әсерін тигізеді;

5) құқықтық нысан  мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;

6) құқық басқа  мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен  байланыс тілі рөлін атқарады.  

 

3. Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы. Экономика–бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс тәсілдері. Саясат–бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік мәселесіне қатысты  мемлекет пен халық арасындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық–бұл мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Аталған түсініктердің  өзара арақатынасына қатысты  екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық және саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялық революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа экономикалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері керісінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.

Екінші бағытқа  сәйкес, экономика құқық пен саясатты анықтайды. Құқық пен саясат базиске  тәуелді болып келеді. Алайда, бұл  басымдық рөл тек ақыр соңында  ғана байқалады, себебі, құқық пен  саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қатынастардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады. 

 

 

 

20 тақырып.  ҚҰҚЫҚТЫҢ  ҚАЙНАР  КӨЗДЕРІ 

 

1. Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.

2. Нормативтік  актілердің түсінігі жән түрлері.

3. Заңдардың  түсінігі, белгілері және түрлері. 

4. Нормативтік  актілердің күші. 

 

1. Құқықтың қайнар  көздерінің түсінігі және түрлері.  Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құқықтың қайнар көздері–бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының  мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

1) құқықшығарсашылық  жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік  құжаттарды құзіретті мемлекеттік  органдар қабылдайды, яғни, тікелей  мемлекет шығарады.

2) санкциялау  жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативтік  заң актілері– бұл құзіретті  мемлекеттік орган қабылдайтын,  құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

2. Санкцияланған  әдет нормалары–бұл адамдардың  санасынан орын алған және  көп рет қолданылуының нәтижесінде  әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ә)оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік  органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.  

3. Заңды прецедент–  бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа  алынатын және жалпыға міндетті  заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.

4. Нормативтік  шарт–бұл екі немесе одан да  көп субъектілердің  жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.

5. Құқықтың жалпы  қағидалары–бұл құқықтық жүйенің  негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық  норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6. Діни мәтіндер–бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран–бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет–бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.         

 

2. Нормативтік  актілердің түсінігі және түрлері.Нормативтік заңды актілер– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.

Заң–бұл заң  шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сәйкес актілер–бұл  заң нормаларынан құралған, заңдардың  негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар  жатады:

1) Президенттің  құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

2) Парламенттің  құзіреті шегінде қаабылданған  қаулылар мен өкімдер;

3) мемлекеттік  аумақтық және жергілікті органдардың  (өкілдік органдар мен әкімшілік  органдар) актілері–мемлекеттік билік  пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

4) ведомстволық  актілер–белгілі бір органның  құзіреті шегінде қабылданады  және осы ұжымның мүшелеріне  ғана таралады.  

 

3. Заңдардың түсінігі, белгілері және түрлері. Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңның белгілері:

1. Заң–бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық әрекеттер бекітілген заң актісі.

2. Заң–бұл мемлекеттік  биліктің қатаң анықталған жоғары  органдарының актісі.

3. Заң жоғары  заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі және оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ә) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.

4. Заң–бұл құқықтық  жүйеде бұрын болмаған және  қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне  байланысты міндетті нормалардан  құралған нормативтік акт.

Заңның түрлері:

1) Конституция–бұл  басқарудың және мемлекеттік құрылымның нысанын, сот әділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;

2) конституциялық  заңдар–Конституциямен көзделген  және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;

3) жай заңдар–бұл  қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына  арналған ағымдағы заңнама актілері.       

 

4. Нормативтік  актілердің күші. Нормативтік актілер  әрекет етудің уақыттық, кеңістіктік  және субъектілік шектеріне ие:

1. Нормативтік  актілердің уақыттағы күші олардың  күшіне енген сәтінен бастап  қүшін жоғалтқан сәтіне дейін  таралады. Актілер не оларды қабылдаған  сәттен бастап, не нормативтік  актінің өзінде немесе оның  күшіне енуі туралы арнайы  актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сәттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген  әрекет ету уақыты өткеннен кейін,не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.      

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы  ережелердің ішінде екі ерекше ереже  бар:

а) заңның кері күші–жаңадан қабылданған нормативтік  актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;

ә)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мәселелерге қатысты  күшін сақтап қалуы.

2. Нормативтік  актілердің кеңістіктегі күші  олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік  шекаралар ішіндегі оның құрғақ  және су кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мәселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тәртібі эксаумақтық деп аталады. 

3. Заңның  тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің әрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:

а) мемлекеттер  мен үкіметтердің басшылары, елшілік  және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері  эксаумақтық құқығына ие және оларға қылмыстық заңнаманы және әкімшілік  құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы  бұзғандығы үшін жауапкершілік және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды;

ә) кейбір нормативтік  актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті  көздейтін актілер, азаматтарға, олардың  қай жерде жүргеніне және олардың  шетелдік заңнама нормаларына сәйкес жазаны өтегеніне қарамастан,  таралады;

б) мемлекет аумағында  өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен  азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен  міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына  қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды және сайлауғақатыса алмайды.

 

 

21 тақырып.  ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ  

 

1. Құқық нормаларының  түсінігі және белгілері.

2. Құқық нормаларының түрлері.

3. Құқық нормаларының  құрылымы.

4. Құқық нормасы  мен нормативтік акт бабының  арақатынасы.  

 

1. Құқық нормаларының  түсінігі және белгілері. Құқық  нормасы–бұл мемлекет таныған  және қамтамасыз ететін жалпыға  міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы–құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайд, бұл «құқықң  және «құқық нормасың түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі–ол  адамдардың мүмкін және міндетті  әрекеттеріне қатысты мемлекеттің  биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды  анықталғандығы–ол жазбаша түрде  ресми құжаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен  байланысы–оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4) ұсынушылық-міндеттемелік  сипат– ол бір субъектілерге  құқықтар берсе, келесі субъектілерге  міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты  міндетсіз, ал міндетті құқықсыз  жүзеге асыру мүмкін емес.  

 

2. Құқық нормаларының  түрлері. Заң нормаларының түрлері:

1) реттеуші және  құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым  салушы және міндеттеуші; 3) императивтік  және диспозитивтік. 

Реттеуші норма–бұл  субъектінің субъективтік құқықтары  мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын  анықтайтын норма,

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы