Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.

Содержание

КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

Вложенные файлы: 1 файл

Теория госуд и права_каз.яз. (1).doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

2) биліктік өкілеттіктерге  ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпыәлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен  арнайы айналысатын мемлекеттік  қызметшілер;

4) мемлекеттік  аппараттың қызметін қамтамасыз  ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық және күштеу құралдары.  

 

3. Мемлекеттік  аппаратты ұйымдастырудың және  оның қызметінің қағидалары–  бұл мемлекеттік органдарды құру  мен олардың қызмет етуіның  негізгі бағыттарын анықтайтын  бастамашылық ережелер. Оларға мыналар  жатады:

1) адам мен  азаматтың құқықтары мен бостандықтарының  артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға  сәйкес, мемлекеттік қызмешілер  аталған құқықтар мен бостандықтарды  мойындауы және қорғауы тиіс;

2) демократиялық  қағидасы, бұл қағида мемлекеттік  органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;

3) биліктің тармақтарға  бөліну қағидасы, бұл қағида билік  органдары мен лауазымды тұлғалар  тарапынан заңсыз әрекеттерді  болдырмауға негізделген;

4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;

5) жариялылық  қағидасы, бұл қағида нақты бір  мемлекеттік органдардың  тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;

6) кәсібилік  қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік  аппарат қызметінде мейлінше  кәсіби қызметкерлерді пайдалануға  қолайлы жағдайлар жасайды,

7) алқалық пен  жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың  демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8) сайлаушылық  пен тағайындаушылықтың үйлесу  қағидасы, бұл қағида мемлекеттік  басқарудағы орталықтандыру мен  орталықсыздандырудың тиімді байланысын  білдіреді;

9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді. 

 

4. Мемлекет органдарының  түсінігі және түрлері. Мемлекеттік  орган– бұл мемлекеттік міндеттерді  орындаушы және осы мақсатта  сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ә) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б) өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың  түрлері:

1. Мемлекеттік  қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.

2. Биліктің тармақтарға  бөліну қағидасы бойынша– заң  шығарушы, атқарушы және сот органдары.

3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша– құқықшығарушы, құқыққолданушы және құқыққорғаушы органдар.

4. Бағыныстылық  деңгейіне байланысты–республикалық  және жергілікті органдар.

5. Өкілеттіктерінің  мерзіміне байланысты–тұрақты (қызмет  ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету ұшін құрылады).

6. Құзіретінің  сипатына қарай–жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті  органдар.

 

 

7 тақырып.  МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ 

 

1. Мемлекет нысанының  түсінігі.

2. Басқару нысаны.

3. Мемлекеттік құрылым  нысаны.

4. Саяси режим.  

 

1. Мемлекет нысанының  түсінігі.Мемлекет нысаны–бұл қоғамның  басқару, мемлекеттік құрылым  және саяси режим нысандарынан  құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. 

 

2. Басқару нысаны–бұл  мемлекеттік биліктің жоғары  органдарының өкілеттіктерінің  өзара қатынасы, олардың құрамы  мен құрылу тәртібі. Басқару  нысаны жоғары билікті жалғыз  адамның немесе сайланбалы алқалық  органның  жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.

Монархия–бұл  жоғары мемлекеттік биліктің бір  тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламантарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Республика–жоғары мемлекеттік билік белгілі бір  мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:1) парламенттік, бұл мемлекетте  саяси  өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланға ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.         

3. Мемлекеттік  құрылым нысаны– бұл мемлекеттің  аумақтық құрылымы, оның құрамдас  бөліктерінің және осы бөліктердің  әрбірінің мемлекетпен қарым-қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай немесе біртұтас мемлекет –бұл өз ішінде бөлінбейтін  тұтас мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі болады.

Күрделі мемлекет – бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген мемлекеттік  құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империялар, федерациялар, конфедерациялар, достастықтар мен одақтастықтар жатады.

Империялар  күштеу арқылы құрылатын күрделі  мемлекеттер, бұларда құрамдас бөліктердің  жоғары билікке бағыныстылық деңгейі  әртұрлі болған. Империялардың басты ерекшелігі–олардың құрамдас бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі болмаған.

Конфедерация  империяға қарағанда ерікті негізде  құрылады. Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір  мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот әділдігі органдарының жүйесі болады.

Федерация –бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы да болады; федерауияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағида бойынша құрылуы мүмкін.

Достастық–бұл  ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бір деңгейімен сипатталатын  мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі. Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері–бұл толығымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.

Одақтастық– бұл  қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке қарай итермелейді.      

 

4. Саяси режим–бұл  мемлекеттік билікті жүзеге асыруға  жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер.  Мемлекеттік биліктегі тәсілдер  мен әдістердің жиынтығына қарай  екі түрлі режимді бөліп атауға  болады–демократиялық және антидемократиялық режимдер.

Демократиялық режимнің белгілері:

1) халық мемлекеттік  билікті жүзеге асыруға тікелей  (азаматтардың референдумға қатысуы)  және өкілдік (халықтың билікті  өзі сайлаған өкілдік органдар  арқылы жүзеге асыруы) демократия  арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік  азшылықтың мүдделерін ескере  отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік  биліктің орталық және жергілікті  органдарының сайланбалылығы және  ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға  есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің  барлық салаларындағы заңның  үстемдігі;

6) адам мен  азаматтың құқықтары мен бостандықтары  жарияланады және шын мәнінде  қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм,  соның ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық  режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси  партияның үстемдігі;

2) бір ресми  идеологияның болуы;

3) бір меншік түрінің болуы,

4) саяси құқықтар  мен бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік,  касталық және т.б. белгілер  бойынша бөлінуі;

6) халықтың төмен  экономикалық деңгейі,

7) мәжбүрлеу  мен жазалау шаралаының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы  агрессиялық сипаттағы әрекеттер  және т.б.

 

 

8 тақырып.  МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ 

 

1. Мемлекет типінің  түсінігі.

2. Мемлекеттерді  типке бөлудегі формациялық тәсіл.

3. Мемлекеттерді  типке бөлудегі өркениетті тәсіл.  

 

1. Мемлекет типінің  түсінігі. Мемлекет типі сәйкес  тарихи кезеңде туындайтын оның  маңызды жақтары мен қасиеттерінің  қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі  бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге  белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.    

 

2. Мемлекеттерді  типке бөлудегі формациялық тәсіл.  Формациялық тәсілдің шегінде  негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай  мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.

Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де  бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен  және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.  

 

3. Мемлекеттерді  типке бөлудегі өркениетті тәсіл.  Өркениетті тәсіл шегінде негізгі  талаптар ретінде рухани факторлар–  мәдени, діни, ұлттық және т.б.  факторлар орын алады. Өркениет–бұл  қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді: 

І кезең –локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).

ІІ кезең–белгілі бір  мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс  еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).

ІІІ кезең– өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.

Өркениеттер мен олардың  мемлекеттіліктерін типке бөлудің  басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жән т.б.

 

 

9 тақырып.  ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ 

 

1. Қоғамның саяси жүйесінің  түсінігі.

2. Саяси жүйелердің түрлері.

3. Қоғамның саяси жүйесіндегі  мемлекеттің орны мен рөлі. 

 

1. Қоғамның саяси жүйесінің  түсінігі. Қоғамның саяси жүйесі–бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1. Еңбек нәтижелері саналы  түрде мемлекеттік ұйымдасқан  адамдардың ерекше тобымен бөлінетін  әлеуметтік орта. Мұндай ортада  меншіктің мемлекеттік және қоғамдық  түрлері орын алады; өзіндік  меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы