Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций
Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.
КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі
Құқыққорғаушы норма–бұл субъектіге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма–бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма–бұл
субъектіге белгілі бір әрекеттерді
жасадан бас тартуды
Міндеттеуші норма–бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма–бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма– бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
3. Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза–бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция–бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция–бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай: «егер… , онда… , бұлай болмаған жағдайда…ң. Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.
4. Құқық нормасы
мен нормативтік акт бабының
арақатынасы. Құқық нормасы
Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:
а) тікелей тәсіл–құқық
нормасы нормативтік акт
ә) сілтемелі тәсіл–нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
б) бланкеттік тәсіл–нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белглілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.
22 тақырып. ҚҰҚЫҚШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
1. Құқықшығармашылықтың түсінігі және түрлері.
2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
1. Құқықшығармашылықтың
түсінігі және түрлері.
- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;
- оның негізгі өнімі–нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қабылданады;
- құқықшығармашылықтың
деңгейі мен мәдениеті,
Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түрлерге бөлінеді:
1) халықтың мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін–референдум– жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;
2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықтырушы қызметі;
3) әдет түрінде
қалыптасқан немесе
2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.
Құқықшығармашылыққа мына қағидалар тән:
1) ғылымилық–нормативтік актілерді дайындау процесінде әлеуметтік-экономикалық, сасяи және басқа да жағдайларды, қоғамның дамуының объективтік қажеттіктерін және т.б. зерттеудің маңызы зор;
2) кәсібилік–мұндай
қызметпен құзіретті тұлғалар–
3) заңдылық–бұл
қызмет Конституцияның және
4) демократиялық–азаматтардың
бұл процеске қатысу дәрежесін,
5) жариялылық–құқықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.
3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.
Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Заң шығару
ынтасы–құқықшығарушы органға
2. Заң жобасын
талқылау–бұл кезең құжатты
3. Заңды қабылдау.
4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.
23 тақырып. ЗАҢҢАМАНЫ ЖҮЙЕЛЕУ
1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.
2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі.
1. Нормативтік-құқықтық
актілерді жүйелеудің түсінігі
мен түрлері. Жүйелеу–бұл
Жүйелеудің түрлері:
1. Инкорпорация–
бұл нормативтік актілердің
Инкорпорацияны
кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың
үш түрін бөліп қарастырады: ресми,
официозды және бейресми. Ресми жинақ
құқықшығарушы орган өзі
2. Консолидация–бұл
нормативтік актілердің
3. Кодификация–бұл
нормативтік актілердің
2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:
1) егер құқық
жүйесінің алғашқы элементі
2)егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан түрінде көрініс табады;
3) егер құқық
жүйесі объективтік түрде,
4) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесі туынды сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып табылады;
5) құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажыратылады: заңнама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін қамтымайды, себебі, себебі, құқық заңнамамамен қатар әдет нормаларынан, нормативтік шарттардан және заңды прецеденттерден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың атауларынан басқа да элементтерді қамтиды–преамбулалар, тараулардың бөлімдердің, баптардың атаулары және т.б.
24 тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1. Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.
3. Құқық нормалары
мен құқықтық қатынастардың
4. Құқықтық қатынастардың құрылымы.
5. Құқықтық қатынастардың субъектілері.
6. Құқық субъектілерінің
құқыққабілеттігі және
7. Құқықтық қатынастардың объектілері.
8. Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер.
9. Заңды фактілер.
1. Құқықтық қатынастардың
түсінігі және түрлері. «
Құқықтық қатынастардың белгілері:
а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.
Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын тұрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
1) салалық белгісі
бойынша құқықтық қатынастар
конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық,
азаматтық-құқықтық және т.б.
2) сипаты бойынша–материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;
3) құқықтың функциялары
бойынша–реттеуші және
4) қатысушыларының
құрамына қарай–жай және
5)субъектілерінің
анықталу дәрежесіне қарай–
6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің–әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің–нәтижесінде пайда болады.
2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары. Алғышарртар–бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:
1. Материалдық
(жалпы) алғышарттар; бұларға
2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
3. Құқық нормалары
мен құқықтық қатынастардың
Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:
а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;
ә) құқық нормасы–бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;
б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шеңберін анықтайды;
в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қатынастың пайда болу жағдайларын көздейді;
Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы