Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.

Содержание

КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

Вложенные файлы: 1 файл

Теория госуд и права_каз.яз. (1).doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

 

Құқықтық жүйе–бұл құқықтың құқықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен  біртұтастықта қарастырылуы. Осы  үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен  танылған қайнар көздерден көрініс  тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы–құқықтық идеология және сот тәжірибесі құқықтық жүйені құрайды.

«Құқықтық жүйең түсінігінің  белгілі бір мемлекеттегі құқыққа  сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл  жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің–не сот тәжірибесінің, не құқықтық идеологияның–ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқықтық құбылыстар тәуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқықтық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:

1. Континенталдық Еуропаның  нормативтік-заңнамалық жүйелер  отбасы–бұл романдық-германдық  құқық. Бұл құқықтық жүйелерде  бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Германия, Португалия және т.б.).

2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық  құқықтық жүйелер жанұясы–бұл  Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың,  Австралияның және т.б. елдердің  прецеденттік құқығы. Бұл құқықтық  жүйелерде басты орынды сот  тәжірибесі, заңды прецедент иеленген.

3. Діни-дәстүрлі, идеологиялық  құқықтық жүйелер жанұясы–бұл  мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пәкістан, Судан және т.б.) және кеңестік  құқық. Бұл құқықтық жүйелерде  ерекше рөлді дін мен партиялық  идеология иеленеді.

 

 


Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы