Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 16:19, курс лекций

Краткое описание

Мемлекет және құқық теориясы–заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пәндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абсрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен– қолданыстағы заңнамамен, заң тәжірибесімен, мемлекет және құқықтың тарихымен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мәселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген. Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық, құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жәрдемдеседі.

Содержание

КІРІСПЕ
1 тақырып. Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
2 тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі
3 тақырып. Мемлекеттің пайда болуы.
4 тақырып. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
5 тақырып. Мемлекеттің функциялары
6 тақырып. Мемлекет механизмі
7 тақырып. Мемлекет нысаны..
8 тақырып. Мемлекет типтері
9 тақырып. Қоғамның саяси жүйесі..
10 тақырып. Құқықтық мемлекет
11 тақырып. Мемлекет және қоғам.
12 тақырып. Құқықтың пайда болуы.
13 тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні
14 тақырып. Құқықты түсінудегі қазіргі кезгі бағыттар
15 тақырып. Құқықтың қағидалары және функциялары
16 тақырып. Құқықтың типтері
17 тақырып. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
18 тақырып. Құқық жүйесі
19 тақырып. Тұлға, құқық, мемлекет
20 тақырып. Құқықтың қайнар көздері
21 тақырып. Құқық нормалары
22 тақырып. Құқықшығармашылық
23 тақырып. Заңнаманы жүйелеу
24 тақырып. Құқықтық қатынастар
25 тақырып. Құқықты жүзеге асыру
26 тақырып. Құқық нормаларын түсіндіру
27 тақырып. Құқықтық мінез-құлық
28 тақырып. Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік
29 тақырып. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
30 тақырып. Заңдылық және құқықтық тәртіп
31 тақырып. Қоғамның құқықтық жүйесі
32 тақырып. Құқықтық реттеу механизмі

Вложенные файлы: 1 файл

Теория госуд и права_каз.яз. (1).doc

— 404.00 Кб (Скачать файл)

3. Шартты теория–ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.

4. Күштеу теориясы–мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері–Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

5. Психологиялық теория–мемлекеттің  пайда болуын адам психмкасының  көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның  жоғарғы топтарына тәуелділікті  сезінумен, белгілі бір әрекет  түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.

6. Органикалық теория. Бұл  теорияның өкілдері Г.Спенсер,  Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза  ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері  арасындағы тұрақты байланыстар  тірі ағзаның бөліктері арасындағы  байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет–биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы)  мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.

7. Ирригациялық теорияға  сәйкес мемлекеттердің алғашқы  қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.

8. Материалистік теория–мемлекеттің  пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері–К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин–мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.      

 

3. Мемлекеттің пайда болу  нысандары. Мемлекеттің қалыптасуы–әртүрлі  халықтарда түрліше жүзеге асқан  ұзақ үдеріс.

Шығыста «өндірістің азиялық  тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері–жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.

Афины мен Римде мемлекеттің  пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы  және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины–мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар–патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.

Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз  болды, сол себепті, мемлекеттің  пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы  мемлекеттердің пайда болуына негіз  болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік  революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық  нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты  шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.

Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда  болады.       

 

 

4 тақырып.  МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ  

 

1. Мемлекеттің түсінігі  және белгілері.

2. Мемлекеттік билік әлеуметтік  биліктің ерекше түрі ретінде.

3. Мемлекеттің мәні.  

 

1. Мемлекеттің түсінігі  және белгілері. Мемлекет–бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы  әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің  болуы. Міндетті түрде мемлекеттің  басқару және мәжбүрлеу аппараты  болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл  шенеуніктер, әскер, полиция, түрме  мен басқа да мекемелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет  өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3.Салықтар жүйесі. Олар  мемлекеттік аппараттың өмір  сүруін қамтамасыз ету үшін  қажет. 

4. Егемендік. Бұл мемлекетке  тән  өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5. Құқықтың болуы.  Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

2. Мемлекеттік билік әлеуметтік  биліктің ерекше түрі ретінде.  Мемлекеттік билікке сипаттама  берместен бұрын әлеуметтік билікке  анықтама беріп алу қажет. Әлеуметтік билік–бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың–билік құрушылардың– еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың–бағынушылардың–еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. Әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына–руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т.б. тән.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде  көрініс табады. Бұл мемлекеттік  мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық билік. Ол  бүкіл қоғамның, халықтың атынан  қызмет етеді және өз қызметінде  бұқаралық негізге–қазына мүлкіне,  өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық билік. Ол  аппаратқа, мемлекеттік органдар  жүйесіне сүйенеді және олар  арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң қолдайтын билік.  Сол себепті, ол аппарат пен  заң нормаларының көмегімен елдегі  барлық халық үшін міндетті  сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол кез-келген  биліктен дербес және тәуелсіз.

5. Заңдастырылған билік.  Яғни, ол заңды негізді және  қоғамдық тануды иеленген.

Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік  түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.            

 

3. Мемлекеттің мәні. Мемлекеттің  мәнін түсіну мемлекет және  құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні–бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің  әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің  тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің  әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару  аппараты,    бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды–кез-келген  мемлекеттің саяси биліктің ұйымы  екендігі;

2) мазмұнды–осы ұйымның  кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда  келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- класстық, бұған сәйкес  мемлекетті экономикалық үстемдік  құрушы топтың саяси билігінің  ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұған  сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар  мен әлеуметтік топтардың мүдделерін  ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен  қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.     

 

 

 

5 тақырып.  МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ 

 

1. Мемлекет функцияларының  түсінігі.

2. Мемлекет функцияларының  түрлері.

3. Мемлекет функцияларын  жүзеге асырудың нысандары.  

 

1. Мемлекет функцияларының  түсінігі. Мемлекет функциялары–бұл  мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады.  Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары–ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.  

 

2. Мемлекет функцияларының  түрлері. Мемлекет функцияларын  түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер  бойынша жүзеге асыруға болады:

а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар  мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.

ә) маңыздылығына  қарай–негізгі және қосымша функциялар;

б) қоғамдық өмірдің  қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.

Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі  бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар  жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Мемлекеттің сыртқы функциялары–оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.   

  

 

3. Мемлекет функцияларын  жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық–бұл  нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;

ә) құқыққолданушы–бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты  қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;

б) құқыққорғаушы–бұл  адам мен азматтың құқықтары мен  бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға  және т.б. байланысты қызмет.

Ұйымдастырушылық  нысандарға мыналар жатады:

а) ұйымдастырушылық-реттеуші–бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;

ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық–  бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;

б) ұйымдастырушылық-идеологиялық–бұл жаңадан қабылданған нормативтік  актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

 

 

 

6 тақырып.  МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ 

 

1. Мемлекет механизмінің  түсінігі.

2. Мемлекет механизмінің  құрылымы.

3. Мемлекеттік  аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары.

4. Мемлекет органдарының  түсінігі және түрлері.  

 

1. Мемлекет механизмінің  түсінігі. Әдетте заң әдебиеттерінде  «мемлекет механизмің және «мемлекеттік  аппаратң түсініктері синоним  сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі–бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуні қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің  нысандары көп жағдайда басқарудағы  заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1) тікелей басқарушылық–бұл  ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе  алмасумен байланысты, құқықтық  сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2) құқықтық нысандар–құқықтық  заңды сипаттағы қызмет түрлері,  яғни, олар барлық субъектілер  үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық  қызмет–бұл нормативтік актілер  жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

ә) құқыққолданушы қызмет–бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

б) құқыққорғаушы  қызмет–бұл заңдардың сақталуын  бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке  тартумен т.б. байланысты қызмет.  

 

2. Мемлекет механизмінің құрылымы. Бұл құрылымға мыналар кіреді:

1) өздерінің  тікелей биліктік функцияларын  жүзеге асыру барысында тығыз  байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы  мемлекеттік органдар;

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы