— Ал кәсіподақ мүшелерінің
тұрмыс, денсаулық, әлеуметтік жағдайын
жақсарту мақсатында нақты қандай шаруалар
жасалып жатыр?
—Мәселен, ауыр ота
жасау кездерінде қаржылай қол ұшын береміз.
Республикалық кәсіподақ федерациясының еліміздің бірқатар
санаторий және сауықтыру орталықтарымен
арнайы келісімі бар. Мұғалімдер өтініштері
бойынша сауықтыру орталықтарында тынығып
қайтады. Ал кәсіподақ демалу ақысының
30 пайызын төлейді. Зейнеткерлерге 50, соғыс
ардагерлеріне 100 пайыз жеңілдік жасалады.
Қазіргі күні 18 соғыс
ардагері әр мектепке бекітілген. Мереке
кездерінде білім ордалары өздеріне бекітілген
ардагерге сый-сыяпат көрсетіп, өзге уақыттарда
үйін тазалап көмек көрсетеді. Қандай
мереке болмасын, ардагерлер ескерусіз
қалмайды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пакеттері
беріледі. Жалғызбасты ардагерлерге медбикелер
тұрақты түрде қызмет көрсетіп тұрады.
Қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен
хабарласып, жағдайды біліп отырамыз.
Қарттар күнінде алпысқа жуық ардагерді
шақырып, құрмет көрсетеміз. Қариялардың
өздері де кейде қоңырау шалып, алғыстарын
жаудырып жатады.
Кәсіподақтан көз жазбаңыз…
— Шешімін таппаған
мәселелер көп пе?
— Шешілмей жүрген
мәселенің бірі — балабақшаға қатысты
шаруалар. Қазір қаладағы балабақшаларда
бала көп. Тексеру кезінде бір топта 56-58
бала тәрбиеленетінін байқадық. Ал талап
бойынша әр топ 25 балаға арналып, онда
2 тәрбиеші, 1 күтуші жұмыс істеуі тиіс.
Егер, қосымша бала болса, онда қосымша
жұмыс күші болуы керек. Ал жұмыс күші
болмаса, екі есе жұмыс жасаған қызметкердің
еңбекақысына қосымша қаржы төленуі тиіс.
Алайда бұндай талап әзірге орындалып
жатқан жоқ. Біріншіден, балабақшалардағы
жағдай санитарлық талапқа сай болмаса,
екіншіден, берілмек тәрбиенің сапасы
нашар. Дегенмен, менің кәсіподақ төрағасы
ретінде айтайын дегенім — еңбекақының
дұрыс реттелмеуі. Өйткені қызметкер екі
есе жұмыс жасап, бір айлық алады. Бұл мемлекет
бойынша да үлкен мәселеге айналып отыр.
Біз бұны кәсіподақ федерациясының және
қалалық білім бөлімінің алдына да мәселе
қылып қойып отырмыз.
Шешілмей жүрген мәселенің
бірі — тұрғын үй. Соңғы үш жылда «Жаңа
үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша
баспанаға өтініш білдірген 3 мыңға жуық
мұғалімнің 900-і үй алды. Биыл жалға берілген
60 пәтерлі үйге 5 мұғалім ілікті. Бірақ
бұл жеткілікті емес, себебі 2 мыңға жуық
мұғалім жалақысының аз болуына байланысты
банк қойған талаптан өте алмай отыр. Бір
үйде үш мұғалім болса да, бір бөлмелі
пәтерге ие бола алмай жүр. Өйткені банктің
талабы қиын. Сондықтан мұғалімдерге белгілі
бір жеңілдіктердің болғаны дұрыс. Егер
арнайы жеңілдіктер қарастырылып, мұғалімдердің
баспаналы болуына жағдай жасалса, олардың
еңбекке деген ынтасы күшейер еді. Жалақының
аздығынан білікті физика, информатика
пәнінің оқытушылары банк саласына, дене
шынықтыру мен еңбек пәнінің мұғалімдері
күзет пен техника саласына кетіп қалады.
Менің білуімше, ұстаздардың жалақысы
республика көлеміндегі орташа жалақыдан
30 пайызға төмен.
— Кейде кәсіподаққа
қатысты айтылып қалатын ұшқары пікірлер
бар. Мысалы,«Кәсіподақ деген қазір бар
ма, олар не бітіріп жүр» деген тәрізді
өкпелер кезігіп қалады…
— Әрине, бұндай пікірлер
болуы заңды. Себебі, кешегі өтпелі шақта
адамдар түрлі себептермен кәсіподақтан
көз жазып қалды. Ал бүгінгі жағдайға келсек…
Өткен жылы ұжымдық келісім-шарт жасау
кезінде мен көп жағдайды байқадым. Жекеменшік
мекемелер кәсіподақтың болғанын қаламайды.
Өйткені олар ортақ заңды орындауға аса
құлықты емес. Мәселен, олар еңбекақыны
қолға береді, әрі төменгі жалақының көлемі
сақталмайды. Сондықтан қызметкердің
мүддесін қорғайтын кәсіподақтың жұмыс
істегені олар үшін тиімсіз. Қазір бірқатар
жеке меншік білім беру мекемелерін кәсіподақ
қатарына тарттық, дегенмен жыл сайын
олардың, яғни жекеменшік білім беру мекемелерінің
қатары көбейіп келеді. Ал олар қандай
лицензиямен ашылып жатыр, ондағы қызметкерлердің
еңбек құқығы сақтала ма, ол жағы бізге
беймәлім. Ал біздің мақсатымыз — қызметкерлердің
мүддесін қорғау, екі ортада әріптестік
орнату.
Кәсіподақ дегеніміз
не?
Белгілі уақыт аралығы тапсырмаларына
сүйеніп, тек өзінің қызметі мен құрылымы
бойынша өзгеріп, екі жүз жылдықта кәсіби
одақтар қоғам құбылысы ретінде қолданылады.
Ең алдымен, олар өзінің ұжымдық құқықтары
мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыскерлер
ұйымы ретінде пайда болды.
Және қазіргі күні кәсіптік
одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен
рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер
құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше
кепілдердің бірі болды және болып табылады.
Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік
қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың
ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер
мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды.
Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің
құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене
отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық
бірлестік.
Қазақстан Республикасының 1933 жылы 9 сәуірінен
«Кәсіптік одақтар туралы» № 2107–XII Заңына сәйкес.
Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің
еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік-экономикалық
мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған,
олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде,
азаматтармен ерікті түрде құрылатын
өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық
бірлестіктер.
Осы анықтамадан кәсіптіік
одақтың келесі принциптер шығады:
- еріктілік, азамттардың кәсіптік одақ мүшелігіне ерікті түрде
өз еркін білдіруді жорамалдайды;
- дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар
субъектісі болуын көрсетеді;
- азаматтардың бейкоммерциялық
бірлесу сипаты;
- кәсіподақ мүшелігінің белгіленуі;
- кәсіптік одақтарғы бірлескен кезде азаматтардың
кәсіби және өндірістік мүдделері бойынша
ортақтығы;
- өз мүшелері құқықтары мен мүдделеріне
өкілдік және қорғау.
Кәсіптік одақтар қызметкерлердің
еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары
мен мүдделерін ұсынудың және қорғаудың
маңызды кепілдердің бірі болды және болып
қалады.
Бұрын кәсіптік одақтың негізгі
функциясына түрлі материалдық және әлеуметтік
игіліктерді бөлу болатын. Осымен оның
атақтылығы байланысты болды. Ал қазігі
кезде кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл —
қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау болып
табылады.
Өкінішке орай, кәсіптік одаққа көптеген
мәселелерді шешуі іске асатындықтан,
бұл әлбетте қабылданады. Осы барлығының
артында қандай күш пен жұмыс тұрғанын
адамдар түсінбейді — келіссөздер, кеңестер және т.б.
КәсіптіК одАқтАр не үшін қажет?
Жұмысшылардың өз құқықтарын
жеке
дара қорғау мүмкіндігі еңбек
шарттарымен
ғана шектеледі. ал, еңбек нарығында
жұмысты
беру немесе қайтарып алу жұмыс
берушінің
еркі. Осыны ескерсек, заңсыз
ұйымдарда екі
жақтың мүддесі барынша қамтылған
келісім
мен шарт жасалуы мүмкін емес.
Жергілікті
кәсіподақ ұйымдарының салалық
одақтарға,
өңірлік бірлестіктерге бірігуі,
олардың
кәсіпорын, мекемелердегі еңбек
және әлеуметтік
қатынастарға заңдық тұрғыда
ықпал етуін
кеңейтеді.
Қазіргі кәсіподақ еліміз үкіметімен,
республикалық жұмыс берушілердің
бірлестігімен бас келісімге,
салалық,
өңірлік келісімдерге қол қойған
тарап.
Әрі өз мүшесінің заңды құқықтары
мен мүдделерін бастауыш кәсіподақ
ұйымынан бастап, Қазақстан
Респуб
ликасы кәсіподақтарының Федерация
сына дейін қорғаумен айналысатын
демократиялық ұйым.
Өткен жылы «Кәсіптік одақтар
тура лы» жаңа заң жобасы дайында
лып, Парламенттің қарауына
енгізілді.
Соған сәйкес, қолданыстағы
бірне
ше заңдарға, ең алдымен Еңбек
ко
дексіне толықтырулар мен өзгерістер
енгізу қоса қаралмақшы. Алайда,
бұл заңнамалық жобалар қоғамды
әлеуметтік жаңғыртуды құқықтық
жағынан мей лін ше қамтамасыз
етеді
деуге негіз емес. Себебі, қолданыстағы
Еңбек ко
дексінің 2бабына сай, Қа
зақстан Республикасының басқа
заң
дарына еңбек қатынастарын,
әлеу
меттік әріптестік пен еңбекті
қорғау
қатынастарын реттейтін нормалар
ды
енгізуге тыйым салынған. Сон
дық
тан, «Кәсіптік одақтар туралы»
заң
жобасындағы кәсіподақтардың
әлеу
меттікеңбек қатынастарына
байла
нысты өкілеттіктері мен кепілдік
тері жөніндегі нормалар Еңбек
ко
дексіне енгізілетін толықтыруларда
көзделуі тиіс. Әйтпесе, заңның
талап
тары сол ұйымдардың ішкі қызметі
шеңберінде қалып қояды және
еңбек
ұжымдарындағы жалпы еңбек
қатынас
тарына ықпал етуді қамтамасыз
ете
ал майды.
Қорыта айтқанда, Еңбек кодексінің
10, 12, 56баптарындағы және
«Кәсіптік
одақтар туралы» заңындағы
жұмысшы
өкілдерінің өкілеттігі жөніндегі
нор
малар көбіне ұжымдық шарттармен
бекітіліп, заңдастырылмаған
күйінде
қалуына ықпал етеді. Бұл олқылықтар
іс жүзінде жұмыс берушілер
үстемді
гіне жол ашып, қатардағы еңбек
адам
дары ның мемлекеттік кепілдік
берген
құқықтарын қорғау қиындығын
туын
датады.
Селбай ҚОЖЫҚОВ,
заң кеңесшісі
АҚТӨБЕ ҚАлАСы
Шипажайға
жолдама алу үшін қажетті құжаттар:
• Кәсіподақ ұйымының
ұсынысхаты.
• 070/у формасындағы
анықтама.
• Жеке куәлігінің
көшірмесі.
• Жұмыс орнынан анықтама.
• Жолдама алуға сенімхат.
Кәсіподақ ұйымында
академияның кәсіподақ ұйымы мүшелерін
жоғары тұрған ұйымдарға мемлекетік наградалармен
және мақтау қағаздары, граммоталармен,
алғыс хаттармен марапаттау үшін шешім
қабылданып, ұсынысхат беріледі.
Кәсіподақ
ұйымының мүшесі:
• кәсіподақ ұйымы мен оның
органдары арқылы өзінің еңбек, кәсіптік,
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
қызығушылықтарын мемлекеттік билік органдарының,
жұмыс берушілер мен сот және басқа да
органдар алдында қорғауға;
• кез-келген кәсіподақ ұйымы
мен органына кеңес алу үшін, өтінішімен,
ұсыныстарымен жүгінуге және оларға жауап
алуға;
• еңбек және басқа да дауларды
шешу барысында тегін заң көмегін қолдануға;
• кәсіподақ қаражатынан материалдық
көмек алуға;
• кәсіподақ органын сайлауға
және сайлануға;
• кәсіподақ ұйымы жасасқан
келісімдер мен шарттарда қарастырылған
басқа да жеңілдіктер мен компенсацияларды
пайдалануға құқылы.
Кәсіподақ ұйымының
мүшесі:
• Жарғыны сақтауға, біріншілік
ұйым мен барлық деңгейдегі кәсіподақ
ұйымы органдары қабылдаған шешімдерді
орындауға;
• ай сайын белгіленген көлем
мен тәртіпте мүшелік жарнаны төлеуге;
• еңбек және ұжымдық шарттарда
қарастырылған міндеттерді орындауға;
міндетті.
• Кәсіподақ ұйымы мүшелеріне
олардың құқықтары мен қызығушылықтарын
қорғау барысында тілектестік ниетте
болуға, Кәсіподақ ұйымының ұжымдық әрекетін
қолдауға міндетті.
Кәсіподақ ұйымы
Кәсіподақ қызметінің
нысаны, мақсаттары және түрлері
Қызмет нысаны - өз мүшелерінің
еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық
құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету
және қорғау.
Негізгі мақсаттары
Жалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ
мүшелерінің қызметін біріктіру және
үйлестіру; ұжымдық шарттар мен келісімдер
әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын
қадағалау; ұйымдарда еңбек заңдары мен
нормативті актілердің сақталуын қадағалау;
ересектер мен балаларды сауықтыруды
ұйымдастыруға көмектесу; Кәсіподақ мүшелерін
әлеуметтік және экономикалық жағынан
қорғау жөніндегі іс-шараларын әзірлеуге
қатысу, құқықтық көмек көрсету және кеңес
беру, сотта немесе басқа құқық қорғау
органдарында олардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау; Кәсіподақ құрамына
жаңадан мүшелер тарту және жаңадан құралымдық
бөлімшелер құру.
Жүзеге асыралып жатқан
жоспарлар
Кәсіподақ комитетінің төрағасы
жаңа жылдың басында өткен жылдың қорытындысы
туралы есеп берді және жаңа жылдың жұмыс
жоспары бекітілді. Ұжымдық келісім бөлімдерінің
орындалуын қадағалау және міндеттерді
кәсіподақ мүшелеріне бөлу, еңбекті қорғау
және қауіпсіздік жұмыстарын тексеру
сияқты жұмыстар жүргізілді. Көптеген
мәдениет шараларына кәсіподақ тарапынан
қаржылық көмек көрсетілді. Мысалы: 8-ші
Наурыз және 22-ші Наурыз, 1-Мамыр және 9-Мамыр,
барлық мемлекеттік мерекелер, «Денсаулық
үшін дауыс беремін» акциясы, жаңа жыл
және т.б.. Әр факультетте өткізіліп жатқан
шараларға кәсіподақ әрқашан көмек көрсетуде.
Жаз және қыс айларында оқытушылар
мен университет қызметкерлері арасындағы
«Денсаулық және сергектік» спартакиядасының
жеңімпаздарына сыйлық пен қаржылай көмек
ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде
Л.Н.Гумилев атындағы Еуаразия ұлттық
университетінің Зеренді спорт-сауықтыру
кешеніне қызметкерлер мен студенттердге
демалып келуге жағдай жасалынған. Екі
жетімбалалар үйіне әкімшілік, кәсіподақ
ұйымы мен жастар жөніндегі комитет бірігіп
барып, кездесіп, сыйлық тапсырады. Университет
зейнеткерлері мен соғыс және еңбек ардагерлері
де біздің қамқорлығымызда.
Жазғы демалыста мұғалімдер
мен қызметкерлерге санатория және курорттарда
емделуге 30 пайыз жеңілдік жасалады. Қызметкерлердің
балаларына жазғы демалыс лагерлеріне
50 пайыздық жеңілдікпен баруына мүмкіндік
бар.
Білім мекемелері
біріншілік кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ
жұмысын жоспарлаудың негізгі басылымдылықтары.
I
Көпшілік-ұйымдастыру жұмысы.
1. Кәсіподпқ мүшелері есебі
мен кәсіподаққа қабылдауды ұйымдастыру,
кәсіподақтық мүшелік жұмысын арттыру
бойынша ұйымдастырылған шараларды жүзеге
асыру (салалық кәсіподақ жарғысымен таныстыру,
кәсіподақ ұйымы туралы ережемен, ұжымдық
келісім-шартпен).
2.Кәсіподақ жұмысын кәсіподақ
стендтерінде, кәсіподақтық web парақтарында,
КАҚ(көпшілік ақпаратты құралдарда), мектеп
газеттерінде үнемі жарыққа шығару жән
ұйымдастыру;
3 Кәсіподақтық
жиналыстар:
Кәсіподақ төрағасының өткен
оқу жылына есебі, кәсіподақ ұйымының
жаңа оқу жылына міндеттері;
Ұжымдық келісім-шарттың орындалу
барысы туралы;
Кәсіподақ комитеті әкімшілігінің
ҚР еңбек кодексін сақтау жөніндегі жұмысы
туралы;
Кәсіподақ ұйымы мен әкімшіліктің
кәсіби аурулар мен жарақат алудан сақтандыру,
қызметкерлердің еңбек қорғау және жұмыстың
үйлесімді жағдайларын құру бойынша бірлескен
жұмысы.