Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:19, реферат
Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді.
Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24
Балабақшадағы ағылшын тілі мұғалімінің еңбек демалысы неше күн?
2013-2014 оқу жылындағы «Шұғыла» балалар бақшасының кәсіподақ ұйымының жылдық жұмыс жоспары.
№ |
Жұмыс жоспары |
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
2012-2013 оқу жылындағы кәсіподақ ұйымының есебі |
Қыркүйек |
Амангосова А. |
2 |
2013-2014 оқу жылының жұмыс жоспарын бекіту. |
Амангосова А. | |
3 |
Қарттар күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастыру |
Қазан |
Амангосова А. |
4 |
Мұғалімдер күнін атап өту. Қызметкерлерді ұжымдық шартпен таныстыру |
Амангосова А. | |
5 |
Жаңа жыл мерекесіне дайындық |
Желтоқсан |
Амангосова А. |
6 |
Балабақша әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының мүшелері бірлесе отырып қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбегін қорғау мәселелері |
Амангосова А. | |
7 |
8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесін ұйымдастыру |
Наурыз |
Амангосова А. |
8 |
22 – наурыз мерекесін атап өтуді ұйымдастыру |
Амангосова А. | |
9 |
9- мамыр Ұлы Жеңіс күнін атап өтуді ұйымдастыру |
Мамыр |
Амангосова А. |
10 |
Барлық қызметкерлердің туған күндерін ескерусіз қалдырмау |
Амангосова А. | |
11 |
Балаларды қорғау күні мерекесін атап өтуді ұйымдастыру |
Маусым |
Амангосова А. |
12 |
2013-2014 оқу жылының кәсіподақ ұйымының есебі. Жазғы демалысты ұйымдастыру |
Маусым |
Амангосова А. |
Кәсіподақ ұйымының төрайымы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1019 қаулысы
Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
«Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Осы Заң
азаматтардың бірлесу
1-бап.
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық кәсіподақтар бірлестігі –
аудан, қала, облыс, республикалық маңызы
бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар
бірлестігі;
2) әлеуметтік әріптестік – қызметкерлердің
(қызметкерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің
(жұмыс берушілер өкілдерінің), мемлекеттік
органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың
олардың еңбек қатынастарын және солармен
тікелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу мәселелері жөніндегі мүдделерін
келісуді қамтамасыз етуге бағытталған
жүйесі;
3) бастауыш кәсіподақ ұйымы – жергілікті
немесе салалық кәсіподақтың тікелей
ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері
болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен
тұратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жергілікті кәсіподақ – қызметкерлердің
ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен
байланысты бірлестігі;
5) кәсіподақ мүшесі – әскери қызметшілерді,
ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық
қорғау органдарының қызметкерлерін және
судьяларды қоспағанда, кәсіподақтың
құрамына кіретін, оның жарғысын мойындайтын
және сақтайтын, мүшелік кәсіподақ жарнасын
төлейтін жеке тұлға;
6) кәсiптiк одақтар (кәсіподақтар) – өндірістік-салалық
қағидат бойынша өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң
ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек
және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн
бiлдiру және қорғау үшін азаматтар ерiктi
түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi
бар қоғамдық бiрлестiктер;
7) кәсіподақ органы – кәсіподақтың жарғысына
сәйкес құрылған атқарушы орган;
8) мүшелік ұйым – осы Заңда айқындалған
тәртіппен салалық кәсіподақтың, аумақтық,
республикалық кәсіподақтар бірлестігінің
құрамына қатысушы ретінде кіретін, оның
жарғысын мойындайтын және сақтайтын
кәсіподақ, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі;
9) республикалық кәсіподақтар бірлестігі
– салалық кәсіподақтардың бірлестігі;
10) салалық кәсіподақ – ортақ өндірістік-кәсіптік
мүдделермен байланысты, қызметтің бір
саласы (экономикалық қызмет түрлері немесе
кіші түрлері) және онымен сабақтас салалар
қызметкерлерінің бірлестігі.
2-бап.
Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясын
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден
өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық
шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап.
Осы Заңның адамдардың
Осы Заңның ережелерi республикадан тыс
жерде қызметтік iссапарда жүрген Қазақстан
Республикасының азаматтарына, сондай-ақ
кәсіподақ құру және оның қызметін қаржыландыру
құқығы шектеле отырып, Қазақстан Республикасында
тұратын және жұмыс iстейтiн шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардың мүшелік кәсiподақ жарналарын
төлеуі Қазақстан Республикасының азаматтарымен
тең шарттарда жүргізіледі.
4-бап.
Кәсiподақтар құру бостандығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының
кәсiподақтарға бiрiгуге құқығы бар.
Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң тең құқықтылығы
негiзiнде құрылады. Бiр сала, ұйым шеңберiнде
құрылатын кәсiподақтардың саны шектелмейді.
Барлық кәсiподақтарға бір мәртебе шеңберінде
тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.
Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның
қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, тиісінше
оның ішкі істеріне араласуға жол берілмейді.
5-бап.
Кәсiподақтарды құру және
Кәсiподақтар өндiрiстiк-салалық қағидат
бойынша құрылады.
Кәсiподақтар жарғыларын, құрылымын дербес
әзірлейді және бекітеді, кәсіподақ органдарын
құрады, өз қызметін ұйымдастырады, жиналыстар,
конференциялар, съездер және Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерімен
тыйым салынбаған басқа да іс-шараларды
өткізеді.
Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі
мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан,
жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен
тәуелсіз болады, олардың бақылауында
болмайды және оларға есеп бермейді.
6-бап.
Кәсiподақтардың халықаралық
Кәсiподақтар жарғылық мақсаттар мен
мiндеттерге сәйкес халықаралық кәсiподақ
бiрлестiктерiне кiруге, шетелдік кәсiподақтармен
және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын
қорғау саласында жұмыс істейтін өзге
де ұйымдармен ынтымақтастық жасауға,
олармен шарттар мен келiсiмдер жасасуға
құқылы.
7-бап.
Азаматтарды кәсiподақтарға
Кәсiподақтарға тиесілілік азаматтардың
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
кепiлдiк берiлетiн еңбек, әлеуметтiк-экономикалық,
саяси, жеке құқықтары мен бостандықтарын
қандай да бiр шектеуге әкеп соқпайды.
Қызметкердің кәсiподаққа тиесілілігі,
оған кiруі немесе одан шығуы себебiнен
жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке,
жұмыста жоғарылатуға, сондай-ақ жұмыс
берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын
бұзуға тыйым салынады.
Адамдарды кәсіподаққа кіруден қалыс
қалуға, бір кәсіподақтан шығып, басқасына
кіруге, кәсіподақты өз бетінше таратуға
мәжбүрлеу мақсатында оларға қоқан-лоқы
көрсетіп немесе басқа да заңсыз іс-әрекеттермен
ықпал етуге тыйым салынады.
8-бап.
Кәсіподақ құру
Кәсiподақ өздерінің кәсіптік және өндірістік
мүдделерінің ортақтығымен байланысты
жарғы бекiтiлетін және кәсіподақ органдары
құрылатын құрылтай съезiн (конференция,
жиналыс) шақыратын кемiнде он адамнан
тұратын азаматтар тобының бастамасы
бойынша құрылады.
Мүшелiкке өту және одан айыру шарттары
мен тәртiбi кәсiподақтың жарғысында айқындалады.
Кәсiподақтың заңды тұлға ретiндегі құқық
қабiлеттілігі мемлекеттік тiркелген кезден
бастап пайда болады.
9-бап.
Кәсіподақтың жарғысы
1. Кәсіподақтың жарғысында:
1) кәсіподақтың атауы, орналасқан жері,
қызметінің нысанасы мен мақсаттары;
2) жеке тұлғалардың мүшелігі, мүшелікке
өту және одан айырылу, одан шығу шарттары
мен тәртібі;
3) мүшелік ұйым ретінде салалық кәсіподаққа,
республикалық кәсіподақтар бірлестігіне
мүшелік;
4) кәсіподақтың ұйымдық құрылымы;
5) кәсіподақ органдарын қалыптастыру
тәртібі, олардың құзыреті және өкілеттіктерінің
мерзімдері;
6) кәсіподақтың және оның мүшелерінің
құқықтары мен міндеттері, оның ішінде
әлеуметтік әріптестік органдарды, кәсіподақтар
мен олардың өзі мүшелік ұйымы болып табылатын
бірлестіктерінің органдары қабылдайтын
шешімдерді орындаудың міндеттілігі;
7) кәсіподақтың ақшалай қаражаты мен
өзге де мүлкінің қалыптасу көздері, кәсіподақтың
мүлікті басқару бойынша құқықтары;
8) мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу
және оларды бөлу тәртібі;
9) өз мүшелеріне ақшалай қаражаттың түсуі
және жұмсалуы туралы хабарлау тәртібі;
10) кәсіподақтың жарғысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу тәртібі;
11) кәсіподақты қайта ұйымдастыру және
тарату туралы шешім қабылдау тәртібі,
сондай-ақ кәсіподақ таратылған жағдайда
мүлікті пайдалану тәртібі көзделуге
тиіс.
2. Жарғыда кәсіподақ қызметінің нысанасына
қатысты және Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер
көзделуі мүмкін.
10-бап.
Кәсіподақтарды мемлекеттік тіркеу
1. Кәсіподақтарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес
жүргізіледі.
Кәсіподақты мемлекеттiк тiркеу үшін қажеттi
құжаттар кәсіподақтың құрылтай съезi
(конференциясы, жиналысы) өткiзiлген күннен
бастап екі айдан кешiктiрiлмей тiркеушi
органға ұсынылады.
2. Республикалық, аумақтық кәсіподақтар
бірлестігі, салалық және жергілікті кәсіподақ
тiркелген күнiнен бастап алты ай өткенге
дейін өзін тіркеген органға осы Заңның
12-бабының 1-тармағында, 13-бабының 2-тармағында,
14-бабының 1 және 2-тармақтарында, 15-бабының
1-тармағында көзделген талаптарға сәйкестікті
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға
міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды
орындамау Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен кәсіподақтарды
мемлекеттiк тiркеудің күшiн жоюға әкеп
соғады.
4. Тіркеуші органның шешімдеріне сот
тәртібімен шағымдануға болады.