Ұжымдық шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:19, реферат

Краткое описание

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіподақ ұйымы.docx

— 91.20 Кб (Скачать файл)

5-тарау. Кәсiподақ органдары

 

      28-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi 
      Кәсіподақ органдарының өкілеттіктері кәсіподақтың жарғысында айқындалады. 
      Келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілер ұйымдардағы басқа да әлеуметтік-еңбек, экономикалық мәселелерді шеше алады.      

29-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі  үшін материалдық жағдайлар 
      Кәсiподақ органының материалдық жағдайлары жарғының, ұжымдық шарттың немесе келiсiмнің негiзiнде айқындалады. 
      Кәсiподақ мүшелерінің өздерi кәсіподаққа берген мүлiкке, оның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ.     

30-бап. Кәсiподақ жарналары 
      Кәсiподақ ұйымның қызметiне нұқсан келтiрмей, жұмыс және оқу орны бойынша кәсiподақ жарналарын жинауға құқылы. 
      Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша және кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде, айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей қызметкерлердің жалақысынан мүшелік кәсіподақ жарналарын кәсіподақтың есепшотына аударады. 
      Кәсіподақ жарналары кәсіподақтың меншігі болып табылады.

6-тарау. Кәсiподақтардың меншiгi, олардың шаруашылық және қаржылық қызметi

 

      31-бап. Кәсiподақтардың меншiгi 
      Кәсiподақтардың меншiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған, алынған немесе оған берілген мүлік құрайды. 
      Кәсіподақ меншігін қалыптастыру көзі: 
      1) мүшелік жарналардан түсімдер; 
      2) ерікті мүліктік жарналар және қайырмалдық; 
      3) заңда тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады. 
      Кәсiподақтар өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкті кәсіподақтар мүшелерінің мүдделеріне орай иеленедi, пайдаланады және оларға билiк етедi. 
      Кәсiподақтар өз кезегiнде кәсiподақтардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтін мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектiлердің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. 
      Кәсіподақтардың ақшалай қаражатының көздері, қалыптастыру және жұмсау тәртібі кәсіподақтың жарғысында айқындалады. Кәсіподақтардың қаржылық қызметі олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.      

32-бап. Кәсiподақтардың өндiрiстiк және  шаруашылық қызметi 
      Жарғылық мақсаттарға қол жеткiзуге қызмет ететіндіктен, кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.

7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

      33-бап. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар  туралы заңнамасын бұзғаны үшін  жауапкершілік 
      Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.     

34-бап. Өтпелі ережелер 
      Кәсіподақтар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің ұйымдық құрылымдарына және құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.      

35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi 
      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 
      2. «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2013 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) күшi жойылды деп танылсын.     

 Қазақстан  Республикасының 
      Президенті

Ж А Р Ғ Ы С Ы

Жалпы ережелер 

Осы  Жарғыда төмендегідей негізгі түсініктер қолданылады:

Кәсіподақ  мүшесі – кәсіподаққа мүше болып кірген, оның Жарғысын мойындайтын және кәсіподақ ұйымында есепте тұрған жеке тұлға /жұмысшы, зейнеткер/;

Бастауыш кәсіподақ ұйымы - бір  кәсіпорында, бір мекемеде, бір ұйымда немесе Жарғыға сәйкес іс-әрекеттегі меншік және бағыну түріне қарамастан өзара жалпы еңбек және кәсіби мүдделерімен байланысты бірнеше ұйымда жұмыс жасайтын кәсіподақ  мүшелерін ерікті біріктіру.

Тікелей делегат сайлау – сәйкес кәсіподақ ұйымының жиналысында /конференциясында/  жоғары биліктегі органға кәсіподақ мүшесін сайлау;

Кәсіподақ органы – жиналысқа /конференцияға/ есеп беретін кәсіподақ ұйымының тұрақты іс-әрекеттегі басқарушы  сайлау коллегиялық органы.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы /төрайымы/ - жиналысқа /конференцияға/, кәсіподақ комитетіне есеп беретін кәсіподақ ұйымының жеке сайланған органы.

Ұйым - меншік және бағыну түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым.

Жұмыс беруші - басшысы /әкімшілігі/ бар ұйым /заңды тұлға/ немесе жұмысшымен еңбек қатынасындағы жеке тұлға.

Жұмыс берушінің   өкілдері - ұйым басшылары немесе ұйым Жарғысымен, басқа да құқықтық актілермен өкілетті тұлғалар, жұмыс берушілер бірлестігінің өкілетті органдары, жұмыс берушілермен өкілетті

 


Информация о работе Ұжымдық шарт