Ұжымдық шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:19, реферат

Краткое описание

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіподақ ұйымы.docx

— 91.20 Кб (Скачать файл)

4 Кәсіподақ комитеті отырысы:

  • Мектеп оқу орнының дайындығының жағдайы туралы, оқу жылы басына еңбек қорғау және үйлесімді еңбек жағдайын сақтау;

  • Жаңа оқу жылына оқу жүктемесін бөлу туралы;

  • Жаңа оқу жылына кәсіподақ ұйымы жұмысының жоспарын бекіту;

  • Педагог мамандарды екінші біліктілік санатына аттестаттауды өткізу қорытындысы туралы;

  • Еңбек келісім-шарттарының толтырылуын тексерудің  қорытындысы.

II. Әлеуметтік-еңбек қатынастар:

  • Кәсіподақ мүшелерінің кәсіби мүддесі мен әлеуметтік-еңбек құқын қорғау және ұсыну жөнінде кәсіподақтың жарғылық міндеттерін жүзеге асыру;

  • Еңбек қорғау мен еңбек туралы заңдылықтарды сақтауды қоғамдық бақылау ;

  •  Еңбек қатынастары бойынша заңдылықтар;

  • Келісім-шартты бекіту жөніндегі кәсіподақ ұйымы мен әкімшіліктің бірлескен жұмысы;

  • Жаңа оқу жылына педагогтерге еңбек ақы белгілеу сұрақтарын қарастыру;

  • Жазғы уақытқа еңбеккерлер мен мұғалімдер демалысын ұсыну, демалыс кестесін бекіту және қарастыру.

 

III. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық білімі

      • ҚР еңбек кодексін және оған өзгертулер мен толықтыруларды оқып меңгеру;

      • Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтауда қоғамдық бақылау бойынша семинар-тренингтер өткізу;

      • Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік жүйенің жаңаруы туралы;

      •  «Білім туралы заңды» оқып меңеру және орындау;

IV. Әлеуметтік серіктестік (келісімдер, ұжымдық келісім-шарттар).

    • Бекіту және олардың орындалу есептері  жөніндегі екі тарапты комиссияның жұмысы туралы ;

    • Еңбек тартыстары бойынша келісім комиссиясының жұмысы туралы;

    • Үш-төрт тарапты келісім-шарттар;

    • Ұжымдық келісім-шарттарға толықтырулар мен ұсыныстар жөнінде;

    • Ұжымдық келісім-шартты қабылдау мен оның орындалуына (жұмыс беруші және кәсіподақ комитеті төрағасы) тараптар жауапкершілігі;

V. Жас педагогтермен жұмыс.

    • Тәлімгерлік қозғалысын дамытудағы кәсіподақ комитеті мен жұмыс берушінің бірлескен жұмысы туралы ;

    • Келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттарды бекітудегі жас педагогтердің әлеуметтік қорғау жағдайын жүзеге асыру;

    • Мамандықтарға сәйкес еңбекақы бағасын белгілеу бойынша кәсіподақ комитеті мен жұмыс берушінің бірлескен жұмысы туралы;

    • ҚР Еңбек кодексіне сай жас мамандармен еңбек келісім-шартын бекіту туралы;

    • Дарынды және шығармашылық жұмыс істейтін жас мамандар мүддесін қолдау туралы;

    • Жас педагогтердің кәсіподақ жұмысына қатысуы және кәсіподаққа ену жұмыстарын дамыту туралы .

VI. Ардагерлермен жұмыс:

  • Берілген оқу мекемесінен лайықты демалысқа шыққан ардагерлердің әлеуметтік құжаттарын жасау;

  • ҰОС ардагерлерін құттықтау, сауықтыру, қамқорлық жасау;

  • жалғыз тұратын, педагогтік еңбектің мүгедек ардагерлері жөнінде қамқорлық;

  •  «Қарттар күнімен» құттықтау;

  •  Аса мұқтаж ардагерлерге қайырымдылық көмегін көрсету, сауықтыру;

  • Мерейтой иелерін құттықтау.

VII. Көпшілік-мәдени және спорттық-сауықтыру жұмысы :

  •  Ұжымның жаңа мүшелері үшін «Ұжымға ену» күнін өткізу;

  • «Мұғалімдер күні» мен  «Қарттар күні» мерекесіне дайындық және оны  өткізу;

  •  Қызметкерлер үшін «Ұстаз – ұлы есім», «Жаңа жылдық отырыстар», «Сүйкімді әйелдерге арналады» демалыс кештерін өткізу;

  • Мерейтой және туған күн иелерін құттықтауды ұйымдастыру;

  •  Ұжым мүшелері арасында жарыстар ұйымдастыру;

  • Жоғары кәсіподақ ұйымдары өткізетін спорттық-сауықтыру шараларына қатысу;

  • Денсаулық күнін, «Әкем, анам және мен – спорт сүйгіш отбасы» сияқты көңілді ойындарды, табиғатқа шығуды ұйымдастыру.

VIII.  Қаржылық жұмыс.

  • Кәсіподақтық түсім қозғалысының аналитикалық есебі ;

  • Кәсіподақтық бюджет қаржысын пайдаланудың дұрыс есебі;

  • Іс-шаралар өткізуге шығындар жоспарын құру;

  • Кәсіподақтық бюджет қаржысын есептен шығару актілері;

  • Кәсіподақ мүшелерінің санаториялы-курорттық емделуден өтулеріне өтініштерін жасау ;

  • Тексеру комиссиясының жұмысы туралы.

  • Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" Z933000_ заңының 24 бабына сәйкес Еңбек министрлігінің ұжымы Қаулы Етеді:  
         1. Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымның/ еңбегін қорғау бойынша уәкіл жөніндегі Үлгі ереже бекітілсін.  
         2. Еңбекті қорғау департаменті басшылық үшін Үлгі ережені аймақтық еңбекті қорғау басқармаларына, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына жеткізсін.     
  • Министр                                         
  • Қазақстан Республикасы  
                                              Еңбек министрлігінің  
                                           ұжым қаулысымен бекітілген  
                                              N 4-3 3 көкек 1995 ж.
  • Еңбек ұжымының /кәсіподақ ұйымының/ еңбегін  
    қорғау бойынша уәкіл жөніндегі  
    Үлгі ереже 1. Жалпы ережелер

     1.1. Еңбекті қорғау  бойынша заңдар мен басқа да нормативті актілер сақтауға еңбекті қорғау бойынша уәкілдер кейіптегі еңбек ұжымдары мен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық бақылау жасайды.  
     1.2. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдер еңбек ұжымының жиналысы /уәкілді органмен/ 3 жыл мерзімге немесе уәкілдік мерзімге дейін кәсіподақ органы сайлайды және бекітеді.  
     1.3. Осы Үлгі ереже мен қолданылып жүрген заңдар негізінде еңбек ұжымы мен кәсіподақ ұйымдарының уәкілетті органдары еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік туралы өз Ережелерін жасай алады.  
     1.4. Еңбекті қорғау бойынша, әдеттегідей, егер ол адамның жоғары немесе орта техникалық білімі, сол өндірісте кемінде 3 жыл еңбек стажы бар, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен маман жұмысшылар мен басқа да қызметкерлер және еңбекті қорғау бойынша жұмыс тәртібі мен ережелерін сақтауды қадағалау бойынша жұмыстарын орындай алатын талапты адамдар өкіл етіледі.  
     1.5. Еңбек жағдайына және еңбекті қорғауға жауап беретін қызметкер еңбекті қорғау бойынша өкілдікке сайланбайды.  
     1.6. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілген адамдардың саны жұмыс көлемі мен басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, бірлестіктерде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда /бұдан әрі - кәсіпорын/ жұмыс істейтіндердің санына байланысты /өкілетті органның/ еңбек ұжымының /кәсіподақтың/ жиналысында анықталады.  
     1.7. Еңбекті қорғау бойынша уәкілдік алғандар сайланғаннан кейін бір ай ішінде еңбекті қорғау мәселесі бойынша кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясында білімдерін тексертіп және оқулары қажет.  
     1.8. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің құқығын қорғау Қазақстан Республикасының тиісті заңымен реттеліп, сондай-ақ заңды түрде жүзеге асырылуы мүмкін.  
     1.9. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендерге белгіленген үлгіде /N 1 қосымша/ куәлік беріледі.

  • 2. Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендердің  
    жұмыс мазмұны, олардың құқықтары мен міндеттері

     Еңбекті қорғау бойынша уәкіл етілгендер:  
     2.1. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау жөніндегі заңдарымен және нормативті актілерімен әрі осы Ережемен басшылық етеді.  
     2.2. Жұмыс орындарында еңбек жағдайын және еңбекті қорғаудың жай-күйін қарастыру үшін бөгетсіз тексеріс жүргізуге және байқалған тәртіпсіздікті жою туралы ұсыныс енгізуге құқылы.  
     2.3. Еңбекшілердің өндірісте бақытсыз жағдайға ұшырап және басқа да денсаулығына келтірілген зақымдарын тексеру бойынша жүріп жатқан комиссия жұмыстарына қатысады. Зиянның орнын толтырудың мөлшерін анықтау үшін аралас жауапкершілік кезінде зақымданған адамның айыптылық дәрежесін анықтау жөнінде ұсыныс айтады.  
     2.4. Жұмыс істейтіндерді еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін нұсқау және үйрету жұмыстарының сапасы мен оның ұйымдасуына бақылау жасайды.  
     2.5. Техникалық жүккөтергіш, энергетикалық және басқа да жабдықтардың, көлік құралдарының және өндіріс процестерінің еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормаларының талабына сәйкес болуын бақылайды.  
     2.6. Белгіленген заңға сәйкес залалды және қауіпті еңбек жағдайындағы, сондай-ақ қолмен істелетін ауыр жұмыстарда еңбек ететін әйелдердің және он сегіз жастан кіші адамдардың еңбегін қолдануға бақылау жасайды.  
     2.7. Жұмыс істейтіндерді сапалы арнаулы жұмыс киімі, арнаулы жұмыс аяқ-киім және өзін қорғау үшін басқа да құралдармен өз уақытында қамтамасыз етуге бақылау жасайды.  
     2.8. Қолданылып жүрген нормативті актілерге сәйкес сүт, сабын, емдеу-сауықтыру тағамын беруге, сондай-ақ өндірісте тамақ ішу тәртібін ұйымдастыруға бақылау жасайды.  
     2.9. Санитарлық-тұрмыстық үйлермен құрылыстардың жай-күйі мен пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.  
     2.10. Тексерудің нәтижелері актімен толтырылады /N 2 қосымша/. Бірінші дана еңбекті қорғау тәртібін бұзған айыпты адамға немесе кәсіпорынның басшысына /жұмыс берушіге/, актінің екінші данасы орын орындалуына бақылау жасау үшін еңбек ұжымының өкілетті органына беріледі /кәсіподақком/.  
     2.11. Қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне тікелей қауіп төнгені байқалған жағдайда еңбекті қорғау жөніндегі өкілет жұмыс басшысына, жұмыс берушіге қауіптің жойылғанына дейін жұмысты тоқтату туралы ұсыныс енгізеді.  
     2.12. Басшыларға /жұмыс беруші/, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен тәртіпті бұзған айыпты адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу мүмкін.  
     2.13. Еңбек жағдайын сараптау және жұмыс орындарын аттестациялау жұмыстарына қатысады.  
     2.14. Еңбекті қорғау жөнінде келісім және ұжымдық шарттың тиісті бөлімін жасауға қатысады, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша номенклатуралық шараларды жүргізуге бөлінген қаржыны дұрыс пайдаланылуын тексереді.  
     2.15. Еңбекті қорғау жөнінде көпшілік шаралар дайындау және оларды жүргізу жұмыстарына қатысады /қоғамдық байқау, жарыстарда, еңбекті қорғау күндерінде, рейдтерде және т.б./, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша озат тәжірибені үйренуге, талдап қорытуға және өз жұмыстарына енгізуге ат салысады.

  • 3. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттіліктің  
    жұмыс тәртібі

     3.1. Еңбекті қорғау  бойынша уәкілеттік өз жұмысында жұмыс берушіге тәуелсіз болып, еңбек ұжымы /кәсіпком/ бекіткен жоспар бойынша жұмыс істеп, жасаған жұмыстары туралы олардың алдында есеп береді.  
     3.2. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін арнайы жұмыс орны мен уақыт беріледі және шарттарды /келісім/ реттейтін қажетті еңбек жағдайы жасалады.  
     3.3. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік кәсіпорынның еңбекті қорғау қызметімен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциямен және қадағалау мен бақылаудың басқа да органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.  
     3.4. Еңбекті қорғау бойынша уәкілеттік Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес өздерінің уәкілеттілігінің құқын асыра сілтегені үшін жауап береді.      

  • "Сол жағы"                                        N 1 қосымша
  • ____________________________________________________________________  
    ____________________________________________________________________  
                      /кәсіпорынның, кәсіподақтың атауы/                           
  • N _____________куәлік  
    ____________________________________________________________________  
                       /фамилиясы, аты, әкесінің аты/  
    еңбек ұжымының /кәсіпкомитеті/ еңбегін қорғау жөніндегі өкілеттік  
    болып табылады  
    Куәлік кәсіпорындарда _____________________________________ жарамды  
    ____________________________________________________________________  
      199 ____ ж. ____________ жарамды        
  • Еңбек ұжымы /кәсіподақ/ уәкілдік  
       органының басшысы               ______________  _______________  
                                          қолы             Ф.А.Ә ____________________________________________________________________  
        "Оң жағы"  
    ____________________________________________________________________                                        "___"________199__________жіберілді  
                                            МО  
        Сурет                          куәліктің жарамды мерзімі  
        орны                    "____"_______199___ж. дейін ұзартылған                                      
  • Еңбек ұжымы /кәсіподақ/  
                                  органының басшысы   ______ _________  
                                  МО                   қолы   Ф.А.Ә.  
    ____________________________________________________________________  
    Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің 3 көкек 1995 ж. алқа  
    қаулысына сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі уәкілеттік жұмыс  
    орындарында еңбекті қорғау жағдайын кедергісіз тексеруге, байқалған  
    тәртіпсіздікті жоюға ұсыныс жасауға және тәртіп бұзған адамдарды  
    жауапқа тартуға құқылы.                                                           
  • N 2 қосымша  
                                                            N-I УТК  
                                                             Үлгі                          
  • Тексеріс актісі         
  • ____________________________________________________тексеріп  
               өндірістік учаскенің, цехтың және т.б.  
       ____________________________________________________ қатысуымен  
         Ф.А.Ә. және әкімшілік уәкілінің лауазымы         
  • Қазақстан Республикасының "Еңбекті қорғау туралы" заңының  
    24 бабы негізінде еңбек жағдайы және еңбекті қорғау мәселелері  
    бойынша ұсынамыз:  
    __________________________________________________________________  
         N   | Ұсыныс        | Орындалу      | Ескерту  
        п/п  |               | мерзімі       |  
        _____|_______________|_______________|________________________  
         1   |       2       |      3        |         4  
        _____|_______________|_______________|________________________  
        ______________________________________________________________     
  • Ұсыныстың орындалуы туралы еңбек ұжымының уәкілетті органына  
        хабарлауды сұраймыз          ____________________  
                                        мерзімі         
  • Еңбекті қорғау  
        жөніндегі уәкілеттік  ______________    ______________________  
                                қолы               Ф.А.Ә.         
  • Тексеріс актісін алған ____________    _______________________  
                                қолы               Ф.А.Ә.  
                                                  лауазымы  
        "____"_______199____жыл  
            мерзімі

Информация о работе Ұжымдық шарт