Ұжымдық шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:19, реферат

Краткое описание

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіподақ ұйымы.docx

— 91.20 Кб (Скачать файл)

11-бап. Кәсiподақты қайта ұйымдастыру  және тарату 
      Кәсiподақты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің мәртебесі

 

      12-бап. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі 
      1. Облыстар аумағының жартысынан астамында мүшелік ұйымдары бар республикалық кәсіподақтар бірлестігін салалық кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады. 
      2. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі республикалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 
      3. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі кәсіподақтардың қызметінің құқықтық кепілдіктерін республикалық деңгейде қамтамасыз етуге, кәсіподақтар мүшелерінің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде мүшелік ұйымдардың іс-қимылын үйлестіруге жәрдемдеседі. 
      4. Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 
      1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 
      2) республикалық кәсіподақтар бірлестігіне кіретін кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарын, стратегиясын әзірлейді және айқындайды; 
      3) әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 
      4) республикалық жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет етеді, жобаны дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысады; 
      5) әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 
      6) мүшелік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және оларға шетелдік, халықаралық кәсіподақ бірлестіктерімен және еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін өзге де ұйымдармен байланыс орнатуға жәрдемдеседі; 
      7) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      5. Республикалық кәсіподақтар бірлестігі өзінің мүшелік ұйымдары үшін кәсіподақтардың үлгілік жарғысын бекітуге құқылы.     

13-бап. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 
      1. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін кәсіподақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрады. 
      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады. 
      Аудан, қала деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі тиісті аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады. 
      3. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 
      4. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің негізгі функциялары: 
      1) өзінің мүшелік ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 
      2) өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 
      3) өңірлік жұмыс берушілер бірлестігімен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен өңірлік келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады; 
      4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 
      5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады.     

14-бап. Салалық кәсіподақ 
      1. Салалық кәсіподақты сала қызметкерлерінің немесе ұйымдарының жалпы санының кемінде жартысын біріктіретін немесе облыстардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, ұйымдық мүшелері бар, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір қызмет саласының және онымен сабақтас салалардың қызметкерлері құрады. 
      2. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің мүшелік ұйымы болып табылады және салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 
      3. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары: 
      1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіреді, қорғайды; 
      2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдеседі; 
      3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет етеді, жобаны даярлау және оны жасау жөніндегі келіссөздерге қатысады; 
      4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысады; 
      5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      4. Салалық кәсіподақ филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттігі шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.     

  15-бап. Жергілікті кәсіподақ 
      1. Жергілікті кәсіподақты, әдетте, ортақ өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты, бір ұйымның қызметкерлері құрады. 
      Жергілікті кәсіподақ салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымы болып табылады. 
      2. Жергілікті кәсіподақ ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады.     

16-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымы 
      Кәсіподақтың бастауыш ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай, жергілікті немесе салалық кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі және ұйым деңгейіндегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің өкілетті өкілі болып табылады. 
      Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, қызметін тоқтату тәртібі, құқықтары мен міндеттері жергілікті немесе салалық кәсіподақтың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.

4-тарау. Кәсiподақтардың құқықтары мен  міндеттері, кепiлдiктерi

 

      17-бап. Кәсiподақтардың құқықтары 
      1. Кәсiподақтардың: 
      1) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттiк органдармен өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және өзге қоғамдық ұйымдармен өзара қатынастарда қызметкерлердің өкілі болуға; 
      2) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюға, медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғауға, оларға өзге де құқықтық көмек көрсетуге, заң консультацияларын және басқа да құқықтық көмек қызметтерін құруға; 
      3) мемлекеттiк органдарға олар қабылдаған, кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын құқықтық актiлердiң толық немесе iшiнара күшiн жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасауға; 
      4) мемлекеттiк органдардың кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасайтын актiлерi жөнiнде сотқа шағым жасауға; 
      5) еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуға; 
      6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуға; 
      7) өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; 
      8) келіссөздер жүргізуге, келісімдерді, ұжымдық шарттарды дайындауға және жасауға; 
      9) ақша қорларын қалыптастыруға; 
      10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимыл ұйымдастыруға, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізуге;  
      11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға; 
      12) өз өкiлдерi арқылы өз кәсiподағы мүшелерiнiң кәсiпорындары мен жұмыс орындарында болуға; 
      13) заңда белгiленген тәртiппен жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыруға және өткiзуге; 
      14) уәкілетті мемлекеттік органдарға кәсіподақтар туралы заңнаманы бұзатын, келісімдерде, ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге; 
      15) баспа қызметiмен айналысуға, баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, кәсiпорындарда өз қызметiн жариялауға; 
      16) меншiкке ие болуға; 
      17) егер бұл жарғы мақсатына сәйкес келсе, өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушiлермен жасалатын келiсiмдер мен шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.  
      3. Мемлекет кәсiподақтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметiнің кепiлдiктерін белгiлейдi.     

18-бап. Кәсiподақтардың міндеттері 
      Кәсiподақтар: 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға; 
      2) ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша өз міндеттемелерін орындауға; 
      3) өкілеттіктері шектерінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға; 
      4) кәсiподақ мүшелерінің заңнамада белгіленген жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер мен басқа да акцияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге; 
      5) кәсiподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алу және пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге; 
      6) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге; 
      7) өз мүшелеріне ақшалай қаражаттың жарғыда айқындалған шарттарда және тәртіппен түсуі және жұмсалуы туралы хабарлауға міндетті.     

19-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек және  әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн  қорғау 
      Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы жұмыс берушімен қатынаста өз мүшелерiнің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн: 
      1) құқықтық және консультациялық, оның ішінде кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету; 
      2) еңбек шартын тоқтатудың негізділігі туралы дәлелді пікір білдіру, өз мүшелерінің еңбек жағдайларын ұжымдық шартқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісу; 
      3) өз мүшелерiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшін сотқа өтінішпен жүгiну; 
      4) өз мүшелерi атынан, сондай-ақ шарттық негізде оған уәкілеттік берген қызметкерлердің атынан жұмыс берушiмен ұжымдық шарт, келiсiм жасасу; 
      5) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде бітімгерлік комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамына қатысу арқылы қорғайды. 
      Өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсаттарында кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн барлық басқа да тәсілдерді пайдалана алады. 
      Кәсiподақ өз мүшелерiнiң отбасыларына да көмек көрсетедi.     

20-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым  деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг жасау 
      1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке: 
      1) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссиялардың жұмысына қатысу; 
      2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу; 
      3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен), еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен консультациялар (келіссөздер) жүргізу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру жолымен қатысады. 
      2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. 
      3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалу мониторингін жоғары деңгейдегі кәсіподақтар: 
      1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдерді – олардың мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар; 
      2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдерді – олардың мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады.     

21-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 
      1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ шарттық негізде өздерінің мүдделерін білдіруге өкілеттік берген басқа да қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. 
      Жүргiзiлетiн қоғамдық бақылауға жұмыс берушiнің тарапынан қарсы іс-әрекеттің жасалуына және кедергi келтірілуіне жол берілмейді.  
      2. Кәсіподақтар бес жылда кемінде бір рет өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауға қатысуға жіберілуге тиіс.  
      3. Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.  
      4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсаттарында кәсіподақтар тепе-теңдік негізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) құрамына кіреді.      

22-бап. Кәсiподақтардың талаптар қоюы, ереуiлдер, жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар ұйымдастыру және өткiзу 
      1. Кәсiподақтардың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнде айқындалған тәртіпті сақтай отырып және жағдайларда талаптар қоюға құқығы бар. 
      2. Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не дауды шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда кәсiподақтар ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. 
      Бұл ретте сот заңсыз деп таныған ереуілге қызметкерлердің қатысуын жалғастыруға шақыруға тыйым салынады. 
      3. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастырады және өткiзеді. 
      4. Кәсiподақтар бiрлескен наразылық акцияларын өткiзу үшiн өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады.     

23-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары  саласында қызметті жүзеге асыру 
      Кәсiподақтардың бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.      

24-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары 
      Кәсiподақтар меншікті және сырттан тартылған қаражат есебiнен кәсiподақтардың жарғылық мiндеттерi мен мақсаттарын іске асырудан туындайтын іс-шараларды қаржыландыруға арналған әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ақша қорларын қалыптастыра алады.     

25-бап. Кәсiподақтардың мемлекеттiң әлеуметтiк  саясатын қалыптастыруға қатысуы 
      Кәсiподақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағдарламаларын қоса алғанда, өз мүшелерiн әлеуметтiк қорғау, жұмыстан босатылатын қызметкерлердi қорғау жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды, ең төменгі күнкөрiс деңгейін белгiлеу және оны сақтау, табыстарды индекстеу, жалақының, зейнетақылардың, стипендиялардың және жәрдемақылардың ең төменгі деңгейiн арттыру жөнiндегi іс-шараларды әзiрлейдi, оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар ретiнде енгiзедi.      

26-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi 
      Мемлекет кәсiподақтарға берiлген құқықтардың және олардың қызметі кепiлдіктерінің сақталуын қамтамасыз етедi. 
      Мақсаты кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ заңда және кәсiподақтардың жарғысында (өзге де негiз болатын құжаттарда) көзделген қызметiне кедергi келтіретін кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. 
      Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат беруге мiндеттi. 
      Ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыс беруші, жергілікті кәсіподаққа, бастауыш кәсіподақ ұйымына мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысына ақшалай қаражат аударады.     

27-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған  және негізгі жұмысынан босатылмаған  адамдарға арналған кепілдіктер 
      1. Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерін олар мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының дәлелді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартуға болмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысын (төрағасын) жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды. 
      2. Заңды тұлға таратылған не жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерін жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатуға еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде, осы адамдар мүшесі болып табылатын кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысын (төрағасын) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жоғары тұрған кәсіподақ органының дәлелді пікірінсіз жұмыстан босатуға болмайды. 
      3. Тәртіптік жаза қолдану және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдармен еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескеру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүргізіледі. 
      4. Сайланбалы лауазымдарға сайлануына орай жұмыстан босатылған адамдарға сайланбалы лауазымдағы жұмыс кезеңіне еңбек шартының қолданысы тоқтатыла тұрады. Сайланбалы лауазымға сайланған адамның лауазымында жұмыс істейтін адаммен жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына еңбек шарты жасалады. 
      5. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының сайланбалы және басқа мүшелері үшін басқа да кепілдіктер көзделуі мүмкін. 
      6. Кәсіподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделерінде қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуы, кәсiподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға, сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына делегаттар ретiнде қатысуы кезінде негізгі жұмыстан босатылады. Босату шарттары және ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттарда және келiсiмдерде көзделедi.

Информация о работе Ұжымдық шарт