Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 00:08, дипломная работа

Краткое описание

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

Вложенные файлы: 1 файл

дипломный.docx

— 114.35 Кб (Скачать файл)

ШЖН-ОБ-001/13-2005



КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4

1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ

ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

1.1.Қылмыстық процеске  қатысушылардың түсінігі мен олардың  жіктелуі………………………………………………...................................5-11

1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  шаралары……………………………………...............................................12-15

1.3.Қылмыстық іс бойынша  іс жүргізуге қатысудың  мүмкіндігін жоққа  шығаратын  жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

 

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен  мәнділігі ………………………..……...............23-39

2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50

2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

 

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН

ПРОЦЕСКЕ  ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін  немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

 

 

 

КІРІСПЕ

Қылмыстық  процеске қатысушылар деп, бір сөзбен айтқанда  қылмыстық  ізге  түсуді және сотта  айыптауды қолдауды жүзеге асыратын  органдар  мен адамдар. Қылмыстық  процеске  қатысушыларды   қылмыстық  іс  жүргізу  функцияларына   орай  мынадай  түрлерге  ажыратсақ  болады:

  1. қылмыстық  ізге  түсу  функциясы - прокурор, тергеуші, анықтаушы,  анықтау  органы;
  2. тергеу  функциясы  -  тергеуші,  анықтаушы;
  3. айыптау  функциясы – айыптаушы (мемлекеттік  айыптауды  қолдайтын  прокурор,  бірқатар  жағдайларда  жәбірленушінің өзі);
  4. прокурордың  заңдылықты  қадағалау  функциясы – прокурор;
  5. қорғау  функциясы -  сезікті, айыпталушы, сотталушы,  қорғаушы;
  6. қылмыстық  істі  сотта  қарау  және  шешу – судья, сот,  ал  жекелеген   жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, қылмыстық  істі алдын  ала  тергеу  сатысында  қысқарту);
  7. азаматтық  талапты  қолдау – азаматтық   талапкер;
  8. азаматтық  талаптан  қорғау – айыпталушы,  азаматтық  жауапкер;

Сонымен бірге процеске  қатысушылардың  бұл  тізбесі  мұнымен  шектелмейді,  өйткені  ол  функцияларды  тікелей  орындау  процеске  өзге  де  адамдардың  тартылуын,  оларға  да  құқықтар мен  міндеттер   жүктелуін  көздейді. Қылмыстық  процеске   қатысушы   өзге  де  адамдар  тізбесіне   куәні,  сарапшыны,  маманды,  аудармашыны, куәгерді,    сот  отырысының   хатшысын,  сот  приставын    жатқызамыз.  Қылмыстық  іс  жүргізу   кодексінің  баптарында   осы  аталған  қылмыстық  процеске қатысушылардың  құқықтары  мен  міндеттері,  мәртебесі,  процессуалдық  жағдайлары,  өкілеттіктері  көрсетілген. Әрбір  іске  қатысушының  дербес   іс  жүргізу  функциялары  болады.(1.77.)          

Қылмысқа  қатысушылар  проблемаларын  қылмыстық  іс  жүргізу  функцияларымен  өзара  байланыстыра   шешу  екі  мақсатқа  жеткізеді.

Бірінші мақсат – сот ісін  жүргізуге  әрбір  қатысушының   статусын  белгілеуге;

Екінші мақсат – түрлі қатысушылардың  өзара  іс – қимыл  жасау   шектерін  жекелеген   функциялар   арасындағы  генетикалық   байланыстарды   табу  арқылы   анықтауға  мүмкіндік  береді.

Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуге қатысушылардың  мәнін  түсінудің  біз  жақтап      отырған  жолының пайдалы  жағы мыналар:

а)функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу  қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге  асырылады;

ә)функциялар қылмыстық іс жүргізу  қызметіне әрбір қатысушының  құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;

б)қылмыстық іс жүргізу қызметіне  әрбір қатысушының тек өзіне  тән құқықтары мен міндеттері болады;

в)құқық қатынастарының сипаты адамның  құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен  прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.);

г)құқық қатынастарына әрбір  қатысушы тек  бір роль атқарады.

Сонымен  қатар,  заң  бойынша  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  қауіпсіздігін   мемлекет  өз  қамқорлығына  алады. 

Алдағы  тарауларда  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  әрқайсысына  жеке – жеке  тоқталамыз.  Сондай-ақ,  сотқа  дейінгі  сатыда,  сот   сатысында,  алдын  ала  тергеу  сатысында қылмыстық  процеске  қатысушылардың іс жүргізуші органның іс-әрекеті мен шешімдеріне   қарсылықтар келтіру, наразылықтар мен шағымдар беру жолдары мен  тәртібі туралы да    айтылады.

 

I ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ

1.1.Қылмыстық процеске  қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі

        Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-тармағына сәйкес қылмыстық  процеске  қатысушылар  деп, қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері  білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен  мемлекеттік  органдар тартатын немесе қатыстыратын  іс жүргізушілік  кең  құқықтар  берілген  жеке  және  заңды  тұлғаларды,  қылмыстық  сот ісін  жүргізуге өкілетті  лауазымды адамдар мен мемлекеттік  органдарда,  қосалқы  функциялар   атқаратын  адамдар  мен  органдарды  түсіну  керек.   Процеске  қатысушыларға  жататын  адамдар  түсінігінде  мынадай  үш   көзқарас  барынша  айқын  байқалды.(2.77)

Бірінші  көзқарасқа  сәйкес,  мүдденің  бар  жоғына  қарамастан  іске белгілі  бір қатысы бар кез  келген адам процеске қатысушы болып  табылады.  Бұл көзқарасты В.П.Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп қолдау  тапқан екінші көзқарас процеске қатысушылар деп, тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы  адамдарды тануға негізделген. Үшініші көзқарас  қылмыстық сот ісін  жүргізуде “процеске қатысушылар” категориясының  заңдылығын  жалпы теріске шығарумен байланысты. Осы көзқарасты  жақтаушы  С.А.Альперт процеске қатысушылардың  бәріне түрлі құқықтар  мен міндеттер берілген, сондықтан да оларды “процеске қатысушылар”  деген бір ұғыммен біріктіруге болмайды  деп санады.

Сонымен, “процеске қатысушылар”  терминін  түсіну,  ал  екінші  жағынан  – процеске қатысушылар категориясына жатқызылатын адамдар  шеңберін  анықтау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын альп отырған  алшақтықтарға  обьективті  негіз  бар,  оның мәні  мынада:                                                                                                                                                 

1.“процеске  қатысушылар”  категориясының  өзін  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  ғылымының  әр түрлі  түсінуімен;

2.іс  жүргізушілердің   қылмыстық  процестегі  функциялар   мәнін  түрліше  түсінуімен  байланысты.

Ғылымда процеске қатысушылар  мәнінің  сыртқы  жағын  түрліше түсіну  байқалып  отыр. Атап өтер болсақ,  М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде  қатынасатын адамдар процесс субьектілеріне  және қатысушыларына   бөлінеді деп санайды. Субьектілер- сот ісін   жүргізуді   жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана;  басқалардың бәрі – процеске қатысушылар. Л.Д.Кокоревтің  пікірінше, “субьектілер” және “қатысушылар” терминдері –мән-маңызы бірдей ұғымдар,1  бірақ қылмыстық процесс үшін “қатысушылар” термині лайықтылау, өйткені “субьектілер” термині жалпылама сипатта   болып кетеді.

Процесс субьектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат алып отыр деп топшылауға негіз бар, себебі  құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер  де бар. Айырмашылық – сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар  категориясына  жататын адамдар  шеңберін анықтау  проблемасына түрлі  ғылыми  мектептер түрліше қарайды.

Қылмыстық іс жүргізу заңында “процеске  қатысушылар” категориясының түрліше  түсінілуі мынадан көрінеді:

1.Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің нормалары процеске  қатысушылар тізбесі берілген  бөліктерде бір-біріне сәйкес  келмейді, мысалы:

а) Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 7-бабының 9-тармағында “процеске  қатысушылар”-қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды  қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде  өздерінің немесе өздері  білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын  адамдар:  прокурор /мемлекеттік  айыптаушы/  тергеуші,  анықтау органы,  анықтаушы, сезікті,  айыпталушы, олардың  заңды  өкілдері,  азаматтық  жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілдері, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық  талапкер, олардың заңды өкілдері”  деп түсіндірілген; осылармен  қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағында тағы да бір түсініктеме  берілген: “қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар” – сот отырысының  хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;

ә) Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 2-бөлімі  (“Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен  тұлғалар”)  сот немесе судья,  іс  бойынша  төрағалық етуші,  тергеу бөлімінің бастығы, анықтау  органы бастығы қызметін регламенттеген.

б)10-тарауда (“қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар”) проуеске қатысушылар  ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы,куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның  өзі  Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 7-бабының 25 тармағына  сәйкес келеді.

Сонымен, қолданылып отырған қылмыстық  іс жүргізу кодексінің бірде-бір  нормасы  қылмыстық сот ісін жүргізуге  қатысушылар белгісіне жататын  адамдарджың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді. Сонымен бірге “процеске  қатысушылар” категориясына жататын  адамдар  шеңберінің заң мен  қылмыстық  іс жүргізу  теориясында  бір мағынада  түсінілуі:

-заңды бір ізге салу;

-заңды әмбебаптандыру;

-заң бұзылуының алдын  алу;

-құқық  нормаларын  түсіндіруде, түсінуде және қолдануда  біркелкілікке жету мақсаттарында  маңызды.

Соңғы кезде, әдебиетте процеске қатысушылар  проблемаларын қылмыстық іс жүргізу  функцияларымен байланыстыра қараудың  тұрақты тенденциясы  байқалып  отыр.(3.77)

Процеске қатысушылар  проблемаларын  қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:

  1. сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының  статусын белгілеуге;
  2. түрлі қатысушылардың өзара іс – қимыл жасау  шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді. 

Қылмыстық сот ісін жүргізуге  қатысушылардың мәнін түсінудің  біз жақтап отырған  жолының  пайдалы   жағы мыналар:

а) функция, бүкіл қылмыстық  іс жүргізу қызметі секілді, құқық  қатынастарында жүзеге асырылады;

ә) функциялар қылмыстық  іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының  құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру  жолымен   орындалады;

б) қылмыстық іс жүргізу  қызметіне  әрбір қатысушының  тек өзіне тән  құқықтары мен  міндеттері болады;

в) құқық қатынастарының сипаты адамның  құқықтық статусын негізге ала отырып  белгіленеді. (тергеуші мен прокурор қатынастары, тергеуші мен  сезікті, тергеуші мен  куә қатынастарынан өзгеше және  т.б.);

г) құқық қатынастарына  әрбір қатысушы  тек  бір  роль  атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды т.т.).

Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық  іс жүргізу  функцияларына орай сот  ісіне  мынадай қатысушыларды  ажыратуға болады:

  1. қылмыстық ізге  түсу  функциясы – прокурор, тергеуші,  анықтау органы,  анықтаушы;
  2. тергеу функциясы – тергеуші, анықтаушы;
  3. айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда  жәбірленушінің  өзі);
  4. прокурордың  заңдылықты қадағалау  функциясы – прокурор;
  5. қорғау функциясы – сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы;
  6. қылмыстық істі сотта қарау және  шешу – судья, сот,  ал жекеленген жағдайларда  тергеуші не прокурор (мысалы, істі аладын ала тергеу  сатысында қысқарту);
  7. азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер;
  8. азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық  жауапкер.

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен  шектелмейді, себебі функцияларды тікелей  орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен  міндеттер  жүктелуін көздейді.

Функциялардың  және оларды  жүзеге  асырушы адамдардың  ара-қатынасына қылмыстық процеске қатысушылардың былайша  жүктелуін ұсынуға  мүмкіндік  береді:

1.қылмыстық процеске  қатысушы мемлекеттік органдар  мен лауазымды  адамдар.

Бұл топ  екі шағын топқа  бөлінеді:

1) сот; 2) қылмыстық ізге  түсу функциясын жүзеге асыратын  мемлекеттік органдар мен   лауазымды  адамдар (прокурор, тергеу  бөлімінің  бастығы,  тергеуші, анықтау органы,  анықтау   органының  бастығы,   анықтаушы).

Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді  қорғайтын  процеске қатысушылар  (сезікті, айыпталушы, қорғаушы,  жәбірленуші, жеке айыптаушы,  азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының  немесе сезіктінің  заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық  талапкердің  және  жеке  айыптаушының   өкілдері, азаматтық жауапкердің  өкілдері).

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері