Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 00:08, дипломная работа

Краткое описание

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

Вложенные файлы: 1 файл

дипломный.docx

— 114.35 Кб (Скачать файл)

Айыпталушы. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының басында айыпталушының мәні туралы мәселе даулы болды.Осындай көзқарасқа сәйкес айыпталушы бір мезгілде жазалауды, мәжбүрлеу шараларының және зерттеудің обьектісі және сонымен бірге іс жүргізушілік жағдайдың субьектісі болып табылады.Мысалы,А.Я.Вышинский осыған байланысты былай деп жазды:”айыпталушының процесте оның обьектісі ретінде ғана емес, сонымен бірге іс жүргізушілік құқықтардың субьектісі ретіндегі жағдайы-айыпталушының жауаптарын соттық дәлелдеудің мәні мен қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі”15 Айыпталушының іс жүргізушілік мәнін Р.Д.Рахунов, Л.М.Карнеева,М.С.Строгович басқаша түсінді. Олар іс жүргізушілік құқықтары бар дербес тұлға ретінде айыпталушы құқықтық қатынастардың субьектісі ғана болып табылады деп дәлелдеді.Осыған байланысты Р.Д.Рахунов былай деп атап өтті:”Айыпталушы құқық обьектісі бола алмайды.Ол осы терминнің қылмыстық-құқықтық мәні тұрғысынан обьекті бола алмайды.Айыпталушының іс-қимылы  қылмыс құрамының обьективті жағын қарауы мүмкін”(16.78.)

Сонымен,айыпталушы деп, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған адамды  не сотта  жеке айыптаумен қылмыстық іс қозғалған  адамды,сондай-ақ анықтау органының  бастығы оған қатысты айыптау  хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді.Айыпталушының жағдайы  сезіктінің жағдайымен көп жағдайда ұқсас.Олардың құқықтық мәртебесіндегі негізгі айырмашылықтар “сезік”   және ”айып” ұғымдары арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

Қылымыстық сот ісін жүргізуде  айыпталушының мынадай құқықтары  бар:

-өзінің құқықтары мен  заңды мүдделерін заңға қайшы  келмейтін амалдармен және тәсілдермен  қорғауға;

-қорғануға даярлану үшін  жеткілікті уақыт пен мүмкіндік  алуға,

қылмыстық ізге түсу органынан  өзіне тиесілі құқықтар туралы шұғыл  түсінік алуға;

-не себепті айыпталып  отырғанын білу және өзін айыпталушы  ретінде жауапқа тарту туралы  қаулының көшірмесін алуға;

-тағылған айып бойынша  түсінік пен жауап беруге;

жауап беруден бас тартуға;

-қалау-тілектерін мәлімдеуге;

-іс аяқталғаннан кейін  тергеудің барлық материалдарымен  танысуға;

-қорғаушы қызметін пайдалануға,онымен  оңаша және құпия түрде кездесуге;

-алғашқы сатыдағы сотта   соттық талқылауға қатысуға;

-анықтаушының, тергеушінің,  прокурордың, соттың іс-қимылы  мен шешімдеріне шағымдар айтуға;

-соңғы сөз құқығын  пайдалануға;

-бетпе-бет кездесу кезінде  сұрақтар қоюға;

-қылмыстық процесті жүргізуші  органнан өзінің құқықтары мен  мүдделеріне ықпал ететін іс  жүргізушілік  шешімдердің қабылданғандығы  туралы  хабар алуға;

-сарапшыға сұрақтар қоюға,  сараптама тағайындалғаны туралы  қаулымен танысуға, сондай-ақ сараптама  қорытындыларымен танысуға;

-тергеу аяқталғаннан  кейін тергеудің барлық материалдарымен  танысуға және ондағы кез келген  мәліметті кез келген көлемде  көшіріп алуға;

ақтамайтын негіздермен  істі тоқтатуға қарсылық білдіруге;

-жария соттық талдауды  талап етуге, сондай-ақ заңмен  белгіленген басқа да құқықтар  мен міндеттерге ие болады.

Айыпталушы тергеу мен  соттан жалтармауға міндетті. Тергеу мен соттан жалтару қылмыс үшін жаза белгілеу тұрғысынан жазалау шарасына ешбір ықпал етпейді. Бірақ заң  үкім шығарғанға дейін орын алуы мүмкін қылмыстық-процессуалдық санкцияларды  қарастырады. Мұндай санкцияларға: - бұлтартапу шараларын таңдау; - анағұрлым жұмсақ бұлтартпау шараларын анағұрлым  қатал түрлеріне өзгерту; -айдап  әкелуді жүзеге асыру. Бұдан басқа  іс жүргізуге айыпталушы қатысатын  тергеу және сот қимылдары уақыты белгіленген тәртіпті сақтау айыпталушының  міндетіне кіреді. Бұл бөлікте  де заң санкцияны қарастырған. Атап айтқанда, сотта тәртіп бұзатын адамдарға  ескерту жасалады, содан кейін  сот залынан шығарылады.

Жәбірленуші. Жәбіршенуші деп, қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысымен оған қылмыспен тікелей моральдық,дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамды атаймыз. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиян,оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындар толық өтеледі. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда- онық құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына  сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Бұл жағдай қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда,егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса,залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

 

 

Жәбірленушінің  құқықтары.






 

 



 

 



 

 



 

 



 

 




 

 

Заңмен жәбірленушіге  сонымен қатар, міндеттерде жүктеледі. Жәбірленушінің міндетіне: қылмыстық  процесті жүргізуші органның шақытуы  бойынша келуге; іс бойынша барлық мән-жайларды хабарлауға; қойылған сұрақтарға дәл жауап беруге;тергеу әрекеттерін  жүргізу кезінде және сот отырысы  уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға т.б. заңмен көзделген міндеттерге  ие болады.

 

Азаматтық талапкер


 


 



 



 

 

Азаматтық талапкердің сот сатысына дейін мынадай құқықтарға ие: өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға; тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және олардане кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға т.б.

Азаматтық талапкердің  сот сатысында мынадай құқықтарға ие:кез келген сатыдағы сотта  істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге;  сот отырысының хаттамаларымен танысуға және ескертулер енгізуге;  мәлімделінген шағымдар мен наразылықтарды қарағанда соттың қарауына қатысуға; азаматтық талап бөлігіндегі іс бойынша жасалынған шағымдар мен наразылықтарға қарсылық білдіруге т.б.

Азаматтық талапкердің   істің барлық сатыларындағы құқықтары: аудармашының тегін көмегін алуға; істі жүргізуші органның шешіміне немесе әрекетіне шағымдар беруге; азаматтық талап бойынша шешімдердің көшірмелерін алуға; айғақтар беруге; өзінің білетін тілінде не ана тілінде жауап беруге; келтірілген моральдық және мүліктік залалдың орнын толтыртуға және т.б.

 

Азаматтық жауапкер.



 

 


 



 

 

 

 

Азаматтық жауапкердің заңмен белгіленген  құқықтары бар. Сотқа дейінгі сатыда мынадай құқықтарға ие: өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға;  азаматтық талапқа оның қатысты бөлігіне қарсылық білдіруге; тергеу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға және олардан  кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға т.б.

Азаматтық жауапкердің  сот сатысында мынадай құқықтарға ие:кез келген сатыдағы сотта  істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге;  сот отырысының хаттамаларымен танысуға және ескертулер енгізуге; мәлімделінген шағымдар мен наразылықтарды қарағанда соттың қарауына қатысуға; азаматтық талап бөлігінде соттың қаулыларымен шағымдарына шағымдануға және т.б.

Азаматтық жауапкердің   істің барлық сатыларындағы құқықтары:істің мәні бойынша түсініктер мен айғақтар беруге; талапқа қарсылық білдіруге; өкілдер алуға; істі жүргізуші органның шешіміне немесе әрекетіне шағымдар беруге; азаматтық талап бойынша шешімдердің көшірмелерін алуға; айғақтар беруге; өзінің білетін тілінде не ана тілінде жауап беруге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері, құқықтары мен міндеттері.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық  процеске қатысушыларды үш шағын  топқа бөліп қарастырдық. Оның бірінші  шағын тобына, дәлелдер беру жөніндегі  міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар  деп куәлер мен сарапшыларды жатқыздық. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға маманды, сот приставын, аудармашыны, сот отырысының хатшысын атап өтуге болады. Заңмен осы аталған  процеске қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер жүктелген.

Куәлер. ХХ ғасырыды 30-шы жылдарындағы әдебиеттерде белгілі бір фактілер туралы куәгерден қайта-қайта жауап алуды болдырмауды ұсында. Куәгерлерден қайталап жауап алуды жүргізбеу туралы тергеушіге құқық берген орынды болар еді, әрине егер тергеуші анықтау органының жауап алуын жеткілікті деп таныса.(20.78)

Сонымен куәгер дегеніміз  – сотта немесе тергеуде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай  белгілі болуы мүмкін кез келген адамды айтамыз.21 Қылмыстық іс жүргізу құқығында куәгердің процестегі мәні мен құқықтық жағдайын заң қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретінде түсіндіреді. Куәгерді “бірегей процессуалдық тұлға” ретінде сипаттай келіп А.Р.Михайленко былай деп атап өтеді: “Куәгер дегеніміз-іс бойынша шындықты белгілеуде,іс бойынша заңды және негізделген” шешімдерді қабылдауда әділеттің салатанат құруына шешуші роль атқаратын дербес тұлға.Ол жалғыз өзі ғана оқиғаның куәгері бола алады. Ол іс бойынша жауап беруді немесе бермеуді өзі шешеді.Осы заманның ғылымның даму деңгейі адамның миынан оның еркінен тыс ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Бұл құқықтық проблема ғана емес, аса адамгершілік проблемасы. Заң іске қатысушы адамдардың күш қолдану, қауіп төндіру және басқа да заңсыз шаралар арқылы жауаптар алуына тыйым салады. Куәгердің бірегейлігі оның қылмыстық-процессуалдық мәні бар мынадай сипаттарынан көрінеді: - куәгер ауыстырылмайды; -өзінің ауыстыруға болмайтындығына байланысты, істің нәтижесіне мүдделілік себептері бойынша ол істен тысқары қала алмайды.

Іс бойынша мыналар  куәгер бола алмайды:а)айыпталушының  қорғаушысы-қорғаушы міндеттерін орындауына байланысты өзіне айыпталушыдан  белгілі болған істің жағдайлары туралы;ә)өзінің балалық жасына,өзінің дене немесе жүйке кемістіктеріне байланысты іс үшін мәні бар құбылысты дұрыс  қабылдауға жай-күйі көтермейтін жәнедұрыс  жауап бере алмайтын адамдар;б)адвокат,қоғамдық ұйымның өкілі-өкіл міндеттерін  орындауына байланысты өзіне белгілі  болған жағдайлар туралы;в)бұған  қоса заң адамнан оның өзіне, жұбайына немесе зайыбына,жақын-туыстарына қарсы  жауап алынбайды деп белгілейді,сондай-ақ діни қызметкерден оған сенім білдіретін діндестеріне, егер осы адамдар жауап  беруге өзінің келісімдерін бермесе,қарсы  жауап алуға болмайды.22 г) судья-іс бойынша процеске қатысуына байланысты куә бола алмайды.

Куәгердің міндеттері: шақыру бойынша келуге;дәлелсіз себептермен  келмесе айдап әкелінуі мүмкін; 2)жауап  беру;жауап беруден бас тартса қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.;3)ақиқатты айту;қасақана жалған жауап берсе  қылмыстық жауаптылыққа тартылады;4)өзі  қатысатын тергеу жұмысын жүргізу  кезінде тәртіпті сақтауға т. б.міндеттері бар.

Куәгердің құқықтары:мәжбүрлеусіз жауап беруге;егер құқықтары мен  мүдделері бұзылатын болса, іс жүргізушінің әрекетіне шағымдануға;жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталуына; сотқа келуіне байланысты шығындарын төлетуге;өзінің ана тілінде жауап  беруге; жауап алу хаттамасында өзінің сөздерін өз қолымен жазуға; өзінің қалауы бойынша жасайтын мәлімдемесін адвокаттың қатысуын сұрауға және т.б. заңмен белгіленген құқықтары бар.

Сарапшы. Сарапшы деп,  арнаулы  ғылыми білімі бар адам  және іс бойынша іс жүргізу органдарының  қойған талаптары бойынша қорытынды бере алатын, сол қорытындылары бойынша жауап беретін тұлғаны айтамыз. Сарапшыны іс бойынша зерттеу нәтижесінде іс  үшін маңызы  бар мән-жәйлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындайды. Сарапшы өз бетінше, яғни сараптама тағайындайтын органның арнаулы рұқсаты болмаса өз бетінше зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ. Егер сарапшы іс бойынша жалған қорытындылар берсе қылмыстық жауапқа тартылады.

Сарапшының  құқықтарына: сараптама жүргізуге қатысты  іс материалдарымен танысуға, сараптама  жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға, тергеу әрекеттеріне қатысуға, тек  алдына қойылған мәселелер бойынша  ғана емес, сонымен қатар іске қатысы бар  басқа да мән-жайлар бойынша  қорытындылар беруге,өзі білетін  тілде немесе ана тілінде қорытынды  немесе айғақтар беруге, өзінің арнаулы  білімінен тыс мәселелер бойынша  немесе материалдар қорытынды беруге жеткіліксіз болса қорытынды  беруден бас тару құқығына,сондай-ақ басқа да құқықтарға ие.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері