Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 00:08, дипломная работа

Краткое описание

Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені ол функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар тізбесіне куәні, сарапшыны, маманды, аудармашыны, куәгерді, сот отырысының хатшысын, сот приставын жатқызамыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында осы аталған қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, мәртебесі, процессуалдық жағдайлары, өкілеттіктері көрсетілген. Әрбір іске қатысушының дербес іс жүргізу функциялары болады.(1.77.)

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………...3-4
1. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР,ОЛАРДЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН ЖІКТЕЛУІ
1.1.Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі………………………………………………...................................5-11
1.2.Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары……………………………………...............................................12-15
1.3.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар.Қарсылық білдіру…………................................16-22

2. ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
2.1.Сот - қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың орны мен мәнділігі ………………………..……...............23-39
2.2.Қылмыстық іс жүргізуге байланысты құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде тергеу бөлімінің бастығы мен тергеушінің ролі………………………………………….................................................39-50
2.3.Анықтау органы. Анықтаушы……………………………..................51-57

3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН
ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері………....…..…58-67
3.2.Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар және олардың түрлері,құқықтары мен міндеттері. ………………...................................68-73
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………...………74-76
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..……….77-79

Вложенные файлы: 1 файл

дипломный.docx

— 114.35 Кб (Скачать файл)

7.Қазақстан Республикасының  мемлекеттік шекарасы туралы  істер бойынша,  сондай-ақ Қазақстан  Республикасының континентальдық  шельфінде жасалған қылмыстар  туралы істер  бойынша -шекара  бөлімдерінің командирлері;

8.Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының  басқа да әскерлері мен әскери  құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскер жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар  жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері, олардың өзінің қызметтік  міндеттерін  атқаруына  байланысты немесе осы бөлімдердің,  құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған  қылмыстары туралы істері бойынша әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің,  құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

9.Өздерінің қызметкерлері  болған елдерінде жасаған қылмыстар  туралы істер бойынша -Қазақстан  Республикасының дипломатиялық  өкілдіктерінің консулдық мекемелерінің  және  өкілетті өкілдіктерінің  басшылары;

10.Өртке байланысты барлық  қылмыстар туралы істер бойынша  -мемлекеттік өртке қарсы қызмет  органдары;

Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша  сотқа дейінгі  іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары  мен міндеттері,   сол  сияқты алысқа жүзу сапарындағы    теңіз  кемелерінің капитандарына, геологиялық  барлау партияларының,  осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау  органдарынан  алыстағы басқа да мемлекеттің ұйымдар мен олардың  бөлімшелерінің   басшыларына  да, -  көлік қатынастары жоқ  болған кезеңде жүктеледі.

С.В. Болотиннің пікірі бойынша: «Анықтау органының іс жүргізу мәртебесін иемдену үшін төмендегідей құқықтық алғышарттардың  болуы қажет: -Заң  белгіленген тәртіппен мемлекеттік  басқару органын  құру; - адамды қызметке  /оның ішінде осы  органның  басшысы  қызметіне/  тағайындау; - аталған  басқару органының анықтау жүргізуге  арналған өкілеттілігінің қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленуі»12 Сонымен бірге қазіргі қолданылып жүрген  Қылмыстық істер жүргізу кодексінің  талдау  қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысушыға анықтау органының мәртебесін  беретін тағы бірнеше белгілері бар екендігі туралы куәландырады. Мұндай қосымша белгілерге мыналар жатады: - Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 65-бабының 2-тармағында аталған органдар  анықтауды жүзеге асырған уақыттағы белгілі бір шектеулер /мәселен, кедендік органдар,  контрабанда туралы істермен  кедендік  төлемдерді  төлеуден  жалтару жөнінде ғана  анықтау жүргізеді; әділет органдары – сотқа құрмет көрсету және  сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер жөнінде анықтау жүргізеді/;  - анықтау органы   тек аталған   органдардың   барлық  жүйесін емес,  тікелей анықтау мақсаттары   үшін  қалыптасқан   құрылымдық  бөлімдерді  ғана /департаменттер,  басқармалар,  бөлімдер,  бөлімшелер/ түсіну, мәселен тұтас жүйе ретінде ішкі істер органдары Ішкі істер министрлігінің аппаратының,  аумақтық органдардан /облыстық  басқармалар,  аудандық  бөлімдерден/  тұрады,  олар өз кезегінде /сондай-ақ  анықтауды жүзеге асыру құқығы  бәріне  бірдей  берілмеген  жекелеген қызметтерден  тұрады;/  - белгіленген өкілеттіктер шегінде қылмыстық іс   қозғалғаннан   кейін ғана  анықтауды жүзеге  асыру құқығының пайда болуы /мәселен,  шекара  бөлімінің командирі қылмыстық іс  қозғап,  сотқа құрмет  көрсетпеуге байланысты қылмыстар бойынша анықтау жүргізуге құқылы емес/;  - анықтау органдарына жедел-іздестіру іс  - қимылын орындау құқығын беру;-алдын ала тергеу  ісін  жүргізу міндетті  емес  қылмыстық істер бойынша толық көлемде сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтау.

         Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  іс жүргізу кодексі бойынша  анықтау органдарының  процессуалдық   жағдайының  ерекшелігі- осы органдарың заң  белгілеген  жағдайда  алдын  ала    тергеуді  жүзеге  асыру   құқығы  болып  табылады.

Анықтау  органдарының  қызметінің  сипаты  олар  алдын  ала  тергеу  жүргізу  міндетті  емес  істер  бойынша  жұмыс  істеуіне  байланысты   ерекшеленеді.

Заң  алдын   ала  тергеу  жүргізуді   міндеттейтін  істердің  тобы  бойынша  анықтау  органы  қылмыстық  іс  қозғаумен  шектеледі,  қылмыстың  ізін  анықтау  және  бекіту  жөніндегі  шұғыл  тергеу  іс қимылын  жүзеге  асырады,  сосын  істі  кідіріссіз  прокурор  арқылы  тергеушіге  береді .  Осы  іс   бойынша  анықтау  органының  одан  әрі  қызметі  тергеушінің  тапсырмаларын орындау   нысанында  жүзеге  асырылады.

Алдын   ал  тергеу міндетті  емес  істер  бойынша  анықтау  органының  өкілеттіктері   әлдеқайда   ауқымды.  Қылмыстық  іс жүргізу  кодексінің  285 – бабының 1-бөліміне  сәйкес  осы  істер  бойынша  анықтау  материалдары  істі  сотта  қарау  үшін негіз  болып  табылады.  Бұл  анықтау  нысанында  іс  жүзінде  алдын  ала  тергеу  жүргізілетіндігін  білдіреді,  бірақ  бұған  процеске  жекелеген  қатысушылардың  құқықтарының  көлемі  және  анықтау  жүргізудің  мерзімі  бөлігіндегі  кейбір  ерекшеліктері  қосылмайды.  Қылмыстың   белгілерін  және  оны  жасау  адамдарды  табу  мақсатында  анықтау  органдарына  қажетті  жедел-іздестіру  шараларын  қабылдау  міндеті  жүктеледі.  Қылмыстық  іс  жүргізу  заңына  жедел-іздестіру шараларының   мазмұнын  ашып  көрсетпейді  Жедел-іздестіру  қызметінің  мәні,  әдістері,  құралдары  Қазақстан  Республикасының «Жедел-іздестіру  қызметі туралы»  Заңы  реттейтін  тақырып  болып  табыладлы. Мұның  өзі  өз   кезеңінде  қылмыстық  іс жүргізу  құқығының  сондай-ақ,  тиісті  ведомствалық нормативтік  актілердің  көзі  болып  табылады.

Бұл  орайда  мынаны  атап  өту  керек,  жедел  іздестіру  шараларын  қабылдау  міндетінің  іріктеп  алатындай  сипаты  болады  және  барлық  анықтау органдарына  қатысы    болмайды,  ол  тек  арнайы  әдістермен  құралдарды  қолданбастан  өзінің  өзгешелігі  бар  функцияларын  жүзеге асыра  алмайтын органдарға  тән (мәселен, қылмыс  жасаған  адамдарды  іздестіру  және  табу  жария  түрдегі  қылмыстық  іс  жүргізу  тәсілдері  мен мүмкін  болмайтын жағдайда) Қазақстан Республикасы Ішкі  істер  министрлігінің  жүйесі  шегінде  жедел  іздестіру  шараларын  жүргізу  құқығы  осы   шараларды  функционалдық  тәртіппен  орындайтын   арнайы  бөлімшелер мен мекемелерге  берілген   және де  анықтау  мен  жедел-іздестіру  шараларын  жүргізу  анықтау  органдары  атқаратын  екі  дербес  функция.  Анықтау мақсаттарына    қол  жеткізу Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің   нұсқауларын  қолдану  жолымен  де,  сондай-ақ  жедел  іздестіру шараларын  үйлестіру  жолымен де  мүмкін   болады.  Жедел-іздестіру  ақпараты  дәлелдемелерге  қылмыстық  іс жүргізу  талаптарын    сақтаған  жағдайда  дәлелдейтіндей  ақпаратқа  айналуы  мүмкін.  Қарама-қарсы  жағдайда  мұндай  ақпараттың  қосымша  бағдар  беретіндей  ғана  сипаты  болады.

 





 



 



 

 

 

Анықтаушы.  Анықтаушы - өз  құзіретінің шегінде қылмыстық іс  бойынша сотқа дейінгі іс  жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттің    лауазымды адам.  Анықтаушы сотқа дейінгі іс  жүргізудің  басталуы  және  жүзеге  асырылуы   шешім қабылдауға,  заңда оларды   анықтау органы  бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе  соттың  шешімі  көзделген   жағдайларды қоспағанда,  дербес  шешімдер  қабылдауға  және тергеу  мен басқа да іс   жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.

Анықтаушы  алдын  ала  тергеу  жүргізілуі  міндетті  қылмыстық  істер  бойынша  кідіртуге  болмайтын  жағдайларда  анықтау  органы бастығының  тапсырмасы  бойынша  қылмыстық  іс қозғауға,  сондай-ақ  шұғыл   тергеу   әрекеттері мен  жедел-іздестіру  шараларын   жүргізуге,  ол  туралы  жиырма  төрт сағаттан   кешіктірмей  прокурор мен   алдын   ала  тергеу   органын  хабардар  етуі  міндетті.

Анықтаушы  соттың,  прокурордың,  алдын  ала   тергеу  органының    және  анықтау  органының   жекеленген   тергеу   әрекеттерін  жүргізу    туралы,  қылмыстьық  процеске   қатынасушы  адамдардың   қауіпсіздігі  шараларын  қолдану   туралы   тапсырмаларын  орындауға  міндетті. Анықтау  органы    бастығының  нұсқаулары  орындауға  міндетті.  Анықтау  органы  бастығының   қылмыстық  істер  жөніндегі  нұсқауына   прокурорға  шағым   жасалуы  мүмкін.   Нұсқауларға  шағым  жасалуы  қылмыстың  саралану  мен  айыптаудың  көлемі   айыпталушыны  сотқа  беру  үшін  істі  прокурорға  жолдау   туралы  немесе  қылмыстық   істі   қысқарту  туралы  нұсқауларды  қоспағанда,  олардың  атқарылуын  тоқтатпайды.   Анықтаушы  қызметінің  тергеуші  қызметінен  ерекшелігі  олардың  іс  жүргізу  дербестігінің  көлемінен  анық  көрінеді.  Осы  іс  жүргізудің  дербестік  деңгейі  мыналардан   көрінеді:

-анықтаушының  прокурордың   нұсқауларымен  келіспеуге  құқығы  жоқ, ол  барлық  нұсқауларды   орындауға  міндетті; -анықтау   органының  құзіреті  алдын  ала  тергеу  жүргізудің  міндетті  екендігі немесе  міндетті  емес  екендігіне  байланысты  шектеледі, осыған  сәйкес  анықтаушының  құзіреті  де  өзгешеленеді; -тергеуші  прокурордың  қадағалауында  болады  және  оның   басшылығымен  тергеу  жүргізеді,  ал  анықтау  жүргізетін  адамды  прокурордың  қадағалауында  болады,  анықтау  органының   бастығына   тікелей  бағынады; -анықтау  органдары  тергеуші мен анықтау  органдары  қызметінің ортақ  аумағында  жасалған  қылмыстар  туралы  істер  жөнінде  тергеушінің  талаптарын  орындауға  міндетті; -басқа  ауданның  органдары  тергеушінің жекеленген  таалаптарын   орындауға   міндетті; -анықтаушының  тергеушіге  тапсырма  беруге  құқығы  жоқ. -тергеу  мен  анықтау  қызметкерлерінен  тұратын  жедел- тергеу  тобында  ұйымдық  және  іс  жүргізушілік  басшылығы  тергеушіге  тиесілі.

Анықтаушының өкілеттігі


 






 

 

 


 




 


 

 


3.ТАРАУ.ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАЙТЫН ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

 

3.1.Өз құқықтары мен мүдделерін  немесе өздері білдіретін құқықтар  мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылардың түрлері

Cезікті. Бұрынғы қылмыстық іс жүргізу кодексінде сезікті деп тану үшін негізсіз кең ауқымды түсінік берген. Атап айтқанда, С.Бекешов, сезікті дегеніміз-"қылмыстың жасалауына ықтимал кінәлі, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен процеске тартылған немесе сезікті ретінде жауап беруге шақырылған адам” деп атап көрсетті.13 В.М. Савицкий және Л.Д.Кокорев бастаған бір топ ғалымдар сезікті ретінде қылмысытқ іс қозғалған кез келген адамды тануды ұсынады. Идея назар аударуға және қылмыстық іс жүргізу заңдарына қабылдауға тұрады, өйткені:

Айып тағылғанға дейін  қылмыстық іс қозғалған адам бұрынғы  қылмыстық іс жүргізу заңдарында ешбір белгіленбеген, яки оның құқықтық мәртебесі айқындалмаған, басқаша  айтқанда құқықтар мен міндеттері жоқ;  адам заң белгілеген құқықтары мен  міндеттерінің жиынтығы нәтижесінде  ғана құқықтық қатынастардың қатысушысы бола алатын белгілі, ал олардың  болмауы  тергеу мүдделі болып отырған  адамға қатысты қылмыстық ізге түсуді бастау іс жүзінде мүмкін еместігін  білдіреді;

-мұндай адамның құқықтық  мәртебесінің белгісіздігі жағдайында  Қазақстан Республикасының Конституциясы  және өзге де белгілеген азаматтардың  заңды мүдделері мен құқықтарын  бұзуға жәрдемдесетін жағдай  туындайды. Сонымен, қылмыс жасауы  ықтимал адамнан іс жүзінде  айыптау тағылғанға дейін куәгерден жауап алу ережелері бойынша жауап  алынады,14 мұның өзі ақиқат айғақ беру міндетін білдіреді, керісінше жағдайларда қасақана жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туындауы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғалған адамды терминологиялық  тұрғыдан өзгеше белгілеу ұсынысы әдебиетте кездеседі. Мәселен,М.Шешуков  мұндай адамды “күдік тағылған адам”  деп атауды ұсынды.Осы арқылы сотқа  дейінгі кезеңдерде процессуалдық  мағынадағы белгілі бір жеке тұлға  мынадай түрде өзгеріске түсуі  мүмкін:  Қылмыстық  іс қозғалған  сәттен бастап ол күдік тағылған болып  саналады, айып тағылғаннан кейін  айыпталушы болып табылады. Күдік  тағылған адам сезіктіге айнала алмайды.М.Шешуков  ұсынысының тартымдылығына қарамастан оның кемшілігі де бар.Терминдердің фонетикалық үндестігі әртүрлі  процессуалдық тұлғалардың мәртебелерінің араласып кетуіне әкелуі мүмкін; оның үстіне сотқа дейінгі кезеңдерде орын алған күдік тағылғанның, сезіктінің және айыпталушының мәртебелерінің айырмашылықтарын белгілеуде елеулі қиындықтар туындайды. Осы айтылғандар, В.М.Савицкийдің  және оның ізбасарларының көзқарасы.

Сезіктінің процессуалдық  тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде  анағұрлым күрделі болып табылыады. Қазіргі заң бойынша Қылмыстық  іс жүргізу кодексінің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес сезікті дегеніміз-өзіне  қатысты қылмыстық іс қозғалған  не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. 1)оған қатысты  іс қозғалған,2)қылмыс жасады деген  күдікпен ұсталған адамды;3)айыптау  табыс етілгенге дейін бұлтартпау шаралары қолданылатын адамды білдіреді.Сонымен  бірге сезікті дегеніміз-қылмыстық  іс жүргізу құқықтық қатынастарының бірден-бір қатысушысы, оның мәртебесі-адамды күдікті деп тану туралы қаулы  шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шаралын қолдану нәтижесінде немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді. Сезіктінің процесте пайда болуынаң заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады.Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны сөз жоқ,сезіктінің жағдайына қояды.

Сезіктінің процессуалдық  жағдайы істе жеке мүддесінің болуына  байланысты.Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта  бірдей сәйкес келе бермейді.Сезікті-өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын  процеске қатысушылардың тізбесін ашатын маңызды процессуалдық тұлғалардың  бірі.Сезіктінің мүдделерін қорғаудың  іс жүргізушілік нысандары әр қилы. Айыптау табыс етілгенге дейін  сезікті ұстап жүзеге асырылған  немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану  кезінде ол қорғаушымен қамтамасыз етілуге тиіс,әрі алғашқы жауап  алу жүргізілгенге дейін қорғаушымен  оңаша және құпия түрде кездесуге  құқығы болуға тиіс.Қорғаушының болмауы  ұсталған адамға айғақ бермеуге мүмкіндік  береді.Қорғаушының болуы ұсталған адамға алғашқы жауап өткізілгенге дейін-ақ өзі үшін анағұрлым тиімді бағыт ұстануына мүмкіндік береді.

Алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін сезікті мүмкін болатын  тәсілмен (телефон арқылы, басқа  да белгілі байланыс арналары бойынша)өзінің ұсталғандығы және тұрғылықты орны немесе жұмысы бойынша қамаудағы орны туралы хабарлауға құқылы.

Сезіктіні ұстаудың шекті  мерзімі жетпіс екі сағаттан аспауы керек. Аталған мерзім ішінде мына шешімдердің  біреуі таңдалады: сезіктіні қамаудан босату; таңдап алынған бұлтартпау шараларын  жоққа шығару;адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту. Сезікті  заңмен белгілеген барлық процессуалдық  құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алады. Бұл туралы сезіктіге қылмыстық ізге түсу органдары түсіндіру қажет.

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар құқықтары мен міндеттері