Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Қорғауға жіберілді

Педагогика кафедрасының меңгерушісі

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

 

5В010200 «Бастауыш оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9

І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы

1.1.Дене шынықтыру жүйесінің  міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14

1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18

ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.

2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру  сабағында ойын түрлері......19 - 28

2.2.Мектеп оқушылары мен дене  шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын  жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым- қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс- тіршілігі мен мінез- құлқына, сондай- ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан- жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық- психологиялық қажеттіліктердің жан- жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш- қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл- қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу- тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тәрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек. Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елеулі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ.

Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының дене шынықтыруда және физиологиялық тәрбиелеуде қозғалмалы ойындардың мәні зор.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-    Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;

-    Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;

-    Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;

-    Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;

- Қозғалмалы ойындар алдындағы  гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін  анықтау;

Зерттеудің жетекші идеясы: Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ жас ұрпақты салауаттылық пен дене тәрбиесін рухани тұтастықта қарастыратын оқу- тәрбие үдерісі еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан — 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:

- Баланың физиологиялық дамуында  ұлттық қозғалмалы ойындардың  алатын орны зор.

- Қозғалмалы ойындар бастауыш  сыныптағы баланың дамуына үлкен рөл атқарады.

- Дене тәрбиесі оқытушыларына  әдістемелік материал ретінде  ұсынуға болады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Мектептің оқу- тәрбие үдерісіне: 
- жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда құндылық бағдар сипатындағы , оқу үрдісінде маңызды бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды; 
- оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда «Оқушылардың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылық құндылық бағыттарын қалыптастыру» әдістемесі жасалды;

- дене мәдениетінен білім мен тәрбие берудің сыныптан тыс сабақтарды және үйірмелерді ұйымдастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;

- зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, жалпы орта мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолданысқа түсті;

- зерттеудің практикалық мәнділігі  ұсынылған қағидалардың жүзеге  асуына, оқыту формалары мен әдістерін  жетілдіруге, мектеп оқушыларында  дене тәрбиесін жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, мектеп оқушыларының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру мәселелері, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, дене тәрбиесі және спорт салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды саралау; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жапы білім беретін мектеп құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, статистикалық әдістер.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде  зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; оқу- тәрбие үрдісінің мектептегі дене тәрбиесі және сабақтан тыс оқу- жаттығу сабақтарының жағдайы зерттеліп, бағдарламалар мен ғылыми- әдістемелік әдебиеттер сараланды. Зерттеу жұмысының теориялық негізі анықталды. Эксперимент бағдарламасы айқындалып, анықтаушы педагогикалық тәжірибе жүргізілді. 
      Екінші кезеңде  зерттеу мақсатынан келіп, әдістемелік ұсыныстар негізінде, мақсатты бағыттағы тәжірибелік- эксперимент жұмыстары жүзеге асырылды. Дене мәдениеті іс- шараларына және спорттық жарыстарға дайындау және жарыстарды өткізудің жоспарлары өңделіп, дайындық жасалынды. Бұл кезеңдегі пайдаланылған негізгі әдістер: бақылау, анкета, сұхбат жүргізу, оқушыларды практикалық, яғни іс жүзіндегі жүргізілетін іс- әрекеттерін талдау. Әсіресе, спортта оқушыларды психологиялық даярлауға үлкен мән берілді. Қалыптастырушы эксперимент жүзеге асырылды. 
      Үшінші кезеңде  тәжірибелік- эксперимент материалдарды жинақтау және өңдеу жұмыстары жалғастырылды; жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсынымдар өңделіп дайындалды және практикаға ендірілді; теориялық және тәжірибелік тексеру қорытынды жұмыстарының нәтижелері жалпыланып, зерттеу қорытынды жасалынды. Зерттеу жұмысының теориялық мәнділігі:

  1. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері талқыланып, теориялық негіздері анықталды.
  2. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайлары мен оны дамытудың мүмкіндіктері сараланып, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық моделі жасалынып, өлшемдері мен көрсеткіштері негізделді.
  3. Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың арнайы әдістемесі жасалды.
  4. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудағы зерттеу нәтижелері тәжірибелік- эксперимент жүзінде тиімділігі дәлелденіп, маңызды оқу- әдістемелік ұсыныстар даярланды.

Зерттеу базасы: Семей қаласының №37 гимназиясы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден,  екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы.
    1. Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары.

Бастауыш сынып  оқушыларының қатарына  I- IV сыныпта оқитын 7- 11 жастағы оқушылар жатады. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері: денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;

Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің  міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық  дағдылар, күн тәртібі туралы  арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының  ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық  ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс  тәртіптері;

- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге  үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;

- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық  дағдылар,  күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- бастауыш сыныптарда қимыл  үйлесімділігі, ептілік, икемділік  қасиеттерін дамыту;

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру