Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. Қазақша күрес, еркін

күрес және жекпе-жектің жекеленген түрлерінің бастапқы, қарапайым тәсілдерін орындау.

Қозғалыс ойындары: "Допқа тигіз!", "Арқар", "Қу түлкі қуып жет!", "Үйшіксіз қоян", "Сынып, тік тұр!", "Саптағы батырлар", "Айқыш-ұйқыш лақтыру", "Ине, жіп, түйіншек", "Қарақұлақ".

Доппен ойналатын ойындар: "Кім жоғары?", "Шеңберге түсір!",  "Шортандар мен шабақтар", "Жырадағы қасқыр", "Қашақ", "Ақбұлақ", "Ақ сандық, көк сандық", "Көрші", "Алтын балық", "Құтқарушылар", "Шыршадағы күрес", "Допты тигіз!", "Шеңберді кеңейт", "Аңшылар мен үйректер", "Сызықтан өткіз!", "Қырықаяқтылар", "Өз жалаушаңды тап!", "Допты беру", "Доптарды ауыстыру", "Теңге алу", "Кім бірінші", "Доп түсір!".

Спорттық ойындар

Баскетбол. Допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан беру. Қозғалыс кезінде кеудеден екі қолмен серігіне доп беру. Кеуде деңгейінде,  жанынан, төменнен келген допты ұстау. Допты оң және сол қолмен алма-кезек алып жүру.

Футбол. Бір орында тұрып оң және сол аяқпен серігіне доп беру (ара қашықтық 3-4 м). Допты аяқпен көтеріп, тастап, оны қолдарымен ұстап алу (жеке тапсырма ретінде). Қойылған заттардың ара-арасымен допты алып жүру. Допты аяқпен тебу жаттығулары. Қақпаға доп соғу.

Бадминтон. Қарсыласы жағына воланды лақтырып жіберіп, оны соғу. Алаңдағы ауысу қозғалыстары. Төменнен және жоғарыдан воланды ойынға қосу.

Стол теннисі. ІІІарды ойынға қосу, оны қабылдау және кері қайтару тәсілдерін меңгеру үшін жетекші және дайындық жаттығулары.

Хоккей. Имектаяқты (клюшка) мұздан айырмай шайбаны алып жүру. Заттардың ара-арасымен шайбаны өткізіп, алып жүру. Имектаяқты екі қолмен оң және сол жақта ұстап, қақпаға шайбаны соғу. Орнында тұрып және қозғалыс кезінде қақпаға шайба соғып үйрену.

Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру.

 

Жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау. Жылдың маусымына байланысты шынығу. Күш пен икемділікті дамытуға, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған жалпы дамытатын жаттығулар кешенін орындау. Шынықтыру процедураларын жүргізудің негізгі тәсілдері. Күн тәртібі (режімі).

Уақытты оңтайлы етіп бөлу (ұйқы, тамақтану, сабаққа дайындық, өзіне-өзі қызмет ету, үй шаруасына көмектесу).

Қозғалыс қасиеттерін дамыту, дұрыс тұлғаны қалыптастыру. Бос уақытта жалпы дамытатын жаттығулармен, қозғалыс және спорттық ойындармен айналысу. Шаңғы және велосипед тебу. Жүзу. Секіртпелермен секіру. Доптармен ойнау. Түрліше жарыстар мен эстафеталарға қатысу.

Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы бөлімі.

Мектеп спортзалындағы спорттық құрал-жабдықтармен танысу. Дене жаттығуларымен айналысудағы қауіпсіздік шаралары.

3 сынып

Жеңіл атлетика

Жүгіру. Сирақтарды артқа сілтей, санды жоғары көтеріп жүгіру. Адымдап секіріп, қосарланған адыммен оң және сол жақ бүйірді (жанды), арқаны алда ұстап жүгіру. "Кең адымда!", "Қысқа адыммен!'', "Жүгіруден саптық адымға көш!" командаларын орындай отырып жүру және жүгіру. Жүгіретін бағытқа арқаны беріп тұрып, таянып отырған жағдай, бір аяқпен тұрған қалып секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан қуып жетіп, басып озу сияқты жүгірулер. 2,5-3 минут бойында бір қалыпты үдемелікте жүгіру.

Секірулер. Екі аяқпен, бір орында 90,180 градусқа бұрыла секірулер. Екі аяқпен итеріле орнынан қашыққа қарғу. Екпін алын ұзындық пен биіктікке секіру.

Лақтыру. Теннис добын қашыққа және нысанаға лақтыру. Алдын ала бастан асыра ұсталынған екі қолмен бір заттарды немесе құм салынған қалташаларды немесе жеңіл тастарды лақтыру. Допты немесе өзге заттарды қайткенде де жоғары және қашыққа лақтыру.

Ойындар

Спорт ойындары. Баскетбол, волейбол, футбол ойындарының элементтері. Қысқартылған ережемен екі жақты командалық ойын ойнау.

Қозғалыс ойындары. "Орын алмастыру", "Қуып жет!", "Қызыл жалау", "Бояулар", "Он шыбық", "Қашақ", "Секіру түрлері", "Көген тартыс", "Салт аттылар", "Кенгуру", "Ара", "Жүргізушіге доп берме!" және т.б. Икемділік, жылдамдық, иілгіштік, көзбен байқауды, шыдамдылық пен күшті дамытуға бағытталған жаттығулар енген эстафеталар мен ойындар.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Бір лекте жүру, қозғалыс кезінде бір лектен екі, үш лекке қайта сапқа тұрып, жүру. "Кең адымда", "Қысқа адыммен!", "бір-екіге сана!",  "біріншілер бір адым алға атта!" командалары.

Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс бастапқы қалпынан және қозғалыс кезінде затпен жасалатын жаттығуларды орындау. Тұлғаға, еркін тыныс алуды белсенді етуге, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған жаттығулар (түрліше бастапқы қалыптардан). Қолдарды екі жанға созған бастапқы қалыптан, жазылып ұсталған және бүгілген қолдарды шыр айналдыру. Қолдармен бір бағытта және қарсы бағытта қозғалыстар жасау. Гимнастикалық орындыққа таянып, тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Бір орында екі және бір аяқпен секіру және ырғып секіру. Иілгіштік пен босаңсуға жаттығулар.

Өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асыла тербелу, өрмелеу және тартылу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп, төбеге қойылған жеңіл затты түсірмей жүру. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп, бөрененің үстімен жүру. Қолдардың әр түрлі қозғалысымен үйлестіре аяқтың ұшымен, жартылай отырған қалыпта бөренемен жүру.

Акробатикалық жаттығулар. Жинақталып, алға домалап түсу. Таянып отырған бастапқы қалыптан артқа аударылып түсіп, жауырынға тұру. Иілгіштікті дамытуға жаттығулар: көпір жасау, жартылай шатқа отыру, еденде отырған бастапқы қалыптан кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Босаңсуға арналған жаттығулар.

Асылу кезіндегі жаттығулар. Аласа белтемірде (перекладина) жатып, асылып тартылу (гимнастикалық кіші атқа аяқтарды тіреп). Бүгіліп және шалқайып асылу, бір не екі аяқтың қылтасымен асылу. Қолдарды төмен жіберіп қылтамен (тізенің астымен) асылу.

Тірелу, таяну жаттығулары. Таянып жатқан бастапқы қалыптан қолдарымен алға қарай қозғалу. Серігінің көмегімен қолмен жүру. Артқа таянып жатқан бастапқы қалыптан алға және артқа жүру.

Шаңғы дайындығы. Шаңғы жолында шаңғымен таяқсыз жүру. Аз ғана еңіс шаңғы жолындағы бір мезгілді бір адымды жүріс. Жүрудің түрліше тәсілдерін пайдалана отырып жүру: аттап басу, сырғанау, алма-кезек екі адымды және бір адымды жүріс (итерілуге даярлық, итерілу, дененің  салмағын аяқтың ұшына аудару). Орнында тұрғандағы жаттығу: таяқты ілгері шығару – қарға тіреп қою. Шаңғы жолымен 800-1000 м-ді жүріп өту. Төбешікке баспалдақ әдісімен көтерілу.

Жүзу. Құрлықтағы дайындық жаттығулары: иілгіштік пен дененің бөліктері мен буындарының аяқ, қол, кеуденің қозғалғыштығын арттыратын жаттығулар. Судағы жаттығулар: демді алу – суға бату – демді шығару. Әуіздің жиегіне қолды тіреп, аяқтармен еркін жүзу әдісінің (кролмен) қимыл- қозғалыстарын орындау. Аяқпен итерілгеннен кейін кеудемен жылжу (тақтайдың жәрдемімен) – суда дем шығару. Аяқпен итерілгеннен кейін жылжу, еркін жүзу әдісінің қозғалыстарын аяқпен орындау.

Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. Қазақша күрес, еркін күрес және жекпе-жектің жекелеген түрлерінің қарапайым тәсілдерін  орындау.

Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру.

Күн тәртібін орындау. Өзіне-өзі қызмет етуге, белсенді демалысқа, үй шаруасына көмектесуге бөлінген уақытты оңтайлы пайдалану. Жыл маусымына сай таңертеңгілік гимнастика кешендерін жүйелі түрде орындап отыру. Күн сәулесі, ауа мен су секілді табиғаттың сауықтыру факторларын  пайдалану. Жеке гигиенаның негізгі талаптарын орындау.

Қозғалыс қасиеттерін дамыту, дұрыс тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыратын арнайы дене жаттығулары. Баскетбол, футбол ойындары. Жүгіру, секіруден мектепте өтілетін жарыстарға қатысу. Эстафеталық ойындарға қатысу.

Сабақтың материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайлары туралы білімі. Өз қаласының, ауданының спорттық кешендерімен,  Шымбұлақ тау шаңғысы базасымен, биік таулы аймақтағы Медеу мұз айдынымен және басқалармен танысу. Әр түрлі спорттың Қазақстандағы даму тарихы.

4 сынып

Жеңіл атлетика

Жүгіру. Сирақтарды артқа сілтей, санды жоғары көтеріп, жүгіру, адымдап секіріп, қосарланған адыммен – оң және сол жақ бүйірді, арқаны алда ұстап жүгіру. Кең адымда! Қысқа адыммен! командаларын орындай жүру және жүгіру. Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жоғарғы сөреден (старттан) шығып жүгіру. Қуып жетіп, басып озу жүгірістері. 30-60 метрді уақытты есептеп жүгіріп өту.

Секірулер. Бір орында екі аяқпен 90,180,360 градусқа бұрыла секірулер. Екі аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа қарғу. Отырған бастапқы қалыптан жоғары қарай секіру. Екпін алып ұзындыққа секіру техникасының элементтері; секіру фазалары: екпін алу, 25-30 м-лік қиындыны бірқалыпты екпінмен жүгіріп өту, 15-20 м-лік қиындыны жылдам екпінде жүгіріп өту. Қадамның жиілігін арттыра адымдап секіру. Биіктікке секіру техникасының элементтері; секіру фазалары: екпін алу, серпілумен үйлестірілген жүгіріс, кергісіз секіру.

Лақтыру. Теннис және резеңке допты лақтыру (қашықтық пен нысанаға). Допты екпін алып лақтыру (екпін алудың бастапқы бөлігі – 8-10 жүгіру адымы), сол (оң) аяқпен бақылау сызығына дөп түсу.

Ойындар. Баскетбол, волейбол, футбол спорттық ойындарының  элементтері. Қысқартылған ережемен командалық ойындар ойнау.

Қозғалыс ойындары. "Орын алмастыру", "Қуып жет!", "Қызыл жалау", "Бояулар", "Он шыбық", "Қашақ", "Секіру түрлері", "Көген тартыс", "Салт аттылар", "Кенгуру", "Ара", "Допты жүргізушіге берме!". Жүгіру, секірулері бар эстафеталар көп жағдайда икемділік, жылдамдық, шыдамдылықты дамытуға бағытталған қозғалысы орташа тыгыздықтағы ойындар.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Бір лектен екі, үш лекке қайта сапқа тұрып, жүру. Кең адымда! Қысқы адыммен! Жүгір! "Бір-екіге сана!" сана командалары.

Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс бастапқы қалпынан және қозғалыста заттармен жаттығулар орындау. Қозғалыс үйлесімділігіне, тыныс алуды белсенді етуге, тұлғаға бағытталған жаттығулар. Мойын, кеуде, аяқ пен қолдардың еттерін нығайту жаттығулары. Күш пен иілгіштікті дамыту үшін жұппен орындалатын жаттығулар. Ырғақты гимнастика кешенін (8-10 жаттығу) орындау. Шапшаңдық-күштілік қасиеттерін қалыптастыру үшін арқа мен іш еттерін нығайтуға арналған жаттығулар. Бір орында екі және бір аяқтап секіру. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.

Өрмелеу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттардан аттап, тізені көтеріп бөренемен жүру. Аяқтың ұшымен, қосарланған адыммен, алға аттап түсумен бөренемен, гимнастикалық орындықпен жүру. Бөрененің үстімен жүгіріп өтіп, қолдарды сілтей секіріп түсу. Көзді жұмып бөрене не орындықпен  жүру. Бір аяқпен тұру.

Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған жағдайдан жинақталып алға қарай екі рет бірге тоңқалаң асу. Таянып отырған қалыптан артқа қарай аударылып түсу – жауырынға тұру. Баспен және  қолмен тұру. Серігінің көмегімен қолмен жүру. Гимнастикалық қабырғаға аяқтарды тіреп (ер балалар) қолға тұру. Көпір жасау, жартылай шат, толық  шатқа отыру.

Асылып тұрғандағы жаттығулар. Аласа белтемір (ер балалар); әр түрлі биіктіктегі қос сырық (қыздар): асылып тұру, бүгіліп және шалқая асылу. Асылып тұрған жағдайдан – бір аяқты сілтей және екіншісімен серпіле – артқа қарай аударыла көтеріліп отыру. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрғанда (жоғарыдан немесе төменнен ұстап) аяқпен итеріле-бүгілген қолдармен асылу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрғанда – оңға және солға теңселу; алға және жанға аяқтарды кезек-кезек сілтеу. Аяқтарды бүге (тізелерді кеудеге тарта) бүгіліп асылу. Бүгіліп асылып тұрғанда (жоғарыдан немесе төменнен ұстап) – қолды баяу ғана бүгіп, жазу.

Таянып секірулер. Гимнастикалық кіші ағаш ат (биіктік 110 см) – секіру фазалары: екпін алу – көпіршеге секіріп түспей-ақ 8-10 м қиындыны жүгіріп өту; екпін алып – көпіршеге секіріп түсу; секіріп шығып отыру – шалқайып секіріп түсу.

Шаңғы дайындығы. Шаңғы жолында конькишінің жүрісімен таяқсыз жүру. Бір мезгілдегі бір адымды жүріс: адым жасағанда қолды ілгері шығару, екінші адымда – таяқты қарға тіреу, екі таяқпен итерілу – аяқтарды бір-біріне жақындастыру, таяқтарды қардан суырғанда – екі шаңғымен сырғанау. Беткейден түскенде толық үйлесімділікте қозғалыс-қимылдарын орындау. ІІІаңғы жолымен 1000-1500 м-ді жүріп өту.

Жүзу. Судағы жаттығулар: бір қолмен алда тақтайды, екінші қолды санда (жанда) ұстап еркін жүзу қимылдарын аяқпен жасай жылжу. Тақтайшаны ұстап еркін жүзу. Аяқтардың көмегімен еркін жүзгенде – демді ішке алу, тыныс алуды тоқтатып, басты суға батырып дем шығару. Белге қалтқы байлап, қолдар қозғалысының көмегімен еркін жүзу.

Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. Қазақша күрес, еркін күрес және жекпе-жектің жекелеген түрлерінің қарапайым тәсілдерін орындау.

Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. Мектептегі сабақ мезгілі мен сабақтан бос уақытта күн тәртібі мен қозғалыс белсенділігін сақтау. Шынығудың гигиеналық ережелерін сақтау. Мектепте және мектептен тыс жерде өткізілетін, ұйымдасқан ойындарға қатысу. Мектепте өткізілетін жүгіру бойынша жарыстарға, дала жарыстарына (кростарға) қатысу. Қысқартылған ережемен баскетбол, волейбол, футбол ойындарын ойнау. Жеке және қоғамдық гигиенаға қойылатын негізгі талаптарды орындау.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру