Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің мұғалімін дайындауда “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” атты пәнді оқыту негізінде болашақ жоғары білімді маманға тәжірибелік жұмыс кезеңдерінде алға қойылған дене тәрбиесіне қарасты мақсаттарды орындаудағы тиімді жолдарды пайдалану, дене тәрбиесінде қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып көптеген әдістермен тәсілдерді дұрыс іріктеп қолдануды үйрету болып табылады.

Дене тәрбиесінің ең басты мақсаты адам балысының дене жағынан жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін қамтамасыз ету болып табылады.

Дене тәрбиесі процесінде барлық міндеттердің көптүрлілігі үш топты құрайды: сауықтыру, тәрбиелілік, білім беру.

Сауықтыру міндеттері денсаулықты артыруға, денені жетілдіруге көмектесетін, адам ағзасының құрылымын бірқалыпты деңгейде дамытуға бағытталаған.

Сауықтыру міндеттерінің негізгі көрсеткіштері адамның денсаулығын жақсарту және денені дамыту болып табылады.

Тәрбиелілік міндеттер дене және рухани күштердің белгілі нәтижесінде адамның жан – жақты дамуына бағытталған.

Дене тәрбиесі педагогикалық процестің құрамында бола отырып, өзіне тән құрал, әдіс арқылы тәрбиенің жалпы міндеттерін шешеді.

Білімділік міндеттер белгілі бір қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға, осы саладағы арнаулы білімдермен қаруландыруға бағытталған.

Дене туралы білім адамдардың қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын, білімді жинақтауға ғана емес, сонымен қатар өз білімі мен тәжірибесін өмірде қолдана білуді және дене жаттығуларын жеке дара игеруді, пайдалануды қарастырады.

Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей  жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.

Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді  жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын  жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м.қашықтыққа бар екіпінімен жарыса  жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30м. —8,5-7,5 сек).

Жан-жақты дамытатын жаттығулар. Бұл топтағы жаттығулар негізі мынадай:

1.  Қол мен иық бұлшық еттеріне  арналған жаттығулар.

2.  Дене бұлшық еттеріне арналған  жаттығулар.

3.  Аяқ бұлшық еттеріне арналған  жаттығулар.

НЕГІЗГІ ҚИМЫЛДАР

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтаймен, баспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

Оқушы ана тілінде түсінікті және таныс қимыл жаттығуды сөзбен де,  онан соң іс жүзінде де орындай білу керек. Жаттығуды өз бетімен түсініп орындауы оның ақыл ойының, сол қимыл жайлы түсінігінің және сол қимылдарға байланысты тілінің дамуына мүмкіндік туғызады. Сөзбен берілген іс әрекетті дәл ме дәл түсініп, қимылға айналдырады. Бұдан әрі бастауыш мектеп оқушылары онша күрделі емес, қимыл жаттығу ойндарды өз беттерінше орындай алады және алдағы осы қимылдарға сай келетін ойын – жаттығуларды да өз бетінше орындай алатын болады. Бұған қатысты И.М. Сеченов “ Түсінген нәрсені ғана еске түсіруге болады. Естіген сөздің мәні басты роль атқарады” деген.

     Дене тәрбиесі сабағында  қимыл жаттығуларды үйрету сөзбен және сол сөзге байланысты ұлттық ойындарды бүгінгі талапқа байланысты қолданылуы тиіс.

    Бастауыш мектеп оқушыларының  психологиялық ерекшелігін ескере  отырып,  қимыл – қозғалыс  ойындар  ойнағанда кім жақсы, кім шапшаң,  кім дұрыс ойнайтынын көрсетіп, баланың ынталандыруын арттыру керек. Әр жас бала кезінде өз психикалық ерекшелігіне сай білім мен іскерліктерді мол меңгеруі қажет. Осыған байланысты қимыл – қозғалысты, дағдалырды игеру қолдау тапқырлығы күшейе түседі.

    Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбие сабағында қимыл – қозғалыс дағдыларының дұрыс қалыптасуы және солардың аталуын білу,  болашақта орта және жоғары мектепте, спортта, одан әрі қарай дамуының ірге тасы болып қалады. Біз бастауыш мектеп оқушыларының психологиясына көңіл бөле отырып, мынаны байқадық: бала бір жағдайдан екінші жағдайға яғни мектеп табалдырығын аттанғанда,  баланың психологиясына көп өзгерістер енетіні. Өтпелі кезеңде нерв жүйесінде, психологиясында ауыр кезеңдер өтеді.[37]

Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б. Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басының жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық  сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей карқында қимыл үйлесімін, саналылықты, жинақылықты ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді (мінбеге шығу, арқаннан жасалған сатымен өрмелеу, теңестірілген бөрененің, енсіз тақтайшаның  т.б. үстімен жүру) талап етеді. Бұл жаттығуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығумен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, адалдық, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балалардың аталған қасиеттерді қайталауына және тәрбиешінің басшылығына қарай олардың белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады.  Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдай талап ететін ықпал ету әдістерін: баланың бойында, әсіресе кішкентайлар тобындағы баланың бойында батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде баланың көзін жеткізетін тәсілді, баланың әр әрекеті арқылы практика жүзінде үйретуді (тәрбиешінің көмегімен) және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әртүрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын және барлық балалардың көзқарасын) салыстыруды, сендіруді пайдаланады. Балалардың дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелеуге, сезімдері мен тілегін балалардың бәріне бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі баланың бойында теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады. «Eгер адам бала кезінде белгілі бір әлеуметтік себептерді, яғни тежегіш қозуларды басшылыққа ала отырып, өз қылықтарын тежей алмаған болса, - деп жазады профессор П. К. Анохин, - онда ол үшін алдағы уақытта эмоциялардың кез келген мәжбүрлі және үзілді-кесілді тежелуі кенеттен болады, ал нақ осының өзі қауіпті болуы мүмкін. Біз баланың бойында тежегіш қозулар кешенін қалыптастырамыз, яғни саналылықты кең мағынада дамытуымыз керек. Эмоцияны тәрбиелеу адамның жеке басын үйлесімді дамытуға жеткізеді. Ал осындай жоспарлы жаттығу жасау сәби жастан басталуы керек». Дене шынықтыру сабақтарында, әсіресе ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балаларды үйрету процесінде тәрбиеші оларды өздеріне лайық эстетикалық нормаларды сақтауға баулиды. Бала тәрбиешінің ықпалымен эмоционалды, саналы түрде жалпы талапқа бағынады: түсіндіріп айтқандарды көңіл қойып тыңдайды, тапсырманы дер кезінде орындайды, сабақта белгіленген жүйелілікпен әртүрлі әрекеттерге қосылады. Біртіндеп күрделі тежеу реакциясының дамуымен тығыз байланысты баланың қоғамдық сезімі мен санасы қалыптасады. Іс жүзінде бұл ұстамдылыққа, тәртіпке белгілі, балаларға түсінікті тәртіп нормасын тануға, балалардың жеке бастарының қылықтарымен балалардың басқа қылықтарының қажетті мөлшерін қалыптастыруға, адамгершілік сананы бойға сіңіруге үйретеді. Қимыл-қозғалыс ойындары баланың белгілі бір адамгершілік қасиетін ашпай қоймайтын жағдай жасайды. Мысалы, «Батыл балалар», «Eкі аяз», «Aйлакер түлкі» ойындарында бала екі ұстап алушының ортасымен жүгіреді, өзін ұстап алуға тиіс «түлкі» жанында тұруы мүмкін екендігін біле тұра сигнал берілгенге дейін шеңберден шықпайды, өзін жетекші ұстап алу қаупі төніп тұрса да жолдастарына көмектеседі т.б. Осылардың бәрі онын бойында батылдықты, табандылықты, ұстамдылықты, достық сезімді жүйелі түрде қалыптастырады. Ойынның белгілі шарттары, оның ережесі балалардың оларға өз еріктерімен бағыну қажеттігін туғызады. Ойын кезінде жағымды әрекеттің және қылықтардың бірнеше рет қайталануы балалардың бойында адамгершілік қасиеттері дағдысын біртіндеп қалыптастырады. Одан әрі балалар өз беттерінше, белгілі бір сәтте тәрбиешінің әсер етуінсіз-ақ оларды саналы әрі эмоционалды түрде көрсете бастайды. Сөйтіп, дене шынықтыру сабақтарында балаларды өздерінің нақты жағдайында мінез-құлықтық этикалық нормаларын орындауға біртіндеп іс жүзінде үйрету адамгершілік сезім мен сананы қалыптастыруға көмектеседі. Дене шынықтыру сабақтары балалардың ақыл-ойының дамуына көмектеседі. Сабақ кезінде қимыл әрекеттеріне үйрету процесінде тәрбие-білім беру міндеті жүзеге асырылады. Балалар дене жаттығуларының және оларды дұрыс орындаудың денсаулық үшін маңызы туралы, гигиена және шынығу жөніндегі өздеріне қолайлы мәліметтер жайлы, спорттың жекелеген түрлері жөніндегі кейбір қарапайым білімді игереді, спорттық терминологияны меңгереді. Олардың қоршаған орта жөніндегі түсінігі нақтылана түседі, кеңістікті, уақытты бағдарлауы, жаңартушы және шығармашылық елестетуі, есте сақтау қабілеті дамиды, ойлау қызметі жанданады. Баланы қимыл әрекеттеріне үйрету процесі сана ісімен байланысты. Тәрбиеші, әрбір жастағы кезеңде балалардың ақыл-ойының даму дәрежесін ескеріп, оларды ұсынылған қимыл тапсырмаларын түсінуге, соған байланысты қимылдарды дұрыс орындауға, жекелеген әрекеттерді бақылап, салыстыра білуге, оларды жинақтап қорытуға біртіндеп үйрете отырып, тиісті әдістемені қолданады. Ол қарапайым формада баланы өз қимыл әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындығы, қимылды дұрыс орындағанды мақұлдауы, кемшілік жөнінде ескерту жасау, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беру және с.с. маңызды рөл атқарады. Yйретудің бүкіл процесі балалардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: қимыл әрекеттерін тәрбиешінің тиісті түсіндірулерімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, балаларға таныс жаттығуларды тәрбиешінің сөзбен берген нұсқауы бойынша қайталап жасау есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді, бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айтып суреттеумен көрсетілген тапсырманы балалардың орындауы олардың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл баланың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелілігінің егжей-тегжейін нақтылауға, оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарында тәрбиешінің ойын мазмұнын бейнелі түрде баяндауы немесе мазмұнсыз ойынды, оның ережесін қысқаша дәл түсіндіруді, ересектер тобының балаларының ойынымен оның ережесінің мазмұнын өз беттерінше түсіндіруі, сондай-ақ оны тәрбиешінің бақылауымен өз беттерінше ұйымдастыруы - мұның бәрі ойлау процесін дамытуды, есте сақтау қабілетін жаттықтырады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі, пропорционалды дене бітімі, еркіндік, қысылып-қымтырылмаушылық, ізгілік, қимыл мәнерлілігі-адамның барлық мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі мен санасының жоғары дамуынан, адамдарға кіші пейілділік пен тілектестік, немқұрайдылыққа, принципсіздікке төзбеушілігінен көрінетін жан сұлулығымен ажырағысыз байланысты. Бұл бейнеге, ең алдымен, тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кіші пейілділігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Дене шынықтыру  сабақтары процесінде балалар өздері үйренген жаттығуларды өз беттерінше заттармен: таяқтармен, құрсаумен, ленталармен, доптармен, секіргіштермен, серсолармен және с.с. әсем орындайды. Олар, әсіресе музыкамен сүйемелденген кезде  ұжымдық қимылдың өздеріне қолайлы жатықтығын, үйлесімділігін, дәлдігін көрсете жүріп, әртүрлі сапқа тұру, қайта сап түзеуге қатысады. Мұның бәрі балалардың эстетикалық эмоциясын туғызып, талғамын, қимылға деген сүйіспеншілігін дамытады және эмоционалдық-эстетикалық қанағат сезімін туғызады. Балаларды қимыл-қозғалыс ойындары зор қуанышқа бөлейді, олардағы әртүрлі ойын бейнелері баланың өз басының шығармашылық инициативасын көрсетуіне мүмкіндік береді. Демек, сабақ процесіндегі балалардың барлық қимыл әрекеті эстетикалық эмоцияларға толы дене күші мен психикалық күштің өрлеуін туғызады, сондай-ақ организмді сауықтыруға, өмірдің қуанышты сезімін арттыруға әсер етеді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда сыртқы ортаның, сабақ үшін гигиеналық жағдай жасалуының, балалардың және тәрбиешінің әдемі спорт костюмі болуының, барлық құралдар мен жабдықтардың көркем безендірілуінің зор маңызы бар. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рөл атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, халықтық фольклорды (ойын бастау, санамақ, әндету) пайдалану, балалардың мінез-құлқына, олардың қимылды орындау санасына эстетикалық-этикалық баға беру - бұлардың бәрі балаларда эстетикалық белгіні, эстетикалық бағасының өзара қатынасы мен нақтылығын біртіндеп қалыптастырады. Тәрбиеші көрсеткен дене жаттықтыруларының көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың әсем, дәл орындалуы балалардың  солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектер тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік бірдеңе қосуға, сондай-ақ өз ойындарын ойлап шығаруға үйретеді, балалардың шығармашылық елестетумен, өз әрекетіне шығармашылық қатынасымен байланысты эстетикалық ұмтылысын дамытады. Сабақта эстетикалық сезімді, талғамды және әсемдікке сүйіспеншілікті қалыптастыруда музыканың ерекше зор маңызы бар. Дене шынықтыру сабақтарындағы эстетикалық ықпал етудің аталған кешені дене тәрбиесімен табиғи бірігіп кеткен эстетикалық тәрбие бағдарламасының айтарлықтай үлесі болып табылады. Дене шынықтыру сабақтары балалардың қарапайым еңбек іс-әрекетімен байланысты. Бұл байланыс кәдімгідей формадан, өзіне-өзі қызмет көрсетуден, кезекшіліктен, тәрбиешінің кейбір тапсырмаларын орындаудан көрінеді. Алайда балаларды еңбекке тарту олардың жасына, жеке бастарының мүмкіндіктеріне сәйкес тәрбиешінің сараланған көзқарасын көздейді. Бұл балалардың көлемі және саны жөнінен әртүрлі қимыл жасап білуімен, заттармен (ойыншықтар, ұсақ дене шынықтыру құралдары, ірі дене тәрбиесі жабдықтары) ойнай білу дағдысының болуымен, баланың өз әрекетінің мақсатын түсінуінің, оған жетуге тырысуының дәрежесімен анықталады. Тәрбиешінің ең маңызды міндеттерінің бірі балалар еңбегінің қоғамдық бағытын, әрекеттің қоғамдық себептерін қалыптастыру болып табылады (балаларды еңбекке итермелейтін болуы, өздерінің еңбек ету міндеттерін не үшін және кім үшін орындайтынын білу маңызды). Мысалы, кезекшілер дене шынықтыру сабағына кілемшелер мен құрсауларды дер кезінде дайындап, олар барлық балалардың пайдалануына қолайлы болуы үшін оларды белгілі орындарға қояды. Мақсатты және оның қоғамдық маңызын (сабақтағы барлық балаларға нақты пайдасын) айқын түсіне отырып, олар тәжірибе көрсетіп отырғанындай, өздеріне тапсырылған істі жігерлі, ізгі ниетпен, құштарлықпен орындайды. Кішкентайлар топтарында негізінде тәрбиешінің өзі, балаларды қарапайым тапсырмаларды: жалаушаны, допты, қуыршақты және с.с. әкелуді орындауға тарта отырып әрекет етеді. Алайда осы тапсырмалардың өзінде әрекеттің қоғамдық мәні бар: допты, жалпы, ойын үшін әкелу керек, орындықтарды ойнайтын балалар үшін қою керек және т. б. Жасына қарай еңбек тапсырмалары мен кезекшілік көлемі, оларды балалардың өз беттерінше орындауы, бағдар ұстау белгілерінің азаюы жөнінен күрделене түседі. Тәрбиеші не істеу керек екенін айтады, ал әрекетті орындаудың жоспары мен әдісін таңдау балалардың өздеріне беріледі. Балалардың алдына міндеттердің нақты қойылуы, жалпы және жеке тапсырмалардың олардың арасында бөлінуі, олардың өз беттерінше орындауына сенім жағдайында және орындалған тапсырманы міндетті түрде қысқаша бағалау кезінде дене шынықтыру сабақтарындағы жүйелі қарапайым еңбек әрекеті жеткілікті дәрежеде берік ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Жаттығу нәтижесінде балалардың бойында заттарды (жалаушаларды, құрсауларды, таяқтарды және с. с.) күтіп ұстау дағдысы қалыптасады, олардың орны және оларды сақтау әдісі (шкаф, кәрзеңке және с. с.) туралы біліктілігі, ықшам дене тәрбиесі жабдықтарын бірлесіп, жігерлі, топтасып, тез және келісімділікпен орналастыра білуі, тарсылдатпай, асықпай, уақытты үнемді жұмсай білуі нығаяды. Мұндай әрекеттер қимыл үйлесімін, олардың ептілігін, кеңістікте, уақыт бойынша бағдар белгілеуін, дербестігін, жинақылығын, әрекет келісімділігін жетілдіруге, сондай-ақ ұжымдық сезім мен тапсырылған іске жауапкершілікті дамытуға көмектеседі. Жасы жөнінен аралас топтағы дене шынықтыру сабағы дене жаттығуларын ерекше мұқият іріктеп алуды талап етеді, олар бір топқа біріктірілген барлық балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай келуі керек. [ 7 ]

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика - баланың отбасындағы, бөбекжайдағы, балабақшадағы күн тәртібінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл организмін біртіндеп әрекет ету жағдайына тартады. Дене жаттығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық - көру, есту, тірек-қимыл, тері рецепторларынан келетін импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін, тұтастай организмнің тіршілік қызметін туғызады, қалпына келтіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ертеңгілік гимнастикаға жатады немесе отбасында және интернат үлгісіндегі мекемеде бала оянғаннан кейін іс жүзінде дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі топтарда ол сауықтыру, ұйымдастыру маңызын сақтайды. Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.

  Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра (сумен ысқылау, құю, душ) орындауы  барынша жақсы сауықтыру тиімділігіне жеткізеді. Ертеңгілік гимнастикамен ұштастырылған су процедурасы жүйке жүйесінің жалпы жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін жақсартады, оны нығайтады, шынықтырады, қоздыру, тежеу процестерін теңестіруге көмектеседі, алмасу реакциясын жақсартады, тұмаудың, жұқпалы аурулардың иммунитетін қалыптастырады, балалардың балғындық, жеңілдік, шаттық сезімін туғызады. Балалардың организмін шынықтыру мақсатында судың температурасы жүйелі түрде, бірақ біртіндеп төмендетіледі: бұл орайда дәрігердің көрсетуіне сәйкес әрбір балаға жеке-жеке қарау қатаң сақталады. Сөйтіп, шынықтыру процедурасымен өзара байланыстағы ертеңгілік гимнастика баланың күні бойы шат көңілді жағдайын жақсартатын, сақтайтын маңызды, сан салалы дене шынықтыру - сауықтыру процесі болып табылады.

Ертеңгілік гимнастиканы жүйелі түрде өткізу жаттығуларды балалардың бұрын үйренген жаттығуларынан алдын ала іріктеп алуды талап етеді. Iріктеліп алынған жаттығулардан күнделікті пайдалануға арнап кешендер жасалады. Жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу дене бітімін дұрыс қалыптастыру мақсатында бұлшық еттердің негізгі топтарын белсенді жұмысқа біртіндеп қатыстыру, оларды дамыту және нығайту жолымен организмнің тіршілік қызметін арттыруды көздейді. Бұлшық еттердің әр түрлі топтарын белсенді жұмысқа тартуды көздейтін, белгілі бір тәртіппен орналастырылған жаттығулар әрбір кешеннің мазмұнын құрайды. Бұл орайда жаттығулардың мынадай жүйелілігі: 1) иық буындарының, көкірек қуысының қозғалғыштығын дамытуға және омыртқаның түзуленуіне жәрдемдесетін иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға, нығайтуға арналған; 2) құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған, осы бұлшық еттерді нығайтуға бағытталған, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын; 3) арқа бұлшық еті мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға, нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді дамытуға көмектесетін, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын, аяқ буындарын дамытатын, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар белгіленеді.

Нақты жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу белгілі бір топтың балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топқа арналған балабақша бағдарламасымен анықталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында  ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика үшін күн тәртібінде сағат 9.00- 9.20- ға (жас ерекшелігіне қарай) дейінгі уақыт аралығы белгіленген.

Ертеңгілік гимнастика организмнің функциялық жағдайына пайдалы әсер ететін жүруден, жай жүгіруден, жалпақ табандылықтың алдын алуды, кеңістікте бағдар ұстауды көздейтін ұзаққа созылмайтын жаттығулардан басталады, одан кейін балалар жалпы денені дамытатын жаттығуларды орындау үшін бірнеше тізбекті сапқа немесе шеңбер жасап тұрады.

Бұдан кейін біртіндеп қарқынды, ал одан соң баяу жүріске ауысатын жүгіру (немесе секіру) өткізіледі, ол орнында тұрып аяқ басумен және тоқтаумен аяқталады. Сөйтіп, ертеңгілік гимнастика процесінде бұлшық еттердің барлық негізгі топтары бүкіл организмді әрекет ету жағдайына келтіре отырып, біртіндеп жұмысқа қосылады. Жүгіру немесе секіру кезінде денеге мейлінше көп ауыртпалық түскеннен кейін, ол біртіндеп төмендейді (жүру кезінде), ал тоқтау сәтінде организмнің жағдайы бұрынғы қалпына келеді. Ертеңгілік гимнастикада заттарды (жалаушаларды, таяқтарды, құрсауларды т. б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану өте тиімді болады.[25]

          Ертеңгілік жаттығу кезіндегі музыка. Ертеңгілік жаттығу процесінде музыка балалардың эмоциялық өрлеуін, өмірді қуана түсінуін туғызады. Ертеңгілік жаттығу үшін музыкалық шығармаларды таңдап алу оған енгізілген жаттығулардың сипатымен анықталады. Сөйтіп, ертеңгілік жаттығу музыкалы маршпен үндескен ширақ жүріспен басталады. Керісінше, ертеңгілік гимнастиканың соңындағы жүру ағзаны тыныштандыру үшін беріледі. Осыған орай қорытындылаушы марш та байсалды болуға тиіс. Ересектер тобында гимнастиканы ән айтып жүрумен бастау ұсынылады. Ән айту балалардың көңіл күйін сергітеді және ерекше әрі пайдалы тыныс алу гимнастикасы болып табылады. Музыка жетекшісі болмаған кезде тәрбиеші соқпалы аспаптардың бірін - дабылды, барабанды пайдаланады, оның үстіне музыка күйтабақ, үнтаспа, теледидар арқылы берілуі де мүмкін.

         Ертеңгілік жаттығуды өткізу  әдістемесі. Сауықтыру, тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша белгіленген дәл уақытында өткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп алу және гимнастика жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру