Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек  сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі  қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;

- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын  статикалық жаттығулар кезінде  мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда,  тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда  тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;

          - оқушыларды  бастауыш сыныптардан бастап  Президенттік сынама сынақтары  жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;

          - оқушылардың  дене тәрбиесі мен спортқа  деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі  шұғылдануға дағдыландыру керек.

      Мектептің міндеті  – оқушыларды дене тәрбиесі  жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;

- оқушыларды ұйымдастыру, басқара  білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі  белсенділерін дайындау.

  Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.

Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз  керек.

Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты:

- кіші мектеп жасындағы балалардың  күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.

Мақсаты:

– Бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуында таңертеңгілік бойжазу жаттығулары мен сабақ кезінде өткізілетін сергіту жаттығуларының маңыздылығын, қажеттілігін ашып көрсету. Жаттығулардың өткізілу барысы, орны, жаттығу түрлері, олардың ерекшеліктері жайында мағлұматтар беру.

– Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығын нығайтуда алатын орны, пәннің қажеттілігі, бастауыш мектеп оқушыларына арналған дене шынықтырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

– Дене тәбиесі пәнінен қызықтыра отырып оқушылардың дене саулығын сақтап, олардың физиологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуы, азаматтық қасиеттерінің дамуы, ұжымдық, достық сезімдерінің пайда болып, ерік- жігерлерінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасалуы қажеттігін айту.

– Дені сау қоғам қалыптастырып, дамыған алдыңғы қатарлы мемлекет болуда болашағымыз балардың денсаулығының маңыздылығы, олардың салауатты өмір салтын сақтайтын азамат болып өсуін бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру керектігін атап көрсету.

Міндеттері:

- оқушыларды Отанын, халқын сүю  рухына тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.

- дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы  сапада өткізу және бағдарламада  жоспарланған материалдарды толық  өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн кестесіндегі бұхаралық сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі, сабақ үстінде өткізілетін «үзіліс сәті», сабақ арасындағы үзілістермен, ұзартылған күн тәртібіндегі ойындармен дене жаттығулары) жатады.

- дәрігерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық оқушыларын міндетті дәрігерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу топтарға (дайындық, негізгі және арнаулы медициналық топтарға) бөлу.

Ескерту: оны барлық оқушы балаларға жария етуге болмайды.

Олардың денсаулығын, денелерінің дамуын бақылау. Демек, дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты сол мәліметтерге сәйкес ұйымдастыру.

- дене тәрбиесі сабақтары мен сыныптан тыс өткізілетін орындардың, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалау керек.

Дене тәрбиесі жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сай, бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, денсаулықғын нығайтып, оларды өмірде белсенді болуға Отанын қорғауға дайындайды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене тәрбиесі сабағының алдына қоятын міндеттері:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;

- жаттығулар мен ойындар туралы  түсінік алып, олармен шұғылдану  үшін керекті гигиеналық талаптарды  білу;

- негізгі қимылдарды жасау техникасының  дұрыс негізін қалап, оқушылардың  жалпы икемділігін арттыру;

- қимыл сапаларын жетілдіріп, дене  бітімін дұрыс қалыптастыру;

- өз денелерін дұрыс ұста, жаттығуларды  тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету:

- жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын  арттыру:

Бұл міндеттерге жетуге және дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары, денсаулық сақтау мен шынықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту кезеңдері, үзілістерде жүргізілетін жаттығулар мен ойындар) және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін спорт жаттығулары мен жас ерекшеліктеріне сай ГТО комплексінің түрлері жүргізіледі. Қимыл сапаларын жетілдіру үшін үйге берілген тапсырмалар да осы уақытта қайталанады. Төменгі сынып оқушылары мектепте жүргізілетін әр түрлі үйірмелерге де өз талғамы бойынша қатысады.

Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.

Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын  алады. Салыстырмалы  түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады.  Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. [ 20 ]

 

 

    1. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.

Сабақ – дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап -мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан пікірі бастауыш сынып оқушыларының дене дамуын жетілдірудегі дене тәрбиесі сабағының маңызын аша түседі. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың дене шынықтыру-спорттық ойлауы, техникалық шеберлігін жетілдіруге даяр болуы, уақытқа, кеңістікке және ойын жағдайына бағдарлануы, спорттық-ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеттері дамиды. Мұның бәрі олардың бойында денсаулығын сақтауға қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі – бұл балалардың мақсатты бағытталған дәл ұйымдастырылған және жоспарлы жүзеге асырылатын дене шынықтыру және спорттық әрекеттерінің жүйесі. Дене тәрбиесінің тәрбиелілік өлшемі болып баланың  жасына сәйкес денесінің дамуы: қозғалыс сапасы, білігі мен дағдысы, ептілігі, төзімділігі, жүгіру, тартылу, жаттығу орындаудағы жүктемені көтере алуы есептеледі.  Сондай-ақ, дене жаттығуларын жүйелі жасауы, жеке гигиенаны мұқият сақтауы, еңбек пен демалысты нақты ұйымдастыруы, бос уақытын денесіне және жанына пайдалы етіп өткізуі, жамандыққа төзбеушілік ұстанымын ұстануы, адамның дене әрекетіндегі әдемілікті түсінуі т.б. жатады.

[ 5 ]

Бүгінгі таңда әр бір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіруде дене тәрбиесі атқаратын ролі зор. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Әр бір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары, ой еңбегімен алмастырылып, дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Демек, адамдарды қимыл-қозғалыс яғни дене тәрбиесімен шұғылдануға дағдыландыру керек.

«Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі ірі талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетірің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.» Осының бәрін қалыптастыруда, әрине, баланың дені сау болуы керек. Сондай ақ білім туралы заңда « Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыружөніндегі қажет шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі» делінген. [24]

Бастауыш мектепте басқа пәндермен қатар дене шынықтыру жөнінен де жүйелі білім, тәрбие беріліп, балдыргандардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлініп қамқорлық жасалуы керек деп санаймын. Онда аптасына дене шынықтыруға бөлінген 3 сағаттық сабақтан басқа , сабақ үстіндегі және сабаққа дайындалу кезіндегі сергіту сәті мен таңертеңгілік бойжазу жаттығуы және ойын – саяхаттарын өткізіп отыру керек. Мұның өзіндік себептері бар. Мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады: жүгіреді, жүреді, ойнайды, әйтеуір, қозғалыста болады.

Ұйқыдан тұрғаннан түнгі ұйқыға жатқанға дейн бала әдетте 6 сағаттан артық қозғалыста жүреді. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан бастап олардың жүріс – тұрысы, қозғалысы, таза ауада болатын уақыты әлдеқайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Сөйтіп, олардың қозғалыс белсенділігі 50 пайызға дейн кемиді де, ағзаның дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Әрине, жұмасына өтетін 3 сағат дене тәрбиесі сабағы ағзаның күнделікті қозғалыс қажеттілігін қамтамасыз ете алмаейды. Ендеше, балалардың күнделікті дене қозғалысының орнын толтырған күнде ғана бүлдіршіндерді дені сау етіп тәрбиелей аламыз. Осыған орай не істеу керек деген сұрақ туады.

Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушысы мектеппен қалай танысса, дене тәрбиесі сабағымен де солай танысуы қажет. Мектепте жалпы дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залына, алаңға арнайы киіммен ғана шығуға болады десек, бұл оларға қойылатын – алғашқы басты талап.[ 12 ]

Дене шынықтырумен шұғылданудың бастамасы таңертеңгілік бойжазу жаттығулары болып табылады. Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында өткізуге болатындығын дәл кесіп айту қиын. Себебеі әркім уақытын өзінше пайдаланады. Бір оқушы 20 минут уақытын кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын өткізу -әркімнің өз қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны дұрыс.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру