Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 23:35, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл- қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................... 3 - 9
І-тарау. Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы
1.1.Дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары............... 10 - 14
1.2.Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы............................................ 15 - 18
ІІ-тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру.
2.1.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағында ойын түрлері......19 - 28
2.2.Мектеп оқушылары мен дене шынықтыру жөнінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлері …………………………………………………...................... 29 - 72
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 73 -75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………..… 76 - 78

Вложенные файлы: 1 файл

УМУТКУЛОВА диплом 11.04.14.doc

— 385.50 Кб (Скачать файл)

Көп жағдайда мұғалім ойынға тек басшылық жасап қана бақылайды. Кейде ойынды қызықтыра түсу үшін өзі де қатысып кетуі мүмкін. Ал ойынға басшылық жасағанда оның ережесіне лайық өте әділ шешім беруі керек. Ойын тәртібінің түсініксіздеу жері болса, оны қайталап айту жіберу де оқытушының тікелей міндеті. Ойын барысында ойыншылардың бірін-бірі көре алмаушылығын болдырмаған дұрыс. Балалардың жақсы ойнауына мұғалім жәрдем етіп жіберем деп тікелей араласпай, тек қана олардың сәтті қимылдарын көтермелеп отырған жөн. Қозғалыс ойындарынан оқушының жеке басының қасиеттері қалыптаса бастағанын жоғарыда айттық. Сондықтан біз оның ізгілікке үндейтін жағына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Кейбір бала ынтасыз, жігерсіз ойнап, ойын ережесін қасақана қайшы келетін әрекетін істеп, көзге түсіп қалса, ал екінші біреулері өзін-өзі қатаң ұстап, ойынға қызықпай, тек қана жеке басының қамын ойлап тұрады немесе үшінші біреулері мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындап, сонымен бірге басқа ойыншыларға да жәрдем етіп жан-тәнімен беріледі. Міне, осылардың барлығын өз көзімен көріп, ақыл-ой таразысына салып тұруы керек. Тіпті керек болған жағдайда кейбір ойыншы өз қимылын ойын ережесіне сай етіп, орындаған болса, оны мақтап, мадақтап қойған дұрыс. Ал ойын ережесін қасақана бұзып, тәртіпсіздік көрсеткен ойыншыға да дер кезінде тежеу салу қажет. Кей жағдайда осындай теріс қылық байқағанда төрешілік етіп жүрген оқушының да пайдасының көп тиетіндігін бағалауымыз керек. Ойын бітісімен қорытындылаған дұрыс. Оны қорытындылағанда ойынға кім қалай қатысты, жеңімпаз болуға кімдердің септігі көбірек тиді немесе керісінше жеңіліп қалуға кімдер кінәлі, ойынның ережесі қалай сақталды? Міне, осының бәріне талдау жасап, ондағы орын алған кемшіліктерді келесі ойында болдырмауына баса назар аудару керек. Кейде ойынды қорытындылауға оқушылардың өздерін де қатыстырып талдау жасап қоюға болады. Талдау жасау арқылы оқушылардың өздері-ақ не себептен жеңілгендерін, қандай мүмкіндікпен кімдердің арқасында жеңіске жеткендеріне көздерін жеткізіп, толық талдау жасаса, олар барлығын дұрыс түсініп алады. Егер мұғалім ойынды сабақ үстінде қызықты етіп өткізсе, балалар сол ойын арқылы-ақ жақсы тәрбиелі өмірге қажетті қимылдарды тез үйреніп, ақыл-ой парасаты дами түсінуіне толық мүмкіндік туады.Ойнау арқылы балалар бірімен-бірі достасады. Сөйтіп ойын баланың ойлау қабілетін дамытып, оны ізгілікке, адамгершілікке, абзал қасиеттерге тәрбиелейді.

Қорытынды бөлім: Сабақтың бұл кезеңі төмендегідей бөліктерден тұрады: 1. Организмді бастапқы қалпына түсіруге арналған және тыныс жолдарына әсер ететін жаттығулар жасату. 2. Сабақты қорытындылау. 3. Үйге тапсырма. 4. Оқушылардың білімін бағалау. 5. Қоштасу. [ 20 ]

Дені сау ұрпақсыз ұлттың болашағы да жоқ. Жас ұрпақтың рухани жағынан да, дене тәрбиесі жағынан да жарымжан болмай өсуі – тәуелсіз ел болған тұсымыздағы еселене түсетін, аға ұрпақтың мойнына жүктелген жауапты міндет. Сондықтан да еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары мен мектептегі дене тәрбиесінің оқытылуына мән бере қарағанымыз жөн сияқты.

Дене тәбиесі мәдениетін қалыптастыруда жасалатын жаттығулар:

1 сынып 

(Саптық жаттығулар. Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта! командалары.

Жалпы дамытатын жаттығулар.

Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан орындау. Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені бойлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын жаттығулар. Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру.

Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру. Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтарды бірге, алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық  буындарының қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.

Жүру және жүгіру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары көтеріп, жүру. Жүзу мен жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды орындаумен үйлестіру. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру.

Жарысып жүгіру. 30,40,60 м-ге жүгіру. Қайталап жүгіру. 1-1,5 минут бойы баяу жүгіру.

Секірулер. Екі аяқпен қарғу. Алға қозғала екі аяқпен секіру. Алға жылжи бір аяқтап секіру, Екі аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа секіру. 50-60 см биіктіктен төмен секіру. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.

Доппен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып екі не бір қолмен ұстау. Допты еденге соғып, шоршыған допты бір не екі қолмен ұстау. Допты серігіне екі қолмен әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден, иықтан, бастан асыра, төменнен беру. Тор арқылы допты бір және екі қолмен лақтырысу. 3-4 метрлік қашықтықтан допты нысанаға бір қолмен лақтыру.

Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру.

Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимылдарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындық, бөрене үстімен жүру. Төбеге жеңіл салмақты зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта көзді жұмып, жауырынды алға беріп, бір орында шырқ айналғаннан кейін жүру.

Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа, жанға тоңқалаң асу. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жинақталу. Оңға, солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды көтеру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жауырынға тұру. Етпеттеп жатқан бастапқы қалыптан денені шалқайту.

Би қозғалыстары. Әр түрлі әуендердің ырғағымен би қозғалыстарының  кешенін (комплексін) орындау.

Төбешіктен сырғанау. Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып  сырғанау. Төбешіктің мұзды баурайымен бір-бірлеп, жұппенен, топпенен төмен қарай сырғанау.

Шанамен сырғанау. Төбешіктен шанамен түсу. Шапшаң сырғанап  жарысу. Шананың артынан итеріп, серігін сырғанату. Қарды нысанаға лақтыра, төбешіктен шанамен түсу. Төбешіктен сырғанап түсу кезінде шананы оңға және солға бұру.

Шаңғы дайындығы. Орнында тұрып, аттап басып бұрылу. Қозғалу кезінде оңға және солға бұрылу. Таяқсыз жүру. 300-500 м қашықтықты жүріп өту. Ойындар "Нысанаға тигіз!", "Жалаушаны алмастыр!", "Қуаласпақ", "Кең  адым", "Түсіріп алма!", "Бір шаңғымен".

 Күрес пен жекпе-жек элементтерінің  түрлері. Жекпе-жек пен күрес элементтерін кезекпенен және топтасып орындау.

Қозғалыс ойындары. Жеке орындайтын "Кімді атаса, сол ұстайды",  "Кім қашыққа лақтырады?", "Қоян", "Бақа мен көкқұтан", "Ленталарды жина", "Ормандағы аю", "Ал да орнына қой", "Жоғарыдағы доп", "Маймылдарды ұстау", "Әтештер соғысы", "Кеглиге тигіз!", "Жапалақ", "Қашақ".

Жұппенен орындалатын: "Кімнің добы алысқа ұшады?", "Тышқанның іні", "Сиқырлы таяқ", "Өз жұбыңды (серігіңді) қуып жет!", "Аттар", "Тақия тастамақ", "Кілттер", "Өз орныңды тап!".

Топпен орындалатын: "Арқан", "Допты шеңбермен", "Қырғи", "Екі аяз", "Торсылдақ", "Допты ұста!", "Ботақан".

Командалық: "Доп аз болсын!", "Күн мен түн".

Қозғалысты көп қажет ететін ойындар: "Ұшты-ұшты", "Жаңғырық", "Телефон", "Не өзгеріс бар?", "Даусынан таны", "Қанша тас?", "Фигураны жаса", "Саусақтармен өрнек жаса", "Домино", "Дойбы", "Стол үстіндегі футбол", "Стол үстіндегі баскетбол" және басқалар.

Спорт ойындары.

Баскетбол. Ойыншының тұрысы. Бір орында допты жүргізу, ілгері қозғалып алып жүру. Бір қолмен, екі қолмен, кеудеден, иықтан, төменнен, жоғарыдан лақтыру. Орнында тұрып допты лақтырып, бір және екі қолмен ұстап алу. Кез келген тәсілмен допты қалқанға лақтыру. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.

Футбол. Кез келген тәсілмен допты аяқпен тебу. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу. Қойылған заттардың арасымен допты алып жүру. Доппен жөнглерлік жасау. Қысқартылған ережемен футбол ойнау.

Қазан доп. (Қазан шұңқыр). Имек таяқпен серігіне допты лақтыру және оны тоқтату. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.

Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру. Ересектермен бірге күн сайын таңертеңгілік гимнастика, су процедураларын жасау. Жыл маусымын есептегендегі дененің және спорттық киім гигиенасы. Құрдастарымен таза ауада дене жаттығуларын орындау. Спорттық жарыстар мен мейрамдарды көру. Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу.

Қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, дұрыс тұлғаны қалыптастыру.

Отырғандағы, тұрғандағы бастапқы қалыптан, жүру кезіндегі тұлғаға арналған жаттығулар. Таяқшалармен, шеңбермен, қабырғада тұрғанда жаттығулар жасау. Жылдамдық пен икемділікті дамытуға арналған жаттығулар. Жүгіру мен секірулері бар қозғалыс және спорттық ойындардың  элементтері. Шаңғымен жүру, өрмелеу.

Сабақтың әлеуметтік, материалдық-техникалық жағдайлары туралы білімі.

Қарапайым спорт жабдығының атауы, оны пайдалану біліктілігі. Спортзалмен спорт алаңының құрал-жабдықтары. Жекелеген жалпы дамытатын жаттығуларды орындаудың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.

2 сынып 

 Саптық жаттығулар. Сапқа, екі  қатарға, екі лекке тұру тәсілдері, жүріп келе жатып бір лектен  екі лекке қайта сапқа тұру. Қолдардан ұстасып дөңгелене (шеңберге) тұру. Теңел! Тік тұр! Орныңда қадам  бас! Тоқта! командалары.

Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс (қолдар кеуде тұсында бүгілген, қолдар жанға созылған), тізерлеп отыру, бір тізерлеп отыру, төрт тағандап тұру, жартылай отыру, толық отыру, аяқты бірге ұстау, аяқты алшақ  ұстау секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан жаттығуларды орындау. Басты оңға, солға бұру, басты шырқ айналдыру. Тұлғаны дамытуға, дұрыс дем алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген және жазылған қолдарды айналдыру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре кеудені жанға бұру. Қолдар мен аяқтардың қозғалысымен үйлестіре кеудені алға және жанға еңкейту.

Жүру мен жүгіру. Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Баяу екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру: жүруден жүгіруге ауысу. 30,40,60 м-лік қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 1,5-2 минут баяу жүгіру.

Секірулер. Екі аяқпен ырғып секіру. Алға қозғала екі аяқпен секіру. Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзындыққа секіру. 60-70 см биіктіктен секіріп түсу. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.

Доппенен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып, оны екі не бір қолмен қағып алу. Допты еденге соғып, одан шоршыған допты бір не  екі қолмен ұстап алу. Допты серігіне әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден, иықтан, бастан асыра, төменнен екі қолмен беру. Тор арқылы бір не екі қолмен допты лақтырысу. 5-6 м қашықтықтан нысанаға допты бір қолмен лақтыру.

Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру. Аяқтың көмегінсіз өрмелеу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимыл-қозғалыстарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Төбеге аз ғана салмақты зат қойып жүру. Көзді жұмып, жауырынды алға беріп, жанымен, қосарланған адыммен, жартылай отырып (қол белде) гимнастикалық орындықта жүру.

Акробатикалық жаттығулар. Жартылай шат, шатқа отыру, көпір жасау. Еденде отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа қарай тоңқалаң асу, жанға аударылып түсу. Еденде отырған бастапқы қалыптан – бір уыстай боп жинақталып (домаланып) жауырынға аударылу, жауырында жатқанда тербеліп, теңселіп, жауырынға тұру. Таянып жатқан қалыптан – жамбасты ілгері ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта). Таянып жатқан, таянып отырған, таянып, бір аяқпен отырған қалыптан да осылай жасау.

Етпеттен жатқан қалыптан – кеудені ию (қолдар мен аяқтарды көтере қарсы қозғалыс жасай). Сандарға таянып жатқан қалыптан, аяқтарды бүгу, денені ию.

Төбешіктен сырғанау.

Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып сырғанау, төбешіктің мұзды жолымен бір-бірлеп, жұппен, топпенен төмен қарай сырғанау.

ІІІаңғы дайындығы. Таяқтарды пайдаланып, кез келген тәсілмен жүру. Шаңғы жолымен жүру. Таяқтарды артқы жаққа қарай шығарып ұстай,  тізелерді бүгіп, төбешіктен сырғанап түсу. Баспалдақ тәсілімен төбеге (қырға) көтерілу. Орнында тұрғанда және жүріс кезінде аттап басу әдісімен бұрылу. Шаңғы жолымен 500-800-ді жүріп өту. Шаңғымен өткізілетін ойындар.

Коньки. Мәнерлеп сырғанау, дөңгелекті (роликті) конькилер тебу. Екпін алғаннан кейін тоқтау.

Жүзу. Құрлықтағы дайындық жаттығулары: қол және аяқтардың қозғалыстары. Су ішіндегі жаттығулар: басты суға батыру, су ішінде дем шығару, үрмелі белбеу, тақтайшалар т.б. көмегімен жүзу. Суда ойналатын  ойындар.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру