Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
Анкеталық сауалнама.
Педагогикалық бақылау.
Физиологиялық өлшемдер.
Психо-педагогикалық эксперимент.
Математикалық статистика әдістері.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………...3
1 тарау. Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.
1.1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері........................................................................................................5
1.2. Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері......................................................................9
1.3. Жас гимнасттардың анатомиалық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері..........................................................................20
1.4. Жас гимнасттарды алдын ала дайындау кезеңіндегі АДД және ЖДД құралдарының мінездемесі.................................................................................22
2 тарау. Зерттеуді мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы.
2.1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері.................................
2.2. Зерттеудің міндеттері...............................................................................
2.3. Зерттеудің әдістері...................................................................................
2.4. Зерттеуді ұйымдастыру...............................................
2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы................
3 тарау. Оқу-жаттықтыру үрдісінің бастапқы дайындығы бөлімінде жеті – сегіз жастағы қыздардың икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамытудың әдістемелік аспектілері.
3.1. Жеті – сегіз жастағы гимнасттардың қозғалыс дайындығын зерттеудің бастапқы бөлімінде зерттеу....................................................................
3.2. Эксперименттік әдіс бойынша қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамытудың әдістері мен құралдарына мінездеме.....................
3.3. Зерттеу нәтижелері...............................................................................
Қорытындылар.................................................................................................
Әдебиеттер.......................................................................................................
Қосымша...........................................................................................................60

Вложенные файлы: 1 файл

Дипломдық жұмысы.doc

— 360.00 Кб (Скачать файл)

 

«Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі»

(ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС)

 

 

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………...3

1 тарау. Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.

    1.1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері........................................................................................................5

    1.2. Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері......................................................................9

    1.3. Жас гимнасттардың анатомиалық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері..........................................................................20

   1.4. Жас гимнасттарды алдын ала дайындау кезеңіндегі АДД және ЖДД құралдарының мінездемесі.................................................................................22

2 тарау. Зерттеуді  мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы.    

    2.1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері.................................

    2.2. Зерттеудің міндеттері............................................................................... 

    2.3. Зерттеудің әдістері...................................................................................

   2.4. Зерттеуді ұйымдастыру...............................................

     2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы................

3 тарау. Оқу-жаттықтыру үрдісінің бастапқы дайындығы бөлімінде жеті – сегіз жастағы қыздардың икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамытудың әдістемелік  аспектілері.

    3.1. Жеті – сегіз  жастағы гимнасттардың қозғалыс дайындығын зерттеудің бастапқы бөлімінде зерттеу....................................................................

    3.2. Эксперименттік әдіс бойынша қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамытудың әдістері мен құралдарына мінездеме.....................

    3.3. Зерттеу нәтижелері...............................................................................

Қорытындылар.................................................................................................

Әдебиеттер.......................................................................................................

Қосымша...........................................................................................................60

Кіріспе

 

Қазіргі кездегі жаңашыл  спорттың негізгі белгілері оның жасаруы және спорттық жетістіктердің өсуі.

Зерттеу жұмысын жүргізе отырып, жаңа ғылымда шешілмеген мәселелер қалмаған сияқты болып көрінеді. Сонымен қатар тәжірибеге жету үшін нәтижеге тез және аз күш пен құралдар жұмсауға ұмтылу қажет. Яғни, қоғамдық еңбектің өнімділігін, сапасын және тиімділігін арттыру қажет. Соған байланысты күрделі жағдайлар туындайды, ол үшін жаңа әдістер, технологиялар, өнім әдістері, оқыту қажеттілігі айқындалады.

Бірер сәттерге дейін  алға қойылған талаптарды  шешудің  жаңа тәсілдерін құрудың тәжірибе қажеттілігі  бойдағы ғылыми білім есебінен қанағаттандырылады. Бірақ ерте ме, әлде кеш пе ол білімдер  күрделі жағдайларды шешуге жеткіліксіз, аздық көрсетеді, сол себептен теориялық өсуді кеңейтудің қажеттілігі туындайды, жаңа ғылыми база құру, жаңа идеялардың туындауы, концепциялар мен ғылыми ілімдер ұсынылады.

Нәтижелердің үздіксіз өсуі жас спортшылармен жұмыс  істеудің жаңа формаларын, құралдарын және әдістерін іздеуді талап  етеді. Мақсатты түрдегі көпжылдық  дайындық және жоғары класты спортшыларды тәрбиелеу – бұл өте күрделі  процесс, жетістігі бірқатар факторлармен анықталады. Осы факторлардың бірі икемділікті дамыту және тиімді тәсілдер, құралдар, әдістердің айқындалуының көмегімен қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижелерге жетуге болады. Соңғы жылдары көркем гимнастикамен айналысу жасының күрт төмендеуіне байланысты 8-9 жастағы жас гимнасттар көпсайыстың төрт-алты түрінен    жарыс бағдарламасын орындау қажет. Бір-екі жыл көлемінде қыздарды бір-бірінен айырмашылығы мол әр түрлі заттармен жұмыс істеуді үйреті керек. Сондықтан икемділікті дамыту маңызды мағына береді және оқу-жаттықтыру үрдісінің маңызды міндеттері болып табылады. Кейбір кезде икемділікті дамытудың басым болуы себептерінен жас гимнасттардың қозғалыс дайындығының төменделуі байқалады.

Бүгінгі таңда жеке сапалардың өсуінің бір-бірімен байланысының айқындалуының көкейкестілігі бір сападан екінші сапаға ауыстырып дамыту болып табылады.

Берілген тақырыпта  көркем гимнастикадағы маңызды тәсілдер – икемділік пен қозғалыс үйлесімділігін дамыту принциптері туралы сөз қозғалады.

Икемділік беріліп отырған спорт түрінде негізгі сапасының бірі болып табылады. Қозғалыс үйлесімділігі тек қана көркем гимнастикамен байланысты емес, ол адамның өмір сүруінің жалпы қызметімен байланысты. Аталып отырған сапаның бастапқы білімдерімен қатар, баланың жеке ерекшіліктерін де есепке алған жөн, әр баланың бейімділігі және қабілетінің қарқындылығы әр түрлі болады. Осы мағынада бізге қажетті сапаны (икемділік және қозғалыс тепе-теңдігі) дамытуға әдістер мен тәсілдерді таңдауға жеке әсер ету қажет. Икемділік ерекше сапа болып табылады, өзінде белгілі бір диапазондарға әсер ететін бағыттарды ұстайды, сондықтан егер біз дәстүрлі әдісті алатын болсақ та бір нәтижеге жетеміз, өйткені адамның қабілеттілігі сыртқы дене дайындығы әсеріне тәуелді емес оның ішкі дамуының заңдылықтарымен байланысты. Біздің алға қойған міндетіміз – адамның ағзасын дәстүрлі емес және бір түрлі емес дене қызметі жағдайына үйрету қажет. Жаттықтырушының міндеті ерекше бағыттағы белгілі жаттығулардың әмбебап кешенін құрау. Сол арқылы жаттығушыларда қозғалыс үйлесімділігін және сапаның жаңа деңгейін дамыту.

Жаттықтырушы өзінің жұмысында қолданатын әмбебап жаттығулар кешені икемділік пен қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар  жаттығушылардың күш, жылдамдық, шыдамдылық және т.б. негізгі дене сапаларын дамыту және бекітуге арналуы керек.   

     Зерттеу әдістері:- Гимнастикамен жаттығатын жаттығушының дене қозғалысының педагогикамен ұштастыра отырып, дене теориясына байланысты әр кезде жарық көрген психофизиологиялық, педагогикалық оқу әдістемесі және рухани тәрбиеге арналған еңбектерді талдап түсіну мен сол еңбектердегі қазіргі заманға сай тєжірибелерді тәмємдап бүгінгі әдістемеде пайдалану.

  • Гимнастиканың қозғалыс қабілетінінің қаншалықты тиімділігі мен сапасын бақылап, арттыру одан алған әсерлері мен түсініктерін қадағалап әңгіме сауал жасап, бақылау және эксперементтік зерттеу арқылы анықтау.  Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
  1. Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
  1. Анкеталық сауалнама.
  2. Педагогикалық бақылау.
  3. Физиологиялық өлшемдер.
  4. Психо-педагогикалық эксперимент.
  5. Математикалық статистика әдістері.

     Зерттеу базасы – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық БЖСМ-ның «Виктория» жас гимнасттар оқу-жаттықтыру мектебі. Жетінші – сегізінші сыныптарында 2009, 2010-2011 оқу жылдары аралығында Дипломдық жұмысқа байланысты ғылыми зерттеулер өткізілді және ғылыми зерттеуге 80 жаттығушы қатысты. Бұл гимнастар мектебінде бақылау, тәжірибе, эксперименттік жұмыстары жүргізіліп алынған мәліметтер облыстық БЖСМ мектептеріне таратылады.

Зерттеу пәні: икемділікті және қозғалыс үйлесімділігін дамытатын әдістер мен арнайы тәсілдерді қолдану және оқыту.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: икемділік және қозғалыс үйлесімділігі сапаларын дамытуға қолданылатын әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалау.

Зерттеудің  міндеті:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді байқау.
  2. Жас гимнасттарда икемділік және қозғалыс үйлесімділігін оқыту әдістемесін құру.
  3. Оның жаттығу үрдісіндегі тиімділігін ғылыми тәжірибе жүзінде тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Жас  гимнасттарда икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.

1.1. Мақсаттар мен міндеттер, көркем гимнастиканың спорт түрі ретіндегі ерекшеліктері.

Дене шынықтыру және спортпен ерте айналысудың негізгі  мақсаты – дамыған жас ұрпақты  үйлесімді, күшті, дені сау қылып  тәрбиелеудің мықты негізін құру.

  1. Денсаулықты нығайту және шұғылданушылардың ағза жүйелерін және барлық мүшелерін үйлесімді дамыту.
  2. Дұрыс тұлғаны қалыптастыру және жаттығуларды гимнастикалық стильде орындау.
  3. Жан-жақты жалпы дене дайындығы және көркем гимнастикада маңызды орын алатын бастапқы қозғалыс сапаларын дамыту (ептілік, икемділік, күш, жылдамдық, секіру, тепе-теңдік және т.б.).
  4. Затпен және затсыз жаттығулар техникасы негізіне оқыту.
  5. Арнайы сапаларды дамыту: бұралушылық, бишілік, әуендік, әдемілік және шығармашылық белсенділік.
  6. Көркем гимнастикамен айналысуға қызығушылық тудыру, тәртіпке, тырысушылыққа, өзіндік жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  7. Балалар жарыстарына және көріністерге қатысу.

1.1. Көркем гимнастиканың спорт түрі ретіндегі ерекшелігі

Көркем гимнастиканың арнайы құралдары  келесі әдістемелік ерекшеліктерге жағдай жасайды:

Біріншіден, жай және тұрақты акробатика элементтерімен, затпен және затсыз бұралу, мимика, балет, би элементтерінен құралатын, алаңда гимнасттың еркін қозғалуы.

Екіншіден, көркем гимнастика табиғи жағдайда өзінің денесіне ие болу өнерімен байланысты. «Көркем гимнастика – бұл қозғалыс өнері» деп Е.В. Бирюк (1992) есептеген.

Үшіншіден, көркем гимнастиканың  ерекшелігі, әуеннің ілесе жүруі. Қозғалыс динамикасы және әуеннің ілесе  жүруінің бір салаға құйылғанда бишілік  пайда болады, қозғалыста жан толғанысының үйлесімділігі байқалады.  Бұл  байланыс тек қана қозғалыс пен әуендік ілесу ырғағымен жүзеге асырылмайды, сонымен қатар әуенді дұрыс тыңдай білу және қозғалысты мазмұны мен формасына сәйкес орындауды тәрбиелейді. Әуен қозғалыс мінезін айқын көрсетеді.

Төртіншіден, эстетикалық  тәрбие беруге тиімді әсер ету мүмкіншілігі ерекшеленеді.

Бесіншіден, ерекшелік  қозғалысты есте сақтау және зейін  қоюмен байланысты. Күрделі әрекеттерді, жаттығуларды орындау үшін гимнасттың есте сақтау қабілеті және зейіні жақсы  болуы қажет.  Қозғалыс әрекетінің құрылымының қиындығы, гимнастқа бір-біріне ұқсамайтын жаттығулар көлемін есте сақтауы керек. Бұл гимнасттардың қозғалысты есте сақтау қабілетін арттырады, орындау, түсінікті, дәлдік, қозғалысты жасай білу сапаларымен айқындалады. Жаттығу барысының тиімділігі қозғалысты қабылдауға байланысты.

Қабылдау көру сезімдері  бойынша негізделеді: көз заттың немесе әріптестің шеттегенін ғана байқап қоймай, сонымен қатар үйреніп  және жетілдіріліп жүрген қозғалыстардың бөлшектерін де аңғарып, олар туралы ақпарат алады.

Көркем гимнастикадағы үйрену және жетілдіру жетістігі – гимнасттың қозғалысқа зейін салуы, қабылдау дәлдігі, немесе қозғалыс үйлесімділігі.

Гимнасттың зейін қоюы келесі белгілермен мінезделеді: ден  қою, қозғалып тұрған объектілерге кеңінен  қарау (әріптес, зат), бір эпизодтан  екінші эпизодқа тез ауысу, үлкен көлем (алаңды көру), қарқындылық, әсіресе шиеленіс кезінде.

Жоғары дәрежелі жарыстарда жүлделі  орындарға ие болуға үміткер гимнасттардың  дене және техникалық мүмкіншіліктерін түзету тенденциясы жарыс кезіндегі  күресті қиындатады, ол кезде жеңіс өзінің ерекшелігімен, еркін бағдарлама композициясының жаңашылдығымен (жеке және топтық біріншілікте) анықталады.

Соңғы ерекшелігі – тұтастығы.

Тұтастық орындалған қозғалыс кезінде дененің барлық бөліктерінің қатысуымен анықталады. Яғни бұл гимнастқа міндеттелген негізгі қозғалысқа   қосымша қозғалысты қосуға талап етеді. Мысалы, негізгі қозғалыс: қолды сол жаққа ұстаған қалыптан доға секілді қолды оң жаққа төменге түсіру. Қосымша қозғалыс болатындар: а) қолдың қозғалысына ілесіп, сол жаққа жоғары-төмен бастың қозғалысы; қолдың қозғалысына сәйкес жоғары-төмен аздап көтерілген иық белдеуінің қозғалысы; қолдың қозғалысына қарай түлғаны еңкейту. Жаттығулар қолды бүгу арқылы бірігіп жасалады. Білектің қозғалысы қолдың қозғалысынан сәл кейін жасалады. Қозғалыстың тұтастығы толқын және серпу жаттығуларында айқын көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген  көркем гимнастикадағы әдістемелік  ерекшеліктер жаттығу сабақтары  жағдайындағы спортшылардың негізгі  қызметін мінездейді. Жарысқа қойылатын  талаптар, жаттығу талаптарынан едәуір ерекшеленеді. Жарыс қызметі кезіндегі пайда болатын қиыншылықтарды тиімді шешу үшін (көңіл-күй қуаттылығы, сөре уақытындағы қобалжу) гимнаст келесі сапаларға ие болуы қажет: батылдық, өзіне-өзі ие болу, салмақты, белсенділік, жеңіске деген ұмтылыс.

Көркем гимнастика –  бұл көпсайыс.

Кіші разрядтағы гимнасттар затпен (қарғымақ, шеңбер, доп, таяқшалар, лента) және затсыз жаттығуларда жарысады.

Жоғары разрядтағы гимнасттар затсыз жаттығуды орындамайды.

Көпсайыстан басқа жарыс  бағдарламасында топтық бір немесе екі затпен жаттығулар (5 гимнаст) қарастырылған.

 

1.2. Икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамыту әдістемесінің ерекшеліктері мен жас ерекшеліктері.

Информация о работе Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі