Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
Анкеталық сауалнама.
Педагогикалық бақылау.
Физиологиялық өлшемдер.
Психо-педагогикалық эксперимент.
Математикалық статистика әдістері.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………...3
1 тарау. Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.
1.1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері........................................................................................................5
1.2. Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері......................................................................9
1.3. Жас гимнасттардың анатомиалық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері..........................................................................20
1.4. Жас гимнасттарды алдын ала дайындау кезеңіндегі АДД және ЖДД құралдарының мінездемесі.................................................................................22
2 тарау. Зерттеуді мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы.
2.1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері.................................
2.2. Зерттеудің міндеттері...............................................................................
2.3. Зерттеудің әдістері...................................................................................
2.4. Зерттеуді ұйымдастыру...............................................
2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы................
3 тарау. Оқу-жаттықтыру үрдісінің бастапқы дайындығы бөлімінде жеті – сегіз жастағы қыздардың икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамытудың әдістемелік аспектілері.
3.1. Жеті – сегіз жастағы гимнасттардың қозғалыс дайындығын зерттеудің бастапқы бөлімінде зерттеу....................................................................
3.2. Эксперименттік әдіс бойынша қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамытудың әдістері мен құралдарына мінездеме.....................
3.3. Зерттеу нәтижелері...............................................................................
Қорытындылар.................................................................................................
Әдебиеттер.......................................................................................................
Қосымша...........................................................................................................60

Вложенные файлы: 1 файл

Дипломдық жұмысы.doc

— 360.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау.

2.1. Зерттеудің  міндеттері, ұйымдастырылуы және  әдістері.

         Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сараптама жасау зерттеудің мақсаты мен жұмыс болжамын жасауға әсер етті.

Мақсаты: Қолданылып жүрген әдістер мен құралдардың қозғалыс үйлесімділігі мен иілгіштігінің дамуына тиімділігін бағалау.

Зерттеу болжамы: қозғалыс үйлесімділігі мен иілгіштігінің басымдылығының дамуы көрінісінде 7-8 жастағы гимнаст қыздардың даярлығы кезінде жалпы қозғалғыштық қасиеті де дамиды.

2.2. Зерттеудің міндеттері.

1. Жалпы және арнайы дене дайындығының деңгейін анықтау.

2. Иілгіштік, қозғалыс  үйлесімділі және жалпы қозғалыс  дайындығының арасындағы байланысты  анықтау. 

3. Жалпы және арнайы  дайындыққа бағытталған оқу-жаттықтыру  үрдісінде тиімді құралдардың  сұрыпталуын жетілдіре отырып жоспар жасау.

2.3. Зерттеу әдістері.

Алға қойған міндеттерді  шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылады:

  1. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттің сарапталуын зерттеу.
  2. Педагогикалық бақылау.
  3. Қозғалыс сапасын тестілеу.
  4. Математикалық статистика әдістері.

2.4. Зерттеуді ұйымдастыру.

Әдебиеттің сараптамасы.

Зерттеліп отырған сұрақтар туралы шынайы мәліметтер алу үшін, әдістемелік зерттеулерді анықтау  үшін мынадай әдебиеттер зерттеледі: спортшылардың дене шынықтыру сапасы туралы, 7-8 жастағылардың үйлесімділік қабілеттері туралы, 7-8 жастағы баланың жас ерекшеліктері туралы. Жас гимнаст қыздардың алғашқы дайындық сатысындағы ЖДД және АДД құралдарының сипаттамасы; зерттеу нәтижесіне нақты сараптама жасап негізге алатын спорттық метрология зерттелді. Сонымен қатар көркем гимнастика жаттықтырушыларының нұсқаулары да пайдаланылды. 40 әдеби еңбегі талданды.

Педагогикалық бақылау. Бұл сынақ Петропавл қаласында, «БЖСМ- Викторияда» өткізілді. Сынақ алғандар 7-8 жастағы балалар. Зерттеу сынақтары басталған кезең 2010 жыл.

Қозғалыс сапасын  тестілеу. Дене шынықтыру үрдісіндегі негізгі ұйымдастырушылық және бағыттаушылық фактор сапалық өсудің дамуын бақылау. Гимнаст қыздарджың жалпы дене дайындығының деңгейінің көрсеткіші ЖДД тестілерін табысты беру болып табылады. Ғылыми зерттеулердің зерттеулері нәтижесінде педагогикалық бақылау тестінің кешені жасалды. Ол көркем гимнастикамен шұғылданатын балалардың негізгі дене сапаларының даму деңгейін сипаттайды. Осы кешен БЖСМ нормативті құжаттарын негізге ала отырып жасалды. Иілгіштікті анықтау үшін қолданылған тесттер: оң аяққа «шатқа отыру». 7-8 жастағы гимнаст қыздар шатқа отыруды еденде орындайды. Еден мен мықын арасы сантиметрмен өлшенеді.  «Шатқа отыру» мықын-жамбас буындарындағы иілгіштікті анықтайды.

«Көпір» 2 секунд уақыт ұсталады, гимнасттың қол және өкше аралығындағы қашықтық сантиметрмен өлшенеді. «Көпір» омыртқа жотасының икемділігінің дамуын анықтайды.

Иық буындарындағы қарғымақпен  «иықпен айналу» үш рет жасалады. Білек арасындағы қашықтық сантиметрмен өлшенеді. «Иықпен айналу» иық буынындағы қозғалғыштықты анықтауға мүмкіндік береді. Әдебиет көздері сараптағаннан кейін тестілеудің үш әдісі үйлесімділік қабілетініңкелесі түрлері анықталды:

  • тепе-теңдікті сақтау қабілеті;
  • қозғалыстарды сәйкестендіру қабілеті;
  • біртұтас қозғалыс әрекетіне қатысты үйлесімділікқабілеті (кеңістікте бағдар жасау қабілеті).

«Тырна» сынамасы келесідей  орындалады.

Б.Қ. – оң (сол) аяқта  тұу, сол (оң) аяқ тізеден жанына бүгілген, табан тірек аяғының тізесіне жақындатылған. Қол алға созылып, алақан төмен қаралған.

Бұйрық бойынша зерттелуші көзін жұмып, максималды уақыт ішінде қозғалмастан қалпын сақтау керек. Аздаған  қозғалыс тербелістері байқалған жағдайда секундомер тоқтатылады.

Қозғалыстарды сәйкестендіру  үшін қабілетті анықтау үшін келесі сынама алынды: «отырып таяну – жатып таяну».

Б.Қ. – Н.Т.

1. Отырып таяну;

2. Жатып таяну;

3. Отырып таяну;

4. Б.Қ.

Бір рет толық жасалған жаттығуға бір ұпай беріледі, Жаттығудың төрт фазасының әрқайсысына 0,5 ұпай беріледі. Кеңістікте бағдар жасау қабілеті «Сегіздік» сынамасының көмегімен бағаланады. Сегіз тәрізді қашықтықта бүгіліп, таянып сырғу.

Б.Қ. – Бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта орналасқан екі шаршының ортасында төрт тағандап тұру (тізе жерге тигізілмейді). Бір қолдың алақаны шаршылардың арасындағы белгіленген сызықта.

Тапсырма: Әр шаршыны  үш рет айналып өтіп «сегіз» әдісімен төрт тағандап сырғып келу. Тапсырманы орындау уақыты секундпен бағаланады. Бір мүмкіндіктің нәтижесі есептеледі.

Жалпы дене дайындығын анықтау  үшін келесі сынамалар алынды:

  1. Бір орыннан ұзындыққа секіру. Қашықтық сантиметрмен өлшенеді.
  2. 20 м. жүгіру. Тапсырманы орындау уақыты секундпен бағаланады. Жүгіруге үш мүмкіндік беріледі, жақсы нәтиже қалдырылады.
  3. Бүгілген қолда асылу. Тапсырманы орындау уақыты секундпен бағаланады.

Б.Қ. – жоғары аспада үстінен  ұстаған қалпы асылып тұру, иек  аспадан жоғары. Иек аспаға тиген  жағдайда секундомер тоқтатылады.

Математикалық статистика әдістері.

Эксперименталдық зерттеудің  барлық нәтижелері математикалық статистика әдісінің көмегімен құрылды.

  1. Белгінің арифметикасының орташа маңызы:
  2. дисперсия – орташа шаршылық ауытқу:
  3. арифметиканың орташа маңызының қателігі:
  4. Спирмен корреляциясының рангтық коэфициенті.
  5. Белгілерін айыру корреляция рангтік коэфициентімен анықталды:

Алынған нәтижелерден маңыздылықтың  1-5 % қабылданды.

 

2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы.

    Эксперименталды-психологиялық  зерттеу барысында Г.Айзенктің  психикалық күйлерді диагностикалауға  арналған әдістемесі мен сыналушылардың  психикалық сенімділігін анықтауға бағытталған В.Э.Мильманның анкетасы бойынша нәтижелер алынып, талданды. Зерттеуге 80 сыналушы көлеміндегі жалпы білім беретін қалалық классикалық гимназия оқушылары (40) мен БЖСМ «Виктория» мектеп оқушылары (40) тартылды.   Психикалық күйлерді диагностикалауға арналған әдістеменің нәтижелері төменгідей:

-    алаңдаушылық деңгейі спорттық виктория мектебінің оқушыларында —  7,7 балды, гимназия оқушыларында — 9,8 балды қүрайды;

-    фрустрация деңгейі спорттық  виктория мектебінде оқитын оқушыларда  — 7,8 балды, гимназия оқушыларында  — 8,2 балды қүрайды;

-    агрессивтілік  деңгейі  спорттық  виктория  мектебінің   оқушыларында   —   9,3   балды, гимназия  оқушыларында — 10,3 балды қүрайды;

-    ригидтілік   деңгейі   спорттық  виктория   мектебінің   оқушыларында   —    12,1   балды, гимназия  оқушыларында — 10,2 балды қүрайды.

      Бүл  спорттық виктория мектебінің  оқушыларымен салыстырғанда гимназия  оқушыларында: адамдармен жүмыс  істеу барысында қиыншылықтар  мен кедергілерді сезіну деңгейі  жоғарыланған, кей кезде оларды  жеңуден гөрі қашу, табыссыздықтар алдында мойынсыну, белсенді және ашық күреспеу, өз мүмкіншіліктеріне сенімсіздік білдіру, қорғансыздық күйін басынан өткеру басым, сондықтан оларға өзіндік бағалаудың төмен деңгейі тән екендігін көрсетеді. Бірақ гимназия оқушыларының бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы оңай, зейінін бақылау және басқару әлдекайда жеңіл, ал спорттық виктория мектебіндегі оқушылардың өзгерістерге бейімделу үрдісі қиынырақ өтеді, оларға түрақтылық, табандылық, бірізділік тән.

              Алынған нәтижелер төмендегідей түжырым жасауға мүмкіндік береді: спортқа   мамандандырылған   мектеп   болғандықтан   спортшы-оқушылар күйінің түрақтылығын суреттейді, оған "мүлде қобалжымай, қалыпты жағдайда болғанда" деп жауап берген спорттық виктрия мектебі оқушыларының пайыздық көрсеткіші 17% болса, гимназиялықтарда ол 45%-ды қүрайды, "жоғарыланған қозу жағдайында болғанда" деген нүсқаны 72% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 31% гимназиялықтар, ал "өте жоғары қозу жағдайында болғанда" деген нүсқаны 11% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 24% гимназия оқушылары таңдады.

"Әдетте жарыстарда  күшті қобалжисың ба?" деген  сүрақ мазасыздану, алаңдаумен  қоса жүретін сыналушының сенімсіздік  жағдайын сипаттайды, оған "иә" деп 50% спорттық виктория мектебінің  оқушылары, 30% гимназия оқушылары, "кейде" деп 39% спорттық виктория мектебінің оқушылар, 51% гимназиялықтар, "жоқ" деп 11% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 19% гимназиялықтар жауап берді.

"Сенде жауапты жарыстар  кезінде әрекет нәтижесіне әсер  ететін маңызды және түсіндіруге келмейтін қателер бола ма?" деген сүраққа "иә" деп жауап бергендер: спорттық виктория мектебінде 39%, гимназияда 24%, "кейде" деп жауап бергендер: спорттық виктория мектебінде 56%, гимназияда 59%, "мүлде болмайды" деп жауап бергендер: спорттық виктория мектебінде 5%, гимназияда 9%. Бүл қателіктер сыналушының тәжірибесіне қатыссыз тікелей эмоционалды күйімен байланысты.

"Сенде спорттық  тартыс кезінде табысты өтуі кезінде "іс істелді", "бәрі де аяқталса екен" деген сезім пайда бола ма?" сипатындағы сүрақтың "иә" нүсқасын 28% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 34% гимназия оқушылары, "кейде" нүсқасын 44% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 27% гимназия оқушылары, "жоқ" нүсқасын 28% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 39% гимназия оқушылары таңдады. Сүрақ қажу, шаршау-шалдығу күйін білдіргенмен, сыналушының мотивациялық өрісін де (қажеттіліктерін, мотивтерін) қамтиды." Маңызды жарыстардың алдында, әдетте, қашан қобалжи бастайсың?" сүрағына   "жарысқа   бірнеше   күн   қалғанда"   деп   жауап   берген   спорттық виктория мектебінің оқушылары 11%, гимназия оқушылары 24,5%, "жарыс жақындағанда" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 0%, гимназия оқушылары 24,5%, "тікелей жарыстың алдында" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 89%, гимназия оқушылары 51%. Тікелей жарыс алдындағы қобалжу сезімі спортшылар үшін тежеуші емес, белсендендіруші қызмет атқаруы тиіс.

 Өзіндік реттеу құрам бөлігінің мәнін ашатын сүрақтарға мыналар жатады:

"Әдетте сен жарыс  кезінде өзіндік қобалжу мен басқа да эмоционалды күйлердің деңгейін бағалай аласың ба?" деген сүрақтың жауаптары төмендегідей ара-қатынаста болды: "иә" деген спорттық виктория мектебінің оқушылары 61%, гимназиялықтар 54%, "кейде" деген нүсқаны таңдағандар спорттық виктория мектебінде 5%, гимназияда 22%, "әдетте ол туралы ойланбаймын" деп жауап бергендер спорттық виктория мектебінде 34%, гимназияда 24%.

"Қай жағдайларда  сен үздік нәтижеге қол жеткізесің?" сүрағына "өз әрекеттерімді саналы  түрде бақылағанда" деп жауап  берген спорттық виктория мектебі оқушыларының пайыздық көрсеткіші 89%, гимназиялықтардікі 49%, "автоматты түрде орындағанда" нүсқасының пайыздық көрсеткіші спорттық виктория мектебінде 11%, гимназияда 20%, "орташа" деп жауап берген спорттық виктория мектебі оқушыларының пайыздық көрсеткіші 0%, гимназиялықтардікі 31%. Бүл сүрақтардың нәтижелері жарыс кезіндегі сыналушы түлғасының келеңсіз күйлерді бақылай алу және басқара алу қабілеттерінің қандай деңгейде дамығандығын, олардың әрекет көрсеткіштеріне қалай әсер ететіндіктерін көрсетеді.

"Жауапты жарыстарда  алда істейтін әрекеттер туралы  ойлардан бас тарту қиын ба?" деген сүрақ келесі нәтижелер  берді: "иә" деп жауап берген  спорттық виктория мектебінің оқушылары 33%, гимназияның оқушылары 53%, "жоқ" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 0%, гимназияның оқушылары 22%, "аз уақыт қана ол туралы ойламаймын" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 67%, гимназияның оқушылары 25%. "Егер қажет болса, бір әрекет түрінен екінші әрекет түріне жылдам ауыса аласың ба?" сүрағына "иә" деген 11% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 43% гимназия оқушылары, "әдетте, оған деген қажеттілікті сезінбеймін"деген 11% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 9% гимназия оқушылары, "жоқ" деген 78% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 48% гимназия оқушылары. Бүл сүрақтар сыналушылардың өзіндік реттеу деңгейін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар олардың ригидтілігін де (алаңдаушылығын, зейінін түрақтандыру және бөлуді) айқындауға жәрдемдеседі. "Қажет кезде спорттық тартыста барысында өзіңді тыныштандыра аласың ба?" сүрағына "әдетте, иә" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 61%, гимназия оқушылары 41%, "әрқашан емес" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 28%, гимназия оқушылары 24%, "жоқ" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 11%, гимназия оқушылары 35%. Жоғарыдағы сүрақтың логикалық жалғасы ретінде "Бүл мақсатта өзіңе бағытталған сөздік бүйрықтарды қолданасың ба?" сүрағы үсынылды. Жауаптар нүсқасы келесі ара-қатынаста болды: "иә" — 34% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 28% гимназия оқушылары, "әдетте, мүндай қажеттілікті сезінбеймін" — 33% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 25% гимназия оқушылары, "жоқ" — 33% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 47% гимназия оқушылары. Сыналушылардың мотивациялық-энергетикалық өрісін зерттеу үшін келесі сүрақтар қолданылды: "Саған бақылаушы жаттығуларда нәтижеге сынақ тапсыру үнай ма?" сипатындағы сүрақтың нәтижелері: "иә" нүсқасы 11% (спорттық виктория мектебі) және 48% (гимназия), "нақты айта алмаймын" нүсқасы 28% (спорттық виктория мектебі) және 26% (гимназия), "жоқ" нүсқасы 61% (спорттық виктория мектебі) және 26% (гимназия) таңдалды."Маңызды жарыстарда сен толығымен өзіңді көрсете аласың ба?" сүрағының "иә" деп жауап бергендердің 22%-ы спорттық виктория мектебінікі, 59%-ы гимназиянікі, "әрқашан емес" деп жауап бергендердің 78%-ы спорттық виктория мектебінікі, 24%-ы гимназиянікі, ал "жоқ" нұсқасын таңдаған гимназия оқушылары ғана болды (17%)."Көлемді және қарқынды жүктемелерді ынтамен орындайсың ба?" сұрағына "иә" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 83%, гимназия оқушылары 49%, "әрқашан емес" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 17%, гимназия оқушылары 30%, "жоқ" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 0%, гимназия оқушылары 21%." Табыссыздықтар саған күшті әсер ете ме?" сұрағының "иә, қатты ренжітеді" нүсқасын таңдағандардың 67%-ы спорттық виктория мектебінің оқушылары, 30%-ы гимназия оқушылары, "тез үмытылады" нүсқасын таңдағандардың 5%-ы спорттық виктория мектебінің оқушылары, 36%-ы гимназия оқушылары, "көп мән бермеймін" нұсқасын тандағандардың 28%-ы спорттық виктория мектебінің оқушылары, 34%-ы гимназия оқушылары." Сен спорттағы табыстарың үшін өміріңдегі көп нәрсені құрбан ете аласың ба?" сүрағына "иә, көптеген өмірлік жағдайлардан бас тарта аламын" деп 61% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 28% гимназия оқушылары, "мүндай мәселе бүрын-соңды болған емес" деп 11% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 19% гимназия оқушылары, "жоқ" деп 28% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 56%-ы гимназия оқушылары жауап                     берді."     Жарыстарға деген қатынасың қандай?" деген сүраққа "жарыс — бұл қиын емтихан" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 22%, гимназия оқушылары 47%, "жарыс — бүл мейрам" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 17%, гимназия оқушылары 13%, "екеуі де" деп жауап берген спорттық виктория мектебінің оқушылары 61%, гимназия оқушылары 40%.  Беріктілік және ақаулыққа түрақтылық деңгейін анықтау үшін төмендегі сүрақтар ұсынылды: "Сен маңыздырақ уақыт аралығында жоғары нәтижелердің түрақты деңгейін үстап түра аласың ба?" сүрағының "иә" нүсқасын 44% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 24% гимназиялықтар, "толқулар болады" нүсқасын 44% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 57% гимназия оқушылары, "жоқ" нүсқасын 12% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 19% гимназиялықтар таңдады."Сенің техникаң түрақты ма?" сүрағына "иә" деп жауап бергендердің 17%-ы спорттық виктория мектебінікі, 68%-ы гимназиянікі, "толқулар болады" деп жауап бергендердің 66%-ы спорттық виктория мектебінікі, 19%-ы гимназиянікі, "жоқ" деп жауап бергендердің 17%-ы спорттық виктория мектебінікі, 13%-ы гимназиянікі." Келеңсіз ақаулар саған күшті әсер ете ме?" сүрағына берілген жауап нүсқаларының сипаты төмендегідей: "иә" нүсқасының 44%-дық көрсеткіші спорттық виктория мектебінікі, 39%-дық көрсеткіші гимназиянікі, "кейде" нүсқасының 30%-дық көрсеткіші гимназиянікі, ал спорттық виктория мектебінің оқушылары бүл нүсқаны таңдауда нөлдік көрсеткіш көрсетті, "жоқ" нүсқасының 56%-дық көрсеткіші спорттық виктория мектебінікі, 31%-дық көрсеткіші гимназиянікі." Стартқа шығар алдында өзіңе арнайы нүсқау істейсің бе?" сүрағы психикалық сенімділік қүрам бөліктерінің қатарына енбейді, ол жалпы сапалық сипатқа ие. Бүл сүраққа "жоқ, істемеймін" деп 6% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 53% гимназия оқушылары (нейтралды жауап нүсқасы), "тынышталуға, зорлануды алып тастауға тырысамын" деп 56% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 38% гимназия оқушылары, "жағымды бір нәрсе туралы ойлауға тырысамын" деп 22% спорттық виктория мектебінің оқушылары, 9% гимназия оқушылары (астеникалық жауап нүсқалары) жауап берді. Спорттық виктория мектебі оқушыларының 9%-ы "алдағы әрекетке зейінімді шоғырландырамын" нүсқасын, 5%-ы "алдағы әрекеттерді ойламауға тырысамын" нүсқасын, 2%-ы "алдағы әрекеттің тактикалық және техникалық сәттерін ойлауға тырысамын" нүсқасын таңдады, бүлардың бәрі стеникалық жауап нүсқалары болып табылады. Ал "физикалық тонусымды көтеріп, белсендірек болуға тырысамын", "өзімде спорттық ашуды шақыртуға   тырысамын","психологиялық нүсқау ретінде бойжазуды    қолданамын"    нүсқалары    бойынша    жауаптардың    пайыздық өрсеткіші екі мектеп оқушыларында да 0%-ды қүрады. Бүл әдістеме нәтижелері негізівде төмевдегідей қорытывды шығаруға болады: гимназия оқушыларына қарағанда спорттық виктория мектебі оқушыларының жарыс алдындағы және жарыстық эмоционалды қозуы қарқынды түрде өзгеріп отырады, олар өздерінің күйлерін бақылай және басқара алады, бүл өз кезегінде жарыс нәтижелеріне оң әсер етеді, жағымды ықпал жасайды. Спорттық виктория мектебінің оқушылары таңдаған спорт түрін үнатады, оларға үмтылыс, таңдалған өрісте беріліп жүмыс істеу тән. Ал гимназияда бастысы оқу үрдісі болып табылатыңдықтан дене тәрбиесіне, спорттық әрекетке маңызды мәртебе берілмейді, оқушылар бар мүмкіндіктері мен күш-жігерін оқуға жүмсайды.  В. Э. Мильман анкетасының нәтижелері

Информация о работе Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі