Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 19:58, дипломная работа

Краткое описание

Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
Анкеталық сауалнама.
Педагогикалық бақылау.
Физиологиялық өлшемдер.
Психо-педагогикалық эксперимент.
Математикалық статистика әдістері.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………...3
1 тарау. Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.
1.1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері........................................................................................................5
1.2. Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері......................................................................9
1.3. Жас гимнасттардың анатомиалық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері..........................................................................20
1.4. Жас гимнасттарды алдын ала дайындау кезеңіндегі АДД және ЖДД құралдарының мінездемесі.................................................................................22
2 тарау. Зерттеуді мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы.
2.1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері.................................
2.2. Зерттеудің міндеттері...............................................................................
2.3. Зерттеудің әдістері...................................................................................
2.4. Зерттеуді ұйымдастыру...............................................
2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы................
3 тарау. Оқу-жаттықтыру үрдісінің бастапқы дайындығы бөлімінде жеті – сегіз жастағы қыздардың икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамытудың әдістемелік аспектілері.
3.1. Жеті – сегіз жастағы гимнасттардың қозғалыс дайындығын зерттеудің бастапқы бөлімінде зерттеу....................................................................
3.2. Эксперименттік әдіс бойынша қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамытудың әдістері мен құралдарына мінездеме.....................
3.3. Зерттеу нәтижелері...............................................................................
Қорытындылар.................................................................................................
Әдебиеттер.......................................................................................................
Қосымша...........................................................................................................60

Вложенные файлы: 1 файл

Дипломдық жұмысы.doc

— 360.00 Кб (Скачать файл)

               Көркем гимнастикада маңызды дене сапаларының бірі икемділік болып табылады. Икемділік – бұл жаттығуды жоғары қозғалыс амплитудасымен орындай алу қабілеті. Бұл сапасыз қозғалыстың әсемдігін, бұралу, және олардың техникасын тәрбиелеуге болмайды, буындарда қозғалушылық жетіспейтін жағдайда қозғалыс шектелген болады.

Икемділік көркем гимнастика бағдарламасына кіретін толқын тәрізді  қозғалыстарды орындауға, секіруді орындау кезіндегі ауада секірген қалыпты ұстануға қажет.  (Д. Мавромати).

Өзінің биомеханикалық мәніне қарай гимнастикалық жаттығулар буындағы қозғалыстың жақсы болуын талап етеді, ал кейбіреуі осы сапаның толық дамуының деңгейіне байланысты болады.

Қозғалыс мүмкіндігі деңгейі жоғары болған жағдайда, буындарда  үнемді қозғалыс пайда болады. Бұлшық ет ұзын болған жағдайда, жаттығуға  көп күш жұмсап, буындардағы қозғалысты жүзеге асыруға аз күш кетеді (Ю.В. Менхин, 1989).

Буындардағы қозғалыс мүмкіншілігінің  жеткіліксіздігі – осы буындарды  қоршаған бұлшық еттер мен байламдардың созылу қабілетінің нашарлығынан және антагонист – бұлшық еттердің нашар  дамуынан. Аяқты жоғары көтеріп, оны қайта жерге түсіру жеткіліксіз. Аяқты жоғары көтеріп, оны көтерген қалыпта ұстап тұруды білу қажет. Бір аяқтың тепе-теңдігін артқа бағыттап, екінші аяқты жоғары көтеріп артқа қарай шалқайып қолды жерге тигізу жеткіліксіз, одан кейін аяқты түсірмей тұлғаны көтеруді білу қажет. Сондықтан, икемділікті дамытумен бірге онымен тығыз байланыста болатын антагонист – бұлшық еттерді дамыту қажет.

Икемділік амплитуда  көлемімен анықталады (серпу) (бүгу-жазу және басқа да қозғалыстар). Оның көрсеткіштері қозғалыс амплитудасының шегіне сәйкес өлшенеді, бұрыш градусы және сызғыш өлшемімен (сантиметрмен) бағаланады. Амплитуда, қозғалыс амплитудасы және затпен жаттығу жасаудың ауқымы гимнастикадағы сапа дамуының деңгейімен түсіндіріледі. Амплитуда біріншіден спортшының дене сапасына және оның даму деңгейіне байланысты. Амплитуда жайлы айтқанда, оның жетекші сапасы – икемділік. Икемділіктің арқасында гимнастикалық жаттығулардың барлық түрлерін орындау жеңілденеді – еңкею, тепе-теңдік, секіру, толқын. Икемділік спортшыға бұралу қабілетін, жұмсақтық, көркемдік қабілетін береді. Жаңа замандағы көркем гимнастика осы сапаға арнайы көңіл бөледі, сондықтан ол затпен жаттығуды орындауда маңызды рөл атқарады.

Шеңбер жасау, серпу, толқын жаттығуларын орындауда бұлшық ет бағанының бел бөлігінің икемділігін дамыту ғана емес, сонымен қатар кеуде, мойын бөлігінің де икемділігін дамытқан жөн. Гимнастикалық жаттығулардың техникасы жамбас буынының қозғалысы, тізе буынының  қозғалысының жоғары болуын талап етеді. Заттарға ие болу техникасын игеруде иық, білек, шынтақ буындарының өозғалмалылығының маңызы зор.

Икемділік белсенді және белсенді емес болып екіге бөлінеді. Спортшы ешкімнің көмегінсіз өзінің күшін жұмсай алу арқылы жасалған жаттығулар кезінде буындардағы қозғалыс мүмкіншілігінің максималды болғанын белсенді икемділік деп атайды. Белсенді емес икемділік біреудің, заттың, әріптестің көмегімен жасалған икемділік. Белсенді икемділіктің көлемі белсенді емес икемділіктің көлемінен әлдеқайда жоғары. Аяқты екі жаққа созғандағы жамбас буынындағы қозғалыс амплитудасы сол қозғалыстарды таңдап, серпуді орындағаннан төмен. Шаршаудың әсерінен белсенді икемділік төмендейді (жиырылудан кейінгі бұлшық еттің босаңсу қабілетінің төмендеуі есебінен), ал белсенді емес икемділік жоғарылайды (созылуға кері әсер беретін төмен бұлшық ет тонусының есебінен).

Көркем гимнастикада ғана белсенді икемділіктің маңызы зор, ол қажетті еркін қозғалыспен  қамтамасыз етеді, тиімді спорттық техниканы  игеруге мүмкіндік береді. Буындардағы  ұтымды қозғалысқа жету үшін белсенді және белсенді емес икемділікті бір уақытта дамыту қажет. Көркем гимнастикадағы икемділікті тәрбиелеудің сапалы құралы ретінде  шегі бар амплитудамен орындалатын созылу жаттығулары болып табылады.

Белсенді емес жаттығулар динамикалық (серіппе тәрізді) және статикалық (қалыпты сақтау) болады. Белсенді емес икемділікті дамытуда серіппелі қозғалыстардан кейін қалыпқа келудің үйлесімділігі тиімді болып табылады. Сонымен қатар жалпы және арнайы икемділікті атап өтуге болады. Жалпы икемділік ірі буындардағы қозғалыс амплитудасының максималды болуын мінездейді, ал арнайы белгілі бір қозғалыс әрекетіне сәйкес келетін қозғалыс амплитудасы болады. Жас келе сіңірлердің салмағының өсуіне (бұлшық етпен салыстырғанда),  бұлшық ет ұлпасының өсуіне байланысты созу күші әрекетіне бұлшық еттердің кедергі келтіру күші жоғарылайды және икемділік төмендейді. 13-14 жас шамасында ерекше байқалатын буындардағы қозғалыстың нашарлануының алдын алу үшін, уақытында белсенді емес икемділікті дамытуға көшу керек. Белсенді емес икемділікті дамыту үшін сензитивті кезең 9-10 жас, ал белсенді икемділікке 10-14 жас. Көркем гимнастика – қиын үйлесімді спорт түрі. Көркем гимнастикадағы шеберліктің ерекшелігі оның қиын және қозғалыстың дәлдік үйлесімділігін игере алу, қозғалыстың жалпы мінезі мен оның бөліктерін адамға жеткізе алу болып табылады.

Көркем гимнастикада дене дайындығы барлық сапалардың үйлесімді  дамуына бағытталған. 7-8 жастағы  балаларда маймақтық, еңкіштік, белдің қисаюы сияқты ауытқуларды болдырмайтын дұрыс тұлғаны тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Бірақ басқаларымен салыстырғанда үйлесімділік қабілетінің алатын орны ерекше. Үйлесімділік қабілеті – ол ағзаның құрылымы мен белгілі бір мүшелердің қызмет мүмкіншілігін анықтайды, олардың бір-бірімен әрекеті қозғалыстың барлық жеке элементтерін тұтас мағыналас қозғалыс әрекетіне айналуына жағдай жасайды. Жалпы түрде адамның үйлесімділігі қабілеті мүмкіншілігі оның қозғалыс әрекетін реттеуге және ұтымды басқаруға дайындығын білдіреді.

Үйлесімділік қабілеті келесілерден құралады:

  • кеңістікте бағдар жасау;
  • кеңістіктік, күш және уақыт өлшемдерінде қозғалысты дәл жасай алу;

Үйлесімділік қабілеті жалпы, арнайы және өзіндік түрлерге бөлінеді. Адамның   пәндік-тәжірибелік  және спорттық қызметінде көрінетін  арнайы үйлесімділік қабілеті:

  • проприорецепті сезімталдыққа негізделген қабілеттер (бұлшық ет сезімі);
  • тепе-теңдікті сақтай алу қабілеті;
  • ырғақты сезіну;
  • қозғалыс әрекетінен ауыса алу қабілеті;
  • статокинетикалық тұрақтылық;
  • бұлшық етті еркін босаңсыта алу қабілеті.

В.И. Ляхтың айтуы бойынша, қыздарда үйлесімділік қабілетін дамытуға 11-12 жас шамасы өте қолайлы.

кеңістікте қозғалудың әр түрлі тәсілдері кезіндегі  дененің тұрақтылығы деңгейі (жүгіру, жүру, жүзу, шаңғымен жүру және т

Кеңістікте  бағдар жасай алу қабілеті.

Бұл қабілет дененің  қалпын уақытында өзгертіп, дәл анықтай  алады және қозғалысты қажетті бағытта  жүзеге асыра алады. Бұл қабілетті  адам қолайлы жағдайда айқындайды (гимнастикалық  алаңда, теннис, волейбол, баскетбол  және т.б. ойындар ойнайтын алаңдарды). Кеңістікте бағдар жасай алу қабілеті спорттың әр түріне тән. Оның айқындалуы мен дамуы анализаторлардың бір-бірімен кешенді әрекеті негізінде жетілетін әрекеттің кеңістік жағдайын бағалаумен және қабылдау жылдамдығына байланысты (соның ішінде көру маңызды рөл атқарады). Осы қабілетті арнайы жетілдірілуге бағытталған негізгі әдістеме түрі – кеңістікте бағдар жасаудың дәлдігі және жылдамдығының ақырындап өсуі талаптарын мазмұндайтын тапсырманы жүйелі орындау болып табылады.

Тепе-теңдікті сақтай алу қабілеті.

Гимнастикадағы спорттық шеберліктің өсуі вестибуляр анализаторының қызметіне байланысты. Қозғалыс және көру анализаторларымен қатар, ол кеңістікте бағдар жасауды қамтамасыз етеді, тепе-теңдік сапасына және қозғаалыс үйлесімділігі деңгейіне әсер етеді.

Бақылаулар көрсеткендей, вестибуляр анализаторы нашар дамыған  гимнасттар берілген материалдар бағдарламасын  қиын игеріп, айналу қозғалысты және тепе-теңдікті сақтауды қиынсынады.

Қалыпты тұрақты сақтау қабілетінің өмірлік маңызы өте  зор. Жай ғана жаттығуды орындау тепе-теңдікті сақтау мүшелерінің дамуының жоғарғы деңгейін талап етеді.

Тепе-теңдік әр түрлі  байқалады. Бір жағдайларда тепе-теңдікті статикалық қалыпта сақтау («қарлығаш» қалпында бір аяқпен тұру, гимнастика және акробатикадағы қолмен тұру); келесі жағдайда динамикалық қалыпта – жаттығуды орындау барысында (бөренеде немесе басқа жіңішке нәрселерде жүгіру және жүру кезінде).

Тепе-теңдіктің үшінші формасы да анықталған – заттарды немес заттың үстіндегі теңдестіру, мысалы, алақанда тұрған гимнастикалық ұршықты теңдестіру; қозғалыс немес бір орында тұрған қалыпта допты баста ұстау; білікте тұрып тепе-теңдікті сақтау және т.б. Статикалық және динамикалық тұрақтылықты жақсарту қозғалыс дағдысын меңгеру негізінде пайда болады, сонымен қатар, жалпы және арнайы-дайындау үйлесімділік жаттығуларын жүйелі қолдану барысында. Тепе-теңдік элементтері барлық қозғалыстардың құрамдық бөлігі болып табылады: циклдік, ациклдік, лақтыру, акробатикалық, спорттық-ойындық және т.б.

Тепе-теңдік байқалуының  әртүрлілігі оның әртүрлілігін дәлелдеуді қажет етеді. Қозғалыс қызметінде денені тұрақты ұстауды үйрену көптеген авторлардың көру аумағында болады. Бірақ қазіргі уақытқа дейін денені тұрақты қалыпта ұстау қозғалыс үйлесімділігі қабілетін дамытуға баға беру критерийлеріне жағдай жасайтын факторлар, айқындалу және оның негізгі компоненттері  әлі анықталмаған. Соған байланысты біріншіден осы сапаның әр құрылымдық элементтерін негіздеп, анықтаған жөн. Ауыр қозғалыс үйлесімділігі қабілеті болып тұрып, тепе-теңдік келесі компоненттерді құрайды:

  • дене бөліктерінің оңтайлы орналасуы;
  • бұлшық ет күшін қайта бөлу және мөлшерлеу;
  • кеңістікті бағдарлау деңгейі.

Тепе-теңдікті сақтаудың  негізі дененің жермен гравитациялығы болып табылады. Тіректен жалпы ауырлық  орталығының қалпы жоғары болған сайын, гравитация күшінің әсері үлкен болады және тұрақтылықты сақтау қиынға түседі.

Бірінші компонент –  дене бөліктерінің оңтайлы орналасуы  – тепе-теңдікті жақсы сақтауға мүмкіншілік береді. Отырған және тұрған қалыптағы дұрыс тұлға  дененің тұрақтылығын сақтауға өте тиімді. Дене бөліктерінің оңтайлы өзінара бөлінуі бұлшық еттердің белсенділігіне әсер етеді. Бір аяқпен отырып-тұрған қалыпта тұлғаның және тірек аяқтың бұлшық еттері белсенденеді. Дене бөліктерінің орналасуы кез-келген қозғалыс әрекетін сыртқы қабылдауға ғана емес, сонымен қатар тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді.

Тепе-теңдіктің екінші компоненті – бұлшық ет күшін қайта  бөлу және мөлшерлеу. Кез-келген жаттығуды  орындаудан кейінгі дененің қалпының тұрақтылығын сақтаудың қиындығы (бұрылулар, секірулер, аунау) бұлшық ет топтарының күшінің қозғалыс әрекеті кезінде белгілі фазада қысқа ғана күш жұмсауына, сонымен қатар қозғалыстың басында немесе аяғында бұл күш жұмсаудың көлемінің әртүрлілігіне байланысты. Жіберілген бұлшық ет күшінің көлемі тепе-теңдіктің айқын көрінуімен анықталады. Мысалы, жоғарғы тірек кезінде және айналуды орындағаннан кейін тепе-теңдікті сақтап қалу әр түрлі күш жұмсауды талап етеді.

Әр түрлі секірулерді  орындағаннан кейін тұрақтылықты сақтап қалу анықталған инертті күшті билеп алуды талап етеді. Секіру техникасы неғұрлым қиын болса, оны билеп алу күші соғұрлым қажет болады. Қозғалыс әрекетін қысқа уақыт ішінде орындау кезінде тепе-теңдікті сақтау талаптарын шешуге байланысты қосымша қиындықтар туады. Сонымен қатар бұлшық ет ішілік және бұлшық ет аралық үйлесімділігінің жоғарғы деңгейін айқындау талаптары өседі.

Әр түрлі бұлшық ет топтарының әр түрлі белсенділік  деңгейі бар. Көп белсенділікке  тепе-теңдік күйіндегі дене бөліктерін ұстау кезінде негізгі жүктемені орындайтын бұлшық еттер ие. Мысалы, қолмен тұрғанда білек буындары және арқа бұлшық еттерінің белсенділігі өте жоғары болады.

Дененің тұрақтылығы  қалпын сақтаудың үшінші компоненті – кеңістікте бағдар жасау деңгейі. Әр түрлі қозғалыс әрекетін жасау  үшін, ең жеңіл табиғи қозғалыстардан: бір қалыпты ұстап тұру, жүру, жүгіру – қиын спорттық жаттығуларға дейін, кеңістікте бағдар жасаудың белгілі бір деңгейі қажет. Ол неғұрлым жақсы болса, тұрақты қалыпты сақтау соғұрлым жеңіл болады. Кеңістікте бағдар жасау, дененің және оның жеке бөліктерінің орын ауыстыру қозғалысының дәлдігін қамтамасыз етеді. Қозғалыс қызметінің әр түрінде қозғалыстың кеңістіктік дәлдігінің маңызы зор. Мысалы, допты лақтырудағы дәлдік кеңістікте қозғалыс мінезін бағалау дәлдігі деңгейіне байланысты. Әр қозғалыс әрекеті белгілі бір құрылымға ие, және оның өлшемдері туралы ақпарат өзінің белгілі бір салалары бойынша басқару жүйесіне бағыттайды. «Қашықтықты сезіну», «допты сезіну» және т.б. түсініктері қашықтықты бақылауға және анықтауға мүмкіндік беретін функционалды жүйе кешенінің негізгі өзара әрекетіне ие. Сондықтан, көзді ашқан қалпына қарағанда, жұмған қалыпта көптеген қозғалыс әрекетін жасау кезінде дененің тұрақтылығын сақтау әлдеқайда қиын.

Тепе-теңдіктің негізгі  екі тұрі анықталған: статикалық және динамикалық. Арнайы зерттеулер анықтағандай, статикалық және динамикалық тепе-теңдіктің арнайы және арнайы емес көрсетулері бар. Арнайы кқрсетулер спорттық қызметтің нақты түрімен байланысты, ал арнайы емес көбінесе еңбек және күнделікті қызметте кездеседі. Арнайы және арнайы емеске бөлу қозғалыс қызметінің қиындығы кезінде екі көрсетілімдер арасына нақты шектеулер қойылмағандықтан болады. Бірақ та, екі өзіндік топты бөлу дененің тұрақтылығын дамыту және жетілдіру көзқарасы жағынан расталған. Дененің абсолютті тұрақтылығына жету мүмкін емес. Кез-келген тепе-теңдікті сақтау кезінде бұлшық еттің жағдайы жаттықпаған адамдарда кездеседі, өйткені тепе-теңдікті сақтау оларға өте қиын.

Информация о работе Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі