Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 19:58, дипломная работа
Қойылған міндеттерді шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылды:
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиетке сараптама жасау.
Анкеталық сауалнама.
Педагогикалық бақылау.
Физиологиялық өлшемдер.
Психо-педагогикалық эксперимент.
Математикалық статистика әдістері.
Кіріспе…………………………………………………………………………...3
1 тарау. Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері.
1.1. Мақсаттар мен міндеттер, спорт түрі ретінде көркем гимнастиканың ерекшеліктері........................................................................................................5
1.2. Қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамыту әдістемесінің ерекшеліктері, жас ерекшеліктері......................................................................9
1.3. Жас гимнасттардың анатомиалық-физиологиялық және психофизикалык ерекшеліктері..........................................................................20
1.4. Жас гимнасттарды алдын ала дайындау кезеңіндегі АДД және ЖДД құралдарының мінездемесі.................................................................................22
2 тарау. Зерттеуді мақсаты, әдістері және ұйымдастырылуы.
2.1. Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастыру әдістері.................................
2.2. Зерттеудің міндеттері...............................................................................
2.3. Зерттеудің әдістері...................................................................................
2.4. Зерттеуді ұйымдастыру...............................................
2.5. Психологиялық зерттеудің нәтижелерінің интерпретациясы................
3 тарау. Оқу-жаттықтыру үрдісінің бастапқы дайындығы бөлімінде жеті – сегіз жастағы қыздардың икемділік және қозғалыс үйлесімділігін дамытудың әдістемелік аспектілері.
3.1. Жеті – сегіз жастағы гимнасттардың қозғалыс дайындығын зерттеудің бастапқы бөлімінде зерттеу....................................................................
3.2. Эксперименттік әдіс бойынша қозғалыс үйлесімділігін және икемділікті дамытудың әдістері мен құралдарына мінездеме.....................
3.3. Зерттеу нәтижелері...............................................................................
Қорытындылар.................................................................................................
Әдебиеттер.......................................................................................................
Қосымша...........................................................................................................60
Белгілі бір тепе-теңдікті сақтауға тыныс алу жүйесінің жағдайы көп әсер етеді. Бір қалыпты дем алу кезінде дененің тербеліс қозғалысы өседі, ол тепе-теңдікті сақтауға көп күш жұмсауға әкеледі. 30 сек. Көп демді іште ұстау дененің тербелісін төмендетеді. Дененің тұрақты қалпын сақтау қабілетіне әсер ететін факторлардың бірі – үйлесімділік сапасын және дене дамуының деңгейіне байланысты. Бұлшық еттің күш және жылдамдық сапаларын дамыту деңгейі максималды мүмкін болатын жылдамдық жұмсау арқылы бірнеше рет орындауға мүмкіндік туғызады. Тұрақтылықтың белгілі көрсеткіштері дененің тұрақтылығының байқалуын күшейтеді. Арнайы және жалпы шыдамдылықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса, тепе-теңдіктің әр түрін спорты соғұрлым тез игереді.
Тепе-теңдікті ұстау қабілеті
буындардағы қозғалу
Икемділікті дамытудың деңгейі тепе-теңдікті сақтауға әсер етеді. Омыртқаның мойын, кеуде, бел бөліктерінің икемділік деңгейі жоғары болса, тірек позициясын алу оңайға түседі. Тепе-теңдікті сақтауда айналу және секіру жаттығуарында ептілік маңызды рөл атқарады. Бұлшық ет және бұлшық ет ішілік үйлесімділік қиын қозғалыс талаптарын шешуді қамтамасыз етеді. Сондықтан, спорттық жаттығу неғұрлым қиын болса, дененің тұрақты қалпын сақтауға ептілік соғұрлым қажет. Әр спорт түрінде ептілікті көрсетудің ерекшелігі бар. Ептілік әрекетті мақсатты түрде орындағанда, қозғалысты орындау уақыты, сәттік ситуацияларда дұрыс баға беруде байқалады. Тірек және тірексіз жағдай кезінде дене бөліктерінің оңтайлы орналасуын қамтамасыз ететін қозғалыс дәлдігінің маңызы зор. Қозғалыс әрекетінің дәлдігі жаттығуды орындау кезінде аз күш жұмсау және үнемді жұмсауды қамтамасыз етеді. Ол қозғалыстың жетілген түрінде және қозғалыс әрекетінің дәл құрылымында байқалады.
Ырғақтылық дененің тұрақтылығы кезіндегі бұлшық ет күшін мқлшерлі бөлуді қамтамасыз етеді. Ол қозғалыс әрекетінің жеке бөліктерінің оптимальды қатынасын, берілген уақыт мөлшеріндегі оның үздіксіздігін, жеке қозғалыстардың апмлитудасының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Кез-келген жаттығуда уақыттың белгілі ұзақтығы (ырғақ) және күшті дұрыс жұмсай білу заңдылығы (динамика) бар. Ырғақ және динамика бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді. Олардың оптимальды бірігуі қозғалыс үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайда жүру, жүгіру ырғағы сезімі байқалады, бүл дененің тұрақты қалпынсыз мүмкін емес.
Тепе-теңдікті сақтау қабілетін жоғарылататын факторлардың бірі психологиялық дайындық және көңіл-күй жағдайы. Психологиялық дайындықтың жоғары деңгейі – қалыптың тұрақты болуына әсер ететін жүйке процесінің тепе-теңдігіне жағдай жасайды. Жақсы көңіл-күй жағдайы жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауын, бұлшық ет белсенділігін, дененің және оның жеке бөліктерінің тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді.
Дененің тұрақты қалпын бағалауының келесі критерийлері:
Тепе-теңдік – бұл дененің және оның жеке бөліктерінің қозғалыс әрекетінің тірекпен және тірексіз фаза кезіндегі тұрақтылығын сақтау қабілеті. В.И. Ляхтың зерттеулері көрсеткендей, қабілеттер проприорецептивті сезімдерге негізделген (И.М. Сеченов бойынша бұлшық ет сезімі). Бұл қозғалыстың күш, уақыт, дифференциалды кеңістік, мөлшерлеу, бағалау, жүргізу өлшемдерін іске асыра алу қабілеттері. Әр түрлі өлшемдегі қозғалысты басқару әр түрлі проприорецепторлардың көмегімен жасалады. қозғалыстың күш, уақыт, дифференциалды кеңістік, мөлшерлеу, бағалау, жүргізу өлшемдерін іске асыра алу қабілеттері қозғалыс сезімдерінің дәлдігі және қабылдауға негізделген, ол көру және есту қабілеттерімен байланысты; тәжірибенің аздығына байланысты балаларда сезіну және қабылдау, бағалаудағы, дифференциалды кеңістіктегі, уақыт, күш қозғалыстарында қателіктер көптеп кездеседі. Тәжірибе келген сайын сезіну және қабылдау өлшемдері дәл, айқын және анық болады.
Дене жаттығуларының әр түрінде бұлшық ет-қозғалыс сезімі және қабылдаудың өзіне тән мінезі болады. Бұл қозғалыс үйлесімділігінің, қоршаған ортаның жағдайы, қолданылатын құрал-жабдықтардың түрлілігіне байланысты. Спорттық қызметтегі арнайы қабылдаулар сезімдер деп аталады. Кеңінен таралған сезімдер: қашықтық – семсерлесуші және боксшыларда; зат – гимнасттарда; су – жүзушілерде; уақыт – жүгірушілерде, велошабандоздарда, шаңғышыларда және т.б.
Осыған байланысты жүргізу, дифференциалды кеңістік, мқлшерлеу, бағалау, уақыт және күш қозғалыс өлшемдері қабілеттері, немесе әрекет және қызмет толығымен дәлдікке негізделген, ол әр түрлі өзіне тән мінезі бар, белгілі бір спорт түріндегі ерекшеліктерге байланысты дамиды.
Берілген қабілеттер кейбір кезде ғана жекелеп орындалады. Сонымен қатар олар арнайы үйлесімділік қабілеттерімен, дене және психологиялық ерекшеліктермен байланыста анықталады.
Қозғалыс қызметіндегі үйлесімділік қозғалысы бүртұтас психомоторлы процесс болып жағдай жасайды, оның бірлігі мен бір-бірімен тығыз байланысы келесі компоненттерде көрсетілген: ақыл-ой (бағдарламалайтын және мағыналық), сенсорлы, сенсомоторлы және моторлы (орындаушылық, дене дайындығы). Қозғалыс өлшемдерін дәл орындау, бағалау, өлшеу қабілеттері жалпы және арнайы үйлесімділік жаттығуларын жүйелі түрде, арнайы үйлесімділік қабілеттерінің әдістерін орындау болып табылады. Педагогикалық әсер етудің тиімділігін жоғарылату үшін осы аталған қабілеттердің жетілуіне бағытталған әдістемелерге негізделген.
Үйлесімділік қабілетінің әдістері қозғалыс әрекеті немесе жекелеген қозғалыстардың жоғары талапқа сай дәлдікпен орындалуға тиіс тапсырмалардың жүйелі орындалуына негізделген. Тапсырмалар төмендегідей бөлінеді: 1. Аналитикалық (таңдап алынған) – кеңісіктегі, уақыттағы, күштегі қозғалыс өлшемдерінің орындалу дәлдігі, бағалануы, өлшенуі және олардың сандық артықшылығы. 2. Жүйелілік – қозғалыс әрекеттерінің жалпы басқарылу дәлдігі. Әрине, орындалу дәлдігі, кеңістік өлшемдері, бағалануы, уақытша және күшті қозғалыс белгілеріне бөлу шартты түрде кездеспейді. Нақты жағдайда қозғалысты меңгеру мен бағыттау дәлдігі органикалық бірлікте болады. Сондықтан, белгілі бір қозғалыс өлшемдерінің дәлдігін жақсартуға мүмкіндік болса да, қозғалыс әрекетінің орындалу дәлдігіне қол жеткізудің негізі тұтастық өлшемі болып табылады.
Белгілі бір мақсатқа бағытталған үйлесімділік қабілетінің
дамуы және жетілдірілуін жүзеге асыруда
жас спортшылар әр түрлі неғұрлым тез
және оңтайлы қозғалыс қимылдарын меңгереді;
неғұрлым сапасы жоғары деңгейге жеткенде
ескі жаттықтыру бағдарламасын оңай және
тез өзгерте алады; спорттық шеберлігінің
биіктеріне көтеріліп, үлкен спортта ұзақ
қалады; жоғары психофизиологиялық қызметі
сенсомоторлы және ақыл-ой саласында жоғары
нәтижеге тез жетеді; өзінің энергетикалық
қорын үнемді және оңтайлы пайдалана алады,
өзінің қозғалыс тәжірибесін үнемі толықтырып
отырады; дене шынықтыру жаттығуларының
жаңа, әр түрлі түрлерін меңгере отырып,
қанағаттану және рақат сезіміне бөленеді.
1.3. Жас гимнасттардың
анатомиялық – физиологиялық жә
1.4. Жас гимнаст қыздард ы қосымша дайындау сатысындағы ЖДД және АҚҚ құралдарының сипаттамасы.
Жас гимнаст қыздардың жан-жақты дене шынықтыру тәрбиесінде көбінесе жылдық циклдағы бірнеше жылдар бойғы дене шынықтыру жаттығуларындағы әдістер мен құралдардың дұрыс іріктелуі үлкен әсерін тигізеді.
Толық дене шынықтыру
дайындығы өзара тығыз
Арнайы дене шынықтыру құралдары:
Жалпы дене дайындығы гимнаст қыздың ағзасының функционалды мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту көзқарасымен қарағанда қажет, бірақ бұл спорт түрі үшін ерекше емес дене сапасын дамытуға бағытталған. Жалпы дене дайындығы спортшыны әр түрлі нағыз дағдылармен байытады. Әр түрлі нақты дене сапаларының пайда болуына қарамастан, олар спорттың әр түрінде көрініс табатын жалпы даму заңдылықтарына ие болады. Жалпы дене дайындығы ағзаның жалпы гормоналдық дамуына, оның бұлшық етін дамытуға, ағза жүйесі мен мүшелерін бекітуге, оның функционалды мүмкіндіктерін көтеруге, үйлесімділік қозғалыс қабілетіне, жылдамдығын, күшін, төзімділігін, серпімділігін жақсартуға, жас спортшы қыздың денесі мен тұлғасының кемшіліктерін түзеуге бағытталған. Құралдарды нақты таңдау бар мүмкіндікке және спорттық ұжымның бейімделуіне тәуелді. Жас гимнасттар үшін жалпы дене дайындығы жүру, жүгіру, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау жаттығуларынан, затпен және затсыз жалпы дамыту жаттығуларынан, тартылу жаттығуларынан тұрады.
Бағдарламада негізгі орын қозғалыс және спорттық ойындарына, жеңіл атлетиканың әр түріне, суда жүзу мен секіруге берілген.
Жалпы және арнайы дене дайындығы жыл бойғы жұмыстарда – дайындық, жарыста (негізні, өтпелі) көрінеді, бірақ қатысы мен міндеттері өзгеріп отырады. Оқудың алғашқы жылдарында жалпы дене дайындығына көп көңіл бөлінеді, себебі олар жас спортшылардың жан-жақты дамуы мен ағзаның функционалды мүмкіндіктерінің өсуіне әсер етеді. Жалпы дене дайындығы жыл бойы жүзеге асады, оның көлемі дайындық барысында өзгеріп отырады. Бағдарлама авторлары жас гимнасттармен жұмыстың жұмыста нәтижеге жетудің бір жолы арнайы және жалпы дене жаттығуларының ұштасуы деп біледі, осы жағдайда ғана спортта жетістікке жетуге болады деп есептейді.
Информация о работе Жас гимнасттарда қозғалыс үйлесімділігі және икемділікті дамыту әдістемесі