Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:45, контрольная работа
Ерте заманнан-ақ адам өзін коршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір коғамда, коғамның практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүріп жатады. Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
3. адам жаны («психэ») мен
«космостың жаны» ауа (пневма)
арасындағы процестер
4. құдайларды табиғат
күштеріне және аспан
Бірде көлеңкелі бақ арасында серуендеп жүргенде шәкірті: А., айтыңызшы, неге күдіктене бересіз. Сіз ұзақ өмір сүрдіңіз, тәжірибелі данасыз, - депті. Сонда А. бірі кіші, бірі үлкен екі дөңгелек сызып, кішісінің іші сенің білгенің, үлкеннің іші менің білгенім, ал дөңгелектердің сырты бізге беймәлім, депті.
12. Августин Аврелий және Фома Аквинский ілімдерін салыстырыңыз.
Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының негізін қалаушысы. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат.
Ф. Аквинский Құдайдың бар екендігінің онтологиялық дәлелі жеткіліксіз деп есептеді. Оған дейінгі Аврелий Августин “ Құдай жаратқан дүниенің болуы – Құдайдың бар екендігіне жеткілікті дәлел ” деп санаған. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін құрастырды:1. Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.2. Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.3. Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.4. Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.5. Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді.
Аврелий Августин Аврелий(354-430)-ежелгі рим философы, христиандық философияның негізін қалаушыларының бірі. Негізгі еңбектері: “Құдай қаласы туралы”, “Бессмертные души” және т.б. Философиялық көзқарастары.Өзінің “ Құдай қаласы туралы ” атты еңбегінде Августин иондық және италиялық философияны ажырата отырып грек философиясына талдау жасады. Ал “Акадеимктерге қарсы ” атты еңбегінде Орта кезеңдегі Платон Академиясында етек алған салыстырмалы скептицизмді сынайды. Еңбектері өте көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады.
13. Адамның әлеуметтік
мәні? Осы мәселеге байланысты
философия тарихында орын
53. Ақиқаттағы салыстырмалылық
пен абсолюттіліктің,
Ақиқат мәселесі, яғни
күмәнсіз, шынайы, адекватты білім
мәселесі Ежелгі Грекияда
14. ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН ӨНЕРДІҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН АШЫП КӨРСЕТІҢІЗ. |
Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну. Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.
Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.
Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан «Ислам мәдениеті» деген терминде әу бастан-ақ қарама қайшылық бар, себебі мұсылмандар жердің әр бөлігінде өмір сүріп, олардың арасында үлкен айырмашылық байқалады. Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді. Кейбіреулер Ислам мәдениеті деп «мұсылман үмметі мен Ислам дінінің негіздерімен байланысты осы заман мәселелерін тану» — деп түсіндіреді. Басқалар «Исламның жүйесін, құндылықтарын, ойын жалпылай зерттейтін және осыларға әсер еткен адамдардың мұрасын жоққа шығаратын ғылым» — деп жалпы анықтама береді. Исламның бастапқы кезінде мұсылмандар жаңадан құрылған үкіметті және жетістіктерді қорғауға соншалықты мән бермеген. Олар Құран тағылымдарына көп көңіл бөлген. Сонымен қатар "Нахв", "Жеңістер тарихы" және "Фикх" пен осыған ұқсас діни ғылымдарға мұсылмандар назар аударды.
15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері қандай?
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Б.з.д. VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады. Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина ж\е т.б. Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды: • Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды. • Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.Философияның қызметі – философияның мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолдану салалары. Ф.-ның негізгі функциялары мынадай:
Дүниеге көзқарастық
функция - дүниенің біртұтастық бейнесін
жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі
адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы
туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені,
шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін
жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды
ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды
- логикалық жүйелер жасайды, теориялық
тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені,
шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны,
білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп,
ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын
айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды
әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау
және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды
бағалағанда оларды моральдік-әдептілік,
этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени,
рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде,
оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды
айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар
мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам
игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық
адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік
мәнін ашып көрсетеді.
Сындарлы функция
– қоршаған дүниені және білім атаулыны
күмән
“елегінен” өткізу, оның жаңа белгілерін, сипатын іздеу, қайшылықтарын ашу. Түпкі міндеті: таным көкжиегін кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейінен жоғарылату.
Болжамдық (футурологиялық) – қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге, оның жетістіктеріне сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адам, табиғат, қоғамның даму тенденцияларына болжау жасайды.
Эвристикалық қызметі - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді. Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.