Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11

2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46

3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62

Вложенные файлы: 1 файл

Ищанов новый жумыс.docx

— 156.01 Кб (Скачать файл)

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен  қатар оны тарату құрылымы, әсіресе  өндірісті дамытуға бағытталған  бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  әсер ететін мынадай ішкі факторларды  атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын  өнімнің  (жұмыс,   қызмет)  құрылымы және оның жалпы

    төлем қабілеттілігі  бар сұраныстағы үлесі;     

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы

     динамикасы;   

  • қорлар мен резервтерді,  олардың құрамы мен құрылымын қоса        

алғандағы  мүлік пен  қаржы ресурстарының жағдайы;

  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника  мен технология, төлеу қабілеті бар  сұраныс және тұтынушылар табысының  деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие  саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау  жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның тұрақты  қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара  қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан  да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу  жақсы қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып  табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ  қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы  үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  көршісіне  қарағанда  жақсы  болуы  тиіс.

Сондай-ақ, бұл жыл сайын  өз облигациясы бойьнша белгілі  бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта  облигация  құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез  келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел  ете отырып несие алушының өз қарызын  уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім  қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл  қарыздың қамтамассыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға  несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл  сұрақты дұрыс шешкен жағдайда қандай пайызбен және қанша мерзімге деген  сұрақтарды шешудегі негізгі белгі  болып табылады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар  сенімді және төлем қабілеттілігі  жоғары кәсіпорындармен келісімшартқа  үлкен ықыласпен отырады. Тіпті  қаржы органдары, әсіресе салық  инспекциясы кәсіпорынның жағдайы  тұрақты болғанын қалайды, себебі тек  осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын  анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа  қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс  бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын  бақылауға, оның шаруашылық қызметіне  кешенді түрде баға беруге мүмкіндік  береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді  өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік  қызметі   арасында  байланыстырушы   қызметін атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі  уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа  жауап береді. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы  және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің  жоқтығына және оның дамуына қажетті  қаражатының болмауына, ал көп болуы  дамуға кедергі жасап, басы артық  қорлармен және резервтермен кәсіпорын  шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты  мақсаты (міндеті) келесілер болып  табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері apaсындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым   капиталының   көлемін,   оның   өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін,  кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің   көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін,  сондай-ақ  олардың  деңгейінің  өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың  қорытындылаушы кезеңі болып табылады, және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс  және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-циялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл  оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен  құрамына өзгеріс әкелетін қызметі  болып табылады. Ол қаржы ресурстарының  жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

  Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынандай мәселелерді шешеді;

  • Инвестициялық қордың тұрпатын қайта құру (өзгерту) туралы;
  • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
  • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілерімен және ластодиандармен келісім шартқа отыру (бекіту) туралы.

  Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзіреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарыпда басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отыру. Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тиым салынған).

   Инвестициялық қордың  басқарушысы – бағалы қағаздардың  портфелін басқару бойынша кәсіби  қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген келісім шарттың негізінде әрект ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт – тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөнінде келісім –шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық декларацияның мазмұны әр түрлі болуы керек.

   Инвестициянық қордың  қызметі Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңдары жиі бұрмаланған  жағдайда, басқарушының лицензиясы  қайтарылып алынған жағдайда  және қорлар өзіндік акцияларды  өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

  Кәсіпорындар мен  ұйымдардың қызмет барысында  өздерінің өндірген дайын бұйымдарын  сату үшін сатып алған тауарлары,сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсетілген қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдық сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.

  Олардың өндіріс құралдарынан  өзге еңбек заттары өндірісте  пайдаланылған кезде өздерінің  бастапқы құнын түгелдей өндірілетін  өнімге ауыстырады. Шығарылған өнімнің, атқарылған жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды,   нәтижесінде   кәсіпорынның   төлеу   қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс  процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп  болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін  сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен  материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден  тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы каражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек  және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы  қаржылық жағдайында елеулі көрініс  табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі  қойылған мақсаттарға қол жеткізу  үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің  үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан  бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  • баланс өтімділігін талдау;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау;
  • табыстылығын талдау;
  • қаржылық тұрақтылығын талдау;

Біз талдауды  осы көрсеткіштен бастаған себебіміз, көптеген шетел  және Ресей экономист – ғалымдарының еңбектерінде жиі кездеседі және кең таралған көрсеткіштер болып  табылады.

 

 1.2  Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың

әдістері

 Нарықтық қатынастың  қалыптасуы шаруашылық қызметін  біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық  талдау) талдау деп бөлуді қажет  етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің  әрқайсысының өзінің негізгі  ақпараттық көздері бар.

  Әлемдік тәжірибе  көрсеткендей, есеп берудің екі  түрі бар: Акционерлерді, қалың  жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ  сақтандыру ұйымдары мен үкімет  органдарын  кәсіпорынның жұмыс  жағдайы мен оның қаржылық  жағдайы және есепті кезеңдегі  шаруашылық қызметінің нәтижесімен  таныстыру үшін қаржылық газеттер  мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары  мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады.  Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңда нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық  көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей  көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі  әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар