Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек
КІРІСПЕ
3
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11
2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46
3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62
Осыған ұқсас компанияның тез және абсолютті өтімділік коэффициенттері де нашар көрсеткіш беріп тұр. Абсолютті өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні 0,2 – 0,5 болуы керек. Ал компанияның үш жылына қатар бұл коэффициент 0,2- де жетпей тұр.
2010 ж компанияның
таза айналым капиталы 9 млр. теңге
құраса 2011ж. ол біраз төмендеп
6 млр. теңге құрады. Ал 2012 ж. компанияның
таза айналым капиталы тері
сан көрсетіп тұр. Егер де
кредиторлар өз қарыздарын
Егер компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін азайтпайтын болса, онда компанияның қиналып қалу мүмкіндігінің болжамы бар. Жалпы айтқанда компанияның өтімділік деңгейі есепті жылы нашар деп айтуға болады.
II.Іскерлік белсенділік коэффициенті.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Іскерлік белсенділік талдаудың мақсаты Т –А – Т қағидаты бойынша , ақшаның айналуы арқылы, кәсіпорынның табыс табу мүмкіншілігін бағалау. Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет ерісін салалығын, ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықгай жоғары келеді бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді.
Сөйтіп, елдегі өтіп
жатқан инфляциялық процестер,
кәсіпорындардың басым
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
1.Негізгі ңұралдардың айналымдылығы. (немесе қор қайтарымдылығы). Кез – келген кәсіпорының қызметінде, көп жыл бойы қолданып келетін негізгі құралдары болады. Кәсіпорынның сәтті жұмысы үшін негізгі құралдардың бар болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тиімді қолдану қажет.
Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін көрсетеді.
2. Активтердің айналымдылық коэффициентері. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Өнімді өткізуден алынған табысты баланс активінің барлығына бөлу арқылы анықталады және кәсіпорынның барлық ресурстарының тартылу көзіне байланыссыз оның тиімді қолдануын сипаттайды. Яғни табыс түрінде нәтиже
беретін, айналымның және өңдірістің толық цикілінің жыл ішінде қанша рет айналуын көрсетеді.
Түрлі кәсіпорындарға немесе бір кәсіпорынға әр жылдардағы жалпы айналымдылық коэффициентін салыстырғанда, активтердің орташа жылдық сомасын бағалауда біркелкілі қамтамасыз етілгендігін тексеру қажет. Мысалы, егер бір кәсіпорында негізгі құралдар бірқалыпты тура сызықты шығынға жазу әдісімен есептелген амортизацияны назарға ала отырып бағаланса, екіншісінде басқа бір шапшаңдатылған амортизация әдісі пайдаланылған болса, онда екінші жағдайда айналымдылық тым жоғары болады. Одан басқа, бұл көрсеткіш бірдей жағдайда кәсіпорынның негізгі құралдары көбірек тозған сайын жоғарылай береді. Белгіленген жағдайлар, капиталдың жалпы айналымдылық коэффициентін талдау қажетті түзетулерді ескере отырып жүргізуді керек етеді.
3. Дебиторлық
борыштың айналымдылық
Дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы
мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып,
кәсіпорын берген коммерциялық несиенің
ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Егер коэффициент шоттарды төлеуге
қарай құрылған сатудан түскен табыс
(ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі
несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі
несиеге берудің көлемінің
Дебиторлық борыштың айналымдылық
коэффициентімен қатар
Бұл көрсеткіш
компанияның қойған шоттарын
клиенттердің төлеуге қажет уақытын
сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі
оң, ал артуы теріс бағаланады.
4. Кредиторлық борыштың айиалымдылық коэффициеиті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштьщ орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі
Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдьшық коэффициенті сияқты коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілгенін айқындайды. Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі несиеге сатып алудың артқанын көрсетеді. Кредиторлық және дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициентін күндерменде есептеуге болады. Ол үшін жыл ішіндегі 360 күнді берілген коэффициентке бөлу қажет. Сонда біз сәйкесінше дебиторлық немесе кредиторлық қарызды төлеу үшін қанша күн керек екенін біле аламыз.
5.Тауарлық материалдық запастардын айналымдылық коэффициенті.
Материалдың айналым қаражатының айналымдыльқ коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде кезеңдегі шығындар мен материалдық - өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.
ТМЗ – ның айналымдылығының тез болуы оның тиімді қолдануын сипаттайды. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмағай өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.
Өндіріс пен өнімді өткізуді қалыпты жүргізу мақсатында қорлар оңтайлы болуы керек. Көлемі жағынан кіші, бірақ көбірек қозғалмалы қорлардың болуы, кәсіпорынның қорында аз сомадағы ақшалай қаражаттың бар екендігін білдіреді. Қорлардың жиналып қалуы, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатудағы белсенділігінің күрт азайғанын куәландырады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициентінің шамасына оны есептеу әдістемесі ғана емес және де кәсіпорында қабылданған материалдық қорларды бағалау әдістемесінің де айтарлықтай әсерін тигізетінін назарда ұстау қажет.
Төменгі кестедегі есептелген
мәліметтерге келетін болсақ, компанияның
қор қайтарымдылығы 2010 ж. 0,97 ,2011 ж 0,99
– ды құраса, 2012 ж ол 0,95 – ті құрап
отыр. Компанияның өткізуден түскен
түсімі жыл сайын өсіп тұруда. Егер
2011 ж. өткізуден түскен түсім
2010 жылмен салыстырған 24% өссе, 2012 ж. ол
42% өсті. Ал негізгі құралдар 2011 ж.
21% көбейсе, 2012 ж. 2010 жылмен салыстырғанда
ол 44% өсті. Бірақ компанияның қор
қайтарымдылығының өткен
4 - кесте -Іскерлік белсенділікті бағалау*
Коэффициенттер аты |
Формула |
2010 |
2011 |
2012 |
Қор қайтарымдылығы |
Өнімді өткізуден табыс /Нег. Құралдар |
0,97 |
0,99 |
0,95 |
Капиталдың айналымдығы |
Өнімді өткізуден табыс /Капитал |
0,63 |
3,7 |
0,48 |
Дебиторлық қарыздың айналымдылығы |
360 |
8,2 немесе 43 күн |
7,3 немесе 49 күн |
7,3 немесе 49 күн |
Кредиторлық борыштың айналымдылығы |
360 |
10 немесе 36 күн |
6 немесе 60 күн |
5,8 немесе 62 күн |
ТМЗ – ның айналымдылығы |
360 |
9,8 немесе 36 күн |
10 немесе 36 күн |
10 немесе 36 күн |
Операциялық циклдің ұзфқтығы |
Дебиторлық қарыз (күн) + ТМЗ (күн) |
79 |
85 |
85 |
* «Alser» ЖШС – ның мәліметі бойынша автордың есептеуі. |
өткізуден түскен түсімнің аз болуы өз әсерін тигізіп отыр. Дебитолық қарыздың айналымдылығы орта есеппен (2010-2012 жж.) 7 рет айналым жасайды, яғни 50 күнде айналып келеді. Ал кредиторлық қарыздың айналымдылығы 6 рет, яғни 60 күнді құрайды. Компанияға ұсынылып отырған несие шартын жақсы деуге болады. Себебі компания берген қарызды 50 күнде қайтарып алса, өз қарызын ол 60 күнде қайтарады
III.Табыстылық коэффициенті.
Рентабелділік коэффициенті кәсіпорынның қаншалықты табысты екенін көрсетеді. Бұл коэффициент алынған пайданы немесе алынған табысты өткізілген өнімнің көлеміне бөлу арқылы есептелінеді.
Кәсіпорынның барлық активтерінің рентабелділігі коэффициенті, өткізу рентабелділігі, меншікті капитал рентабелділігі көрсеткіштері Қаржы менеджмент контекстінде жиі қолданылатын көрсеткіштер болып табылады.
1.Кәсіпорынның барлық активтерінің табыстылық көэффициенті. Осы коэффициент таза табысты кәсіпорын активтеріне бөлу арқылы анықталады. Ол 1теңге табыс алу үшін фирма қанша теңге жұмсағанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі көрсеткіштерінің ішінде ең маңыздысы болып келеді.
2. Өткізудең табыстылық коэффициенті. Алынған пайданы өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Өткізу рентабелділігінің негізгі 2 көрсеткіші бар: Өткізуден жалпы табыс бойынша есептеу
Таза табыс бойынша есептеу.
Бірінші көрсеткіш, баға қалыптастыру саясатындағы өзгерістермен, кәсіпорынның өткізген өнімінің өзіңдік құнын бақылауға мүмкіндік береді.
Коэффициенттің динамикасы, бағаны қайта қарау немесе ТМЗ-ны пайдалануды күшейту қажеттігін көрсетуі мүмкін. Берілген көрсеткішті талдау барысында оның деңгейіне ТМЗ-ды есепке алу әдісі елеулі ықпал ететіндігін ескеру қажет. Осы бөлімді талдау кезінде ең маңызды қаржылық мәлімет, таза табысты өткізілген өнім көлеміне бөлу арқылы анықталатын өткізу рентабелділігі көрсеткіші береді. Нәтижесінде өткізілген өнімнін әрбір 1 теңгесі қанша таза табыс әкелгенін көреміз.
3.Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті. Меншік иелері инвестициялаған капиталды тиімді қолдануын және де бұл көрсеткішті, басқа бағалы қағаздарға салымдар салу нәтижесінде алынатын табыспен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл көрсекткіш таза табысты меншікті капитал құнына бөлу арқылы есептелінеді. Нәтижесінде, меншік иелері салған капиталының 1 теңгесі қанша теңге таза табыс әкелгенін көрсетеді.
Айналымдылық
және рентабелділік
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар