Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек

Содержание

КІРІСПЕ
3

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11

2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46

3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51


ҚОРЫТЫНДЫ
59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62

Вложенные файлы: 1 файл

Ищанов новый жумыс.docx

— 156.01 Кб (Скачать файл)

Үшіншіден, операциялық цикл ұзақтығының көрсеткіштер динамикасы операциялық цикл ұзақтығының 1,5 күнге  қысқарғандығын, ал қаржылық цикл  ұзақтығының  көрсеткіштер динамикасы қаржылық цикл ұзақтығының 19 күнге ұзарғанын көрсетеді. Негізінен бұл жағымсыз тенденция  болып табылады, себебі кәсіпорын  активтерінің айналу мерзімі қысқарады. 

Сонымен, салыстырмалы аналитикалық баланс негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы алдан-ала бағаланды және қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер тобы, соның ішінде «Alser» ЖШС-нің  табыстылық, іскерлік белсенділік, өтімділік  деңгейі анықталды. Қаржылық талдаудың  келесі кезеңінде «Alser» ЖШС-нің  қаржылық тұрақтылық жағдайы абсолютті  және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талданады.

   “Alser” ЖШС-сы халықаралық - бүгінгі таңда тұрақты және игі беделі жыл сайын “үлкен төрттік” аудиторлары тарапынан расталып отыратын бизнес-бағытталған компания. Компания ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің аймақтық рыногын қалыптастыруды, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды және Қазақстанның халықаралық телекоммуникация рыногындағы ұстанымын арттыруды қамтамассыз етеді.  

Компанияның  акциялары  Қазақстан  қор биржасының ресми  тізіміне және “көгілдір фишкалар”  мемлекеттік пакеттерін жүзеге асыру  бағдарламасына енген.  

Fitch халықаралық рейтингтік  агенттік “   “Alser” ЖШС-сы ” жергілікті және шетелдік валюта бойынша “ВВ” деңгейіндегі ұзақ мерзімдік корпоративтік несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның рейтингтік келешегін агенттіктер “тұрақты” деп бағалады.  

Компания бизнес жобаларымен  қатар ауылдық елді мекендерді техникамен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.

“Alser” ЖШС-сы ” компаниясының клиентпен тікелей қатынас жүргізетін барлық филиалдары ISO 9001:2001 халықаралық сапа стандартына сәйкестікке сертификаттау аудитінен табысты түрде өтті.

“Alser” ЖШС-сы ” ТМД-дағы үздік техникалық  компания ретінде таныды.  

“Alser” ЖШС-сы бүгінгі таңда – техникалық  бірегей қызметтер көрсететін және икемді тарифтік саясаты мен сервистің тиісті сапасымен ерекшеленетін компания.  

Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын  арттыру, олардың түрлерін кеңейту  компанияны дамыту саясатының негізгі  алғышарттары болып табылады. Бұл  мәселелер әсіресе байланыс рыногында  ырықтандыру үрдістерін тереңдету  және бәсекелестіктің артуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өзекті бола түсуде.

   “Alser” ЖШС-сы өзінің телекоммуникация саласындағы жүйе құрушы ретіндегі жауапкершілігін сезіне отырып, көшбасшы ұстанымын сақтап қалуға және Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен бәсекелі экономикасын құруға лайықты үлес қосуға ұмтылады.

Қаржылық есеп беру.  Ұсыну негізі – Ұсынылып отырған компанияның шоғырланған қаржылық есебі, Қаржылық есеп беру стандарты бойынша Халықаралық кеңес бекіткен, Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандартына (ХҚЕС - МСФО) сәйке жасалған және Қазақстанның мың теңгесінде көрсетілген. Топ, бухгалтерлік есепті ҚР - да (бұдан әрі БЕҚС - КСБУ) және РФ – да қабылданған бухгалтерлік есеп жайлар мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Берілген жайлар мен ережелер ХҚЕС – нан ерекшеленеді, сәйкесінше компанияның қаржылық есебі БЕҚС – ты бойынша жасалды, және ХҚЕС – на сәйкес келу мақсатында оған түзетулер жасалды.

Есеп беру кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға  дейін болып саналады. Қаржылық есепке, берілген мәліметтердін уақтылығына, толықтылығына және нақтылығына  жауап беретін компанияның Бас  бухгалтердің, Бас қаржы директорының, Вице – президенттің қолы қойылады.

Лицензияға  сәйкес "Alser" ЖШС-сы жалпылама пайдаланыстағы компьютерлік технологиялар тораптарын дамытуды, енгізуді, қолдауды қамтамасыз ететін бірден-бір ұлттық компания дәрежесіне ие және сонымен қатар әрі Қазақстан Республикасы аумағындағы  қалааралық  және халықаралық  техникалық  қызметінің жұмысын атқарады.

"Alser" ЖШС-сы стратегиялық дамытудың 2013-2014 жылдарға арналған негізгі бағыттары.

Миссиясы. Қазақстан Республикасы техника нарығының бастаушысы болу. Бір бірімен және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы, қолайлы және қарапайым. Халықаралық техника ауқымына толық құқықты шоғырлану

 Мақсаты. Компьтерлік технология секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.

Қызмет  көрсету спектрі. Техникалық мүмкіндігін магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Компьютер технологияларын кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.

Тарату өрісі. Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде техникалық қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы нарыққа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай технологиялық нарықтарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.

Технологиялық қызметін тұтынушылар. Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.

Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Компьютерлік техникалық қызметтерді одан да көп арттыру. Диллерлермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін.

Сапа. Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.

 

2.2 «Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау

 

Қаржы менеджментінде қаржылық тұрақтылығын  талдау кезіңде қаржылық коэффициенттердің келесі топтары ең маңызды деп саналады.

      1) Өтімділік  коэффициенті.

      2) Іскерлік  белсенділік коэффициенті.

      3) Рентабелділік  коэффициенті.

      4) Төлемқабілеттілік  коэффициенті.

Енді әр топтың көрсеткіштерін жеке қарастырайық.

I. Өтімділік коэффициенті. Кәсіпорынның өтімтілігі түсінігі ретінде – оның өз міңдеттемелерін активпен жабу мүмкіншілігі түсіндіріледі. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлемқабілеттілігін білдіреді және оның ағымдағы активтерінің ағымдағы пассивтермен теңдігін білдіреді. Кәсіпорынның өтімділігі жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Өйткені ағымдағы активтердің құрамына әр түрлі айналым құралдары кіреді. Олардың құрамында сыртқы қарыздарды жабу үшін тез өткізілетін активтермен қатар баяу өткізілетін активтер болады.

Іс–тәжірибеде өтімділік  коэффициентінің келесі көрсеткіштері  қолданады.                                                                                                                                                                                                                     

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
  • Жедел өтімділік коэффициенті.
  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.
  • Таза айналым капиталы.

Осы корсеткіштердің көмегімен, кәсіпорын өзінң қысқа мерзімді міңдеттемелерін уақытында төлей  алама деген сұраққа жауап  табуға болады.

1.Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым капиталын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы табылады, және де кәсіпорынның белгілі бір кезеңде, қысқа мерзімді міңдеттемелерін төлеу үшін қаржыларының жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы өтімділік  коэффициенті қысқа мерзімді міңдеттеменің бір данасына, ағымдағы активтердің қанша данасы келетінін көрсетеді. Яғни компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін қанша рет жаба алатындығын көре аламыз. Жалпы қабылданған халық аралық стандартар бойынша бұл коэффициент бір мен екінің арасында болуы керек деп саналады Төменгі шек айналым капиталының, қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті болу керек екенін көрсетеді. Әйтпесе компанияның банкрот болу қаупі бар. Айналым капиталының қысқа мерзімді мендеттемелерден екі үш есе асып түсуі де нашар көрсеткіш болып саналады. Өйткені ол капитал құрылымының тиімсіз екенін көрсетуі мүмкін. Коэффициентті талдау кезінде негізгі көңіл оның динамикасына аударылуы керек.

2.Жедел өтімділік коэффициенті. Айналым капиталының өтімдірек бөлігімен қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасын ашатын, ағымдағы өтімділік коэффициентінің жеке көрсеткіші жедел өтімділік коэффициенті  болып табылады. Халықаралық стандарттар бойынша бұл коэффициент бірден жоғары болуы тиіс. Жедел өтімділік коэффициенті есептеудің қажеттілігі айналым капиталының кейбіреулерінің өтімділігі бірдей еместігінен туындайды. Мысалы: ақша қаражаты ағымдағы міндеттемелерді  жабудың негізгі көзі бола алса, ал запастар оларды өткізгеннен кейін ғана бола алады. Ал бұл мақсатта оны сатып алушы және оның қолма-қол ақшасы болуы керек. Өтімділік коэфициентін қолдану кезінде тағы бір шектеуді ескеру қажет. Жоғарыда келтірілген есептеу әдісінен көріп тұрғанымыздай ең өтімді активке ақша қаражаты ғана емес сонымен қоса қысқа мерзімді бағалы қағаздармен  таза дебиторлық борышта кіре алады. Жақсы дамыған нарықтық экономика жағдайында бұндай әдіс өзін-өзі толығымен ақтай алады. Өйткені қысқа мерзімді бағалы қағаздар жоғары өтімді актив болып саналады, ал дебиторлық борыш (күмәнділігі жоғары болсада) дамыған нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын, бірқатар ұсынылған заңдар бойынша өз дебиторлық қарыздарын қайтарып ала алады. Талдау үшін жедел өтімділік көэффициентімен  ағымдағы өтімділік коэффициентін өзара салыстырып қарастыру пайдалы.  Жедел өтімділік көэффициентінің өте төмен болуы компания ағымдағы активтер құрамында ТМЗ – дың  үлкен үлес алатындығын көрсетеді.

3.Абсолютті өтімділк коэффициент. Ағымдағы активтердің ең өтімді баптары, компанияның банктегі және кассадағы ақша қаражаттары болып саналады. Көптеген жағдайларда ақша қаражаты бойынша өтімділікті бағалау ең тиімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділк коэффициенті  деп аталады және  де ақша қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы анықталады. Ол ақша қаражаттары қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігін жаба алатындығын көрсетеді. Бұл өтімділікті бағалаудын ең қатал шегі болып саналады.

4.Таза  айналым капиталы.  Кәсіпорынның өтімділігін талдаған кезде үлкен мән таза айналым капиталына беріледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның  айналым капиталы мен оның қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады. Таза айналым капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қажет. Өйткені айналым капиталының қысқа мерзімді міндеттемелерден көп болуы, оның өз міндеттемелерін жауып қана қоймай, сонымен қатар өз ісін болашақта кеңейту үшін қаржы көздерінің бар екенін көрсетеді. Айналым капиталын жоғалту немесе құнсыздануы кезіңде (дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебиторлардың банкрот болуы нәтижесінде) таза айналым капиталы кәсіпорынға үлкен қаржылық тәуелсіздік береді.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайына, таза айналым капиталының  аз немесе көп болуы да кері әсерін тигізеді. Айналым капиталының  аз болуы кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін, себебі ол өз қысқа мерзімді міңдеттемелерін төлей алмайтындығын  көрсетеді. Жетіспеушілік шаруашылық қызметтің шығындалуы, күмәнді дебиторлық қарыздың көбеюі  нәтижесінде болуы  мүмкін. Ал таза айналым капиталының  қысқа мерзімді міңдеттемелерден өте  көп болуы, ресурстарды тиімсіз  қолдануын көрсетеді. Мысалға: шаруашылық қызметке қажетті нақты көлемінен  акциялардың артық шығарылуы  немесе несиені алу, табысты тиімсіз  пайдалану және тағы басқалардың  нәтижесінде пайда болады.

Кестеде  есептелген  кәсіпорынның өтімділігіне келетін болсақ, 2010-2011 жж. кәсіпорынның ағымдағы және тез  өтімділік деңгейі көнілге қонымды  болып тұрған. Бірақ 2012 ж. компанияның  өтімділік деңгейі күрт төмендеп кеткенің байқауға болады. Компанияның  жалпы өтімділігі 0,7 дейін төмендеді. Яғни компанияның ағымдағы активтері ағымдағы міңдеттемелердің  70 - ақ пайызын жаба алады.

 

 

3 –кесте- Өтімділікті бағалау*                                                                                      

 %

ККоэффициенттер аты

Формула

2010

2011

2012

Ағамдағы өтімділік коэффициенті

Ағым.Активтер /

Ағым.Міндет-ме

 

1,6

 

1,3

 

0,7

Тез өтімділік коэффициенті

(АА - ТМЗ) /

Ағым.Міндет-ме

0,85

0,69

0,54

Абсолютті өтімділік коэффициенті

Ақша қаражаты /

Ағым.Міндет-ме

 

0,17

 

0,14

 

0,09

Таза айналым капитал

ТАК=                 Ағым.Активтер - Ағым.Міндет-ме

 

9,329,040

 

6277101

 

-15048230

* «Alser» ЖШС – нің мәліметі  бойынша  автордың  есептеуі.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар