Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 10:09, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарын шешуде басты көңілді өндірістің және өнім өткізудің қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына, теріс пиғылды бәсекені болдырмауға бағыттайды. Дағдарыс жағдайында кәсіпорын әлеуетінің (өндірістік, технологиялық, ғылыми-техникалық және кадрлық) бұзылуы оның қызметіне қауіп тудырады. Нарықтық экономикада кәсіпорын менеджерлері тек қана дамудың нарықтық стратегиясын ғана емес, өзінің құрамына міндетті түрде зиялық меншікті және қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз етудің арнайы бағдарламаларын қосатын экономикалық стратегияны жасауы керек
КІРІСПЕ
3
1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың мәні және мағынасы
5
1.2
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың әдістері
11
2
«ALSER» ЖШС – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
19
2.1
“Alser” ЖШС -ның қызметіне қысқаша сипаттама
19
2.2
«Alser” ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау
30
2.3
Қаржылық тұрақтылық түрлері және қаржылық жағдайлары
40
2.4
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар
46
3
«ALSER» АҚ – НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ КЕМШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АУДИТІ
51
ҚОРЫТЫНДЫ
59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ
62
Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші рөл атқарады. Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық
жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі
жөнінде көптеген параметрлерді
сырттан бекітетін
Қаржылық талдауды өткізу мақсатына байланысты қаржылық талдаудың келесі түрлерін атап кетуге болады:
1. Қаржылық талдауды өткізу бойынша ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.
Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның өтімділігін аңықтауға немесе өткен кезеңдегі нәтижелерге баға беруге бағытталған талдау. Мысалы кәсіпорын басшылары немесе қаржылық аналитиктері кәсіпорынның өңдірістік ұлғаюына қаржы бөлуге мүмкіндігі барма екенін білгісі келгенде жүргізілуі мүмкін.
Сыртқы қаржылық талдау – бұл кәсіпорынға қатысы жоқ , яғни оның ішкі мәліметтер базасына кіруге рұқсаты жоқ, басқа шет аналитик тұлғамен жүргізілетін талдау.
1-сурет. Қаржылық талдаудың негізгі түрлері.*
Толық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің барлық аспектілерін кешенді түрде зерттеу мақсатыңда жүргізіледі.
Тематикалық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің жеке бөліктерін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді түрде зерттеу болып табылады.
3.Аналитикалық зерттеу тереңдігі бойынша экспресс – талдау және фундаменталды талдау деп жіктеуге болады.
Экспресс – талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Фундаменталды талдау кәсіпорынның қаржылық қызметінің көлемінің динамикалық көрсеткішін факторлы зерттеуден тұрады.
4. Қаржылық талдау объектісі бойынша келесі түрлерге жіктеуге болады;
Кәсіпорынның қаржылық қызметін толықтай талдау. Бұндай талдау кезіңде кәсіпорынның құрылымы мен бөлімшелерін бөлек қарастырмай оның қаржылық қызметін толық зерттеу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін жекелеп талдау. Бұндай зерттеудің пәні инвестицияларымен байланысты немесе нақты инвестициялық жобаларды
өткізуді қаржыландырумен және тағы басқа операцияларды талдау.
5. Өткізу уақытына байланысты ;
Алдын – ала қаржылық талдау. Бұл талдаудың мақсаты қаржылық қызметті іске асыру шартын зерттеумен байланысты талдау.
Ағымдағы қаржылық талдау. Іске асырылып жатқан қаржылық қызметтерге және оған уақытында ықпал жасай алу мақсатында жүргізілетін талдау.
Кейінгі талдау. Ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін толық және тереңдеп зерттеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
Көлденең талдау – есеп
берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен
салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы
ауытқуларын анықтауға
Мысалы есепті кезеңнің 2- ші кварталын өткен жылдың 2 – ші кварталымен салыстыру.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.Оның келесі түрлерін атап кетуге болады.
2сурет. Қаржылық талдаудың әдістері*
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Салыстырмалы (кеңістіктік)
талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың
жекелеген көрсеткіштері
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер- салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың рөлін
асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және
диагностика үшін индикатор болып
табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген
талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді,
себебі олардың деңгейіне келесілер
әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың
ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты
қол жеткізілген деңгейдің
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысына салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде –тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген
әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық, сондай-ақ экономикалық
және математикалық статистиканың
(топтау, орташа және салыстырмалы шама,
графиктік және индекстік әдістер,
корреляция, регрессия және тағы басқа)
дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі
бір экономикалық ғылым шегінде
жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді
іскерлікпен пайдалану
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар