Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері
11
1.1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
11
1.2
Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы
13
1.3
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары
21
2
Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері
29
2.1
Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері
29
2.2
Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы
35
3
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері
47
3.1
Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
47
3.2
Жер учаскелерінің сервитуты
56
3.3
Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері
66

Қорытынды
75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Өтебаева жер нарығы.doc

— 557.50 Кб (Скачать файл)

- сервитут құқығын басқа тұлғаға  немесе басқа жер участкесіне  ауыстыруға болмады. Басқа сөзбен  айтқанда сервитут ажыратылмайтын болды;

- қарапайым орындалу құқық сервитуты  бойынша ауыстыруға болмайды;

- сервитут бөлінбейтін болды.

Сервитуттың пайда болу негізі. Барлық құқық сияқты, сервитут ерекше пайда болу негізінен тұрды. Заттық сервитутты тек қана меншік иелері алалды.

Сервитуттың паида болу түрлеріне шарттар, меншік иесі заттарын мұрагерлік иелік ету, бас тарту, сонымен қатар соттық шешімі жатады. Сервитуттың тоқтатылу негіздері. Сервитут-сервитут меншік иесінің еркі боиынша, зат меншік иесі мен жасалған шарт боиынша және сервитутты паидаланбаған жағдаиларда тоқтатылады. Сервитутты қорғау құқығы. Рим құқығы боиынша сервитутты қорғау құқығы арнаиы талап-арыз беру арқылы жүргізілді.

Арыз беруші тұлға болып заттық сервитуттың меншік иесі немесе жер участкесінің меншік иесі табылады. Бұл арызды сервитутты дұрыс паидаланбаған жағдаида береді. Бұл арыз арқылы меншік иесі өзіне келтірілген зиандарды өтеуге мүмкіншілік алады.

Осыған қарап Рим құқығында сервитут институты жақсы дамығанын баиқауға болады. Қазіргі кездегі Россияның жер сервитут құқығы. Сервитут құқығы жер қатынастар институты ретінде Россия құқығында өмір үреді. Рим құқығынан кеиін Россияда сервитут заттық құқық ретінде паида болды.

Сервитуттың cубъектісі болып меншік иесі саналады, сонымен қатар сервитуттың құқығын орындаушы тұлға жатады. Заңға сәйкес сервитут субъектілерінің меншік иесі ретінде азаматтар, заңды тұлғалар немесе меншік иелер, жер участкесін пайдаланушылар және басқа да жылжымайтын мүліктер жатады.

Сервитуттың пайда болу негізі ретінде шарттар, сонымен қатар сот шешімін есептеуге болады.

 Жер сервитут құқығы тек мүлікке құқық қана болып табылмайды сонымен қатар нақты айтатын болсақ, ол бөтен жер участкесін шектеулі пайдалану болып табылады. Бірақ жер участкесінің меншік иесі, туындаған жағдайларға байланысты, кез-келген көрші жер участкесіне сервитут құқығын пайдалана алады.

Сервитут орындалуының мақсаты ретінде:

- көрші жер участкесі арқылы  жүру немесе өту құқығы;

- су құбырын және электр қуатын  жүргізу құқығы;

- жер мүлкі меншік иесінің  тағы басқа жағдайларына байланысты қамтамасыз ету құқығы.

Сервитуттың пайда болуына қарамастан, меншік иесі өз мүлкіне билік ету, иелік ету және пайдалану құқығынан ажыратылмайды.

Заң бекіткен барлық құқықтар сияқты сервитут құқығында қорғауды қажет етеді. Қорғау-сот тәртібі арқылы жүргізіледі. Сервитутқа құқығы бар тұлға талап-арыз бере алады, арызға жауап беруші болып мүліктің меншік иесі табылады.

Сонымен, сервитут бұл меншік құқығын шектеу, яғни тұлғаның бөтен мүлікке құқығын айтамыз. Бұл сервитут құқығы басқа меншік құқығын шектеу түрлерінен ажыратады. Сервитуттық құқық өзінің пайда болуы және дамуының нәтижесі, жермен тығыз байланысты.

Сервитут барлық мүліктік құқық түрлері сияқты абсолютті құқық болып табылады. Жер участкесі қатынастарымен белгіленді.

Жер сервитутының мақсаты болып, бөтен жер участкелерін пайдалану кезінде, жер пайдаланушылармен меншік иелеріне белгіленген бір міндеттерді және шектеулерді қою болып табылады.

Сервитут, көпшілік немесе жеке болуы мүмкін. Сонымен қатар сервитуттың субъективтік құқығын жергілікті және жеке деп бөлуге болады.Рим құқығы бойынша жеке сервитут бір нақты тұлғада болды, яғни жер сервитуты, жер участкесі меншік иесінде болды.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелерінде еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы-көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен, ал қажет болған жағдада өзге учаскеге де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектілерінен осы учаскелерді шектеулі пайдалану құқығын табыстауды талап етуге құқылы.

Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы мынандай жағдайда белгіленуі мүмкін:

- егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;

- көрші немесе өзге де учаскеге  сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиораци яны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін.

Көрші немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектілерімен жасалатын шарт бойынша белгіленеді.

Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъетісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушаға сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды өтеуге тиіс.

Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамсыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы оргадардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитуттар белгіленуі мүмкін.

Қауымдық сервитуттар:

- ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге  де ғибадат объектілеріне жер  учаскесі арқылы жаяу немесе  көлікпен өту;

- жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

- жер учаскесінде межелік және  геодезиялық белгілер мен оларға  өту жолдарын орналастыру;

- су алу және суат;

- жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

- жер учаскесін белгіленген  мерзімде және белгіленген тәртіппен  аң аулау, жер учаскесінде орналасқан  тұйық су айдындарында балық  аулау, жабайы өсімдіктерді жинау  мақсатында пайдалану;

- іздестіру, зерттеу және басқа  да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;

- жағалау белдеуіне еркін өту;

- мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

- қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері бойынша сервитут белгіленген кезде, сервитут үшін төлемақы жергілікті бюджетке түседі. Егер сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалануда елеулі қиындықтарға әкеп соғатын бола, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік билік органынан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

Қауымдық сервитут белгілеу жер учаскесін пайдалануға мүмкідік бермеуге әкеп соққан жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік билік органынан шығынды өтеп немесе шығынды өтеумен тең бағадағы жер учаскесін бере отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, соның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды талап етуге құқылы.

Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншік немесе жер пайдаланушылардан жерді алып қоймай, жерінен жол өтетін жеке меншік иелерімен немесе жер пайдаланушылармен келісе отырып, аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екі немесе одан көп аудандардың аумағында) атқарушы органдар белгілей алады. Мал иелері малды жолмен айдап өткен кезде келтірілген шығын үшін жеке меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың алдында жауаптылықта болады.

Геологиялық, геофизикалық, іздеу геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай жүргізе алады.

Осы аталған жұмыстарды жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсатты, оның қолданыс мерзімін көрсете отырып аудандық, қалалық атқарушы органдар, ал егістікте, жақсартылған шабындықтармен жайылымдарда, көп жылдықекпелер бар жерде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен орман қоры жерінде жұмыстар жүргізу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар берді.

Аталған жұмыстарды жүргізу мерзімдері, олардың орны, шығынды өтеу және жерді нысаналы пайдалану мақсаты бойанша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ басқа да жағдайлар іздестірушінің жеке меншік иесімен не жер пайдалнушымен немесе жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен (босалқы жерде, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары жоқ басқа да санаттағы жерде) жасасқан шартында айқындалады.

Іздестіру жұмыстары үшін пайдаланылатын жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының іздестірушімен арасындағы шартта, учаскелерді мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіружөніндегі жұмыстар іздестіру жұмыстарының барысында, ал бұл мүмкін болмаған жағдайда жұмыстар аяқталғаннан кейін, топырақтың тоңдану кезеңін қоспағанда, бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс екені ескеріле отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының кодексінде аталған басқа да сервитуттар белгіленуі мүмкін.

Жер учаскесіне меншік құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесіне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады.

 Сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етулі үшін сервитут белгіленген құқықпен бірге ғана ауыса алады.

Сервитуттың қолданылуы құқық иесінің бас тартуы, ұзақ уақыт (3 жыл) пайдаланылмауы, оның белгіленген мерзімінің өтуі нәтижесінде, тараптар арасындағы келісім негізінде, сот шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

 Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшін белгіленіп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның сервитутты жою туралы шешім қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе тарптардың келісімінде көзделген негіздер бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылады.

Сервитут құқық иесінің тиісінше пайдаланбауына, сондай-ақ ол белгіленген негіздердің болмауына байланысты жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талап етуі бойынша сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін.

Сервитут белгілі бір мерзімге белгіленген жағдайларда, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, оның қолданылуы белгіленген мерзім аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негізінде талап етілетін кезге дейін немесе белгісіз мерзімге белгіленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік иесінің сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезінен бастап бір ай мерзім өткен соң тоқтатылады.

Егер Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 75-бабында және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде өзгеше белгіленбесе, құқық иесіне бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығын беретін сервитуттардың туындауы, өзгертілуі және тоқтатылуы құқық кадастрында мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Сервитутты тіркеу кезінде, сервитуттың туындауына негіз болған құжаттарға осы сервитутты беруші тұлға куәландырған, сервитуттың қолданылу аясының шекарасы бейнеленген жер учаскесінің жоспары қоса беріледі. Егер сервитут барлық жер учаскесіне қатысты болса, жер учаскесінің жоспарын беру талап етілмейді.

Нормативтік құқықтық актілер негізінде туындайтын сервитуттар, содай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркеу объектілері болып табылмайтын өзге де сервитуттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілдікке беру туралы айтар болсақ Азаматтық кодексте, Жер кодексте, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы" туралы Жарлықта реттейтін нормалар барі.

Жер учаскесінің және жер пайдалану құқығының ипотекесы дегеніміз - жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы (кепіл беруші) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері орындалмаған жағдайда кредитордың (кепіл үстаушының) кепілге берілген жер учаскесінің құнынан немесе жер пайдалану құқығынан заң актілерімен белгіленген шегерімдердің сыртында, басқа кредиторлардан артықшылық ретімен ипотека шартына негізделген қайтарым алудың құқығы.

Міндеттемеге сәйкес несие берушінің /кепіл үстаушының/ борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік қүнынан заң қүжаттарында белгіленген алымды шығарып, осы мүлік тиесілі адамның /кепіл берушінің/ басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының осындай әдісі кепіл деп танылады.

Информация о работе Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері