Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:52, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси және экономикалық құрылысты қайта құру процестері жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және жер реформасын жүргізу қажеттігін туғызды. Елбасының Жарлығымен 1991 жылы қолға алынған жер реформасы жер қатынастарын қайта құру және жерге қатысты түрлі нысандардың тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу, сонымен қатар, жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу ерекшеліктеріне, жер нарығын жетілдірудегі азаматтық және жер заңдарын одан әрі дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жасау мақсатында құрылған. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін органдардың қызметін жетілдіру мәселелері еліміздің егемендік алғаннан кейінгі ең өзекті проблемалардың біріне айналған болатын.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселелері
11
1.1
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
11
1.2
Жерді пайдаланудың теориялық мәнi мен маңызы
13
1.3
Жер нарығын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу механизмі және оны жүзеге асырудың жолдары
21
2
Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес жер нарығын құқықтық реттеу аспектілері
29
2.1
Жер нарығын құқықтық реттеудің теориялық негіздері мен басым бағыттары және жер нарығын реформалау мәселелері
29
2.2
Қазақстан Республикасындағы жер нарығын құқықтық реттеудегі меншік қатынастары мен жер нарығында жасалатын мәмілелердің маңыздылығы
35
3
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері
47
3.1
Жерге жеке меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
47
3.2
Жер учаскелерінің сервитуты
56
3.3
Жерге жеке меншік құқығының тоқтату негіздері
66

Қорытынды
75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Өтебаева жер нарығы.doc

— 557.50 Кб (Скачать файл)

Жер реформасын жүзеге асыру жылдарында республикада жер меншігінің әр түрлі нысандарына, жерді пайдалану құқығы түрлерінің әр алуандылығына, жер телімдерін және жерді пайдалану құқығын нарықтық қатынастарға енгізу, жерді ақылы пайдалануға негізделген жаңа жер қатынастары қалыптасты. Республикамыздағы жер заңдарының дамуы және жетілдіру кезеңдері, ТМД елдерінің ұқсас заңдарымен салыстырғанда нарық жағдайында жердің жеке сипаттары үшін жеке меншікке өту процестері біртіндеп өрбіді. Елдің жер заңдары басқа елдердің ұқсас заңдарына жуық немесе толық үйлеседі. Жер реформасын одан әрі қарай дамуы мен тереңдетілуі жерде тиімді қожалық етуге, елдің басты байлығы-жер ресурстарын тиімді пайдалануға, оларды қорғауға тиімді жағдай жасауға бағытталуы керек. Біздің еліміздің соңғы он жыл ішіндегі жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық қызмет көрсету жұмыстарын қорытындылай келе, осы саладағы істер белгілі дәрежеде елімізде нарықтық қатынастардың енгізілуіне және дамытылуына, Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуіне ықпал етті және біздің Отанымыз-тәуелсіз Қазақстанның одан әрі гүлденуіне бағытталды деген қорытынды шығаруға болады [38,39].

Қазақстан Республикасында 2002 жылы жер реформасының бірінші кезеңі аяқталған болатын. Бұның басты мақсаты-жерге деген мемлекеттік меншік монополиясы жойылды. Шын мәнінде нақты жер қатынастарының негізі жаңадан қаланды. Оның негізгі сипаттары мынада: жерге деген меншіктің әртүрлі формаларының пайда болуы, жерді пайдаланудың көп укладтылығы (жерді пайдалана отырып, шаруашылықты жүргізудің әртүрлі ұйымдастыру әдістері), жерді ақылы пайдалану және сату саудаға түсіру, кепілге және жалға беру, мұраға қалдыру, мемлекеттің кепілдемесімен, тағы да басқа жермен мәмілелер жүргізу. Реформаны жүргізу барысында бұрынғы ауылшаруашылық кәсіпорындары толығымен шаруашылықты жүргізудің мүлдем жаңа құқықтық ұйымдастырушылық формалары негізінде қайта құрылды. Осылардың нәтижесінде жерді пайдалану құқығы үлестік меншік негізінде немесе біріге отырып пайдалануға берілді. 2000 жылдың аяғында нарыққа бейімделген Қазақстанда 87 мың шаруа қожалығы, 2,2 мыңы серіктестік болса, 1,1 мыңы өндірістік кооперативтер. Аграрлық сектордың экономикалық проблемаларын шешу, жер қатынастарын реформалау саласында қол жеткен табыстарды баянды ету және жер реформасын жаңа сатыға дамыта түсу ауылшаруашылық кәсіпорындарын қаржы-несиелік демеусіз мүмкін емес. Міне, сондықтан, менің пікірім бойынша, жер реформасын жалғастыра түсіп, жер қатынастарын жетілдірудің екінші сатысында мынадай өзекті мәселелерді күн тәртібінде алға тартуға болады:

- жер ресурстарын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу;

- жер нарығының іске  қосылып, жұмыс жүргізуін жан-жақты  қамтамасыз ету;

- жерге деген құқықты қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

- жермен жасалатын мәмілелерді оңайлату;

- жерді пайдаланудың формасы ретінде оны жалға беруді кеңінен қолдану;

- жерді кепілге қою тетіктерін енгізу.

Жер реформасының екінші сатысының бұл аталған проблемаларын тәжірибе жүзінде шешуге, меніңше, жер ресурстарын басқарудың шетелдік тәжірибесін кеңінен қолдану үлкен көмегін тигізеді. Әсіресе, бұл мәселеге қатысты банктердің мүддесі ауылшаруашылығына жарамды, құнарлы, көлемді және келешегі бар жер мен жер қатынастарына қарай бағытталынуы керек. Бірақ, коммерциялық банктердің жермен қатысты кәсіпкерлікті қолдауда мүдделерін шектейтін және ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін төмендететін факторлар бар. Олар-жерді кепліге қою мен сатуға шектеулер, екінші реттегі жер нарығының жоқтығы, заңдардың жетілмеуі, сонымен бірге қазіргі жер құқығы нормаларының жерді пайдаланушылардың нарық заңына сәйкес мүдделерінің жүзеге асуына толық мүмкіндік жасай алмауы. Әрине, жерге деген жеке меншіктік құқықтық қалыптасуы және жер нарығына қатысушылардың арасындағы жер қатынастарын реттеудің құқықтық нормаларының ірге тебуі тарихи ұзақ мерзімді керек етері сөзсіз. Жерді сатуға және сатып алуға рұқсат беретін құқықтық норманы ауыл өніміре енгізу алдын-ала дайындықсыз нәтижелі болуы мүмкін емес. Алдымен мынаны атап өту қажет, ауылда тұратын елдің көпшілігінің жерді сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ. Ал ірі коммерциялық банктерден несие алуға ауыл тұрғындарының өтімді және жеткілікті мөлшерде қолда бар кепілдері жоқ, сонымен қатар қазір республиканың көптеген ауылшаруашылық аудандары банк қызметтерімен қамтамасыз етілмеген. Демек, ұзақ мерзімді несие алу ауыл жұртшылығына бүгінгі банк жүйесі жағдайында мүмкін емес.

Мұндай проблеманы шешудің жолы ретінде ұзақ мерзімді несиелеу бағдарламасы мен несиелік тетіктің маңызы үлкен. Жергілікті атқару билігіарқылы ауыл шаруашылығына жарамды жерді банкке ресурс ретінде бере отырып, кейіннен ауыл тұрғындарының ұзақ мерзімді несие арқылы жеке меншігіне айналдыруға болады. Бұл келешекте жерді кепілдікке қоя отырып, ипотекалық несиені пайдалану арқылы аграрлық секторда қаржы-несиелік ұатынастарды жетілдіре түсуге ықпал етеді. Несиелік тетік арқылы жер нарықта айналымға түседі де, ауыл тұрғындары қаржы ресурстарына ие болуға мүмкіндік туады. Қазіргі кезде жер нарықтағы айналымға қосылған жоқ. Коммерциялық банктер жерді тек қосымша кепіл ретінде және өте төменгі бағамен қабылдайды. Егер коммерциялық банктердің тек қана қысқа мерзімді несие бере алатынын, ауыл шаруашылығы тәуекелдігі өте жоғары сала екендігін және пайыздық ставкалардың өте жоғары екендігін ескерсек, ауыл тұрғындары үшін несие алудың қазір мүмкіндігі болғанымен, халық бұл жағынан әлі де қаржы тапшылығынан қиындық көретінін айтуға болады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығына жарамды жерді кепілге ала отырып, қаржы ресурстарын тартумен және орналастырумен айналысатын арнайы мамандандырылған қаржы-несие институтын құру қажеттігі туады.1 Әлемдік тәжірибеде ипотекалық несиелеумен жерді кепліге ала отырып, несие беретін арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары айналысады. Әрине, мұндай жобалар және шаралар арқылы тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан нақты бастамалар мен қыруар шаралар ұйымдастырылуы керек. Экономиканың аграрлық секторы үшін өтемді ауылшаруашылық өнімімен және елдің адал еңбегімен қатар өтімділігі жоғары жердің де нарықтағы айналымға қосылуы қажет. Меніңше, бұл бағытта жер реформасының нәтижелі болуына қол жеткізу үшін оны мемлекет тарапынан қолдау керек. Соңғы жылдары аграрлық өндіріс құлдырап, басқа экономика салаларымен салыстырғанда кешеуілдеп қалды, қазірде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетпіс пайызының рентабельділігі төмен және зиян шеккендер. Экономиканы ырықтандыру және сыбайластықтан арылу тек қана азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен ауыл шаруашылығын әлемдік деңгейге көтеру арқылы мүмкін болары сөзсіз. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау, оның ресурстық және технологиялық базасын нығайта түсу елдегі кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеріп, оның бәсекелестік қабілетін көтере түспек.

 

2.2.Қазақстан Республикасындағы  жер нарығын құқықтық реттеудегі  меншік қатынастары мен жер  нарығында жасалатын мәмілелердің  маңыздылығы

 

Кез келген қоғамның меншікке деген көзқарасы сол қоғамдағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды, өйткені дүниежүзінің тарихи дамудағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасында топталады. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың нарықтың экономикаға өтеу деп-ең бірінші меншікке деген көзқарастың өзгеруі болып табылады. Қазақстан қазір осындай кезеңді бастап өткеруде, яғни жеке меншіктің қалыптасуы мен дамуы, кәсіпкерліктің дамуы үшін тиімді жағдайдың жасалуы және т.б. Бұл процестің жақсы дамуы меншік қатынастарын құқықтың реттеу жүйесін барлық бағытта келісіммен және тиімді жүргізбесе мүмкін емес. Меншік ерекше маңызды ұығым, сондықтан ондаған жылдар адамзат баласының ең үздік өкілдері оған өз назарын аударып зерттеген. Алайда, жұмыс теориялық дискуссия арқылы ғана бітпейді. Әлемді дір еткізіп, өзіне назар аударатын әлеуметтік сілкіністер, ең маңызды факторы сол кезеңде қалыптасқан меншікке деген қатынастар туындап, соны өзгертуге деген ұмтылысқа жалғасып жатады. Негізінен меншік термині көбіне-көп түрлі мағынада қолданып жатады. Бір жағдайда бұл терминдерді “мүлік” немесе “зат” ұғымның синономі ретінде қарастырады. Мысалы, “меншікті беру” немесе “меншікке ие болу” деген жағдайларында. Екінші бір жағдайда бұл ұғым тек экономикалық қатынастарды көрсетеді, ал кейде, бұл мүлде қарама-қарсы ұғым. Яғни заң категориясы меншік құқығымен теңестіріліп сол мағынада қолданылады. Кеңес мемлекет тұсында экономистер, философтар мен заңгерлер меншікті және меншік құқықтарын зерттегенде К.Маркстің “саяси экономиканы сынауға кіріспе” және “капиталистік өндірістің алдындағы формалары” деген еңбектерінде берілген меншік туралы ережелерге сүйенеді. Негізінен меншік ұғымының төңірегінде топтастырылған ережеледің алдына қойған мақсаты біреу ған. Ол меншік ұғымының қоғамда қалыптасқан өндіріске және оның нәтижесінде пайда болатын өнімге арақатынасын анықтау. Осы жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, зерттеушілер меншік құқығы дегеніміз не, меншік құқығымен реттелген қоғамдық қатынастардың құрамы қалай, меншік құқығының өзіне тән қандай белгілері бар және оларды сабақтас қоғам қатынастарынан қалай ажыратуға болады деген сұрақтарды шешуге тырысты. Соның ішінде зерттеушілер аталған ережеге сүйене отырып, меншік туралы жалпы ұғымды меншік құқығын айқындау жолында біраз жұымстар атқарды. Онда өндерестің меншікке қатынасы, жеке тұлғаның меншікке қатынасы және тағы басқа мәселелерге дұрыс жауап беруге дұрыс жауап табуға талпыныс жасалды [40,41].

Көптеген жылдар бойы ғалымдар арасында төмендегі бағытта ғылыми айтыс өрбіді. Яғни онда меншікті иелік ету не иеліктің қоғамдық нысаны ретінде айқындау немесе меншік-иелік ету жүйесі, басқаша айтқанда, өндіріс құралы мен өнімнің ұжымға немесе тұлғаға тиісті екендігі деп танылады. Мысалы, профессор Д.М.Генкин, меншік-материалдық игілікке иелік етудің тарихи құбылыс ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі формасы дейді. Меншікке қоғамдық қатынас ретінде берілген бұл анықтамада мынадай қорытынды жасауға болады. Меншік адамның затқа қатынасына жатпайды, керісінше адамдардың зат жөніндегі қарым-қатынасына жатады. Мұндай көзқарасты, ғалым Н.А.Боровиков та ұстанады. Оның пікірінше, меншікке қатынасты адамның затқа қатысы ретінде қабылдау өрескел қателік болып табылады. Экономикалық мағынада меншік сол мүлікке өнімін бөлісумен өндіріс құралдарына кім ие деген мағынада адамдардың қатынасы. Көптеген ғалымдар меншікке белгілі бір экономика категориясы ретінде баға бергенде К.Маркс енгізген “иемдену” терминін қолданып, сол арқылы меншіктің мазмұнын ашуға тырысты. Меншік ол қоғамдық форма, іштей бірдеңе арқылы материалдық байлықты өндіру, немесе бұл да қоғамдық қатынастар,бір нәрсенің ықпалы арқылы материалдықбайлыққа иелік ету процесі. Сондықтан да меншік ұғымы арқылы иелік ету процесі қамтылмайды, ал керісінше материалдық игіліктерді адамның іштей және бір нәрсенің ықпалымен иелік етуі нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастар қамтылады.

Кейбір экономистер, атап айтсақ, профессор В.П.Шкредовтың пікірі бойынша,меншік “экономика ғылымының пәніне жатпайды, ол құқықтанудың, заң ғылымының пәні болып табылады” . Оның ойынша, саяси экономия меншік қатынастарын зерттемеуі керек. Керісінше, меншікке экономикалық баға берумен айналысуы керек. С.Н.Братустың бұл мәселеге ғылыми көзқарасы В.П.Шкредов көзқарасымен бірдей үндес емес, бірақ жақын. Оның пікірімше, “меншік ерікті қатынас”, бірақ меншікке ерікті қатынасты өндірістік қатынас шеңберінен тыс қарастыруға болмайды дейді, және сондықтанда “меншікті екі аспектіде-экономикалық және заң заңи тұрғыдан қарастыруымыз қажет. Бұл тұтас заңи экономикалық категория”. А.Е.Черноморец меншік категориясын зеттей келіп, мынадай қорытындыға келді. Оның пікірінше, К.Маркс экономикалық категорияны заңи категориямен ауыстырып алған. Соның салдарынан деген ойын жалғастырады. А.Е.Черноморец, маркизм классиктері кең мағынасындағы меншікке яғни, бүкіл қоғамдық қатыастар жиынтығын түгел қамтып, екі мағыналы тұрғыдан келеді. Соның қорытындысының негізінде марсистер бір жағдайда меншіктік қатынастар деп өндірістік қатынастардың заңдық көрінісін қарастыра, екінші жағынан экономикалық қатынастар мағынасында өндірістік қатынастарды көрді. Соның нәтижесінде экономикалық категорияны заңи категориямен айқын алмастырып алды. В.П.Мазолиннің пікірінше, меншік ұғымын қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобының шеңберінде қарастыру негізінде дұрыс емес, ол тіпті экономикалық не заңи қатынастар болсын, алайда бірінші айтылған категория шешуші рөл атқарады деген болатын. Меншік дейді ол, бұл жоғарыда аталған қатынастардың екеуін қатар алғаннан да көп өлшемді ұғым [25,26].

Менің пікірім бойынша, бұл мәселе төңірегінде Б.И.Пучинскийдің пікірі назар аударарлық: “Логикалық әдіске сәйкес, меншікті біз қатынас ретінде түсіндіреміз, ал бұл–тіпті жалпы абстракция. Сонымен қатар, нақтылы және пәндік тұрғыдан меншікті қатынас ретінде қарастыру мүмкін емес, өйткені ол нәтиже бермейді, “Қатынас” категориясымен зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін емес, оған сұрақ қоя алмаймыз. Меншікке қозғалыс ретінде, әлеуметтік процесс ретінде қарауды қалай үйренуге болады”. “Меншік” категориясына қатысты зерттеулерін, М.К.Сүлейменов те экономикалық және құқықтық қатынастар ара-қатынасына негіздейді, алайда зерттеу көбіне қоғамдық экономикалық қатынастар мен құқықтық қатынасты теориялық аспектіде қарастырады, тек кейбір бөлімінде ғана, меншікті экономика–құқықтық категория тұрғысынан талдап көрсеткен. Бұл салада біршама маңызды зерттеуді профессор Е.А.Суханов өзінің “Меншік құқығы туралы лекциялар” деген еңбегінде жүргізген. Оның көзқарасы бойынша меншік адамдардың мүлікке қатынасын көрсетеді, яғни оның біреудің иелігінде, немесе бір тұлғаларға тисілі материалдық игіліктердің болуын көрсете және соған сәйкес сол игіліктердің басқа тұлғалардың иелігінде жоқ екенін айқындайды.

Меншіктік қатынастар туралы, М.К.Суханов: біріншіден белгілі туынды қатынасты көрсетеді. Екіншіден, бұл- материалдық байлыққа тікелей иелік ету үшін адамдардың экономикалық қатынастары, ең бастысы өндіріс құралдары сондай-ақ, өндірістік қызмет нәтижесі. Үшіншіден, бұл қатынастардың мәні иелік ету күйіне байланысты, материалдық байлықтың белгілі бір түлғаның немесе олардың ұжымының меншігінде болуы деп жазды. Меншік-өндірілген материалдық игіліктерге иелік етудің қоғамдық нысаны. Жоғарыда айтылған пікір қорытындысынан байқағанымыз, Суханов меншік ұғымы туралы бұрын қалыптасқан пікірлердің басын қосып, біріктірген және оларды бізге меншік қатынастарының “белгілері” ретінде үсынған. Меншікке қатысы бар пікірлерге талдау жасай келіп, біз төмендегідей қорытындыға келеміз. Ең бірінші мағынада меншікке анықтама бергенде, тұлғаның немесе ұжымның өзінң иелігінде затқа өзімдік деген қатынасы жатады. Меншік–менікі және сенікі дегенмен айқындалады. Меншіктің кез-келген түрі, кез-келген формасы, нақтылы бір жағдайда, ол жеке адамның иелігінде, не ұжымдық меншік ретінде түсіндірілмесін, оған белгілі бір жағдайда не өндіріс өнімін өзінікі ретінде қарау, ал енді біріу басқанікі деп қарауы керек. Бұлай болғанда меншік мүлде жоқ деп танимыз. Меншікке берілген қарапайым анықтамадан кейін, мынадай түйін негізсіз, меншік-бұл адамның затқа қатысы. Бұған, алайда меншік өз мәнін жояды, егер оған басқа адамдар, дәл сол затқа иелік етпеген, басқаша қараған жағдайда. Бұл қатынастың бір жағында меншік иесі тұрса, сол затқа өзімдікі деп қараған, екінші бір жағында- меншікке иелік етпейтін, үшінші жақтағылар, яғни дүние басқанікі деп қарайтындар. Басқаша айтқанда, үшінші жақтағылар, басқаша біреудің затқа көз алартпауы керек, сол арқылы оның иесінің ырқына да дұрыс таныммен қарауы керек. Меншікке берілген анықтамадан мынадай қорытынды жасауға болады, ол яғни меншік зат түрінде материалдық құндылық болып табылады. Меншікке тән қасиет, ерік мазмұны, өйткені меншік иесінің дербіс ерігі заттың оның иелігінде екенін айқындайды. Меншік–бұл қоғамдық қатынас. Меншік иесінің иелігіндегі затқа басқа тұлғалардың басқанікі деген көзқарас, қатынасынсыз және меншікке иесінің менікі деген айқындалмайды. Қоғамдық қатынас ретінде меншік мазмұны–меншік иесі басқа адамдармен өндіріс процессінде, бөлінісінде, айырбаста және материалдық иеліктерді пайдалану процессінде көрініс табады. Ойымызды тұжырымдай келе байқағанымыз, меншікті экономикалық категория ретінде ұғыну біртекті емес екен: меншік ұғымның аясында өндірістік қатынастың бөлігін ұғуға болады екен.

Информация о работе Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері