Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 09:01, курсовая работа
Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарга негізделген:
1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
2) Теңгерілімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртүтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге жэне де басқа да сипаттамаларына қарай теңгерілімділігін қамтамасыз ету.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
I.КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.........................................................................5
Ақша қаражаттарының мәні және түрлері………………………………..5
1.2. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын бөлу механизмі және есептеу әдістері…………………………………………………………………………14
1.3 Кәсіпорынның ақша қаражаттары ағымын жоспарлау…………………20
II. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ……………25
Ақша қаражаттарын басқару……………………………………………25
Ақша қаражаттарын тарту саясаты……………………………….…….27
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары………...……………………………..…33
III.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ.………………………………………………………….……..37
3.1. Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру………………………..37
3.2.Қазiргi кездегі шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың ақшалай ағындарын тиiмдi басқаруы бойынша инновациялық шешiмдер……....…40
ҚОРТЫНДЫ..............................................................................................45
- кәсіпорынды басқару
Акционерлі қоғамның кірісті үлестіру механизмі дивидентті саясаттың түрін таңдаумен байланысты келесі іс-әрекеттің кезектігін қарстырады:
Бірінші этап, таза кірістен, ұжыммен қарастырылып, арнайы нақтыланған өзге міндетті фондтар мен резервтілерге міндетті түрде бөлу арқасында пайда болған кірісті меңгеру. Таза пайда деп «дивидентті коридор» аталады, яғни іске асатын дивидентті саясаттың түріне сәйкес келуі.
Екінші этап, қалған таза пайда капитализдік және оның қолданылатын бөліктеріне таратылады. Егер акционерлік қоғам дивидентті саясаттың қалдықтық түрін қолданса, онда бұл этап процесінде өндірістік даму фондының қалыптасуы немесе құлдырауы негізгі мәселе болып табылады.
Үшінші этап, кіріс негізінде құрылған пайдалану фонды дивиденттік өтеу фонды мен акционерлік қоғам персоналдарының пайдалану фондына таратылады. Бұның негізі болып таңдалынған дивидентті саясаттың түрі мен акционерлік қоғамның ұжымдық келісімді міндеттендіруі табылады.
Бір акцияға төленетін дивидентті өтеу осы формуламен белгіленеді:
Мұнда:
УДВпа - бір акцияға дивидентті төлеудің деңгейі;
ФДВ - таңдалынған дивидентті саясат түрімен сәйкес келіп, құралған дивидентті өтеудің фонды.
ВП - акция иегерлеріне төленетін дивидентті фонд.
Кпа - жай акциялардың саны.
Дивидентті саясаттың құрылуының негізгі этапы дивидентті өтеу формасын таңдау болып табылады.
Негізгі формалар:
1. Дивидентті чектермен немесе ақшалай төлеу. Бұл дивидентті төлеудің кең таралған формасы.
2. Дивидентті акцияялармен төлеу.
Бұл форма акционерлерге
Акционерлердің алдыңғы периодта капиталдың өсуіне негізделген менталитеті барларды қызықтырады. Қосымша кірісті керек ететін акционерлер нарықтақосымша акцияны сатуы мүмкін.
3. Реинвестицияның
4. Кәсіпорынның акцияларды сатып
алуы. Кәсіпорын нарықтағы иесіз
акцияларды сатып алады. Бұл кірістің
автоматты түрде өсуіне
Акционерлі қоғамның дивидентті саясаттың эффективті бағасын келесі көрсеткіштерде көруге болады.
а) дивидентті төлеудің коэффициенті. Осындай формуламен белгіленеді:
немесе
Мұнда
Кдв - дивидентті төлеудің коэффициенті
ФДВ - таңдалынған дивидентті саясат түрімен сәйкес келіп, құралған дивидентті өтеудің фонды.
ЧП - акционерлік қоғамның таза пайдасының суммасы.
Да - бір акцияға төленетін дивидет суммасы.
ЧПа - бір акцияға келетін таза пайда суммасы.
б) акцияға байланысты кіріс пен бағаның қатынас коэффициенті. Бұл мынадай формуламен белгіленеді:
Мұнда:
Кц/д - акцияға байланысты кіріс пен бағаның қаынас коэффициенті.
РЦа - бір акцияның нарықтық бағасы
Да - бір акцияға төленетін дивидент суммасы.
Дивидентті саясаттың эффектитілігін бағлауда акцияның нарықтық баға динамикасының көрсеткіштері де қолданылуы мүмкін.
Қорытындылай келе, «дивидентті саясат» термині акционерлік қоғамдағы кірісті реттеумен немесе үлестірумен байланысты. Дивидентті саясаттың ұғымы келесі бейнеде қалыптасқан: дивидентті саясат жалпы саясаттағы кірісті басқарудағы негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. Дивидентті саясаттың қалыптасу механизмінде көптеген теориялар бар. Олар: дивидентті саясаттың тәуелсіз теориясы, негізін қалағандар - Ф. Модильяни мен М. Миллер. Дивидентті қажетсіну теориясы тағы сол сияқты. Осы теорияларды практикада іске асыруда дивидентті саясаттың қалыптасуына үш тұрғы қалыптасқан. Олар: конервативті, компромисті, агрессивті.
Сонымен қатар дивидентті төлеудің формаларымен танысуыңыз мүмкін.
2.3. Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Компанияның қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша негізгі бағыттар мен ұсыныстар жасауға болады:
Шағын бизнестің қаржы ресурстарын басқару кешеніндегі басты мәселе шағын кәсіпорынның қаржы ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы болып табылады. Шағын кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:
Қаржылық ресурстар мен капитал фирманың қаржыларын талдаудың басты объектісі болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында капитал түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін фирманың жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі әсер етуге болатын нақты объектт болып саналады. Осы сапада капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал – фирма арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады.
Нақты өмірде фирманың капиталы ақшалай нысанда ұзақ уақыт бойы қала алмайды, өйткені ол жаңа кірістер әкелуі керек. Фирманың кассасында немесе оның банктегі есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде ақшалай нысанда бола отырып, ол фирмаға кіріс әкелмейді немесе тіптен кіріс әкелмейді.
Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен кейін айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толықтырылады. Құрылатын тауардың материалды негізінен шикізаттар, материалдар сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқа да материалдық шығындармен негізгі қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түскеннен кейін айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.
Қаржы ресурстаны анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын, біздің пікіріміз бойынша, үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:
Жеделдетілген амортизациямен қатар соңғы жылдары негізгі қорларды қайта бағалау да үлкен мәнге ие болып отыр.
Қайта бағалаудың мақсаты – негізгі активтері жаңалау үшін керекті ақшалай қаражаттар қорын қалыптастыруға жағдай жасау, мүлікті бағалау және тозуды есептеу үшін алғашқы құндық базаны жаңалау болып табылады.
Қайта бағалауға барлық негізгі қорлар жатады, оның ішінде әрекетегілері және консервацияланғандары, резевтегілері мен запастардағылары, аяқталмаған құрылыстардағылары, жалға немесе уақытша пайдалануға берілгендері, списанияға шығаруға дайындалғандары, бірақ өшіруге акт жасалмағандары.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа негіздеріне өтуде экономикасында нарқытық механизмдері активизациялауда кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерінің ішінде материалды емес активтердің амортизациясы үлкен мәнге ие.
Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық жұмысты ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп жатқан фирмалардың тәжірибесі осы мәселені шешудің қысқа жолының кәсіпорын басшыларының қолында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда фирманың қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:
Қызметтің ерекшеленген бағыттары бір мезгілде менеджердің алдында тұрған негізгі тапсырмаларды да анықтайды. Осы тапсырмалардың құрамы келесі түрде бөлшектенеді.
Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүргізіледі:
Екінші бағыт бөлшекті бағалауды талап қарастырады:
Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің талдауы мен бағасын қарастырады:
Қаржылық шешімдерді жоғарыда аталған бағалауларды пайдалана отырып қабылдау өтеулілік, қаржылық тұрақтылық және тиімділік талаптары арасындағы компромиссті есепке алатын, альтернативті шешімдер нәтижесінде орындалады.
Қаржы ресурстарын басқару кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің маңызды тармағы болып саналады. Айналым қаражаттарының айналымын көтеру запастарды сақтаумен байланысты нәтижелер мен шығындарды анықтауға және запастар мен шығындардың дұрыс балансын жүргізуге әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымын жеделдету үшін кәсіпорындарда төмендегі жұмыстарды жүргізген жөн:
Қаржы ресурстарын басқару бойынша негізделген шешім қабылдау үшін ең алдымен кәсіпорынның жағдайының қаржылық тұрақтылығының қандай типке жататындығын анықтау керек. Оларды 4 топқа бөлуге болады: жақсы тұрақты жағдайдағы кәсіпорын, орташа тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; нашар тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; дағдарысты қаржылық жағдайдағы кәсіпорын.
Инвестициялар бойынша шешім қабылдау ең маңыздысы және сол уақытта кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару процесінің алғашқы құрамдастары болады, өйткені олардың маңызды көлемін айналымнан ұзақ уақыт аралығына алады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарыын басқарудың тиімділігін бағалау маңызды дәрежеде активтерге инвестициялаудың тиімділігін бағалаумен ұштасады, өйткені бұл инвестициялар қаржылық ресурстармен – меншікті және тартылған ресурстармен қамтамасыз етіледі. Және керісінше, қаржы ресурстарының мәнінен олардың негізгі тағайындалуының – қайта өндірістің қажеттіліктерін тұтас қаржыландыру мен бөлшекті түрде кеңейтілген қайта өндірісті қаржыландыру болып табылатындығын көреміз. Сондықтан ойлап қарасақ қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі оларды инвестициялау тиімділігіне шартталғанын байқаймыз. Басқаша айтқанда инвестициялар қаржы ресурстарының мәнін сипаттайтын процесс ретінде, кеңейтілген қайта өндіріс процесінде іскерлік қатынастардың материалды ұстаушылары ретінде болады. Қаржы нарығының тұрақтылығына, маңызды қаржылық тәуекелдерге, нарқытық экономикасы дамыған елдерде қабылданған инвестицияның тиімділігін бағалаудың тәсілдері Қазақстанда бірқатар ерекшеліктерге ие болды, олар әрекеттегі пайыздық ставкалар, кәсіпорынның капитал құрылымының әр түрлі макроэкономикалық циклдардағы серпіні, бірқатар факторлар қатынасында инфляция көрсеткіштерін есептеуде есепке алудың қажеттілігімен байланысты.
Информация о работе Ақша қаражаттарын басқаруды оңтайландыру