Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Содержание

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9

II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттарының есебі..................................................................................20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы.DOC

— 339.00 Кб (Скачать файл)

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;

 

                                                                                                                                     

  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе Кбе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгід      тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім – шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің құқықтық-нормативтік актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

 Чек дегеніміз – чек берушінің банк алушыға олардың арасындағы келісім – шарт негізінде бұйрықта көрсетілетін соманы чек ұстаушыға төлеу жайлы жазбаша бұйрық.

Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1998 жылы 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері» қабылданды.

Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт бекіткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштың міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексельдер;

    • Жай вексель дегеніміз – вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.
  • Аудармалы вексель дегеніміз – (тратта) кредитордың (трансаттың) қарызгерлерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Аудармалы вексельдің жай вексельден ерекшелігі - аудармалы вексельде

 

                                                                                                                                     

вексель ұстанушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға (эмитентке) төлеу туралы жазбаша бұйрығын береді.

Төлем-талап тапсырмалармен есеп айырысу дегеніміз – бенефициар (қаражатты алушы) тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем тапсырмаларын және төлем-талап тапсырмалары тізімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп,оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді. Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепі (келісімі) бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлем-талап тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын, оған қызмет көрсететін банк төлем-талап тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлем тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.

Инкассалық өнім дегеніміз – ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде (сызба) қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассалық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.

Инкассалық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкісіне төрт данамен ұсынылады.

 

1.3 Валюта жүйесінің типтері, даму кезеңдері

 

Тарихта ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйе типтер қалыптасқан. Бастапқы кезде валюталық экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық қатынастарды пайдалануға және қалыптастыруға, халықаралық айналымды жүзеге асыратын ұлттық жүйе пайда болады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру немесе керісінше жіктеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі, мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық  валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады, ол – елдің ақша бірлігі. Ұлттық валюта қолма-қол фомада (банкнота, монета) және қолма-қол емес фомада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер болып табылады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі – ол ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады және сыртқы экономикалық байланыстың жайымен сипатталады. Ұлттық валюта жүйесінің мынадай негізгі элементтері бар. Олар : ұлттық валюта өлшемі, ұлттық валютаның шетел  валютасына айырбасталуына, валюталардың алтын

                                                                                                                                     

құрамына байланысты өзара қатысы, валюта бағамының тәртібі, валюталық шектеудің болуы не болмауы, валюта курсының құрылуы механизмі, елдің сыртқы есеп айырысу тәртібі, ұлттық валюта рыногы мен алтын рыногының режимі, елдің валюта қатынасын реттеуші ұлттық валюта ұйымдастырылуы. Дүниежүзілік шаруашылықтың және ұлттық валюталық даму негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық келісім – шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастардың екінші типі – дүниежүзілік валюта жүесі болып табылады. Дүниежүзілік валюта жүйесі дегеніміз – халықаралық несие – қаржы институттарымен халықаралық шарт пен мемлекеттік құқық нормаларын біріктіретін, дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұйымдастыру нысаны. Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте – бірте қалыптасу нәтижесінде пайда болып, кейінерек мемлекет аралық келісімдер арқылы заңдастырылған. Оның негізгі міндеті – халықаралық сауда сату процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс - әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарып, өндірістін даму қарқынына, баға саясаты мен жалақыға, халықаралық айырбастың көлеміне әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептеу қатынастарын, қатысушы елдердің ішкі ақша айналымын қамтиді. Оның ішкі және сыртқы жүйелерін әлемдік ақша белгілері байланыстырады. Оның негізгі құрамдас белгілері мен негізгі элементтері: халықаралық төлем құралдарының жинақталуы (ұлттық, шетелдік, ұжымдық халықаралық валюталар) валюталарды айырбастау тәртіптемесі; валюта курсы мен валюталық тепе – теңдік, валютаның айырбасталымдылық шарттары, халықаралық айналымды валюта төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық есеп айырысу нысандарын, дүниежүзілік валюта мен алтын нысандарын тәртіптеу, дүниежүзілік және ұлттық банк мекемелерін құру және мемлекет аралық реттеу институтының статусы – 1994 жылдан Халықаралық валюта қорының болуы. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен ажырамастай байланысты, оларды байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін реттейтін және валюталық саясаииы шоғырландыруға негіз болатын ұлттық банктер болып табылады. Олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықтар олардың элементтерінен байқалады.

Егер дүниежүзілік валюта жүйесі – халықаралық есептеу бірліктеріне негізделген болса, ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға елдің ақша бірлігіне негізделген.

Дүниежілік валютаның негізі резервтік валюталар – басқа елдер үшін валюталық парие мен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, резев құралы және халықаралық төлем қызметін атқаратын, валюталық бағамын реттеу үшін валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын дамыған елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше түрі, категориясы болып табылады. Резервтік валюта мәртебесін алу үшін несиелік – банктің жақсы дамуы, капитал экспорттарында және дүниежүзілік өндірісте билік етуі және халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдылығы мен валюалық шектеудің болмауы қажет.

       

Резервтік валюта дамыған ел экономикасына сауда және валюталық шектеулердің болмуы және осы валюталық тұрақтылығы мен девальвация жүргізбеуі сияқты белгілі бір міндеттемелерді жүктейді. Халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу және валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу үшін шартты бірлік ретінде халықаралық есептік ақша бірлігі қолданылады. Қазіргі уақытта қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде ЭКЮ (Еуропа валюта бірлігі) және СДР (арнайы қарыз алу құқығы) қызмет етеді.  ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында және СДР – Халықаралық валюталық қорда қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен пайдаланылады. Олардың шартты құны 1973  жылдан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерде және валюталардың орташа құнын, бағамдарын өлщеу арқылы есептелінеді. Осы топтағы валюталар саны, олардың валюталық компоненттері мен құрамы орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты, ол оның құны топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құның саласына байланысты белгіленеді. 1991 жылғы жағдай бойынша валюталық « қоржын « 5 валютадан : АҚШ – 40 % , неміс маркасы - 21%, Жапон йені - 17%, Француз франкі - 11% және фунт стерменгтен - 11% тұрады. Валюталық жүйенің еклксі бір элементін – валюталардың конвирсиялау дәрежесін сипаттайды. Ол елдің эконмикалық, валюталық жағдайларына байланысты анықталады және басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталардан тұрады. Валюталық жүйеде валюталық бағамның негізі болып заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіретін – валюталық паритет ажыратылады. Ол халықаралық валюта қатынасиары бойынша СДР негізінде белгіленеді. Валюталық жүйенің тағы бір элементі – жекелеген елдің немесе елдердің төлем қабілетін көрсететін және халықаралық ақшалай міндеттер мен талаптарды мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін – халықаралық өтімділік болып табылады. Оның құрамына алтын, шетел валютасы, халықаралық валюталық қатынастағы резервтік, СДР және ЭКО – дағы шоттар кіреді. Жаңа валюталық орталықтың құрылуы және оның дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына кіру аймақтық валюталық жүйенің пайда болуына себеп болады. Аймақтық валюталық жүйе дегеніміз ( ЕВЖ 1979 ) – бір аймақтағы бірқатар елдің валюта саласындағы қатынастардың ұйымдық экономикалық нысаны және дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған « Жалпы нарық « одағындағы мемлекеттердің валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ ( ЕО ) құру, ынтымақтастық процесін ынтыландыру және Батыс Еуропаның позициясын күшейту болып табылады.

 

 

                                                                                                                                                   

Валюталық жүйенің даму кезеңдері халықаралық еңбек бөлінісің, өндіріснің, дүниежүзілік нарықтың, шаруашылықтың дамуымен тығыз байланыста.

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монеталы стандарт негізінде құрылады. 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындап, мемлет аралық келісіммен заңды түрде рәсімделеді. Алтын сиандартты өндірісті, сыртқы эклномикалық байланыстарды, халықаралық есеп айырысулар мен ақша айналысын реттеуші ретінде бір қызмет атқарады. Уақыт өте келе ол дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына сәйкес келмей, 1914 жылы валюталық шектеу енгізілді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағадрысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқты. Ол 1922 жылы Генуэз (Генуя) конференциясындағы мемлекет аралық келісіммен құрылды. Онда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды, ол бойынша банкноталар алтынға емес, вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталады. Девиз деген – кез келген формадағы шетел валютасы ( доллар, фунт сиерминг, т.б ) . Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резерфтік валюта статусы ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунд стерлинг мен американдық доллары осы атақты бірінші болып алуға таласып жатты.

Үшініш дүниежүзілк валюта жүйесі 1944 жылы 22 мауысымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллармен фунд стерлинг қабылданып, алғы резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Конференцияға 44 ел қатысып, Халықаралық Валюта қоры жарғысы белгіленеді. Бреттон-Вудс бойынша алтынды пайдаланудың 4 негізгі формасы: валюталардың алтындық паритеті және олардың халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал мен халықаралық валюта өтімділігінің компоненті қарастырылды.алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітіліп, АҚШ долларын алтынға тенестіру, оны шетелдік орталық банктерде 31,1 гр таза алтынға тен функциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылды және іс жүзінде долларлық стандарт орын алды. Бұл конференцияда Бреттон – Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері анықталды. Олар: валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленіп паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты; валюталық шектеу мен валюталық саясат халықарлық келісім-шарттарға бағынды; валюталық бағамдардың режимі белгіленіп,валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Оның негізгі мақсаты – халықаралық валюта қатынасында бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 60 жылдардың аяғында үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі құлдырағаннан кейін төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше

Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы