Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Содержание

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9

II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттарының есебі..................................................................................20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы.DOC

— 339.00 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                                   

мемлекеттердің Кингстонгта Ямайка валюта жүйесі деп аталоды және заң жүзінде бекітілген мемлекет аралық принциптерге сүйеніп, жаңа жүйе – көп валюталы стандартты құрды. Ямайка валюта жүйесінің негізгі қағидасы және бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

1.СДР стандарты енгізілді,ел  валюталық паритет пен валюта  бағамының негізі деп жарияланды. Бірақ іс жүзінде долларлық  тандалды, өйткені СДР жүйесінде  көбірек пайдаланды. СДР әлемдік ақша рөлін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайтып, оның қолдану аясы тек ХВҚ-ның операцияларымен шектелді.СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты.

2. Ямайка валюта жүйесінде алтынның өзінің монеталық қызмет атқарылған заңды түрде тиым салынды: алтындық паритет, ресми баға алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталу тоқтатылды.

3. 1973 жылдан бастап өзгермелі  бағамдар жүйесі пайда болып, валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді.

4. ХВ арқылы мемлекет аралық  реттеу күшейді.

Сонымен Ямайка валюта жүйесі басқаларына қарағанда валюта бағамдарының тұрақсыздығы өзінің икемділігімен төлем баланстарын және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тең бейімделді. Сонымен бірге ол біраз келеңсіздіктерді туғызды. Жаңа валюта жүйесін құру негізгі үш кезеңге бөлінеді.олар :

а) жаңа валюталық жүйені құру;

б) жаңа жүйенің қағидаларын іске қосу;

в) дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру болып табылады.

1987 жылдан бастап АҚШ ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолдануда (1USA = 1.9430 DEM). Валюта баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені оның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бпғалау басымырақ, бұл долларлық халықаралық төмен және резервтік құрал ретінідегі рөлімен түсіндіріледі. Сауда өнеркәсіп клиенттер үшін валюталар бағамы кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-курс немесе кросс-бағам дегеніміз – екі валюта бағамдарының үшінші валюта арақатынастарының ( әдетте АҚШ долларына )

=1.490 швейц франк

=1 АҚШ доллары

=1.6790 ГФР маркасы

бағамымен (банктің валютаны сол бағаммен сатып алуға дайын болуы ) белгілесе де. Сатып алушы бағамынан сатушы бағамы тікелей котировка бойынша әрдайым жоғары болады және олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банк аралық бағамды анықтаудан, тіркеуден баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады жіне сатушы мен сатып алушы бағамымен бекітіледі. Маржа немесе спред ( сатушы және сатып алушы курсьарының

 

                                                                                                                                   

арасындағы айырма ) компанияның немесе банктің статусына, мәмім көлеміне, валюталық операцияларға байланысты өзгереді.

ХХ ғасырдың басында дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартты. Олар 1973 жылдан бастап валюталық нарықта сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын « құбылмалы « бағамдарына ауысты. Құбылмалы валюталық бағамдар өзгерістері халықаралық есепте жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар тұғызды.          Кейбір мемлекеттерде ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі болады. Мысалы : Бельгияда қаржылық коммерциялық операциялар бойынша екі котировка жүреді. Белгілі тауарларды экспортты қолдау және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін бұл әдіс дамушы елдерде қолданылады. Батыс елдерінде көптеген валюталық бағамдардың индекстері таралған. Валюта нарығында көптеген валюталық котировкалар бірдей өзгеруі мүмкін, сондықтан авлюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін және жеке ақша бірліктерінің басқаларымен салыстырғанда арзандату ( қымбаттату ) дәрежесін анықтау үшін арнайы индекстерр есептеледі. Валюталық « қоржындар « арнайы индекстер негізінде болады және тиімді валюта бағамдардың индексі болып табылады. Ол 18 валютадан тұрады, төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне байланысты құрады. Көбінесе валюталық бағам индекстері ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, тауарлардың бәсекелестік қабілеттеріне әсер ету және елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Көбінесе валюта ағымдарын талдау кезінде номиналды және нақты валюталық ағымдар индексі, оның ішіндегі нақтысы валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады. Нақты валюта бағамының индексі бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді ( себебі ол инфляциямен байланысты ) сәйкес келетін екі елдің ішікі бағаларындағы өзгерістерге түзетілген валюта бағамының индексін білідіреді.

           Жалпы  халықаралық валюта нарығында  бағамының өзгеруі ел экономикасына  екі жақты әсер етеді. Экспорттаушылар бағасы орташа әлемдік бағадан төлем тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшінт ұмтылады. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі оған тиімді, себебеі экспорттаушы қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Ал импотртшылар бұл тұста ұтылады, себебі валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі.

             Ұлттық валютаның котировкасы  төмендегенде онымен көрсетілген  сыртқы қарыз да төмендейді, бірақ шетел валютасымен көрсетілген сыртқы қарыз өседі. Валюта бағамының ауытқуы салдары елдің валюта – экономикалық, экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады. Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы                                                                                                                            

ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді.    

                     

 

II. КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1. Кассадағы ұлттық валютадағы  ақша қаражаттары есебі

 

Ақша қаражатын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

Кассадағы операциялар есебі – «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

1010 – «Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша»

1020 – «Кассадағы шетел валютасындағы  ақша қаражаттары» шоттарында  жүргізіледі.

«Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттарының» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).

«Ануар» ЖШС кассасында наурыздың бірі күні төмендегідей шаруашылық операциялар жүргізілді.

Сальдо (қалдық) 01.03.06. – 600 000тг.

 

Күні

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

01.03.06

ККО-1.Дүкеннен түскен түсім жазылады.

ҚҚС.

1010

1010

6010

3130

51200

8192

2

 

 

ККО-2.Чек №378510 бойынша

Бухгалтерлік есеп шоттарынан іс-сапар шығындары үшін ақша алынды.

 

 

1010

 

 

1040

 

 

98200

3

 

 

ШКО-3.Алимжановқа есебі берілетін материалдық құндылықтар алуға ақша берілді.

 

 

1250/2150

 

 

1010

 

 

57250

4

 

ШКО-4 Ахметовқа демалыс ақшасы берілді.

3350

1010

14000

5

 

ШКО-5. №6 төлем ведомосі бойынша жалақы берілді.

3350

1010

40000

 

6

 

ККО-3.Пайдаланылмаған есепті соманы Алимжановқа кассаға өткізді.

 

1010

 

1250/2150

 

500

7

 

ШКО-6.Рахимбековқа іс-сапар шығындары үшін ақша берілді.

 

1250/2150

 

1010

 

16700

8

 

ШКО-7.Әкімшілік шығындарына ақша берілді.

 

7210

 

1010

 

110500

9

 

ШКО-8.Материалдың бағасы төленді.

1310

1010

7300

 

10

 

ККО-4.Акционерлер өз үлестерін ақшалай төледі.

 

1010

 

5020

 

100000


 

600000+249900-245750=604150тг.

Сальдо (қалдық) 02.03.06. – 604150тг.

Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері қосымшада келтіріліп отыр.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені жазумен, тиынды сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс ордері қосымшада көрсетілген.

Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс-сапарға төленген және басқа да шығыстар) нысаналы  мақсаты көрсетіледі, егер ақша қаражаттарын нысаналы мақсаты туралы директерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарында; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша                                                                                                                            

құжаттарға штамп басылады немесе жазу мен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

Касса операцияларының есебін кассир касса кітабында (ү.№КО-4) жүргізеді, ол нөмерленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызық пен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан («Басталған күніне дейінгі қалдығы» деген жолдан кейін) басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойған кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен көлбеу жазуды одан әру жалғастырылады.

Есеп бланкасы операциялар аяқталғанаға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс, шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күнінің кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарды және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасайды, содан соң оның директоры 1010 – «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шотының кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай бухгалтерлік есеп шоттарының сомасы біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010 – «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1040 - «Ағымдағы банк шоттарындағы  ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары»  шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;

1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» қызметкерлердің  есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін  сомалар, талан-таражға түскен сомалар  және т.б. бойынша кассаға өткізілген  қарыздар;

6010 - «Сатылған тауарлар мен көрсетілген  қызмет үшін табыс»;                                                                                                                           

Кассадан ақша берілген кезде 1010 – шоты кредиттеледі және мына төмендегі шоттары дебеттеледі:

3350 - «Еңбекақы бойынша қысқа  мерзімді қарыздар» шоты –  кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;

1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді  дебиторлық берешегі» шоты –  кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне  берілген сомаға;

1040 - «Ағымдағы банк шоттарындағы  ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары»  шоты – кәсіпорынның есеп айырысу  шотына өткізілген, депозитке салынған  жалақы және басқа да түсімнің  сомасына.

Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы