Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Содержание

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9

II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттарының есебі..................................................................................20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27


ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы.DOC

— 339.00 Кб (Скачать файл)

 Ақшалай қаражат қозғалысын  ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларды тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс:

  • ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
  • қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
  • кассада тек қажетті қалдықты сақтау;
  • кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;
  • ақшалай қаражатты физикалық бақылау.

-Түсімді бақылау.

-Ақшалай шығындарды бақылау.

-Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты  бақылау.

-Кассалық қалдықты салыстыру.

-Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру.

-Кассадағы ақшалай қаражатты  кассада деп, саналатын ақшалай  қаражаттың бар-жоғын айқындау  және қатаң есептегі бланктерді парақтап санап шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімдейді.

Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындаған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін (бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу                                                                                                                 

қорытындысы бухгалтерлік есептің мәліметтерімен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытындысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.                                                                                                                            

       «Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» есебі.

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020 – «Кассадағы шетел валютасындағы ақша қаражаттары» шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырған түрінде көрсетіледі.

Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

Валюта түскен кезде 1020 шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

1050 - валюта шотынан валюта түскен  кезде;

2110 - шоты кассаға алынған валюта  түсімінің сомасына;

6250 - шоты тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

1250 - шоты есеп беретін адамдардың  кассаға өткізілген валюта түріндегі  сомаларына.

Валюта кассасынан валюта берген кезде 1020 шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

1250 - шоты есебіне берген шетел  валютасының сомасына;

1050 - шоты валюта шотына өткізілген  валюта сомасына;

7430 - шоты тиісті валюталарға  қатысты теңге бағамының көтерілуі  нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары  сомасына.

«Ануар» ЖШС-нің наурыз айындағы шаруашылық қозғалысы.

  1. 1 наурыз күні жарғылық капитал ретінде есепшотқа 200 000тг. түсті.

                                                

1040                    5020                    200 000

  1. 2 наурыз күні бюджетке есепшоттан корпоративтік табыс салығы аударылды. Сомасы 1 121 000тг.

                                                

3110                    1040                 1 121 000

  1. 7 наурыз күні есепшоттан зейнетақы қорына 111 600тг аударылды.                                                                                                                     

                                                

3220                  1040                       111 600

  1. Есепшотқа 7 наурыз күні айыппұл түсті. Сомасы 90 000тг.

                                                

1040                    7210                      90 000

  1. 5 наурыз күні есепшотқа банк несиесі түсті. Сомасы 13 000 000тг

                                                

1040                   4010                    13 000 000

 

6. 5 наурыз күні есепшоттан 60 000тг бюджетке әлеуметтік салық аударылды.                                                                                                                         

                                                

3150                   1040                        60 000

7. 6 наурыз күні есепшоттан ҚҚС аударылды. Сомасы 801 000тг.

                                                

3130                    1040                       801 000

8. 15 наурыз күні есепшотқа сатып алушылардан өткізілген өнімнің түсімі түсті. Сомасы 2 050 000тг

                                                

1040                   1210                      2 050 000

9. 25 наурыз күні есепшоттан жеткізушілердің шоты төленді. Сомасы 637 000тг.

                                                

3310                    1040                     637 000

10. 25 наурыз күні кәсіпорын кассасына есепшоттан 120 000тг алынды.

                                                

1010                      1040                  120 000

11. 26 наурыз күні жеткізуші мен мердігерлерге 8 117 000тг есепшоттан төленді.

                                                

3310                    1040                     8 117 000

12. 29 наурыз күні есепшоттан банк несиесі жартылай қайтарылды. Сомасы    4 000 000тг.

                                                

4010                     1040                 4 000 000

 

2.2. Ағымдағы банк шоттарындағы  ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі

 

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де  ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім – шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім –шартта қарастырылған жағдайлары; салық қызметі органдары берген салық төлеуші – шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қатыстырылуы мүмкін.

Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекеленген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты                                                                                                                            

клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зеинеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібі мен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім – шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім – шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.                                                                                                                    

Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім – шартта қарастырылғаны жөн.

Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім – шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есеп шоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім – шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Қолма-қол жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде келтіріліп отыр).

Бухгалтерлік есеп шоттары бойынша операциялардың есебі 1040 «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.  Көшірме атқарушының қойған қолыме және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады. Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызыметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні (датасы) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. 

Клиент өкілінің көшірмені алғаны  бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келтіріліп отыр.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040 - «Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық  валютасындағы ақша қаражаттары» шоты кредитінен 1280-«Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының                                                                                                                           

дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040 шоттың дебеті және 3540 - «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бойынша көрініс табады.

«Ануар» ЖШС-не қызмет көрсететін АТФ банкінен кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоты бойынша бір айдағы ақша қаражатының қозғалысы туралы тізімдеме (выписка) келіп түсті. Ол төменде келтірілген. 

 

    АТФ Банкісі, Қарағанды қ. 31.03.2006ж.

    Орындаушылар №20

    Шот бойынша көшірмесі  № 9764680/00

    «Ануар» ЖШС

    Кірісі  255634937

Корреспондент      Дебет        Кредит

190521425  000700813  7470  500000 

190501713  000420102  846  1370600 

190501713  001609126  7710  2500000

190501201  000906602  247    478600

5370600 478600

    Шығысы         250742397

                                                                                                      АТФ Банкісі, Қарағанды қ.

Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы