Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 22:34, курсовая работа
Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.
КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5
1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7
1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9
II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15
2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15
2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша
қаражаттарының есебі..................................................................................20
2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24
2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34
Кейіннен айналысқа :
2001 жылы :
2002 жылы :
2003 жылы :
Республикада ақша айналысындағы
монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш
монеталар да қолданылады . Мерейтойлық
және ескерткіш монеталар оларда белгіленген
құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар
негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
Қазақстан Республикасының банкноттары 2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң
жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа
дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және
шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте
ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ
бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық
және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш
құралдары пайдаланылған. Осыған дейін
200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды
ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста
жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі
номиналды ендірген кезде де осындай кейбір
қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын.
Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы
құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды
және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың
ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің
барынша мүмкін саны пайдаланылды.
Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі. Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер. Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.
Көшіруге қарсы элемент. Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида). Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір. Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ. Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.
Жасырын бейне (лифт). Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі
кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын
арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.\
Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.
Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.
Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.
Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.
Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі
банктердің ескі үлгідегі банкноталарды
айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл
бойы оларды заңды және жеке тұлғалардан
қабылдауды жалғастырады және олардың
сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан
кейін қолданылып
жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.
Курстық жұмыс «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражаттарының есебі мен құжаттары» тақырыбында жазылды. Осы тақырыпты жазғанда, мен кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметтеріндегі ақша қаражатының ролін және маңызын қарастырдым. Аталмыш курстық жұмысым екі бөлімнен тұрды:
«Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы» атты бөлімінде ақша қаражаттары туралы түсінік және жалпы сипаттамасы, ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары туралы сұрақтарды қарастырдым. Есеп айырысудың екі нысаны бар: қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу. Қолма – қол есеп айырысу кәсіпорын кассасы арқылы жүргізіледі, ал қолма – қолсыз есеп айырысу банк мекемелерінде ашылған бухгалтерлік есеп шоттары арқылы жүргізіледі. Осы қолма – қолсыз есеп айырысуда төлем тапсырмалары Қазақстанда кең қолданылады. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі типтік шоттар жоспарының бірінші бөлімінде қарастырылған. Шоттың дебетінде көбеюі, кредитінде азаюы көрсетіледі.
«Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі» атты бөлімінде кассадағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі, ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі, банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу туралы қарастырылған. Ақшаны қабылдау, беру және сақтау операциялары ұлттық және шетел валютасында жүргізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы есептеу кезінде қолма – қол ақшалар, құнды қағаздар, ақша құжаттары есепке алынады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер
өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері
бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер
арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
нормативтік құжаттарымен белгіленген
шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге
асырады.
Информация о работе Ағымдағы банктік шоттардағы валюта мен ақша қаражатының есебі мен құжаттауы