Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 22:56, курсовая работа

Краткое описание

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында

Содержание

Кіріспе

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
1.2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары
2.2 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2.3 Жеке іс-тәжрибенің сабақ үлгілері

Қорытынды
Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларында болуға тиісті қасиеттер  болып табылады. Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне мақсатына қарай  бұл кезеңдер астасып, қабысып жатуы  әбден мүмкін. Олар да қалыптасып әрі қарай дамып отыратын сапаларда бірі анық көрініп бірі керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанымен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таң жағайып үлгісін құрайды. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындай арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзн өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша талпыныс жасайды. Қазіргі бастауыш мектептерде шығармашылық әрекеттен, оқу әрекеті басым жүреді. Сабақта оқушылар біртиптес жаттығулар орындаумен айналысады. Мұндай жаттығулар бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша қазіргі қоғам талабына сай, оның дамуына орай, бастауыш санып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмаларды шешуді табысты меңгере алады. Оқушылардың оқу-шығармашылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің белсенді танымдық шығармашылығы айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтылған. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы туралы пікір Я.А.Коменский еңбектерінде, сонан соң Г.И.Песталоций мен А.Дистербергтің еңбектерінде тереңінен айтылған. Мысалы: А.Дистерберг оқыту барысында оқушының қызығушылығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Көптеген авторлар, педагогтар оқу-танымдық қызығушылықты оқушының ақыл-парасат қабілеті және өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін белсенділігі деп түсіндірді. Ал, Махмутов оқушының оқу-танымдың қызығушылықтарының мәні білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп түсіндірді.

 

 

1.2 Бастауыш мектепте  оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

 

Оқу – мектеп жасындағы балардың негізгі таным әрекеті. Баланың  жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқцына тығыз байланысты.

Баланың оқу әрекеті – күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттерң мен қызығулары, сезім мен ерік сиқты т.б. психикалық үрдістер мен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі  жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әр бір оқу жұмысын (тапсырмасын) неүшін, қанлай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жлспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалана білуге, өз әрекетін қадағалауға (бақылауға), бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына  мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен  ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық  міндеттерді шешуге бағытталған  ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқц әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

  1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
  2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл амалдары);
  3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
  4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

Осындай күрделі әрекетіне  байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау – баланың  таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау – нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау – белгілі міндетті теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай  дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау  үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардын) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.

 Мектепте оқытудың негізгі міндеттерінің бірі- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, таным қабілеттінің оянуына түрткі болу. Оқушыларды танымдық белсенділігі кезеңінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау процестері мен зейіннің тұрақты түрін қажет етеді. Оқу процесінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру – олардың өз бетінше танымдық ынта-ықыласын, шығармашылық қызметін дамытатындай етіп ұйымдастырылады.

 Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге арналған оқу әрекеті, екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

 Шығармашылық әрекеттің оқу әрекетінен айырмашылығы –ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу, проблеманы өзінше, жаңа тәсілмен шешуге талпыныс жасауы. Осы әрекеттердің екі түрінде оқушылар екі түрлі мақсаттар көзделген, әртүрлі міндеттерді шешеді. Мысалы, оқу әрекетерінде белгілі бірережені меңгеретін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетке баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ал шығармашылық әрекет нақты жағдайдағы мәселені шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

 Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.Я.Лернер білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдый білуді, жаңа шешім таба білуді, шығармашылық әрекет деп түсіндіреді.

 А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу) болжай білу қабілеттерін атайды.

 Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны-білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді. Мектептер (соның ішінде шағын жинақталған мектептер де бар) нарық жағдайында оқу - тәрбие процесін жүзеге асыру күрделі проблемаларды бастан кешіріп отыр.

 Педагогика ғылымында мектептер мәселесіне арналған жалпы педагогикалық, жекелеген әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты мектептер мен сыныптарда қалай оқыту керектігі жөнінде мәселе бойынша педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар өте қажет. Мектептің негізгі белгілерінің бірі сыныптағы оқушылардың қызығушылығында. Ғылым - әдіскерлердің зерттеулері және мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірбиесі оқушылар саны 10-нан кем болатын сыныптарда оқыту әдістемесіне айтарлықтай өзгеріс енгізу керектігін дәлелдеп отыр. Сыныпта оқушылар санының аз болуы мұғалім үшін «қолайсызң жағдай туғызады. Өйткені, мұғалім педагогикалық әдіс-тәсілдердің әртүрлі түрлерін, оқытудың басқа формаларын, техникалық құралдарын көрнекіліктерді қолдану мүміншілігінен айрылады, жаңа материялды түсіндіру кезеңінде қолданылатын проблемалық мәселелерді шешуде, ойлаған нәтижеге жетуде қиыншылықтарға кездеседі.

 Сыныптағы оқушылар санының аз болуы балалар үшін де қиындық әкеледі. Өйткені, әрбір оқушы үнемі «жауап берушің рөлінде болады.

 Зерттеу нәтижелеріне қарағанда бір оқушыдан бір оқу күнінде 28-ден 35 ретке дейін сабақ сұралады екен. Бұл әрине, бастауыш сынып оқушысы үшін өте ауыр жүктеме. Оқушыдан осылайша күнде сабақ сұрау балаға эмоциалдық, психологиялық және жалпы интеллектуалдық даму жағынан жағынан да кері әсер етеді.

 Жаппай ауызша сұрау оқушылардың белсенділігін арттырмайды, керісінше, оқушылардың жауап беруін тежейді. Мұндай сыныптарда мұғалім оқушылар тарапынан жауап беруден «бас тартуң жағдайларымен жиі кездеседі, оқушылар әлсін-әлсін сұраудан «ығырң болады, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасындағы нәзік байланыс үзіледі.

 Мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуде маңызды рөл атқаратын дифференциалды және даралап оқыту мен оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар сыныптарды қабілеті жоғары, орташа және төмен топтардың барлығында да оқушылар болады. Ал оқушылар саны аз сыныптарда оқушылардың барлығы осы топтардың біреуіне ғана енеді немесе әрбір топта бір-бірден ғана оқушы болуы мүмкін.

 Оқушылар саны аз сыныптарда әрбір оқушы мұғалім бақылауында болады да, әр оқушы дара ерекшелігін, танымдық қызығушылығын есепке алып, жеке- дара тапсырмалар беруге, әрбір оқушының оқу материалын қалай меңгеретінін біліп отыруға, мінез-құлқын, қабілетін, даму деңгейін зерттеп білуге мүмкіндіктер мол.

 Сондықтан мұғалімге сабаққа дайындалу кезінде әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, жеке берілетін тапсырмалар жүйесін әр оқушының оқу белсенділігін дамытатындай етіп мұхият таңдап алуына болады. Шығармашылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірбиесінің, дара-дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмады. «Бұлақ көрсең көзін ашң -деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туында өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мысалы, біздің сынып- кабинетте оқушылар шығармашылығына арналған «Бозтоғайң атты әдеби бұрыш және осы аттас қолжазба журнал бар.

 Мұнда оқушылардың әдеби шығармалары бойынша салған суреттері, жазған үздік шығармалары, ертегілері, өлеңдері, жинаған әдеби материалдары т.б. жазылып, апта сайын ауыстырылып тұрады.

 Осы бұрыштың «бізде қонақтаң атты айдарында сынып оқушылары кездескен белгілі әдебиет, өнер қайраткері жайлы жас тілші мақаласын оқуға болады.

 Балалар Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырзалиев, Шот-Аман Уалиханов, Х.Наурызбаевтармен кездесті. Олар өздерінің балаларға арналған өлеңдерін оқыды, шәкірттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 Мәжіліс депутаты, халқымыздың аяулы ақын қызы Ф.Оңғарсынова:

        • Талай кездесу өткізіп едім, бастауыш сынып оқушыларымен өмірде бірінші рет кездесіп тұрмын,-деп ағынан жарылды. Шәкіртер де мұндай кездесулерде қонақтарға өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп жатады.

 Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарды шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.

 Шығармашылықтың тұрлері көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері -өнердің биік шыңы. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

 «Сөз өнері- адам санасының үш негізіне сүйенеді. 1.Ақылға. 2.Қиалға. 3.Көңілге ң

 Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердіңжайын ұғу, ақылға салып ойлау.

 Қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы бір нәрселерді тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

 Көңіл ісі - түю, талдау.

 Яғни, ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі білікте қарастыруымыз керек.

 Жан-жақты талант иесі М.Жұмабаев «Педагогикаң еңбегінде бастауыш мектепте әдеби қабілеттілікті қалыптастырудың кейбір әдістерін көрсеткен .

 Ұлы ағартушымыз ұсынып отырған оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың барлық кезеңінде, яғни оқушыға оқиға, сюжет, образ, көркемдік шешім таба алмай қиналғанда, мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл- мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы.

 Көп жылғы тәжірбиемізде байқағанымыздай «Ана тілің және «Қазақ тілің сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Мұғалім мәтіннің өн-бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.

 Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмыстың төмендегідей түрлерін жүргізуге болатынын тәжірибемізде байқадық.

 1.Балаларға белгілі тақырыпта (баспасөз бетінен) әігіме оқып,

 оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну.

 2.Әңгіменің,ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға

 тапсыру.

 3.Ертегіні ұжым болып тыңдау.

 4.Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.

 5.Белгілі мақала негізінде әңгіме жазу.

 6.Мәтін бойынша мақал құрастыру.

 7.Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтар шығару.

 8.Берілген мәтіндегі бір бөлікті өзі жазып шығару.

 9.Сөйлемдегі кейбір сөздерді көркем сөздермен ауыстыру.

 10.Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктен өлең, әңгіме

 жазу.

 11.Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру.

 Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.

Информация о работе Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары