Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 22:56, курсовая работа

Краткое описание

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында

Содержание

Кіріспе

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
1.2 Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру жолдары

2 ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
2.1 Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары
2.2 3 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
2.3 Жеке іс-тәжрибенің сабақ үлгілері

Қорытынды
Әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)
  • Үй жануарлары, жабайы жануарлар.
  • Енді біздің дүкенші апайымыздың дүкенінде көптеген әдемі де ғажайып хайуанаттардың ойыншықтары бар екен.
  • Сендер дүкеннен ойыншық алғанды ұнатасыңдар ма?
  • Ал біздің ойыншық сатып алатын ақшамыз жоқ қой, енді не істейміз?
  • Енде ше біз бұл ойыншықтарды өз білімімізбен сатып алайық.
  • Ал енді, балалар біз үш орталыққа бөлініп, жарысып өз білімімізбен ойыншық жинап жарысайық.

Оқу орталығы, жазу орталығы, өнер орталығы.

  • Балалар дүкенші апайдың кассасында түрлі цифрлар қойылған екен. Сол цифрларды рет ретімен алып, тапсырмасын орындайық.
  • Суретке қарап, әр орталық өз білімдерін, яғни етістікке байланысты іс-қимыл жасасын. Оқушылар оларға сұрақ қойсын.

 

  1. Ауызша жаттығулармен жұмыс.
        • Балалар кіиапиарымыздың 123-ші беттің 334-жаттығуды ауызша орындаңдар.
        • Суретке қарап отырып, етістікке байланысты сөйлем құрап сұрақ қояйық.
        • Бала ағаш жарды – не істеді?
        • Аймен гүлге су құйды – не істеді?
        • Айнұр ойнады – не істеді?
        • Әже ұршық иірді – қайтті?
        • Ұршық иірді.

Белсене қатысқан оқушылар дүкеннен ойыншық алады.

  1. Сергіту сәті.

Дүкеншінің келесі тапсырмасы 335-жаттығу.

Күн күледі – не істейді?

Жер түледі – қайтті?

(Көктем)

Қалың киімді ұнатады  – Қайтеді?

Шешіндірсең жылатады –  Қайтеді?

Бірінші болып дұрыс  жауап берген оқушы дүкеннен бір  ойыншық алады.

Дүкеншінің келесі тапсырмасы 336-жаттығу.

  1. Тақтамен жұмыс.

Қарамен жазылған сөздердің  астын сызып, өлеңді көшіріп сұрақ қойыңдар.

Ағам жылқы бағады – не істейді?

Атам пішен шабады – қайтеді?

  1. Дәптермен жұмыс.

Ал енді балалар,

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

Қай топтың оқушылыры  жылдам әрі әдемі етіп жазса, ойыншықпен марапатталады.

  1. Шығармашылық жұмыс.

1-деңгейдегі оқушылырға  суретті парақ таратылып беріледі, олар етістікке байланысты сөйлемдер  құрайды.

2-деңгейдегі оқушылармен  жұмысты топпен жасаймын, әр топтан  бір оқушы шығып суретке қарап  іс-қимыл жасайды. Ал қалған оқушылар бұл оқушының қимылына сұрақ қойып, жауап беріп етістіктерді атайды.

10. Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар сонымен,  біз қандай жаңа тақырыпты  өттік?

- Етістік.

- Етістікке қандай  сұрақтар қойылады?

- Не Істейді? Қайтті?

әр оқушыдан мысал кетіріп сұрақ қойып не туралы айтылғанын қорытындылып беремін.

  • Сонымен балалар, бүгін біз сөз таптарының бірі етістікті өттік. Етістік не істеді, қайтті, не қылды деген сұрақтарға жауап береді екен.
  • Бүгінгі жаңа сабақ түсінікті ме?
  • Иә.
  • Біздің дүкенші апайымыз сынып оқушыларының бәріне риза болды, ойыншықтар ұнады ма?
  • Иә.

11.Үйге тапсырма беру.

124 беттегі 337 жаттығуды  ауызша орындап келеміз, яғни  сөйлемді оқып, етістіктерді табамыз.  Мысалы: Асан құдықтан су тартты. Асан құдықтағы суды не істеді?

12. Оқушыларды бағалау.

Ал енді, біз үш тобымыздың қайсысы озыпты, топтарды салыстырайық. Ал қай топтың ойыншықтары көп  екен?

  • ...
  • Ал енді, сабаққа кім белсене қатысты?
  • Кімде ойыншық бар?
  • Әр оқушы өз пікірін айтады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың есімдерін «Сынып жұлдыздар» тақтасына ілінеді.

 Олар «5», «4» деген бағамен бағаланады. «3» деген баға алған оқушылардың есімі тақтаға ілінбейді. Бірақ өз деңгейінде мадақталып, бағаланады.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық қызығушылық іс-әрекеттері арқылы қызығушылық қабілеттерін дамытуға болады. Оқушының танымдық қызығушылығын мадақтау, бағалау, ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады.М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айтады. Мен бұл пікірге қосыла отырып мынадай қорытындыға келдім. Қазақ тілі пәнін оқыту барысынды ойын арқылы оқушының танымдық қызығушылығын арттыра отырып, қоғам талабына сай жаңа ақпараттық технология қолдвну арқылы шығармашылық қбілетін дамытуға болады.

Оқушының қазақ тілі юойынша шығармашылық қабілетін дамытуда сөз өнерінің берері мол. Оқушы сөз өнерін пір тұтып, сүйіп айналысуы керек. Сонымен бірге оқушының шығармашылығын дамытудың келесі бір түрі – бұл қоғам дамуына байланысты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушының дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көріп біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлеске түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге өз жұмысының  тәтижесін көріп, өз өзіне сын  көзбен қарауыны немесе жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік алады. Әсіресе қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану өте тиімді болады және қызметтік негізін қалыптастыруда білімді еңбекпен ұштастырып, іс-әрекеттің саналығын да дамытады, мақсатты өмір сүруге ұмтылуға әсер етеді. Қазақ тілі сабағында әр түрлі оқыту технологияларын пайдалануға болады. Әсіресе оқытудың ынтымақтастығы технологиясы, дамыта оқыту технологиясын қолдану өте тиімді. Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, т. б.) пікірінше, бұл технологтя жеке тұлғаның барлы сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

  1. Қоянбаев Р. М., Қоянбаев Ж. Б. Педагогика – Алматы: 2002.
  2. Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы: 1990.
  3. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология – Алматы: 2003.
  4. Қазақ тілін оқыту методикасы (ред. Әуелбаев Ш.) – Алматы: 1987.
  5. Сабыров Т. «Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіруң Алматы: 1999.
  6. Алдамұратов Ә. «Жалпы психологияң Алматы: 1996.
  7. Жұмабаев М. «Педагогикаң Алматы: 1992.
  8. Тұрғынбаева Б. «Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуң /Бастауыш мектеп/ 1997 №7, 85-8 бет.
  9. Сардарова Ж. <span

Информация о работе Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары