Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МОЯ.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)


 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

 

 

Жоспар

Кіріспе

 

Негізгі бөлім 

 

1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары

1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары

1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Дамыған елдерде  жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды  кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда  жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі алғаш рет 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған. «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» заңында көрініс тапты. Соңғы уақытта шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында елімізде Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен 3 заң, заңдық күші бар 7 қаулысы, бірнеше бағдарламалар қабылданған.

Сондықтан, шағын  және орта кәсіпкерлікті қолдау  мен ынталандыру бүгінгі күнгі мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұрғыдағы негізгі мақсат - шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімнің неғұрлым ұзаруына ықпал ету болып табылады.

Бүгінде, Қазақстан  Республикасының аса назар аударып  жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті  дамыту  және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын  мүмкіндігінше шешу болып табылады.

 

 

 

 

1.1  Қазақстан  Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары

 

Қазақстан Республикасының  аса назар аударып жатқан аясы шағын кәсіпкерлікті дамыту  және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын  мүмкіндігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет:

бірншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлерімен шегін  белгілеу;

екіншіден, кәсіпкерліктің қарқынын төмендетпеуге назар аудару;

үшіншіден, салық  салу жүйесін шешу жолдарын дамыту;

төртіншіден; бақылау  органдарының кәсіпкерлік объектілерін тексеру    жөніндегі қызметтерін бәсеңдету;

Сондықтан бұл  мәселе тіпті Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан 2030» бағдарламасында  да көрініс тапқан: мұнда экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде  шағын  кәсіпкерлікті дамытудың мақсаты- оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.  Негізгі басымдықтар:

  • мемлекеттік, қоғамдық және халықарылық  ұйымдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;
  • несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту;

 Белгіленген  шараларды  іске асырудың нәтижесінде  кәсіпкерлік субъектілері санының  өсуі, жаңа жұмыс орындарының  құрылуы, шағын бизнес саласында  жұмыс істейтіндер санының артуы,  нақты бәсекелестік орта құру, қоғамның орта негізі ретінде меншік иелерінің жаппай жігін қалыптастыру күтіліп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру  мақсатында елімізде 2001-2002ж. Шағын кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы қабылданған.(07.V.01ж.) бұл бағдарлама шағын бизнесті қолдау, бәсекені және табиғи монополияны реттеу жөніндегі ҚР-ның Агенттігі негізінде жүзеге асқан.

Негізгі мақсат - шағын кәсіпкерліктің өндірістік  саласының дамуының қамтамасыз етуін белгілейтін мемлекеттік қолдау саясатын ынталандыру.

 Бағдарламаның  негізгі  бағыттарына: 

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау бағытында құрылған инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін көтеру;
  • шағын кәсіпкерліктің қызметі  аясындағы нормативті-құқықтық актілердің  іске асуын қадағалауды кеңейту;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау саясытының қаржылай-несие және инвестициялық механизмдерін дамыту;
  • шағын кәсіпкерлікті кадрлық, ғылыми-методикалық және ақпараттық қамтамасыз ету;
  • шағын кәсіпкерлікті аймақтық дамыту;

Бұл бағдарламаның  нәтижесінде екі жылдан  кейін  шағын кәсіпкерліктің жалпы ұлттық өнімдері үлесі 22%-ке дейін өседі деп болжам жасайды.

  ҚР-ғы шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың мемлекеттік шараларының  бірі «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға  мемлекеттік қолдауды күшейту  және оны жетілдіру жөніндегі  шаралар туралы «ҚР-ның Президентінің жарлығы» 06.III.97ж) Бұл жарлық бойынша:

  • шағын кәсіпкеғрлікті мемлекеттік қолдау институты құрылды: ҚР-ның экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті; (бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау функциясы индустрия және сауда министрлігіне жүктелген;
  • «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «жеке кәсіпкерлік туралы» және басқа заңдар қабылданды;
  • Мемлекеттік тексеруші органдар саны азайтылды;
  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылды;
  • Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне минималды көлеммен несиелендіру бекітілді. ( банктің несиелік портфелінің негізгі қаражаттарының /қарызының 10%-нен  кем емес мөлшерде);

Сонымен қатар, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының негізгі үйлестірушісі мен серігі болып 1997 жылы мамырда  құрылған шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаменті болып табылады. Оның қарамағында екі сараптау кеңесі құрылған.

 Біріншісі- нормативті  және құқықтық актілерді зерттеу  үшін шағын бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпкерлік құрылымының өкілдерінен;

Екіншісі – кәсіпкерлік  қызметті жандандыру жөніндегі Президент  жарлықтарын жүзеге асырумен айналысатын  ведомствоаралық, министрлік өкілдерінен. 

Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің дамуына мол сенім, мемлекет тарапынан кепіл, экономикалық негіз ретіндегі заңдар мен құқықтық-нормативтік құжаттармен қатар қаржылай, салықтық, инвестициялық және тағы басқадай қолдаудың түрлері бар.

Ақша несие саясатын  ынталандырудың кәсіпкерлік қызметтің  жүзеге асуына ықпалы өте маңызды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау туралы мәселе қозғалғанда несие мәселесі маңызды, өйткені несие кәсіпкерлер үшін басты қаржы көзі. Республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше несие жолдары қалыптасқан. Бұл тұрғыда шағын кәсіпкерлік субъектілері банктердің несиелері мен халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік арнайы бағдарламаларына сүйенеді. Еліміздегі 40-тан астам банктердің  жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жүйесі жүзеге асырылған. Мысалы, « Казкоммерцбанк» жеке тұлғаларға 500$ –дан жоғары көлемде және мерзімі 12 айдан асатын уақытқа белгілі бір пайыз мөлшерлемесімен несие беруді жүзеге асырады. 

Сонымен қатар, Еуропалық Қайта құру мен Даму Банкі Қазақстан Республикасының  шағын бизнесті қолдау Қорымен бірлесе отырып шағын бизнесті несиелендіру Бағдарламасын жүзеге асыруда.  Бұл Бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпорындарға қысқамерзімді және ортамерзімді несиелер беру арқылы бәсекелі жеке секторды кеңейту және жақсартуға ықпал ету.

  Несиелік  линия көлемі 775 млн. долл. Сонымен  қатар, несиенің 3 түрін беруді  ұсынады:

  1. Micro (10 мың дол. дейін) – бұл теңгемен, шетел валютасымен беріледі; 12 айға дейін беріледі;
  2. Large-micro (10-нан 30 мың дол. дейін) шетел валютасымен 12 айға дейін, теңгемен 18 айға дейін беріледі;
  3. Small (30-нан 125 мың дол. дейін) теңгемен 12 айға, шетелдік валютамен 30 айға дейін беріледі;

          Бұл бағдарлама бойынша келесі  банктер жұмыстар атқарады:                      « БанкЦентрКредит», «Казкоммерцбанк»; «БанкТуранАлем»,т.б.

 Жалпы   шағын кәсіпорындарға несие берушілердің 

37% – коммерциялық  банктер;

21% –жеке қарыз  берушілер(достарыц, туыстары);

18 %– шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау  Қоры;

12 % - Ұлттық Банк  қаражаттары құрайды.

2004-2005 жылдары  Алматы облысы бойынша 3750 адам 11,96 млн. теңге саласында микронесиелер алған. Сол сияқты әр облыстар мен қалада тиісінше кәсіпкерлерді қаржылық қолдау жұмыстары  жүзеге  асырылуда.

Осыған байланысты нарықтық экономикадағы сектордың  негізгі бөлігі болып келетін жеке меншік кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттің тиімді кірісуін қажет етеді. Сондықтан еліміздегі кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін оған  қолайлы жағдай туғызып, ынталандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Ол үшін мемлекет тарапынан тиісті іс- шаралар, әртүрлі бағдарламалар мен реформалардың кәсіпкерлік қызметтің бағыттарының жандануына ықпал етуі тиіс. Соның дәлелінің бірі ретінде - шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ынталандыруға бағытталған несиелендіру бағдармасының ұйымдары қалыптасуда.

Бүгінгі күні Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуының тиімділігі көп жағдайда нарық инфрақұрылымына тәуелді, сол үшін кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды. Қордың негізгі мақсаты : кәсіпкерлерге қаржылық көмек көрсету, ол негізінен халық тұтынатын тауарды шығаратын фирмаларға , құрылыс материалдарын жасайтын және халыққа қызмет көрсететін салаларға байланысты кәсіпорындар.

Қор отандық  және шетел инвесторларын қызықтыру  бағытындағы шараларды қаржыландырады, жарыстар, көрмелер, аукцион және конференциялар ұйымдастырады, мамандар даярлау мен оқытуды нарық экономикасы үшін тиімді қолдануды ұйымдастырады. өкінінке орай, кейбір облыстарда құрылған қорлар өздерінің қор қаражатын өнімнен несиеге беруді Қазақстан Республикасның халықтық банкісінің рұқсатынсыз қолдануда.

Бірақ, нормативті акті бойынша қор шаруашылық субъектілеріне Республика банктерінен несие алуына көмектесуге ғана мүмкіндігі барын ерекше атап айтқанымыз жөн. Мұндай жағдайда республикада бизнеске несие беру сұрақтарымен айналысатын арнайы банктердің құрылмауына байланысты болып отыр. Көрсетілген банк шаруашылықпен айналысатын субъектілерді несиелендірудің жеңілдіктер тізіміне несиені қолданған соң, банк шығынын жеңілдік және әрекеттегі пайыздық бағам арасындағы айырмасын бизнесті қолдау қорының қаражаты есебінен төленеді.

Жаңа белсенді кәсіпкерлер класының түзілуі процесі  нарықтық өзгерудің әлеуметтік қоймасы  болуы керек. Сондықтан, Республикамыздағы  бизнестің дамуы болу үшін нарық  инфрақұрылымының түзілуі, жекешелендіру  және Қазақстандағы бизнестің дамуына  қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет иелігінен алу мәселелері жиынтығы арасында байланыс болуы қажет.

Сонымен шағын  және орта бизнес дамуы қоғам алдында  тұрған көоптеген экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Біздің экономикамыздың басты мәселесі әртүрлі салаға жататын кәсіпорындар арасында көлбеу байланыстың әлсіз дамуы.

Осы мәселені шешу үшін ірі кәсіпорындар тобына қызмет жасайтын шағын және орта фирмаларды құруға бағытталған (мысалы: жалпы инструментальды  цех ашу) өндіріс аралық байланысты реттеуде сауда және қызмет саласында шағын делдал фирмалардың ролі зор. Шағын және орта экономика фирмалары біздің шаруашылығымыздың тиімділігін арттыруы мүмкін. Ірі конгламерантты секторлардан олардың ерекшелігі өз капитал-салымдарының құнының жақсы өтелуін қамтамсыз етеді, айналым көздерінің жедел айланыста болуын, басқаруға кететін шығынды азайту, негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлкен үлес салмақта болуын қаматамсыз етеді. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселерін шешіп, жұмыссыздық санын азайту, сұраныс пен ұсынысқа экономикалық заң әсерімен қайта бағдарлауды ұтымды және жедел қолдану.

Республикамыздағы бизнес құрылымын қолдау туралы Бағдарламасын  жаңа шаруашылық субъектісінің орнығуы  процесін жеделдетуге әсер ете алмады және жеткілікті қолдау көрсете алмады. Көптеген шағын фирмалар өздерін тағайындаушылар мен мемлекеттік басқару жүйелеріне ғана тәуелді емес, сонымен бірге шикізатпен қамтамасыз етушілер мен затты орап-қаптайтын тағы басқаларға тәуелді.

Қазақстандағы тиімді нарық экномикасының дамуының негізі – жеке меншік, бизнес қызметінің еркіндігі және бәсекелестік болып табылады.

Мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың бизнес қызметіне араласуы тек заң жүзінде  ғана жүзеге асып, мемлекеттің компетенциясына  қатысты сұрақтармен шектеледі – заңдылықты қадағалау, қорғаныс, және қоғамның қауіпсіздігін , азаматтар денсаулығы, салықтық, бағалық және антимонополиялық реттеу, әлеуметтік кепілдікті реттеу. Экологиялық, санитарлық, өртке қарсы нормаларды қадағалау.

Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары