Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МОЯ.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)

Әртүрлі салалық 200 кооперативті біріктіретін Мондрагон  атты аймақтық-өндірістік кешенді еске түсірген жөн.бұл жүйенің негізгі  орталығы – өндірісті жоспарлау  бөлімі бар кооперативтік банк. Кешенде венчурлық кооперативті жүйелі құру жүреді, өнімнің көп бөлігі сыртқы нарыққа шығарылады.

Көптеген  мемлекеттерде қалыптасқан шағын  және орта бизнесті қолдау шаралар  жүйесі бір-бірінен негізінде жатқан эконоикалық саясат концепциясымен,артықшылықтармен қолданылатын құралдарды таңдауымен, тартылған бюджеттік ресурстардың көлемімен ерекшеленеді. Біртіндеп бірлескен экономикалық жазықтық болып дамып келе жатқан Еуропалық Одақта мұндай ерекшеліктер бәсекелік нарықтық тәртіпті көрсететін белгілі мәселелерді туғызады. Сондықтан, бұл жерде соңғы жылдары шағын және орта бизнеске қатынасында біріңғай мемлекет аралық  саясатты жасап, оны жүргізуге көп көңіл бөлініп отыр.

Дамыған рыноктық экономикада  жалпы экономикалық қызмет анықтаушы  болып табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субьектісі ретіндегі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) өндіруге және оны нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.

Ресурстық қызмет- кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрін  тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми-техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік  шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер  қызметінде жаңа идеяларды  қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.

Рыноктық экономика  жағдайында кәсіпкерлік әлеуметтік қызмет атқарады. Бұл қызмет адамдардың жаңа топтарының- дербес шаруашылық-экономикалық қызмет атқаруға тырысатын, өз ісін ұйымдастырып, алға қойған мақсатына жете алатын адамдардың қалыптасуынан көрініс табады.

Кәсіпкерлік ұйымдар  неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың  әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен  тыс және әлеуметтік қорларға түсетін  қаражаттары да соғұрлым көп болады. Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады.

Кәсіпкерліктің  келесі бір маңызды қызметі- ұйымдастырушылық қызмет, бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т.б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің  тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады..

Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі аса маңызды бағыты қоғамдық өндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет адамдарға өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Осы саясатттың аса маңызды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру. Сондай-ақ, кооперативтерді, акционерлік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасау. Осы шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі міндеті тиісті құықтық база құруды, кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдік жасауды, несие жағынан да жеңілдіктер беруді көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

  Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері

 

Бүкіл дүниежүзінде шағын  және орта бизнестің экономика құрылымындағы  үлесі жоғары. Сол жеке кәсіпекрліктің даму деңгейіне елдің экономикалық дамуының өсуі  тәуелді болады. Әсіресе  соңғы кезеңдерде АҚШ-та жеке кәсіпекрліктің кеңінен дамуы орын алып отырғандығы байқалып отыр. АҚШ-та шағын бизнеске жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығына тең формалар болып табылады. Бұл фирмалар американдық фирмалардың 99%-тін қамтиды.Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың  87%-ында саны  20-дан аспайтын, ал 80%-ында 10-нан  аспайтын адамдар жұмыс істейді.1980 жылдардың аяғында АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағдайынан да ерекше байқалады.Мысалы үшін тек 1988 жылдардың өзінде ғана 1млн шағын кәсіпорындар пайда болса, ал  1999 жылы 1,3 млн шағын фирмалар құрылды.Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жуық қана жаңа кәсіпорындар өмірге келіп отыратын болады. АҚШ-та шағын және орта фирмалар ұлттық өнімнің 40%-ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте 21%, құрылыста 80%, көтерме сауда да 86%, қызмет көрсету саласында 81% құрайды.

АҚШ экономикасында олар ғылыми-техникалық прогресс сферасына  жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізу тең жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір доллар шығынға  олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен алғанда 17 еседен көп жылына жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғылымдар және инженерлер, сол сияқты тапқырлардың  еңбегінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын  құрылатын    600-700 мың фирмалардың 1/8 бөлігін ғылыми-техникалық жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған.Сонымен қатар,АҚШ-тың инновациялық саясатының негізгі бағыттарының бірі ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады.Ол екі бағытта құрылады:

  1. бюджеттін мақсатты бағытталған субсияландыру арқылы;
  2. қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту.

Бұл бағытты іске асыруда  АҚШ-та жеке кәсіпекрліктің әкімшілігі (ШБӘ) құрылған және ол шағын бизнеске қаржылық, консультациялық  материалдық көмектеседі,кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын бизнес  әкімшілігі шеңберінде АҚШ-та келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:

  • халықаралық саудаға көмектер;
  • зерттеулер мен жобаларды жасауға көмектері және қаржыландыру;
  • ұлттық бизнесті дамыту;
  • әйел кәсіпкерлерге жағдай жасау;
  • ардагер-кәсіпкерлерге көмектер;

Сонымен қатар, АҚШ-та жеке кәсіпекрліктің субъектілеріне қаржы  ресурстарын  қамтамасыз ету келесі бағыттарда қарастырады:

  • шағын бизнесті инвестициялауда компаниялардың конкурс негізінде несиелермен қамтылуы;
  • қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (ШБӘ 25 жылға дейін 750000  долларға дейінге саудалар береді);
  • қоршаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті қаржыландыру (бұл жағдайда ШБА максималды деңгейі 1млн доллар мөлшерінде сауда береді);

Сонымен қатар, АҚШ та қолдау жұмыстар жеке кәсіпекрліктің субъектілеріне салықтың жеңілдіктер  берумен ерекшеленеді.Мысалы,табысы 50 мың $ кәсіпорындарға 15% салық мөлшерлемесі бекітілген, 70 мың долларға дейін табысы  бар шағын фирманың салық нормасы  25%; ал ең жоғарғы мөлшері 34%.

Барлық федералды ведомоствалар  мен 12 шағын бизнесті  дамыту мекемелерінің  100 млн долларлық бюджетінен шағын  ғылыми зерттеу фирмалар қызметін қаржыландыруға өздерінің 1,25%  қаржы ресурстарын бөлуге міндетті болып табылады.

 Өтпелі кезең экономикасында  шағын бизнес мәселесі дамыған  мемлекеттер тәжірибелерін талдау  маңызы өседі.Дамыған капиталистік  мемлекеттердің  тәжірибелерін талдау  көпшілігінде шағын және орта фирмалардың жалпы жұмысбастылықтағы үлесінің артуын көрсетеді:

 

Кесте 12 - ЖҰӨ-гі шағын  кәсіпорындар үлесі

Мемлекет

Шағын кәсіпорындар саны

Шағын кәсіпорындар үлесі

 

мың бірл.

мың адам

Жұмысбастылық үлесі, %

ЖҰӨ,%

Жапония

6450

49,6

78

52-55

АҚШ

19300

74,2

54

50-52

Еуропа елдері

15770

45

72

63-67

Германия

2590

37,0

46

50-54

Ресей

870,6

5,9

10,1

10-12


 

Сонымен қатар, шет мемлекеттерде  жеке кәсіпекрліктің ұйымдастырылуы әртүрлі  қаржыландыру көздері арқылы, техниқалық және технологиялық көмек көрсету, бюджетті- қаржылай женілдіктер болуп, инфраструктуралық қолдау шаралары және шағын бизнесті қолдау, дамыту іс-шаралары жатады.

Жалпы кәсіпорындардың  шағын бизнес секторына кіретіндігін анықтау үшін, сандық көрсеткіштер қолданылады: персонал саны, жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың көлемі.

 

 

 

Кесте 13 -   Әр мемлекеттегі шағын кәсіпорынның критерилері

 

Көрсеткіштер

АҚШ

Жапония

 ГФР

Англия

Франция

РФ

ҚР

Жұмысшылар саны

Капитал айналымының  көлемі

Жылдық табыс көлемі

Фирма капиталындағы Қатысу деңгейі.

Х

 

Х

 

 

Х

 

Х

 

Х

Х

Х

 

 

 

 

Х

Х

Х

Х

Х

Х

 

 

 

 

 

Х

 

Х

Х


 

Сонымен қатар, шағын  бизнес АҚШ-та шағын бизнес әкімшілігінің  анықтамасы бойынша жұмыс күшінің  орташа жылдық көлемі 500 адамға дейін  қамтылған кәсіпорындар саласында  жұмыс орын алады. Жалпы тау-кен өнеркәсібі, транспорт, Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, байланыс, несие, Қаржы сияҚты салаларда жұмыс атқаратындар саны 300 адамнан аспауы қажет. көтерме саудада-100 адамнан төмен; бөлшек саудада 50 адаиға дейін, өндіріс-20 немесе одан аз; коммерция, қызметтер көрсету саласында 5 және одан да адам қызмет етуге тиісті.

 Германияда шағынға,  яғни шағын кәсіпорынға құрамында  1 адамнан 50-ге дейін қамтитын  жұмыскерлері бар кәсіпорындарды, орташаға 50-ден 500-ге дейін адамы  бар фирмаларды жатқызады. Австрияда қамтудың жоғарғы шегі 100 адам. Ұлыбританияда өңдеу өнеркәсібіндегі қамтылғандар саны 200 жұмыскер; құрылыс, кен қазу-көмір өнеркәсібінде 20 жұмысшыдан аспаса ғана фирма шағын болып есептеледі. Францияда шағын және орта кәсіпорындарға жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады.

Германияда шағын және орта бизнестің басты сипаттамасы  ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды  тікелей басқарудың бірлігі болып  табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорынды  тікелей басқарудың айқындылығы, яғни кәсіпорын қызметінің айқындылығы: оның көлемінің шектеулілігі  қожайын  мен  жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынастар сипаттарын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүделілігін, ынталылығын тудырады.

Үшіншіден, кәсіпорындар өмірінде басқарушының рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелілігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан тәуекелге бел буатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып,оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртінші - істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын  қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге  атадан балаға мұра ретінде машықтану.

Бесіншіден-жеке кәсіпекрліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде  кәсіпорынды  қаржыландыру мәселесін  айтуға болады.

Егер «алыптар» қажетті  ресурстарды негізінен капиталдар нарығы арқылы алатын болса, ал шағын  және орта кәсіпорындар банктердің аздаған  несиелеріне  арқа сүйеді, сондықтан  да олар үшін қаржыландыру мәселесі  басты проблема болып табылады.Жеке кәсіпекрліктің жоғарыдағы аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сомасы мен ебірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым сомасы мен еңбекпен қамтылғандар  саны.Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл секторына мыналар жатқызылады:

  1. белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі – барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігер,нотариустар,салық пен жарнама бойынша консультанттар,аудиторлар,өз бетінше де дербес әрекет инженерлер, педагогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және т.б.)
  2. жұмыс істейтіндер саны 1-ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
  3. жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499-ға адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн –нан 10-ға дейінгі орта кәсіпорындар.

Германияда   1980-жылдардың  аяғына қарай жоғарыда көрсетілген  сипаттық статистикалық есептеу  тәртібіне байланысты 1,9 млн. шағын  және орта кәсіпорындар (салыстыру үшін ірі кәсіпорындар саны 3600)

жұмыс істеп, олар халық  шаруашылығының салалары бойынша мынадай  негізде бөлінеді (мың есебінен):

қолөнерде -537,

саудада-225,

өнеркәсіпте-108,

қызмет көрсету саласында-665,

еркін мамандық секторы-360.

Германиядағы жеке кәсіпекрліктің экономикалық маңызы, біріншіден, барлық еңбекке жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретінде; екіншіден,елдің жалпы ішкі өнімнің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретінде; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығының өндріске енгізудегі үлесі 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық  прогрестің катализаторы ретінде; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 85% қамтитын кадрларды даярлау көзі ретінде анықталады.

Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары