Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МОЯ.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекетіміздің әрбір азаматы ҚР-ң Конститутциясының 6-шы бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына ие болады. Конститутция мемлекеттік меншікпен қатар құқығы тең құқықты болатынына кепілдік береді. Әр азаматтың құқығы конститутцияда бекітілгеніне қарамастан шағын бизнесті мемлекеттік-қоғамдық қолдаудың бүтін жүйесін құру қажет. ҚР-да бизнес қызметін реттеуші заңдардың алғашқысы:

Мемлекет шағын бизнесті жүйелік және кезекті қолдауды жалпыұлттық  масштабта жүргізеді. «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі  бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің мемлекет басшысы 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық Бағдарламаның мақсаты кәсіпкерлік климатты, бәсеке ортаны, қоғамдық институттардың жүйесі құрылып, капитализацияланды. Жинақтық және тұрақтандырылған функцияларды орындайтын Ұлттық қор солардың қатарына кіреді.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік  бағдарламаларын іске асыру Қазақстан  Республикасында жеке кәсіпкерліктің жасақталу мен қалыптасуына негіз  қалады.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінінің артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және т.б. салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол проблеманың ең бастылырының бірі- заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы. Әринә, заңдар қабылданған, мысалы: " Жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдау» Заңы; " Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы"; "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы  ҚР-ның Президентінің жарлығы және бүгінгі күні де қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқықтық актілер іс-жүзінде толық жүзеге асырылмағандықтан еліміздің кәсіпкерлері үшін біршама қиындықтар туады. Ол нормативті-құқықтық актілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарына тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқтатылуына әсерін тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық-экологиялық инспекциялар, өрттен қорғау орталықтары және тағы басқасы кәсіпкерлердің мүдделерімен көзқарасына кеміте отырып, көп жағдайда заңдық және заң шығаушылық пен сот органдарының функцияларымен өкілеттіліктеріне иемденіп алды. Бұл өз кезегінде бюракратизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз ақша талап етуді тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде жүргізіледі: Жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті өкілетті бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң шеңберінен шығып кететін шекте, ақшалай санада салық салуы. Екінші форма- жасырын ауыр салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара түрінде түседі. ол өз деңгейінде кәсіпкерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға кедергі болады.

 

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  қаржыландыру көздері

4 - сурет

ҚР-ның Статистика жөніндегі Агенттінің мәліметі бойынша

 

 Келесі негізгі   мәселе - ол тиімді қаржылық қолдау, яғни кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. Кәсіпкерлер Республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Еуропалық Қайта құру мен дамыту банксінің ашық несиелік тізбегінен; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын  басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруінің қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кезінде кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге жататындар: жоғарғы пайыз мөлшерлемесі; несиені қайтарудың қысқамерзімділігі; несие алудағы құжаттар санының көптігі; кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары. Несие алудың негізгі мәселелерін келесі факторларда да толықтырады: несие алу кезіндегі банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі; ақпаратпен толық қамтылмауы; бизнес -жоспарды жасаудың толықсыздығы; елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік, отандық бағдарламалардың ақпаратпен қамтамасыз етілмеуі. Аталған барлық факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.

Ел Президенті атап көрсеткендей: «Даму банкі мен  Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік  бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуы  тиіс».                                                          

Осыған байланысты шағын бизнес субъектілерін қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі  таңда еліміздегі шағын кәсіпкерлердің қаражат көздерінің 75%-жеке жинақтары  мен туыстарының қаржы құралдарынан, 15%-сыртқы көздер, 10%-банктерден құралады.   

Шағын кәсіпкерлікті  дамытудағы негізгі проблемалардың ең маңыздыларының бірі - салық саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл  мәселен заңдылық нормативті фактілердің  жиі өзгеруі,  салық салу қойылымдарының жоғары болуы, салық түрлерінің өте көпжақтылығы  және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Ал шағын және орта бизнесті дамытуда салықтың маңызы зор.  Қазіргі кездегі шағын кәсіпорындардың 40 %-і 1992-1993ж.ж- да салықтық жеңілдіктер  мен несиелендіру мүмкіндіктеріне ие болған уақытта құрылған. Салық кодексін қабылдағаннан кейін  бұл кәсіпорындардың құрылуы мен жүзеге асуы қысқартылды. Негізгі себеп- кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша шаралар жүйесінің жоқтығы болды.

Қазақстан Республикасының  Салық кодексі бойынша салықтардың 11 түрі, ал алымдардың салмалық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік  қызметтің салықтық  реттелуінде, елімізде заңдардың, яғни салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы  негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін негізгі заңның 24.VI.95ж енгізілгеннен кейін, оған  толықтулар мен өзгертулер 16 рет болған. Сондықтан, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай тұрақсыздық тудырады.

Бұл мәселелердің әсерінен мемлекеттік бюджетке түсетін  салықтық түсімдердегі шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің үлесі төмендейді. Егер 1996ж. шағын кәсіпкерліктен түсетін  салықтар мен төлемдер саласы 7,9%, 1997ж.-10,3%. 1998ж.-7,1% құраған болса қазіргі уақытта олардың үлесі өсудің орнына бір деңгейде қалып отыр.

Кесте 10 - Шағын  кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер

 

Мүмкін болатын  факторлар

Сұралғандарға %-н

Жоғары мөлшерлемілі салықтар

63,6

Несиелердің жоғары құндылығы

55,6

Бақылаушы органдармен  қатынас

36,5

Халықтың тұтыну сұранысы төмен

22,2

Төмен ақпараттық қамтылу

22,2

Нарықтағы жоғары бәсеке

14,3

Білікті мамандардың  аздығы

9,5




Жалпы қазіргі  кезде Қазақстанда қалыптасқан  салық және салық салу жүйесі шағын  кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпал жасай қоймайды. Осы айтылған мәселелерді 2-кесте мәліметтері айқын дәлелдейді.

Жоғарыдағы  кестеден көріп отырғандай, маңызды  сыртқы фактор ретінде салық салу жүйесі екендігі көрініс табады. Сондықтан  жоспарланған кезеңдерге салық салу жүйесінің қызметін ынталандыру үшін:

-әр түрлі  салықтар бойынша төлеу ережелерін  жеңілдету және төлеу уақыттарын  бекіту;

- қосымша құн  салығын төмендету;

- салықтарды  пайдалануы туралы есептін жариялым;

-салық салу  жөніндегі жаңа құжаттармен салық  төлеушілерді ақпаратпен  қамтамасыз ету;

-шағын бизнестің  аймақтық маңызды өнім өндіретін  кәсіпорындарын салықтық  жеңілдіктермен  қамтамасыз ету;

- салық қойылымдарының  деңгейін төмендету;

- салықтың нормативті-құқықтық  құжаттардың қабылдануы мен тиімді  пайдалануын бақылау қажеттілігі;

- шағын кәсіпорындарды  алғашқы 2-3ж. бойына пайдаға  деген салықтан толық босату, кейінгі 4-5ж. жеңілдікдіктер беру;

- прогрессивті  салық жүйесін қалыптастыру (мысалы, АҚШ-та 25 мың дол. дейін-15%, 25-30 мың  долл. -18%, 50-75 мың долл.-30%, 75-200 мың долл.-40% мөлшерлеме қабылданған);

  Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу салықтық жүйенің кмшіліктері көп жылдан бері  Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына кедергі мәселелердің бірі болып келеді. Бұл осы көрсетілген мәселеге мемлекеттік құрылым жағынан жеткіліксіз көңіл аударылатыны, немесе әлеуметтік-экономикалық жағдайды өзгерту мүмкіндіктері жоқтығынан екендігін куаландырады.

Бірақ, 2004-2005 жылдар аралығында шағын және орта кәсіпорындардың  салықты төлеуде бірнеше енгізілген өзгерістері қарастыратын салық және басқа бюджетке төлемдер туралы бірқатар заңдар мен заңдылық актілер қабылданды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің шағын бизнеске салық салынуына өзгерістерге қатысты ойын оқып зерттеуге және Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуын ұстанатын, жаңа салықтық заңдылықтарға баға беруге мүмкіндік бар.

Шағын және орта бизнес орталығы жүргізген зерттеулері  шағын және орта бизнестің дамуына  кедергі келтіретін салық салудың  басты мәселелерін ғана айқындап қоймай, сонымен қатар, басты құндылықтардың қажеттіліктеріне динамика өзгерістерін қарастырады.

Мониторинг  жүргізген уақытта алынған мәліметтерде 2005 жылы кәсіпкерлердің салық салу сұрағы бойынша ойлары алдыңғы жылмен салыстырғанда өзгерді.

Сонымен, 2005 жылы нормативті-заңды актілердің жиі өзгеруі сияқты мәселе бірінші орында, ал 2004 жылғы нәтиже бойынша бұл мәселе екінші орынға жылжыды осы жерде айта кететін жай, берілген мәселе әлі де айқындалмай келеді. Сол уақытта “қойлымның” жоғарылауы пункті екінші орынан үшінші орынға ауысты. Бұл жаңа салықтық кодексінде қойылған жаңа салық негізінде, салықтық ставканың өзгеруі және қызмет етуші төлемдердің салықтық базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде шектеуліктер қарастырылғандығымен түсіндіріледі. Сондай-ақ бірнеше бірнеше салық ставкалары төмендетілді және шағын және орта бизнес субъектлері үшін арнайы салықтық режимді пайдалану мүкіндігі қарастырылған.

Респонденттердің  көзқарастары бойынша, салықтық кодекс жобасы кеңінен талқыланды және 2005 жыл ішінде кәсіпкерлердің көп бөлігі шағын және орта кәсіпорын жұмысы жағдайын жақсартуды және салықтық саясатты жеңілдетуді талап етті. Бірақ, жақсарту жағдайының нақты өзгерістері туралы бірнеше уақыттан кейін айтуға тура келеді. Ең біріншіден бұл шағын және орта бизнес субъектлері үшін арнайы салықтық режимді қабылдауға қатысты болып отыр.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша, кәсіпкерлердің қызметіне  кедергі салықтық жүйе кемшіліктерінің  бөлінуі, әртүрлі қызмет түрлерімен ерекшеленетінін 3 - кесте мәліметтер куәландырады.

Яғни, өндірістік сфера үшін салықтық қызмет іс-әрекетіндегі қиындықтар және инструкцияның екі мағыналығы сияқты мәселелер бірінші орынға ие. Шағын және орта өндірістік кәсіпорындардың басшылары осы пайда болған жағдайдың басты екі себебін атап айтты:

Біріншіден, жалпы бизнесмендердің салықтық заңдылықтарды білмеуінен, яғни бұл тек тәртіп бұзуға ғана емес, кәсіпкерлердің салық заңдылықтарының барлық талаптарын орындау мүмкін еместігі туралы ойды қалыптастырады.

Екіншіден, бір  қызмет түрін реттепотыратын заңды  актілердің көп болуына қатысты, ал кейде бір-бірін толықтырып отырушылар. Респонденттердің көзқарастары бойынша кейбір салық қызметкерлері осы жағдайды пайдаланады және жағдайға байланысты заңды актілерді ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын және орта бизнес субъектілердің қызметіне кедергі келтіруші салықтық жүйенің кемшіліктері

 

1

Салық қызметінің іс-әрекеттеріндегі  қиындықтар

2

Нормативті-заңды актілердің жиі өзгеруі

3

Пайыздық қойылымның жоғарылауы

4

Инстркуцияның екі мағыналығы

5

Салықтың үлкен көлемі

6

Ішкі инструкцияның  қол жетпейтін болуы


5 – сурет.

 

Ауылшаруашылығы кәсіпорындары үшін нормативті заңды  актілердің жиі өзгеру бірінші орында тұр. Респонднеттердің ойлары бойынша  бұл ауылдық жерлерде қаламен  салыстырғанда, әсіресе алыс аудандарда салықтық заңдылыққа енгізілген өзгертулер мен толықтырулар кештетіп түседі, ақпаратқа жету өте қиын. Сонымен бірге ауылдарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымының ақпараттық-кеңестік объектілері жоқ десек те болады, соның ішінде салық салу облысында кеңес беру. Осы факторлардың барлығы, ауыл кәсіпкерлерінің қызметін қиындатады, ал ауылда өз ісін ашу немесе өз бизнесін табысты дамсыту үшін кедергілер болады.

Кесте 11 - Қызмет түрі бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне кедергі келтіретін салықтық жүйенің кемшіліктері 

Қызмет түрі бойынша  шағын және орта бизнес субъектерінің  қызметіне кедергі келттіретін  салықтық жүйенің ерекшеліктері.

 

Қызмет түрлері

Өндіріс

Ауыл шарушылығы

Сауда

Қызмет көрсету

Нормативті заңды актілердің жиі өзгеруі

18,1

22,3

19,7

199

Салықтар мен жинақтардың  жоғары ставкасы

17,3

20,8

21,8

20,7

Салықтар мен жинақтардың  үлкен көлемі

15,1

15,3

16,2

14,3

Салықтық қызмет іс-әрекетіндегі қиындықтыр

22,1

19,4

19,7

18,6

Ішкі инструкцияның  қол жеткіліксіз болуы

9,1

12,5

9,9

11,0

Инструкцияның екі мағыналығы

18,3

9,7

12,7

16,5

Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары