Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МОЯ.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)

Отандық банктердің тәжірибесіндегі  перспективті бағыт: өнім өндіріп, оларды сатуға бағытталған шағын және орта бизнес субъектілерімен фьючерстік және форвардтық келісімдерге отыруы бойынша сол банктердің тауар биржасымен біріккен қызметі. Сонымен қатар, банктер өзінің клиенттеріне консалтингтік және ақпараттық қызметтер, сондай-ақ өнімге сұраныс пен ұсынысты зерттеу және анализ жасау бойынша қызметтер, қаржы-салықтық оптимизациялау механизмін өңдеу бойынша қызмет көрсете алады.

Сөйтіп, республиканың  Ұлттық банкі Үкіметтің талқылауына  несиелік бюро жайындағы проектіні  берді. Бюроның негізгі қызметі  несиелік историяларды жүргізу және клиенттер жайында ақпараттарды жинау болады. Бұл өте қажет, себебі, бүгінгі күні банктер шағын бизнес субъектілеріне несиелік историялары болмағандықтан несие беруден бас тартады.

Кәсіпкерлікті және төмен  жағдайлы тұрғындарды қорғау бойынша  мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыруды, отандық өндірісті дамыту процесін біріктірудің маңызды звеносы болып микронесиеліеу сияқты кәсіпкерлік қызметтің түрі саналады. Микронесиелеу бағдарламалары ТМД елдерінен, халықаралық ұйымдардан және жанашырлық жеке тұлғалардан үнемі қодау табады. Қазақстан да сол сияқты микронесиелеуді дамытуға өз үлесін қосты, соның ішінде көптүрлі микронесиелеу. Мысалға, төмен табысты адамдардың да өз ісін аша алатындар көп болмаса да, ақша алуға мүмкіндіктері болуы тиіс. Мысалы, құрал-жабдық сатып алуға, шеберхана ашуға.

Несиелеу проблемаларын  шешуге микронисиелеумен айналысатын  банктық емес компаниялар қатысады: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»  АҚ, «Микронисие» Үкіметтік емес ұйымы» Қоғамдық қоры, «Баспана» заңды тұлғалар ұйымдарының Ассоциациясы. Қазақстанда соңғы 5-6 жылда микронесиелеу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктері жүзеге асырылуда. Осыған байланысты микронесиелеуді қаржы қызметтерінің бір түрі болуына көмектесетін қажетті нормативті құқықтық құжаттар шығарылды. Халықаралық ұйымдармен қаржыландырылатын проекттердің шеңберінде микрокредиттерді банктік емес қаржылық ұйымдармен беру схемасы жүзеге асырылды. Микронесиелеу схемасында бірнеше он мыңдаған  адамдар енгізілген.

Республикада микронесиелеу  бағдарламасы бойынша 2004 жылы 20 мыңнан астам адам 630 млн теңгеге несие алды. Бұл 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасады. Несие алудағы артықшылық әйелдер мен көпбалалы жанұяларға беріледі – барлық несиелердің 63 пайызы, сондай-ақ жастар мен репатрианттарға 500-ден астам микронесиелер берілген. Несиелер арқылы тұрғылықты халық малды жем-шөппен қамтамасыз етумен, үй құстарын көкөністерді және бақша дақылдарын өсірумен айналысты, тігін ательелері, фотошеберханалары, ауылшаруашылығы техникасын жөндеу жөніндегі станциялары және т.б. жұмыс істей бастады.

Несиелеу сферасындағы жағымды қозғалыстар жағдайында микронесиелеу елде өте төмен  деңгейде қала береді. Микронесиелеу  нарығының нақты сегментінің  болашақта да банк операцияларының  жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар  мен банктерде сақталады. Сонымен негізгі көңіл өзінің қызметін коммерциялық негізде және өз қаражаттары есебінен жүргізетін мамандандырылған микронесиелік ұйымдардың қалыптасуына бөліну керек. Микронесиелік ұйыммен жасалған жарғылық капиталдың минималды өлшемі бір мың айлық есеп көрсеткіштен кем   болмауы және толығымен ҚР-нің Ұлттық валютасында, оның мемлекеттік тіркелуіне дейін төленуі тиіс. Максималды мөлшері мен жабу мерзімін есептемегенде, микронесиелерді беру тәртібі мен шарттары оны берудің жалпы шарттары туралы ішкі ережелермен қойылады. Бұл ұйымдар жеңілдетілген тәртіпте құрылулары тиіс, олардың қызметтері бақылаушы органдармен реттелуге және лицензиялауға жатпайды.

Микронесиелеу схемасы  арқылы банктердің бақылауынан тыс  қалған ұсақ кәсіпкерлердің негізгі көлеміне қызмет көрсетілуі тиіс. Қазіргі макроэкономикалық жағдайлар мен елдің қаржылық секторының даму жағдайы, сонымен қатар, кәсіпкерлік санаттың әр түрлі топтарының шығуы микронесиелеу дамуының көптеген проблемаларын шешуде концептуалды жаңа жолдарды талап етеді. Несиелеудің масштабы мен несие алушының несие алу мөлшеріне байланысты үш деңгейлі микронесилеуді дамыту қажет.

Бірінші деңгей – микронесиелеуді  екінші деңгейлі банктер арқылы дамыту. Бұл бағыт несиелеудің көзі болып  банктердің өзі, ал несие алушылар – орташа клиенттер болатынын болжамдайды. Бұл бағыттың негізгі ерекшелігі – берілетін несиелердің мөлшері өте маңызды. Реттеуші органдар жағынан банктерге көрсетілетін қажетті пруденциалды нормативтер мен лимиттерді сақтау жөніндегі талаптар сақталады.

Екінші деңгей – банк операцияларын жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы микронесиелеуді  дамыту: несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар және т.б. Бұл  бағыттағы микронесиелеу банктық  емес қаржылық ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын болады, ал несие алушылар ретінде орташа клиенттер болады. Мұндай ұйымдардың қызметін реттеуге келетін болсақ, онда бақылау неғұрлым қатал болады, себебі олардың қаржы операцияларының шеңбері шектелген болады. Мұндай ұйымдардың ресурстық базасы олардың қатысушыларының салымдары есебінен құрылатын болады (акционерлер, т.б.).

Үшінші деңгей – микронесиелеуді  тек қана осымен айналысатын ұйымдар  арқылы дамыту. Мұндай ұйымдарды қаржыландыру негізінен учредительдер қаржылары  есебінен (соның ішінде мемлекет) жүргізіледі, сонымен қатар донор қаржысы ретінде (әр түрлі жергілікті және халықаралық ұйымдар).

Шағын бизнес үшін қызмет мақсаты мен әдістері қоршаған ортамен анықталады. Егер орта және ірі бизнес нарықта ірі  орын алса немесе алуға ұмтылса, өз стратегияларын осындай мақсатқа негіздесе, ал шүағын бизнес өзгеріп отыратын конъюктураға сәйкес бейімделе отырып, бар мүмкіндіктерімен қанағаттанады. Артықшылыққа негізделген стратегияны жасау тек өндіріс көлемін көтеру және орта кәсіпорын мәтебесіне өту шамасымен ғана мақсатқа лайықты болады.

Шағын және орта бизнесті басқару фирма қызметінің барлық жақтарына тікелей бақылау  орнататын бірнеше тұлғалардың  қолында болады. Басқару және инжинерлік-техникалық қызметтері біріктіріледі. Арнайы операцияларды  жүргізу үшін (бух. есеп, құжат айналуының рационалды нысанын жасау, офисті қызметті ұйымдастыру, конторлық техниканы сатып алу мен пайдалану т.б.), стандартты емес инжинерлік мәселелерді шешу үшін шағын бизнес сыртқы кеңес берушілерді тартуға құқылы, бірақ оларды бизнес құрамында тұрақты ұстап тұрмайды.

Шағын және орта бизнес басшылары мен персонал арасындағы қатынас көбінесе патриархалды сипатта  болады және «үлкен отбасы» қағидасымен  құралады. Бұл еңбек мотивациясын және кәсіпорын ісіне жалдамалы  жұмысшылардың тартылуын нығайтуға әсенрін тигізеді. Көбінесе, шағын кәсіпкерлікте, ірі бизнесте іскерлік климатты құрайтын кәсіподақтар болмайды. Бұл еңбек процесінің интинсивтілігіне (шағын және орта бизнесте ол жоғары), еңбек ақының орташа деңгейіне (ірі бизнесте ол жоғары), әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайына (жұмыспен қамтылғандардың белгілі көлеміне жетпеген шағын бизнес негізінде міндетті әлеуметтік жарна төлемейді, ұжымдық келісім-шарттар жасалмайды) әсер етеді. Көп мемлекеттерде шағын және орта бизнес жалдамалы жұмысшылардың арзан еңбегін қолданады, соның ішінде «көленкелі». Мұндай жұмысшылар қатарына иммигранттарды жатқызуға болады.

Шағын және орта бизнес саласына тән «адам факторының»  негізгі ролі осы бизнеске жас, жылдам адамдардың келуімен көрсетіледі. Олар тәуелсіз болуға, өзін-өзі көрсетуге, отбасының әл-ауқатын тез көтеруге, тәжірибеде қандай да бір техникалық идеяны жүзеге асыруға талпынады. Көбі тәуекелге бел буып, жоғары интенсивті жұмыс істеуге дайын келеді. Дағдарыс кезінде шағын бизнестін ірі бизнес сияқты өндірісті қысқартып немесе барлық жұмысшыларды жұмыстан босату арқылы жандану емес, енбек ақыны уақытша қысқарту мен жұмыс уақыт ұзақтығын арттыру арқылы дағдарыстан шығуға болатындығы көпшілік үшін маңызды боп келеді.

Шағын және орта  бизнестің ерекше сипаты оны қаржыландыруда, яғни, инвестиция көздері отбасылық жинақтар мен банктік ссудалар болады, ал ірі бизнесте – акця шығару.

Кез келген кәсіпорын  банктен көмек сурауға мәжбүр болатындықтан, банктік ссудалар алу  шағын және орта бизнес үшін қолайсыз болып табылады. Банктердің сенімі кәіпорынның коммерциялық операцияларының көлемінің  өсуіне пропорционалды артады.

Шағын және орта бизнестің нысаны әртүрлі – дәстүрлі сауда ләпкелері мен қолөнер  шеберханасынан бастап екі-үш жоғары билікті  мамандармен құрылатын, кейін жоғары сату көлемі бар трансұлттық корпорацияға айналатын инновациялық фирмаға дейін. («Сони», «Эппи» мысал бола алады).батыстың жетекші мемлекеттерінде 70-жылдары басталған компьютерлік революция мамандану мен қосалқы мердігерлік негізінде ірі өндіріспен кооперацияланатын шағын бизнесті алға шығарды. Өз саласында технологиялық лидер ролін атқаратын тәуелсіз шағын бизнес те бар. Жеке маманданған металлургиялық мини-заводтар ірі кәсіпорындарға сапа көрсеткіштер жағынан орын бермейтін, үнемділік жағынан асып түсетін шағын кәсіпорындар оған мысал болалады (арматуралық болаттын әлемдік өндірісінің 13%-не жуығы).

Шағын және орта бизнестің әлеуметтік маңыздылығы осы секторда жұмыс орындардың көп бөлігінің шоғырлануымен сипатталады. Энергетикалық дағдарыс кезінде, базалық салаларда ірі масштабты құрылымдық және техникалық қайта құру басталған кезде, шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардан қайта ұйымдастыру кезінде босап қалған жұмыс күшін өзіне тарта бастады. Барлық жетекші мемлекеттерде кәсіпорын мөлшері мен оныңт персонал санының динамикасы арасында пропорционалды байланыс байқала бастады: рі бизнексте жұмысбастылық қысқарып, ал шағын бизнесте артты. АҚШ-та 1980-1995 ж.ж шағын бизнесте млн. жұмыс орны құрылды, ал ірі бизнес пен мемлекеттік құрылымдар 6 млн. жұмыс орнынан айырылды; өсімшенің үштен бірі жұмыспен қамтылғандар саны жиырмаға дейінгі фирмаларға келді. Еуропа одағы елдерінде 1994-1998 ж.ж шағын бизнес секторы орташа шамамен жылына 300 мың кәсіпорынға артып отырды. өндірістік және тұтыну қызмет көрсету саласы ерекше тез кеңейді.

Шағын және орта бизнестің табиғатының өзі жаңа кәсіпорындардың көбісін халықтың әлеуметтік әлсіз тобы – әйелдер, арнайы біліктілігі жоқ жастар, иммигранттар құрып отыр. Сөйтіп, 1980-1990 ж.ж Еуропа елдерінде бастаушы кәсіпкерлердің 27 %-ін әйелдер құрады. Көп жағдайда, кіші бизнес жұмыссыздықтан арылу тәсілі болып табылады. Мысалы, Францияда үштен бір жаңа кәсіпорындар дағдарыс жылдары еңбек нарығынан шетте қалып қалған адамдармен құрылыпты.

Деректерге  сүйенсек Еуропа елдерінде 13 млн-ға жуық әйелдер өзінің жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысады және өз жұбайларының кәсіпорындарында жұмыс атқарады. Сонымен қатар әйелдердің жалдамалы еңбегі көбінесе қажетті, уақтылы немесе «бөлшектік» (толық емес жұмыс күні) ретінде қолданылады. Еуропа елдерінде 1998ж толық емес жұмыс күнінде әйелдердің 30 %-і, ал ерлердің 4 %-і қызмет еткен.

Шағын және орта бизнес саласында бір жұмыспен қамтылған  адамға шаққандағы еңбек өнімділігінің  өсуі ірі бизнестегіге қрағанда –  жоғары, ал еңбек ақының өсу қарқыны – төмен. Бұл жағдайда шағын бизнеске тән еңбек шығындарын үнемдеу – еңбек өнімділігі артқан кезде еңбек ақыны беруді ұзаққа созу байқалады. Ал ірі бизнесте кәсіподақтардың белсендіқызметі есебінен мұндай жағдайға жол берілмейді. Бұл конъюнктура төмендеу кезінде жеке кәсіпекрліктің негізгі бәсекелік артықшылығы болып саналады.

Жұмыспен  қамтуды кеңейтуде шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін ескере отырып, батыстың жетекші мемлекеттерінің  үкіметі оны қолдауды өзінің экокномикалық  және әлеуметтік саясатының артықшылықтарының бірі деп есептейді. Арнайы құрылған бюджеттік бағдарлама мен жұмыстар біріншіден, жаңа кәсіпорындар құруды ынталандыруға (жастарды, әйелдерді, инволидтерді қолдау), екіншіден, кәсіптік оқыту мен қайта даярлаудың әртүрлі жүйелерін ұйымдастыруға бағытталған.

Бұндай шаралар  дағдарыс жағдайындағы аймақтың экокнмикасын жандандыру үшін кеңінен қолданылады. Мұндай аймақтарда экокнмикалық және әлеуметтік климаттың өзгеруі жеке кәсіпекрліктің көп санының қатысуы  кезінде ғана мүмкін болады. Аймақтық саясат қандай мақсатты қарастырса да, әрқашан оның жетістігінің негізгі шарты жергілікті «төменгі» кәсіпкерлікті жаңарту болып табылады.

Жоғарғы әлеуметтік және қоғамдық бағалылық Батыс Еуропада 100 жылдан астам уақыт дамып келе жатқан кооперативтік кәсіпкерліктің шағын бизнес жинақтаған тәжірибесін білдіреді. Кооперативтік кәсіпкерлік кейбір мемлекеттерде күштеу сипатында болды. Мысалы, Францияда экокномиканың кооперативтік саласында 1 млн. адам жұмыс істейді; ауылшаруашылық кооперативтері бидайдың ұлттық экспортының 50 %-ін, сүт және сүт өнімдрінің 60 %-ін береді; олардың жылдық айналымы 140 млрд. франктан асады.

Кооперативтік сектордың базалық ұйымы көбінесе отбасылық шағын бизнес (10 мың  ұқсас кәсіпорыннан тұратын тараптық құрылымға кіреді). Бұл құрылымдар өндірістік демократияның басында қызмет етеді, яғни өзін-өзі басқару, таңдаулы органдардың қызметін «төменнен жоғары» бақылау мен өзара көмектесу. Өндірістік  коперация кейбір жағдайда кооперативті банктердің дамыған жемісіне негізделген.

Жапония мен  Италияда осындай негізде 10-ға жуық өнеркәсіптік аймақтар, яғни көптеген кіші әрі ұсақ жеке мамандандырылған кәсіпорындардан тұратын территориялды-өндірістік кешендер құрылған. Бұндай аймақтарда халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі  бар, ерекше әлеуметтік кшлимат орнаған. Өндіріс сыртқы нарыққа бағытталған.

Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары