Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 08:10, курсовая работа

Краткое описание

Дамыған елдерде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саясатының жалпы мақсаты, ол жеке кәсіпкерлікке қолайлы ортаны қалыптастыру болып табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым шағын бизнес администрациясы бар. Японияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөніндегі ассоциация құрған және ұйымдастырған. Канадада бизнесті дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде кепілдемемен қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру бағыттары
1.2 Жеке кәсіпекрліктің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыру жолдары
1.3 Шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МОЯ.doc

— 277.50 Кб (Скачать файл)

Жеке кәсіпекрліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемалары олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес.Қазіргі кезеңде Германида  бірқатар жағдайлар шағын  және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің  қажеттігінің өте бір маңызды,көкейкесті мәселеге айналып отыр.Олардың ішінде:

1)Европалық қауымдастық  шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап  бәсеке жағдайын  шегіне жеткізе  шиеленістіретін товарлар, қызметтер,жұмыс  күші және капиталдар қозғалысы  жолындағы барлық кедергілерді  алып тастау;

2)»таза» технология мен табиғатты сақтау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы оларға жұмсалатын, күрделі қаржыны барынша арттыруды талап етеді;

3) заңды негізге жұмыс  уақытын одан әрі қысқарту  және оны пайдаланудың икемділігін  күшейту.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуы барынша  ынталандыратын  негізде көмек беру болып табылады.Бағдарламаның  жалпы мақсаты-ол шағын  бизнестің тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін  арттыру.Қазіргі кезде бірінші орынға арнайы шаралардың жиынтығы мен нақты бағдарламалардың өмірге келуіне талап етіп отырған Германияның жаңа аймақтарындағы шағын және орта кәсіпорындарды ынталандыру проблемасы қойылып отыр. Осыған орай мынадай шараларды атап өтуге болады.

Германияның федералды  үкіметі іс  жүзіне асырып отырған  құрылымдық саяси шаралар. Олар шағын  фирмалар үшін қалыпты бәсеке  жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған .Бұл  жердегі басты тетік 1957 жылы заңды  түрде бекітілген және шағын  фирмалардың  позицияларын нығайтуға байланысты  бірінші рет қайта қарастырылған картельдік құқық. Картельдердің қызметін қадағалаушы  ведомства (біздіңше, монополияға  қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір –біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады, екіншіден, орынсыз тыйым  салуларды алып тастап, шағын кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Шағын бизнеске қолдау жасауға  құрылымдық саяси шаралардың екінші бір құрымды бөлігі мемлекеттік  келісімшарттарды бөлуге қатысудағы олардың  құқықтық жағынан теңдік қамтамасыз ету.  1976 жылдан бастап Германияда мемлекеттік  тапсырмаларды бөлу шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ережесі бар.Германиядағы салық салу жеңілдіктері.Германияның жаңа  аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген бұл инструменттің басты үш түрі бар:

  1. амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары;
  2. пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;
  3. салық ведомствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.

Енді әрқайсысына жекелеп  тоқталсақ:

Амортизацилық аударымдардың  арнайы нормалары барлық инвестицияларға  қолданылып,жаңа жұмыс орнын ашуға,қоршаған ортаны қорғауға,техникалық жағынан алдынғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа тауар шығаруға бағытталады.Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есеп ретінде  шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50% амортизацияланады,2-ші жылы 30% және 3-ші жылы 20%.

Салықтан босатылған пайда резервтерін жасауға қолөнері өндірісінде,саудада,өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай –ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру  қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген.Резерв 1 жыл ішінде түскен пайданың 20% дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін.Қаржы жағынан қолдау Федералдық Үкімет тарапынан берілетін  салыстырмалы түрде  процент ставкасы төлем және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер шағын бизнес үшін қамқорлық болып саналады.Қазіргі кезде бұл шағын бизнеске қаржы бөлудің негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары: «Кредитонитальтфюр Видерауфбау», «Дате аустлейхсбанк», «Берлиндер Индустрибанк»(Берлин)сияқты үш арнайы банк арқылы бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы қорытындылай келей, шағын бизнес қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады. Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мәселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнеспен айналысатындар саны 53%, Германияда 64%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда75%, Италияда 80%- ке жетіп отыр. Ал бұл салада қазір  Ресейде10%, Белорусияда 8%  шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6% - ға жетті. Жалпы бүгінгі таңда шағын бизнесті дамыту мен оны қолдау ел  экономикасының  реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан,бұл жұмыста жеке кәсіпекрліктің дамыған, өркениетті елдердің  даму сипаты мен барысын сипаттай  келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды.

Сондықтан, бітіру жұмысында  шетелдік тәжірибелерді қарастыру  мақсатымыз – қарастырылған тәжірибелердің сипаты мен барысын зерттей келе, ол тәжірибелерді еліміздегі жеке кәсіпекрліктің ұйымдастыру барысында қолдану мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.

Қазақстан Республикасының  өз ерекшеліктерін, яғни, тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, шет мемлекеттердің тәжірибесін қолдануға толықтай мүмкіндігі бар. Әсіресе, біздің ойымызша, Германия мемлекетінің тәжірибесі Қазақстанда қолдану үшін мейлінше тиімдірек сияқты. Оның қаржылық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибесі ескеруге тұрарлық. Сонымен қатар,   басқа мемлекеттердің оңды тәжірибелерін қолданып, Қазақстанның дамудың биік деңгейінен көрінуге толықтай мүмкіндігі бар деген тұжырым жасаймыз. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы дамыған шет мемлекеттер тәрізді жеке кәсіпекрліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі жағынан және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу тұрғысынан  жоғары дәрежеге жетеді деген ойдамыз.

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі:

 

  1. ҚР-ң Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім)
  2. Мамыров Н.К. «Основы предпринимательства», Алматы, Экономика, 1997
  3. Закон РК “О государственной поддержке малого предпринимательства” от 19.06.1997г., ст.4.
  4. Попов В.М., Ляпунов С.И. Практика малого бизнеса. - М. 2001.
  5. Виленский А. Этапы развития малого бизнеса. Вопросы  экономики 1996. -№7.
  6. Курс предпринимательства. Под.ред. В.Я. Горфинкеля – М.,1997.
  7. Малое предпринимательство: Теория, мировой опыт и Казахстан. /Под. ред. Е.Б.       Жатканбаева. А., 2001.
  8. Предпринимательство: Учебник/Под. ред. М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М,2000.
  9. С.Н. Нысанбаев, Ж.Т. Қожамқұлова  Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері: Оқу   құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  10. Экономическая теория. Под.ред В.Д.Камаева – М., 2002.
  11. Н.К.Мамыров, А.Н.Саханова, Ш.С.Ахметова, Л.Бруза. Государство и бизнес. 1-том., А 2002.
  12. Хоскинг А. Курс предпринимательства. – М., 1993.
  13. Гайнутдинов Э.М. «Основы предпринимательства», Минск, «Высшая школа», 2000
  14. Сборник «Предприниматель и право», Издательский дом «БИКО», Алматы 2000
  15. Статистический ежегодник 2004 года, Алматы 2004
  16. Қазақстан – цифрларда 2004 жыл, Алматы 2004
  17. Войтов А.Г. «Экономика. Общий курс», Москва, «Маркетинг», 2000
  18. Баликоев В. «Общая экономическая теория», Лада, 2000
  19. Горфинкель В.Я. «Предпринимательство», Москва, «Банки и биржи», 1999
  20. Агеев А. И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. - М, 1991.
  21. Бусыгин А. Предпринимательство : Основной курс, -М.,1997
  22. Грачев И. Развитие малого предпринимательства // Деньги и кредит . 1997 . -№1.
  23. Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство формы и методы организации предпринимательской деятельности // Экономика предприятия. - М., 1996
  24. Котлер Ф. Основы маркетинга. - М, 1990
  25. Курс экономики: Учебник. Основы предпринимательства. - М.,1997
  26. Прохоров В. Развитие малого бизнеса //Экономика и жизнь. 1996, №34.
  27. Хизрич Р., Питере М. Предпринимательство, или как завести собственное дело и добиться успеха.
  28. Хоскинг А. Среда предпринимательства. Курс предпринимательства. М., 1993.
  29. Иванова М. Малый инновационный бизнес в странах с развитой рыночной экономикой. // Российский экономический журнал.1995, №12.
  30. Малый бизнес: методика и результаты анализа.//Вопросы статистики.1999,№8.
  31. Архипов А., Баткилина Т., Калинин В. Государство и малый бизнес: финансирование, кредитование и налогообложение // Вопросы экономики - 1997
  32. Малый и средний бизнес: законодательства Республики Казахстан . Алматы, Ғалым 1999.
  33. Что мешает развитию малого и среднего бизнеса в Казахстане. Саханов А.Н, Сейтмагамбетова М.С, Есенжигитова Р.Г. Сборник кейсов по курсу “Государственное регулирование”. Алматы, Экономика, 2003год. С.226-231.
  34. Малый бизнес как фактор успешного развития региона //Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы. Материалы международ.науч.конф.18-19 мая 2001г. В5-ти ч. Алматы, 2001 Ч.1-С.273-277.

 


Информация о работе Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары