Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 14:44, дипломная работа

Краткое описание

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

хасенов A нормой Microsoft Office Word 97 - 2003 (2)(1).doc

— 715.00 Кб (Скачать файл)

Аталған бөлімге жалпы жағдайды, ойыншылар санын, оның ішінде Тізілімге енгізілгендерді, проблемаларды, күшті және әлсіз жақтарын, тәуекелдер мен өзге де мәселелерді, оның ішінде реттелетін нарықтардағы проблемалар сипаттамасын енгізу болжанады.

«Бәсекелестікті дамыту» бөлімін орындау үшін екі жылдық кезеңге бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу қажет, онда атап айтқанда қазіргі уақытта реттелетін нарыққа жатқызылған ірі кәсіпорындарды монополиясыздандыру және жаңа ойыншыларды тарту тетігін көздеу қажет. Бұл аффилиирленбеген, бәсекелес кәсіпорындардың санын ұлғайту есебінен ірі компаниялардың үлесін төмендету арқылы мемлекеттік реттеуден оларды шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте,монополияға қарсы агенттік, тауар нарықтарына жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша сол немесе өзге тауар нарығында бәсекелестікті дамытудың жай-күйі мен деңгейі, нарық субъектілерінің саны, бәсекелестікті дамытудағы бар тосқауылдар туралы қорытынды қалыптастырады. Өзгеше айтқанда мемлекеттік органдардың жол карталарында жоспарланған іс-шараларды іске асыру дәрежесі туралы қорытындыны береді.

3. Бір уақытта бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасы іс-шараларының орындалу қорытындысын нақты ұсынымдар өңдей отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырыстарында қарау орынды деп пайымдаймыз.

4. Экономика салаларында толыққанды бәсекелестік қатынастарды дамытудың ұсынылған тетіктерін іске асыру кезеңінде Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне нарық субъектілерін енгізуге уақытша мораторий енгізуді ұсынамыз.

Сонымен қатар, Мораторий іс-әрекеті кезеңінде бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында бақылаудың бар әдісін қолдану – монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаны анықтау қажет.

5. Қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға нарық үрдісінің барлық қатысушылары үшін тұрақты негізде қажетті ақпараттық жағдайларды құруға ықпал етеді.

Осыған байланыстымонополияға қарсы агенттік жыл сайынғы негізде (алдын ала екінші жартыжылдықта), оның ішінде өңірлерде «Бәсекелестік апталығын» өткізу мүмкіндігін қарауды ұсынады. Оның барысында мемлекеттік органдар өкілдері, экономика салаларының субъектілері, ғылыми орта, халықаралық сарапшылардың қатысуы және түрлі сипаттағы іс-шараларды (семинарлар, көрмелер, монополияға қарсы және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыс мәселесі бойынша кездесулер, «ашық есік күндері», жұмыс мәжілістері және т.б.) өткізу болжанады. Мұндай практика Ресей Федерациясында бар, Федералдық монополияға қарсы қызмет тұрақты негізде «Бәсекелестік күнін» өткізеді.

Бұл ретте, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, адал бәсекелестікті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ұқсас «Адал бәсекелестік» ұлттық сыйлығын беру мүмкіндігін қарауды орынды деп пайымдаймыз. Сыйлық лауреаттары ұлттың ықыласына бөленеді, Республикада өз кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары бағасын алады және барлық қазақстандық кәсіпкерлер үшін үлгі болады.

 

 

3.3 Монополияға қарсы органның алдында тұрған міндеттер

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан стратегиясы – 2050. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ стартегиялық бағыттардың ережелерін есепке алып,монополияға қарсы агенттік үшін алдағы кезеңде мына бағыттар басым болады.

Бірінші. Қазақстанда Бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау. Осы мақсаттарда мынадай іс-шаралар жоспарланды.

Монополияға қарсы агенттіктің стратегиялық жоспарында көзделген 20 тауар нарығына, оның ішінде Кедендік одақ елдерімен шекаралас өңірлердегі азық-түлік нарықтарына талдау жүргізу. Бұдан басқа жеңіл өнеркәсіп және кәбілдік кәрізді мүліктік жалға беру (жалдау) немесе пайдалану қызметтері тауар нарықтарына талдау жүргізу болжанады (кәбілдік кәрізді және табиғи монополия саласынан алып тастау және бәсекелес ортаға беру мақсатында жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілеріне телекоммуникация желілерін қосумен технологиялық байланысты негізгі құралдарды мүліктік жалға беру (жалдау) немесе пайдалану), бұл 2013 жылғы Бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада айқындалды.

Нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың монополияға қарсы заңнаманы бұзуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыстарды күшейту. Оның ішінде трансшекаралық нарықтарға назар аударылады.

Экономикалық шоғырлануға бақылауды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттардамонополияға қарсы агенттік ағымдағы жылдан бастапмонополияға қарсы агенттіктің функциясын, оның ішінде аталған мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жұмыстарды бастауды жоспарлауда.

Бұдан басқа,монополияға қарсы агенттік бизнеске мемлекеттің қатысу негізділігі мен орындылығын талдау бойынша жұмыстарды жалғастырады. Атап айтқанда, нарықтарға мониторинг жүргізіледі, оған экономикада мемлекеттік секторды қысқарту тұрғысынан квазимемлекеттік құрылымдар қатысады.

Өңірлік бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті күшейту. Біздің көзқарасымыз бойынша, алға қойылған міндеттерді шешу үшін бірінші кезекте әрбір өңірде кейіннен Іс-шаралар жоспарын қабылдап, бағдарламалық құжаттарда «Бәсекелестікті дамыту» блогын жандандыру қажет.

Сонымен қатар өңірлерде Бәсекелестікті дамыту жөніндегі үйлестіруші кеңестер құру не өңірдемонополияға қарсы агенттік ұсынған осындай консультативтік-кеңестік жұмыс тобы болған кезде олардың Ережелерін бәсекелестікті дамыту мәселелерімен толықтыру мәселесі пысықталатын болады.

Монополияға қарсы агенттік қызметінде басты бағыттың бірі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар болады. Бұл үшін жергілікті атқарушы органдармен тұрақтандыру қорларының тиімділігін арттыру бойынша өзара іс-әрекетті күшейту қажет.

Екінші. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адал бәсекелестікті адвокаттандыру жүйесін жетілдіру.

2013 жылғы маусымда Қазақстан  Республикасының Парламентіне тұтынушылардың  құқықтарын қорғау мәселелері  бойынша заң жобасын енгізу  жоспарлануда, бұл тұтынушылардың  қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік қолдау, оларға талаптарды арттыру үшін әзірленуде.

Сот шешімдерін қабылдаудың оңайлатылған тәртібін көздейтін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін өңдейді. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функция бытыраңқы, соның салдарынанмонополияға қарсы агенттік жүргізген жұмыстың тиімділігі онша байқалмайды, біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп аталған мәселені егжей-тегжейлі зерделейміз және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жүйелендіру бойынша тиісті ұсыныстар енгіземіз.

Монополияға қарсы агенттік адал бәсекелестікті адвокаттандыру және монополияға қарсы органның транспаренттілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл үшін бизнес орта және мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып түрлі іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, семинарлар, саулнамалар) өткізу жоспарлануда.

Үшінші. Халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстар жалғасуда. 2013 жылы бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Маңызды іс-шара VI Астана экономикалық форумын өткізу шеңберінде «Адал бәсекелестік призмасы арқылы экономиканы дамыту және қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу, онда ықпалдастық үрдістер жағдайында монополияға қарсы саясаттың тиімділігі мәселелері талқыланады. 2013 жылғы маусымда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің отырысы өтеді. Сондай-ақ Бәсекелестік туралы модельдік заңды талқылау жоспарланды, оған кейіннен үш мемлекет: Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары қол қояды. ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне кіру бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Төртінші. Монополияға қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Атап айтқанда, тауар нарықтарына жүргізілген талдаулардың маңыздылығын арттыру және тергеу жүргізу рәсімдерін оңтайландыру бөлігінде бәсекелестік мәселелері жөнінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар өңдеу.

Тұтастай алғанда,монополияға қарсы агенттіктің стратегиялық жоспарында мынадай мақсаттар қойылған:

- мемлекеттік органдарды үйлестіру арқылы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;

- монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарға жедел ден қою және олардың жолын кесу;

- нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету.

Мынадай стратегиялық бағыттар айқындалған:

- Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру;

- бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру

Аталған бағыттар шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу жоспарланған:

- бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

- кәсіпкерлік қызметке негізсіз мемлекеттің қатысуын қысқарту.

- монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;

- тауар нарықтарындағы ахуалды бақылау сапасын арттыру;

- монополияға қарсы орган қызметiнiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету және адал бәсекелестiктi насихаттау;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру және тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл.

 

Қорытынды

 

 

Дипломдық жұмыста Қазақстандағы монополияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен даму процестеріне саяси талдау жасалды. Талдау нәтижесінде қазіргі кезде монополияға қарсы саясат өндіруші мен тұтынушы арасын ғана байланыстыратын саясат шеңберінен асып отырғандығына көзіміз жетті. Бұл саясаттың маңыздылығы тек ішкі экономикалық мәселелерді реттеп қана қоймай, біздің сыртқы байланыстарды бір жүйеге келтіріп отыруында. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясаттың практикалық маңызын анықтау үшін осы мәселенің теориялық негізі зерттелді. Теориялық тұрғыдан мемлекеттің экономикалық процестерге араласу деңгейі мен осы барыстағы монополия мен бәсеке теориялары қарастырылды.

Шетелдермен салыстырғанда Қазақстан мен ТМД елдерінің монополияға қарсы саясаты басқа жолдармен қалыптасты. АҚШ сияқты дамыған елдерде монополистер бәсеке нәтижесінде ұлғайып, алып фирмаларға айналса, біздің елде осы саясат Кеңестік дәуірдегі монополист кәсіпорындарды таратып, нарықты қалыптастырудан басталды. Әрине осындай тарихи даму Қазақстандағы монополияға қарсы саясаттың өзіндік ерекшеліктерінің  болуына себеп болды. Сонымен бірге, Қазақстандағы монополияға қарсы саясаттың қалыптасу тарихы ТМД елдеріндегі аталған саясат тарихымен бірдей.

Мемлекеттің осы мәселеге араласу дәрежесі ең алдымен ұлттық мүддені сақтау, қауіпсіздікті қорғаумен байланысты. Сонымен қатар, монополист фирмалардың шоғырлану, бірігу процестеріне бақылау жасау да мемлекеттің ісі. Мемлекеттік араласудың жоспарлау әлеуметтік инженерияға бет бұрыс жасағаны дұрыс. Идеалды, барлығы жетілген қоғам болмайды. Мемлекет нақты қауіптерге қарсы күресе отыра, нақты жақсылықтар жасай алады. Мемлекеттің монополияға қарсы күрес саясаты да осы нақты саяси шындықты басшылыққа алады. Өркениетті елдердегідей Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы заңнама үкімет пен жергілікті билік органдарының әкімшілік ресурстарда шектен тыс қолдануына тиым салады. Мемлекеттік экономиканы жоспарлау саясаты экономикалық еркіндіктер мен бостандықтарға қарсы бағытталмайды. Ашық қоғам құру жағдайындағы нарықтық экономика нарық субъектілерінің өзара бәсекелестігіне негізделетінін мемлекеттік билік естен бір сәт шығармайды. Сонымен бірге, шенеуніктер аппаратының экономикалық билікті мемлекеттің шектеусіз зорлықтарына ұластыруға дайын тұратындығын ұмытпау маңызды. Сондықтан нарық институтын толық қамтитын заңдық - құқықтық негіз болуы зәрулік. Табиғи монополияларды реттеумен бірге монополизм құбылысын тежеп отыратын заңнаманың жасалуына мұрындық болу, монополияға қарсы саясаттың көкейкесті міндеттерінің бірі болып қалуда.

Монополияға қарсы саясатты пәрменді ететін монополияға қарсы заңнамалар екендігі белгілі. Қазақстан Республикасында монополияға қарсы заңнамаларға бірнеше рет түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Оның объективті себептері де болды. Экономикалық дамудың әр сатысында нарық қатынастары дами отырып, нарықта жаңа тәртіптердің болуын талап етеді. Нарық алаңы кеңейіп, нарық субъектілерінің іс - әрекеттері одан әрі күрделене түседі. Кез келген нарық субъектісі монополияға қарсы заңнамаларға сүйене отырып, түрлі шаруашылық операцияларын жасайды. Қазақстан Республикасы экономикасы да әлемдік нарыққа енуіне байланысты оның даму үрдістері мен заңдылықтарын қабылдайды. Елде табиғи монополиялармен қоса басқа да монополистік құбылыстар орын алуда. Әсіресе, мұнай рыногы, жанар - жағар майды өндіру мен сатуда, электрэнергиясы мен жылуды өндіруде өте ықпалды. Өркениетті елдер экономикасында орын алып отырған монополистік қызмет пен монополияға қарсы күресу тәжірибесін сараптау және дұрыс пайдалану елде өркениетті нарықтық қатынастар жасауға зор көмек болатындығы даусыз. Сондықтан Қазақстандағы билікте, заң шығарушы билік те монополияға қарсы заңнаманы жетілдіруге және өркениетті елдердегідей ұйымдастыруға мүдделі.

Информация о работе Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу